Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKG_ANALIZIN_ZhASAUDY_1186_ZhALPY_SKhEMASY.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.54 Mб
Скачать

Оң жақ қарыншаның гипертрофиясы (rSr’-тип)

Механизмі: Оң жақ қарынша гипертрофиясының бұл типі оң жақ қарыншаның массасы сол қарынша массасына жақындағанда немесе одан сәл кішірек болған кезде пайда болады. Бастапқы моменттік вектор (0,02 с) V1 әкетуіне қарай бағытталған, ортаңғы моменттік вектор (0,04 с) – сол жақ қарыншаның электрлік белсенділігі жоғары болғандықтан сол жақ қарыншаға қарай бағытталған, ал ақырғы (соңғы) моменттік вектор (0,06 с) – қайтадан V1 әкетуіне қарай бағытталады.

Себептері: митральді стеноз, созылмалы өкпелі жүрек және ұзақ уақыт оң қарыншаға артық жүк түсумен жүретін жүрек аурулары.

ЭКГ-белгілері:

  • V1 әкетуінде rSR’ типті QRS-кешенінің пайда болуы;

  • R’V1 және SV5,6 тісшелерінің амплитудасының артуы (R’V1≥10 мм немесе R’V1+SV5,6≥10,5 мм);

  • Жүректің электрлік осінің көлденең жазықтықта сағат тілі бағытымен айналуы;

  • Ішкі ауытқу интервалының оң жақтық (V1) әкетуде 0,03 секундтан артық болуы.

  • R(S)-T сегментінің V1, V2, ІІI, aVҒ әкетулерінде изолиниядан төмен болуы және теріс Т тісшесінің пайда болуы.

  • Жүректің электрлік осінің оңға қарай ығысуы (α бұрыш>100°).

Сурет: Оң жақ қарыншаның айқын гипертрофиясы кезіндегі ЭКГ (rSR’-тип):

Жүректің электрлік осінің оңға қарай ығысқан (α бұрыш=120°). SV5,6 тісшеcінің амплитудасы артқан (RV1= 6 мм, SV5 =9 мм, RV1+SV5=15 мм). V1 әкетуінде rSr’ типті QRS-кешені бар, QRS-кешені ұзақтығы 0,10 с. Жүректің көлденең жазықтық бойымен сағат тілі бағытымен айналу белгісі бар. Оң жүрекшенің гипертрофиясы белгісі бар (P-pulmunale).

Оң жақ қарыншаның гипертрофиясы (s-тип)

Механизмі: оң жақ қарынша гипетрофиясының бұл түрі созылмалы өкпе аурулары, көбінесе өкпе эмфиземасы, кезінде жүректің артқа қарай жылжуы кезінде пайда болады. Қарыншалардың деполяризациялық векторы барлық кеуделік және стандартты әкетулердің теріс бөлігіне проекцияланады (жүрек ұшының артқа қарай ығысуымен жүректің көлденең жазықтықта сағат тілі бағытымен айналуы).

Себептері: өкпе эмфизамасы бар созылмалы өкпелі жүрекпен ауыратын науқастар.

ЭКГ-белгілер:

  • Барлық кеуделік әкетулерде rS немесе RS типті QRS-кешенінің пайда болуы;

  • Жиі стандартты және күшейтілген әкетулерде SІ-SІІ-SІІІ синдром тіркеледі (жүрек ұшының артқа қарай ығысуымен бірге жүретін жүректің көлденең жазықтықта сағат тілі бағытымен айналуы);

  • Жүректің электрлік осінің көлденең жазықтықта сағат тілі бағытымен айналуы (өтпелі зонаның солға қарай, V5, V6 әкетулеріне қарай ығысуы және V5, V6 әкетулерінде RS типті QRS-кешенінің пайда болуы);

  • ІІ, ІІІ, aVF (кейде V1) әкетулерінде оң жақ жүрекшенің гипертрофиясы белгілері (P-pulmonale);

  • Жүректің электрлік осінің вертикальді орналасуы.

Сурет: Оң жақ қарыншаның айқын гипертрофиясы кезіндегі ЭКГ (S-тип):

Жүректің электрлік осінің оңға қарай ығысқан (α бұрыш=95°). SV5,6 тісшеcінің амплитудасы артқан. Жүрек ұшының артқа қарай ығысуымен бірге жүретін жүректің көлденең жазықтықта сағат тілі бағытымен айналу белгілері бар (І, ІІ, ІІІ әкетулерінде RS типті QRS-кешен). Ішкі ауытқу интервалының V1 әкетуінде өзгермеген (0,03 с). Оң жүрекшенің гипертрофиясы белгісі бар (P-pulmunale).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]