Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKG_ANALIZIN_ZhASAUDY_1186_ZhALPY_SKhEMASY.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.54 Mб
Скачать

Гисс шоғырының сол артқы тармағының блокадасы

Механизмі: Сол жақ қарыншаның артқы-төменгі қабырғасына импульс таралуының бұзылысы. Алғашқыда Гисс шоғырының сол алдыңғы тармағы бойынша қарыншааралық перде мен сол жақ қарыншаның алдыңғы-бүйір қабырғасының, кейін (0,02 сек) – артқы-төменгі қабырғасы (Пуркинье талшықтары жүйесіндегі анастомоздар арқылы) қозады. Сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасын қоздыратын толқын жоғарыдан төменге қарай бағытталады. Бұл блокаданың жалғыз өзі сирек кездеседі, көбінесе Гисс шоғырының оң аяқшасы блокадасымен қатарласа жүреді.

Себептері: артқы-диафрагмалық (төменгі) миокард инфарктісі, атеросклеротикалық кардиосклероз, миокардиттер, әртүрлі этиологиялы кардиомиопатиялар, идиопатиялық склероз, өткізгіш жүйенің кальцинозы.

ЭКГ-белгілер:

  • Жүректің электрлік осінің бірден оңға ығысуы (α=120˚ немесе одан да көп);

  • QRS кешенінің I, aVL әкетулерінде - rS типті, ал III және aVF әкетулерінде – qR типті болуы;

  • Қарыншалық QRS-кешенінің ұзақтығы 0,08-0,11 секунд аралығында.

Сурет: Гисс шоғырының сол артқы тармағының блокадасы кезіндегі ЭКГ: Жүректің электрлің осі оңға қарай ығысқан (α=+120˚), QRS кешенінің ұзақтығы 0,11 секунд. Қарыншалық QRS-кешен I, aVL әкетулерінде – rS формалы, ал III,

aVF әкетулерінде – qR формалы.

Гисс шоғырының сол аяқшасының толық блокадасы

Механизмі: Гисс шоғырының сол аяқшасының алдыңғы және артқы тармақтарға бөлінбей тұрып немесе бөлінгеннен кейін бір уақытта сол аяқшаның алдыңғы және артқы тармақтарының (екі шоғырлық блокада) блокадасы кезінде импульс таралуының тежелуі. Гисс шоғырының оң аяқшасы бойымен импульс алдымен қарыншааралық перденің оң бөлігін және оң жақ қарыншаны қоздырады. Кейін қозу толқыны анастомоздар арқылы сол қарыншаларға таралады. Осыған байланысты қарыншалардың деполяризация уақыты артады.

Себептері: сол жақ қарыншаның таралған, аумақты зақымдалуы (жедел МИ, кардиосклероз, АГ, жүректің аортальді ақауы, аортаның коарктациясы және т.б.).

ЭКГ-белгілер:

  • V5, V6, I, aVL әкетулерінде кертіктелген немесе кеңейген шыңы бар деформацияланған, кеңейген R тісшесінің болуы;

  • V1, V2, ІІІ, aVF әкетулерінде кеңейген, деформацияланған S тісшесінің болуы немесе шыңы кертіктелген немесе кеңейген QS кешенінің болуы;

  • QRS-кешенінің ұзақтығы 0,12 секундтан артық;

  • V5, V6, I, aVL әкетулерінде RS-T кешенінің депрессиясы немесе асимметриялы екі фазалы (-/+) Т тісшесінің болуы.

  • Жүректің электрлік осінің солға қарай ығысуы (әрқашан емес).

Сурет: Гисс шоғырының сол аяқшасының толық блокадасы кезіндегі ЭКГ: QRS кешенкешен ұзақтығы 0,16 с. Жүректің электрлік осі солға қарай ығысқан (α=-60˚). V5, V6, I, aVL әкетулерінде кертіктелген шыңы бар деформацияланған, кеңейген R тісшесінің болуы. V1, V2 әкетулерінде QS және rS кешенінің болуы. V5, V6 әкетулерінде RS-T кешенінің депрессиясы және Т тісшесінің теріс болуы.

Гисс шоғырының сол аяқшасының толық емес блокадасы

Механизмі мен себептері толық блокадаға ұқсас.

ЭКГ-белгілер:

  • V5, V6, I, aVL әкетулерінде биік, кеңейген немесе кертіктелген шыңы бар R тісшесінің болуы (V6 тісшесінде q тісшесі болмайды);

  • S (немесе QS кешенінің) тісшесінің бастапқы кертіктелуі болуы мүмкін V1, V2, ІІІ, aVF әкетулерінде кеңейген, тереңделген QS немесе rS кешенінің болуы;

  • QRS-кешенінің ұзақтығы 0,10-0,11 секундқа дейін;

  • Жүректің электрлік осінің солға қарай ығысуы (әрқашан емес).

Сурет: Гисс шоғырының сол аяқшасының толық емес блокадасы кезіндегі ЭКГ: QRS-кешенінің ұзақтығы 0,11 секунд. Жүректің электрлік осі горизонтальді орналасқан (α=0˚). V5-V6 әкетулерінде биік, деформацияланған R тісшесі, V1-V2 әкетулерінде терең S тісшесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]