Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Прогр. ПиП к.о..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.22 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі

«БОЛАШАҚ» АКАДЕМИЯСЫ

ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

2015-2016оқу жылына арналған

5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша

(жоғары білім базасында) мемлекеттік емтихан бағдарламасы

Қарағанды-2015

Құрастырғандар: Искакова Д.М., магистр, старший преподаватель,

Диянова Р.Т., магистр, старший преподаватель,

Нуркенова Г.К., магистр, старший преподаватель,

___________________________________________________

Мемлекеттік емтихан бағдарламасы 5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және типтік оқу бағдарламасы талаптарына сәйкес өнделген.

Оның мазмұны педагогиканың негізгі бөлімдерінен тұрады, психология және адам дамуы, талапқа сай, негізгі бөлімдерінің және оқылған пәндердің бөлімдеріне сәйкес мазмұндауға талап етілетін сұрақтардан тұрады, сонымен қатар оқытудың теориялық курсының практикалық іскерлігімен өзара байланысы түлектердің білім беру мекемелеріндегі психологиялық-педагогикалық әрекеттерін жобалау және ұйымдастыруы ескерілген.

Бағдарлама педагогика және психология кафедрасының отырысында талқыланған (хаттама №__ 20__ жылдың «___» ____)

Оқу-әдістемелік кеңесте (хаттама №__ 20__ жылдың «___» ____).

Бағдарлама университетің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді (Хаттама № __ 20__ жылдың «___» ____ )

Кіріспе

Мемлекеттік қорытынды аттестациялаудың мақсаты жоғары оқу орнындағы дамытушы, оқу-тәрбиелік, әлеуметтік- педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, мәдени-ағартушылық және ұйымдастырушы - басқарушылық әрекет саласында 5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік білім беру стандартымен бекітілген түлектердің теориялық және тәжірибелік дайындықтарының кәсіби міндеттерін орындау деңгейін анықтау.

Мемлекеттік емтихан барысында түлек білім беру ұйымдарында және өзінің міндеттерін кәсіби орындауда жұмысқа жетерліктей психологиялық-педагогикалық топтама пәндерінің саласында алған білімін растау қажет.

Бұдан да басқа, оқытудың белсенді әдістерін және тұлғаға әлеуметтік-психологиялық ықпал ету жолдарын, бала дамуында жеке және топтық кеңес берудің, диагностика және түзету жұмыстарының заманауи әдістерін; баланы оқыту мен тәрбиелеу сұрақтары бойынша нормативті құжаттарды білу қажет. Сонымен қатар, түлек емтиханда кәсіби әрекет ерекшелігімен байланысты міндеттерді шешу біліктілігін көрсете білу керек.

«Педагогика» пәні бойынша

5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған мемлекеттік емтиханбағдарламасы

Педагогика пәнінен мемлекеттік емтихан бағдарламасы «Педагогика және психология» мамандығының МЖМБС және педагогика пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес жасалынды. Сұрақтар мынандай бөлімдерден тұрады: педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, оқыту теориясы, педагогикалық жүйелер мен технологиялар, білім берудегі инновациялық процестер, мектепті басқару және жетекшілік ету, мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптері, педагогикалық іс-әрекеттің міндеттері, формалары және әдістері. Оған білім беру жүйесінде қызмет ететін оқытушы, тәрбиеші және жетекшіге қажет педагогикалық білімдердің толық курсы енеді.

Педагогика–адам туралығылымдар жүйесінде. Педагогика ғылымы жөнінде жалпы түсінік. Педагогиканың объекті, пәні және қызметтері. Педагогиканың категориялық аппараты. Педагогикалық ғылымдардың жүйесі. Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері.

Педагогиканың аксиологиялық негіздері. Педагогиканың гуманистік әдіснамасының негіздемесі. Педагогикалық құндылықтар туралы түсінік. Педагогикалық құндылықтарды топтап бөлі.

Педагогикада мақсатты анықтау. Тәрбие мақсаты туралы түсінік. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері. Тәрбие мақсатын қоюға әсер ететін факторлар.

Оқушы тұлғасы-тәрбиенің объекті және субъекті. «Тұлға» түсінігі, оның дамуы мен қалыптасуы. Тұлға дамуының қазіргі кездегі теориялары. Адам, индивид, тұлға. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар. Тұлға дамуының ішкі және сыртқы факторлары. «Тұлғаның өзін-өзі дамытуы» түсінігі.

Дамудың жас және жекелік ерекшеліктері. Жас кезеңдері. Акселерация. Дамудың біркелкі еместігі. Әр жас кезеңдерін жіктеу. Жас кезеңдеріне байланысты оқушылардың дамуы мен тәрбиесінің ерекешеліктері.

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі.Білім беру жүйесі туралы түсінік.Қазіргі білім беруді дамыту бағыттары. Болондық үрдіс. Білім беру саласындағы заңды құжаттар. Қазақстандағы білім беру жүйесіне жалпы сипаттама. Қазақстандағы білім беру жүйесінің құрылымы. Инклюзивті білім беру. Үздіксіз білім беру. Қосымша білім беру.

Тәрбиенің мәні. Тәрбие-теорияның пәні. Тәрбиенің міндеттері мен қызметтері. Тәрбиенің мәні және оның ерекшеліктері. Тәрбие түрлері.

Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері туралы түсінік. Тәрбие процесінің негізгі заңдылықтарына шолу. Тәрбие принциптеріне сипаттама.

Тәрбие үрдісінде тұлғаны қалыптастыру. Тәрбие мазмұнының мәселелері. Азаматтық және патриоттық тәрбие. Құқықтық тәрбие. Ақыл-ой тәрбиесі. Ұлттық тәрбие. Адамгершілік тәрбиесі. Еңбек тәрбиесі. Эстетикалық тәрбие. Экономикалық тәрбие. Экологиялық тәрбие. Дене тәрбиесі. Гендерлік тәрбие.

Қазіргі педагогикадағы тәрбиенің әдістері, құралдары және формалары. Тәрбие әдістері туралы түсінік. Тәрбие әдістерін топтап бөлу. Тәрбие әдістеріне сипаттама. Тәрбие құралдары. Тәрбие формалары.

Дүниеге көзқарас-қалыптастырушы тұлғаның негізі. Дүниеге көзқарастың маңызы, қызметтері. Дүниеге көзқарастың негізгі түрлері. Дүниеге көзқарастың мәні және оның ішкі құрылымы.

Ұжым-тәрбие құралы. «Балалар ұжымы» түсінігі. Ұжым теориясының қалыптасуы. Ұжымның белгілері. Ұжымның қызметтері. Балалар ұжымының типтері және құрылымы. Балалар ұжымының даму кезеңдері.

Отбасы-тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру жүйесінде. жұртшылық.Отбасы-әлеуметтік институт. Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Отбасы, мектеп және социумның өзара әрекеті. Отбасы ұғымы. пен отбасының, жұртшылықтың ынтымақтастығы.

Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесі. Дидактика туралы жалпы түсінік. Дидактиканың объекті, пәні, қызметтері және міндеттері. Дидактиканың категориялары. Дидактиканың негізгі мәселелері.

Оқыту үрдісі-тұтас жүйе. Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері. Оқытудың мәні мен құрылымының қазіргі кездегі түсінігі. Оқыту екі жақты процесс. Оқыту түрлері. Оқытудың қозғаушы күштері. Оқыту түрлері.

Оқытудың заңдары, заңдылықтары және принциптері. Оқытудың заңы, заңдылықтары, және принциптері түсінігі. Оқытудың негізгі заңдарына, заңдылықтарына шолу.

Қазіргі білім берудің мазмұны. «Білім беру мазмұнының мәні» түсінігі. Білім беру мазмұны құрамаларына сипаттама. Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Білім беру мазмұнын белгілейтін нормативтік құжаттар.

Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдары. Оқыту әдістері-дидактика категорияларының бірі. Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары, олардың өзара байланысы мен өзара шарттылығы. Оқыту әдістерін топтап бөлу және оларға сипаттама.

Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары. Оқытуды ұйымдастыру формалары-тұтас жүйе элементі. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама. Сабақ-мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақтың типтері және құрылымы.

Оқыту үрдісінің сапасын педагогикалық бақылау. Оқыту үрдісінің тұтас жүйесіндегі бақылау. Бақылаудың оқыту мақсаттарына сәйкестігі. Бақылаудың түрлері, формалары және әдістері. Оқыту процесін және нәтижесін бағалауға психологиялық- педагогикалық талаптар. «Бағалау» және «баға» түсініктері.

Оқушылардың оқуын мотивациялау. «Оқытудың мотивтері» түсінігі. Мотивтерді топтап бөлу. Оқытудың мотивтерін зерттеу және қалыптастырудың тәсілдері. Оқытудың белсенділігі. Қызығушылық. Танымдық қызығушылық. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың жолдары, тәсілдері, құралдары. Қажеттіліктер.

Оқытудың педагогикалық технологиялары. «Оқытудың педагогикалық технологиясы» түсінігі. Педагогикалық технологияларды топтап бөлу. Педагогикалық технологияларға шолу.