Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKG_ANALIZIN_ZhASAUDY_1186_ZhALPY_SKhEMASY.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.54 Mб
Скачать

Қарыншалардың ерте жиырылу синдромдары вольф-паркинсон-уайт синдромы (wpw-синдром)

WPW-синдром – жүрекшеден қарыншаға қосымша электр импульсін өткізетін аномальді шоғырлардың (Кент шоғыры) байланысты туындайтын ЭКГ-дағы кешенді өзгерістер тобы.

Механизмі: Жүрекшелердің деполяризациясынан кейін импульс қарыншаларға екі жол арқылы таралады: біріншісі – қалыпты АВ-түйіні арқылы, екіншісі – АВ-түйінін айналып өтетін Кент шоғыры арқылы. Жүрекшелердің систоласын қамтамасыз ету үшін қалыпты жолмен өтетін импульс АВ-түйінінде аздаған уақытқа бөгеледі. Ал, Кент шоғыры арқылы таралатын импульс қысқа жолмен (АВ-түйініне соқпай) қарыншаларға ерте барады. Сондықтан, қарыншалардың жиырылуы жүрекшелердің деполяризациясынан кейін тез басталып кетеді.

ЭКГ-белгілері:

  • P-Q(R) интервалының 0,12 секундтан кем болуы (қысқаруы);

  • QRS-кешенінің құрамында қосымша ∆-толқынның болуы;

  • Аздаған деформацияланған және ұзарған (0,12 секундқа дейін) QRS-кешені.

WPW-синдромынгың электрокардиографиялық типтері:

А типі – аномальді Кент шоғыры АВ-түйінін сол жақтан айналып өтіп, сол қарыншаның базальді бөлігінде аяқталады.

В типі – аномальді Кент шоғыры АВ-түйінін оң жақтан айналып өтіп, оң қарыншаның базальді бөлігінде аяқталады.

Сурет: WPW-cиндромы кезінде ЭКГ: І, V1-V4 2 әкетулерінде ∆-толқыны, P-Q(R) интервалының қысқарып, QRS-кешенінің ұзаруы.

P-Q(R) ИНТЕРВАЛЫНЫҢ ҚЫСҚАРУ СИНДРОМЫ

(Сlc-синдром)

P-Q(R) интервалының қысқару синдромы, немесе CLC-синдром (Клерка-Леви-Кристеске синдромы) – жүрекшелер мен АВ-түйінінен төмен Гисс шоғыры арасында қосымша аномальді шоғырдың (Джеймс шоғыры) болуы салдарынан қарыншалардың ерте жиырылуы.

Механизмі: қосымша аномальді шоғыр арқылы келген импульс Гисс шоғырына өтіп, әрі қарай қалыпты (Гисс-Пуркинье жүйесі) жолмен қарыншаларды жиырады. Сондықтан, ЭКГ-да дельта-толқынды, QRS-кешенінің кеңеюін байқамаймыз.

ЭКГ-белгілер:

  • P-Q(R) интервалының 0,11 секундтан аспауы (қысқаруы);

  • QRS-кешенінің құрамында қосымша ∆-толқынның болмауы;

  • Өзгермеген және ұзармаған (0,12 секундқа дейін) QRS-кешенінің болуы (Гисс шоғыры тармақтарының блокадаларын есепке алмағанда).

Сурет: P-Q(R) интервалының қысқару синдромы кезіндегі ЭКГ: P-Q(R) интервалы қысқарған (0,11 с), QRS-кешенінің ұзақтығы қалыпты (0,08 с) және өзгеріссіз.

Жүрекшелер мен қарыншалардың гипертрофиялары кезінде электрокардиограмма

Миокард гипертрофиясы – әр түрлі жүрек бөлімдерінің миокард массасының артуымен көрінетін жүрек бұлшықетінің компенсаторлы-бейімделу реакциясы.

Жүректің кез-келген бөлігінің гипертрофиясы кезіндегі ЭКГ-дегі өзгерістер төмендегі себептерден пайда болады:

  1. Жүректің гипертрофияланған бөлігінің электрлік белсенділігің жоғары болуы;

  2. Оған электрлік импульстің таралуының баяулауы;

  3. Гипертрофияланған жүрек миокардында ишемиялық, дистрофиялық, метаболикалық және склеротикалық өзгерістердің болуы.

Сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы

Себептері: Митральді стеноз, сирек – митральді жетіспеушілік, митрализациямен көрінетін аорта қақпақшасының ақаулары, гипертониялық жүрек және т.б.

ЭКГ-белгілері:

  • І, ІІ, aVL, V5-V6 әкетулерінде Р тісшесінің екіге бөлінуі және аздап амплитудасының жоғарылауы (Р-mitrale);

  • V1 (сирек V2) әкетуінде Р тісшесінің екінші фазасының (солжүрекшелік) амплитудасы мен ұзақтығының жоғары болуы.

  • Р тісшесінің ұзаруы (0,10 секундтан артық).

Сурет: Сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы кезіндегі ЭКГ: І, ІІ, aVL, V6 әкетулерінде Р тісшесі кеңейген (0,12 с) және Р-mitrale.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]