- •Экг анализін жасаудың жалпы схемасы
- •Жүрек соғу ырғақтылығын бағалау
- •Жүректің соғу жиілігін анықтау
- •Қозу ошағын (источник возбуждения) анықтау
- •4. Қарыншалық ритм
- •Жүрекшелік р тісшесінің анализі
- •Қарыншалық qrs кешенінің анализі
- •Т тісшесінің анализі
- •Qt интервалының анализі
- •Электрокардиаграфиялық қорытынды жасау:
- •Синустық тахикардия:
- •Синустық брадикардия:
- •Синустық аритмия
- •Экстрасистолия
- •Жүрекшелік экстрасистолия
- •Қарыншалық экстрасистолиялар
- •Пароксизмальді тахикардия
- •Жүрекшелік пароксизмальді тахикардия
- •Қарыншалық пароксизмальді тахикардия
- •Жүрекшелердің жыбыраушы аритмиясы (трепетание предсердий)
- •Жүрекшелердің жыпылықтаушы аритмиясы (фибрилляциясы)
- •Қарыншалардың жыбырлаушы және жыпылықтаушы аритмиялары трепетания и мерцание (фибрилляция) желудочков
- •Синоатриальді блокада
- •Жүрекшеаралық (жүрекшеішілік) блокада
- •Атриовентрикулярлық блокадалар
- •І дәрежелі атриовентрикулярлық блокада
- •Іі дәрежелі атриовентрикулярлық блокада
- •2:1 Типті іі дәрежелі ав-блокада:
- •Ііі дәрежелі атриовентрикулярлық блокада (толық)
- •Гисс аяқшалары мен тармақтарының блокадасы
- •Гисс шоғырының оң аяқшасының (тармағының) толық блокадасы
- •Гисс шоғырының оң аяқшасының (тармағының) толық емес блокадасы
- •Гисс шоғырының сол алдыңғы тармағының блокадасы
- •Гисс шоғырының сол артқы тармағының блокадасы
- •Гисс шоғырының сол аяқшасының толық блокадасы
- •Гисс шоғырының сол аяқшасының толық емес блокадасы
- •Гисс шоғырының оң аяқшасы мен алдыңғы сол тармағының блокадасы
- •Гисс шоғырының оң аяқшасы мен артқы сол тармағының блокадасы
- •Қарыншалардың ерте жиырылу синдромдары вольф-паркинсон-уайт синдромы (wpw-синдром)
- •(Сlc-синдром)
- •Жүрекшелер мен қарыншалардың гипертрофиялары кезінде электрокардиограмма
- •Сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы
- •Оң жақ қарыншаның гипертрофиясы
- •Жүрекшелерге жедел жүк түсу
- •Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы
- •Оң жақ қарыншаның гипертрофиясы (qr-тип)
- •Оң жақ қарыншаның гипертрофиясы (rSr’-тип)
- •Оң жақ қарыншаның гипертрофиясы (s-тип)
Оң жақ қарыншаның гипертрофиясы
Себептері: өкпе артериясында қысымның жоғары болуымен жүретін аурулар (жиі – созылмалы өкпелі жүрек ауруы).
ЭКГ-белгілері:
ІІ, ІІІ, aVF (кейде V1) әкетулерінде жоғары амплитудалы, үшкір шыңы бар Р тісшесінің болуы (Р-pulmonale);
Р тісшесінің ұзақтығы 0,10 секундтан аспайды.
Сурет: Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның гипертрофиясы кезіндегі ЭКГ: ІІ, ІІІ, aVF әкетулерінде жоғары амплитудалы, үшкір шыңы бар Р тісшесінің болуы (Р-pulmonale).
Жүрекшелерге жедел жүк түсу
Жүрекшелерге жедел жүк түсу - жүрекшелерге қысқа уақыт ішінде әсер ететін, бірақ біршама журекшеге дейінгі немесе кейінгі жүктеменің (пред-, постнагрузка) артуы салдарынан олардың электрлік белсенділігінің жоғарылауы.
Себептері: бронхиальді демікпе ұстамасы, өкпенің ісінуі, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, жедел МИ, гипертониялық криз және т.б.
ЭКГ-белгілері:
СЖ мен ОЖ гипертрофиясы белгілеріне ұқсас Р тісшесінің амплитудасы, формасы мен ұзақтығының өтпелі өзгерістері;
Науқастың жағдайын тұрақтанғаннан кейін, салыстырмалы түрде, ЭКГ-динамикасының оң ағымы (қайта қалпына келуі).
Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы
Механизмі: гипертрофияның прогрессиялануына байланысты QRS-тің жалпы векторы солға және артқа қарай ығысады (гипертрофияланған сол қарынша бағытына қарай).
Себептері: жүректің аортальді ақаулары, митральді қақпақшаның жеткіліксіздігі, артериальді гипертензиялар, кардиомиопатиялар, ИБС және т.б.
ЭКГ-белгілері:
Cол жақтық әкетулерде (V5, V6) R тісшесі амплитудасының артуы және оң жақтық әкетулерде (V1, V2) S тісшесінің амплитудасының артуы. Яғни, RV4≤RV5; RV5,6>25 мм; RV5,6+SV1,2≥35 мм (40 жастан асқан адамдарда) және ≥45 мм (жас адамдарда);
Көлденең жазықтықта жүректің электрлік осінің сағат тіліне қарама-қарсы ауысуы;
Жүректің электрлік осінің солға қарай ығысуы (RI>15 мм, RaVL≥11 мм немесе RI+RIII≥25мм);
R(S)-T сегментінің V5, V6, I, aVL әкетулерінде изолиниядан төмен болуы және теріс немесе екі фазалы Т тісшесінің пайда болуы.
Ішкі ауытқу интервалының сол жақтық (V5, V6) әкетулерде 0,05 секундтан артық болуы.
Сурет: Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы кезіндегі ЭКГ: Жүректің электрлік осінің горизонтальді орналасуы (α бұрыш=0°). Сол жақтық кеуделік әкетулерде R тісшесінің амплитудасы жоғарылаған (RV4=19 мм, RV5=23 мм, RV5>RV4). Оң жақтың кеуделік әкетулерде S тісшесінің амплитудасы жоғарылаған (RV5+SV2=42 мм). Жүректің көлденең жазықтықта сағат тіліне қарама-қарсы бағытта айналуы байқалады. Ішкі ауытқу интервалы V6 әкетуінде 0,06 секундқа тең.
Оң жақ қарыншаның гипертрофиясы (qr-тип)
Механизмі: Оң жақ қарыншаның бұлшықеттік массасы сол жақ қарыншамен салыстырғанда үлкен болғанда пайда болатын ЭКГ-дегі өзгерістермен сипатталады. Бастапқы моменттік вектор (0,02 с) V1 әкетуіне қарай бағытталған (қарыншааралық перденің оң жақ жартысының едәуір гипертрофиялануы есебінен), ал ортаңғы және ақырғы (соңғы) моменттік векторлар (0,04 с және 0,06 с) оң қарынша бағытына және V1 әкетуіне қарай бағытталған.
Себептері: митральді стеноз, созылмалы өкпелі жүрек және ұзақ уақыт оң қарыншаға артық жүк түсумен жүретін жүрек аурулары.
ЭКГ-белгілері:
V1 әкетуінде QR және qR типті QRS-кешенінің пайда болуы;
RV1 және SV5,6 тісшелерінің амплитудасының артуы (RV1>7 мм немесе RV1+SV5,6>10,5 мм);
Жүректің электрлік осінің көлденең жазықтықта сағат тілі бағытымен айналуы (өтпелі зонаның солға қарай, V5, V6 әкетулеріне қарай ығысуы және V5, V6 әкетулерінде RS типті QRS-кешенінің пайда болуы);
Ішкі ауытқу интервалының оң жақтық (V1) әкетуде 0,03 секундтан артық болуы.
R(S)-T сегментінің V1, V2, ІІI, aVҒ әкетулерінде изолиниядан төмен болуы және теріс Т тісшесінің пайда болуы.
Жүректің электрлік осінің оңға қарай ығысуы (α бұрыш>100°).
Сурет: Оң жақ қарыншаның айқын гипертрофиясы кезіндегі ЭКГ (qR-тип):
Жүректің электрлік осінің оңға қарай ығысқан (α бұрыш=105°). RV1 және SV5,6 тісшелерінің амплитудасы артқан (RV1=9 мм, SV5 =15 мм, RV1+SV5=24 мм). V1 әкетуінде qR типті QRS-кешені бар. Ішкі ауытқу интервалы V1 әкетуінде 0,07 секундқа тең.
