Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKG_ANALIZIN_ZhASAUDY_1186_ZhALPY_SKhEMASY.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.54 Mб
Скачать

Гисс шоғырының оң аяқшасы мен алдыңғы сол тармағының блокадасы

Механизмі: Өткізгіштік бұзылысы бір уақытта Гисс шоғырының оң аяқшасы мен сол алдыңғы тармағында орналасады. Алғашқыда Гисс шоғырының сол аяқшасының артқы тармағы арқылы сол жақ қарыншаның артқы-төменгі қабырғасы қозады, кейін сол алдыңғы және артқы анастомоздар арқылы – алдыңғы-бүйір бөлімдері қозады. Соңында айналма жолмен (жиырылғыш талшықтар арқылы), баяу түрде импульс оң қарыншаға жеткізіледі.

Себептері: Қарыншаішілік блокадалардың жиі кездесетін формасы. Созылмалы ЖИА, жедел МИ (қарыншааралық перде зақымдалса), жүрек ақаулары және сол жақ және оң жақ қарыншалардың диффузды қабынулық, склеротикалық және дегенеративті аурулары, Ленегра ауруы (қарыншаішілік өткізгіштік жүйесінің идиопатиялық дегенациясы, склерозы, кальцинозы), Леви ауруы (қарыншааралық перденің фиброзы).

ЭКГ-белгілер:

  1. Гисс шоғырының оң аяқшасының блокадасының ЭКГ-белгілері:

  • V1, V2 әкетулерде қарыншалық QRS-кешенінің rSR', rSR', rSr' типті болуы (М-тәрізді форма);

  • V5, V6 әкетулерде кеңейген, кертіктенген S тісшесі;

  • Қарыншалық QRS-кешені ұзақтығының 0,12 секундтан артық болуы;

  • Жүректің электрлік осінің бірден солға қарай ығысуы (α бұрышы -30˚-тан 90˚-қа дейін);

Сурет: Гисс шоғырының оң аяқшасы мен Гисс шоғырының сол аяқшасының алдыңғы тармағының біріккен блокадасы кезіндегі ЭКГ: QRS-кешенінің ұзақтығы 0,14 секунд. Жүректің электрлің осі солға ығысқан (α=-30˚). QRS-кешені V1-V2 әкетулерінде rSR', II,III, V5-V6 әкетулерінде тереңдеген және кеңейген S тісшесі, V1 әкетуінде теріс T тісшесі.

Гисс шоғырының оң аяқшасы мен артқы сол тармағының блокадасы

Механизмі: Өткізгіштік бұзылысы бір уақытта Гисс шоғырының оң аяқшасы мен сол артқы тармағында орналасады. Алғашқыда Гисс шоғырының сол аяқшасының алдыңғы тармағы арқылы сол жақ қарыншаның алдыңғы-бүйір қабырғасы қозады, кейін сол алдыңғы және артқы анастомоздар арқылы – артқы-төменгі бөлімдері қозады. Соңында айналма жолмен (жиырылғыш талшықтар арқылы), баяу түрде импульс оң қарыншаға жеткізіледі.

Себептері: созылмалы ЖИА, жедел МИ (қарыншааралық перде зақымдалса), жүрек ақаулары және сол жақ және оң жақ қарыншалардың диффузды қабынулық, склеротикалық және дегенеративті аурулары, Ленегра ауруы (қарыншаішілік өткізгіштік жүйесінің идиопатиялық дегенациясы, склерозы, кальцинозы), Леви ауруы (қарыншааралық перденің фиброзы).

ЭКГ-белгілер:

  1. Гисс шоғырының оң аяқшасының блокадасының ЭКГ-белгілері:

  • Оң жақтық әкетулерде (жиі - V1, V2, сирек – ІІІ, aVF) қарыншалық QRS-кешенінің rSR' немесе rsR' типті болуы (М-тәрізді форма);

  • Сол жақтық әкетулерде (жиі – V5, V6, сирек – I, aVL) кеңейген немесе кертіктенген S тісшесі;

  • Қарыншалық QRS-кешені ұзақтығының 0,11-0,12 секундтан артық болуы;

  1. Жүректің электрлік осі оңға ығысқан (α бұрышы +120˚-қа тең немесе одан да көп).

Сурет: Гисс шоғырының оң аяқшасы мен Гисс шоғырының сол аяқшасының артқы тармағының біріккен блокадасы кезіндеі ЭКГ: QRS-кешенінің ұзақтығы 0,15 секунд. Жүректің электрлің осі оңға ығысқан (α=+120˚). QRS-кешені V1-V2 әкетулерінде rSR', ал V4 әкетуінде RSr' формалы, V5-V6 әкетулерінде терең S тісшесі, V1-V4 әкетулерінде RS-T сегментінің депрессиясы және теріс T тісшесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]