- •1. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың салмағын өлшеу»
- •2. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың бойын өлшеу»
- •3. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың бас және кеуде айналымын өлшеу»
- •4. Алгоритм: «Ауыз қуысын ойылып-уылған балаларға күтім жүргізу»
- •5. Алгоритм: «Көзге тамшылар тамызу техникасы» Мақсаты: емдеу.
- •6. Алгоритм: «Мұрынға тамшылар тамызу техникасы»
- •7.Алгоритм: «Құлақ тамшыларын тамызу»
- •8. Алгоритм: «Нәрестені зонд арқылы тамақтандыру»
- •10. Алгоритм: «Шала туған баланы жылытуға жылытқышты қолдану»
- •12.Алгоритм : «Ылғалданған оттегін мұрын катетірі арқылы беру»
- •13.Алгоритм: «Әр жастағы балаларда тыныс алу жиілігін санау»
- •14. Алгоритм: «Әр жастағы балаларда пульстің жиілігін санау»
- •15. Алгоритм: «Нәрестінің және ерте жастағы баланың асқазанын жуу»
- •17. Алгоритм: «Энтеробиозға қырынды алу техникасы»
- •19. Алгоритм: «Ауыз арқылы регидратация өткізу алгоритмі»
- •20.Алгоритм: « Ауыз арқылы регидратация терпия бұрышы »(аар)
- •21. Алгоритм: «Жаңа туған және емшектегі балаға тазалау клизмасын қою техникасы» Мақсаты: нәжістің және газдардың шығарарылу нәтижесіне жету.
- •22. Алгоритм: «Ерте жастағы балаларға жел шығаратын түтікше қою»
- •23. Алгоритм: Бактериологиялық зерттеуге нәжісті жинау
- •24.Алгоритм. «Манту сынамасының техникасы»
- •27. Алгоритм: « Тырысу кезінде балаларға жедел көмек көрсету»
- •28. Алгоритм: « Стеноздаушы ларингит кезіндегі балаларға жедел көмек көрсету»
- •29. Алгоритм: «Әр жастағы балаларға жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу»
- •30. Алгоритм: «Мұрыннан қан кетуде балаларға көмек көрсету»
14. Алгоритм: «Әр жастағы балаларда пульстің жиілігін санау»
Мақсаты: диагностикалық.
Көрсеткіші: бақылау.
Құрал - жабдықтар: секундомері бар сағат, температура парағы, қалам.
Іс – шара алгоритмі:
Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.
Баланы /анасын емшарамен таныстырыңыз.
Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз
Баланы ыңғайлап отырғызу немесе жатқызу, бұл кезде қолы салбырамауы керек.
Зерттеушінің 2,3,4 саусақтарымен кәріжілік артериясын жайлап басу, артерияның пульсациясын сезу.
Сағатты алып, қатаң 1 минутта пульстің жиілігін санаңыз.
7. Зерттеу нәтижесін температура парағына тіркеңіз.
8. Қолды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: Балалардың пульсі бір минут ішінде тыныштық жағдайында санаған жөн, пульсі өте өзгермелі (жасына байланысты ерекшеліктері бар),мазасыздану, жылау пульстің жиілеуіне әкеледі.
- Жаңа туған балада - минутына 120-140
- Емшек жасындағы балаларда – минутына 110 – 120;
- 2 – 4 жаста – минутына 100-105;
- 11-14 жаста - 80-85
Құжаттандыру:
1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.
15. Алгоритм: «Нәрестінің және ерте жастағы баланың асқазанын жуу»
Мақсаты: емдеу (асқазадағы токсикалық еселі заттарды шаю)
Көрсеткіштері: баланың улануы.
Құрал - жабдықтар: залалсыдандырылған асқазан зонды №6,8,10 пинцет, салфеткалар, фартук, лотоктар, ыдыста қайнатылған су 20 – 22 С , Жане шприцы, жайалық, стерильді емес қолғап, шайынды суға арналған ыдыс, ҚЖК, дез. ерітіндісі бар ыдыс, ветошь.
Іс – шара алгоритмі:
Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.
Анасына ( туыстарына ) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірңіз, келісімін алыңыз.
Қолды гигиеналық, асептикалық әдіспен жуып, құрғатып, стерильді емес резенке қолғап киіңіз.
Жөргектеу столдың үстін дез. ерітіндіге матырылған ветошпен сүртіңіз, таза жөргек төсеңіз.
Пинцетпен зондты қорабынан алып, жарамдылығын тексеріп, зондты еңгізетін терендігін аңықтаңыз- құлақтың бүртігінен құрының ұшына дейін және семсер тәрізді өсіндіге дейін, лейкопластырмен белгі қойыңыз.
Балаға ауыр жағдайда болса алжапқыш тағып, бір қырынан етбетіне қаратынқырап жатқызыңыз.
Зондты ұшынан 7 – 8 см қашықтықта қалам тәрізді ұстап, мұрын жолына белгіге дейін еңгізіңіз (егер бала қақалып, ентігіп, жөтеліп жатса зондты алып тастап, кейін процедураны қайталаңыз).
Баланың аяқ жағына шайынды суға арналған ыдысты қойыңыз.
Шприцке (Жане шприцына) 20-80 мл қайнатылған t-20-22 С сорып алып,зондқа жалғаңыз, шприцті жоғары көтеріп, суды ақырын асқазанға еңғізініз.
Зондтың екінші жаған шприцпен бірге төменге қарай түсіріңіз, асқазандағы шайынды суды шприцпен сорып алыңыз да, ыдысқа төгіңіз.
Бұл әрекетті асқазаннан таза су шыққанша қайталаңыз.
Зонтты шприцтен ажыратып, салфетка арқылы асқазаннан алып тастаңыз.
Алжапқышты шешіп, аузын салфеткамен сүртіп баланы анасына беріңіз.
Зондты контейнерге тастаңыз, пинцетті дез. ерітіндіге салыңыз.
Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз.
Қолды жуып, кептіріңіз.
Құжаттандыру:
1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.
16.Алгоритм: Аңқадан және мұрыннан жағынды алу техникасы. Мақсаты: ауа-тамшы індеттерінің қоздырғышын анықтау. Көрсеткіші: тұмау, ЖРВИ, менингококкты жұқпалы аурулар.
Қарама-қарсы көрсеткіш: жоқ. Болатын асқынулар:жоқ.
Құрал жабдықтар:
Ілмекке арналған анжысы бар залалсыздандырылған шыны түтіктер;
шпатель;
жолдама;
дәке салфеткасы;
ҚЖҚ;
стерильді емес қолғап;
қызметкерге арналған қорғаныс киім. Әрекет алгоритмі:
Аңқадан жағынды алу
1. .Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.
2. Анасына(туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріңіз.
3.Керекті құрал жабдықтарын дайындаңыз.
4. Қолды гигиеналық, асептикалық әдіспен жуып, құрғатып, стерильді емес резенке қолғап киіңіз.
5.7 жастан үлкендеу балаларды ыңғайлы етіп жарыққа қаратып отырғызу керек. Материалды кішкене балалардан алғанда көмекшінің көмегі керек. 6.Баланың аузын ашуын сұраңыз.
7. Тілдің түбін шпательмен төмен және алдына қарай басыңыз.
8. Ауыз қуысына ілмекке оралған анжыны кіргізіңіз. 9.Жағындыны жұмсақ таңдайдың артқыжағынан алыңыз.
10. Анжы оралған ілмекті шыны түтікке салыңыз.
11. Жолдама жазып зертханаға жіберіңіз.
Ескерту:
Анжы оралған ілмекті қызыл иекке, тілге, тіске тигізуге болмайды.
Мұрыннан жағынды алу:
1.Баладан мұрнын сіңбіруді сұрау керек.
2. Анжыны мұрын қуыстарына кезек-кезек еңгізіңіз.
3. Мұрынның қабырғасына,бөліктеріне анжының барлық жағымен тығыз кіргізіңіз.
4. Анжы оралған ілмекті шыны түтікке салыңыз.
5. Жолдама жазып зертханаға жіберіңіз.
6. Қолғапты шешіп, қолды жуыңыз.
Құжаттандыру:
1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.
