- •1. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың салмағын өлшеу»
- •2. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың бойын өлшеу»
- •3. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың бас және кеуде айналымын өлшеу»
- •4. Алгоритм: «Ауыз қуысын ойылып-уылған балаларға күтім жүргізу»
- •5. Алгоритм: «Көзге тамшылар тамызу техникасы» Мақсаты: емдеу.
- •6. Алгоритм: «Мұрынға тамшылар тамызу техникасы»
- •7.Алгоритм: «Құлақ тамшыларын тамызу»
- •8. Алгоритм: «Нәрестені зонд арқылы тамақтандыру»
- •10. Алгоритм: «Шала туған баланы жылытуға жылытқышты қолдану»
- •12.Алгоритм : «Ылғалданған оттегін мұрын катетірі арқылы беру»
- •13.Алгоритм: «Әр жастағы балаларда тыныс алу жиілігін санау»
- •14. Алгоритм: «Әр жастағы балаларда пульстің жиілігін санау»
- •15. Алгоритм: «Нәрестінің және ерте жастағы баланың асқазанын жуу»
- •17. Алгоритм: «Энтеробиозға қырынды алу техникасы»
- •19. Алгоритм: «Ауыз арқылы регидратация өткізу алгоритмі»
- •20.Алгоритм: « Ауыз арқылы регидратация терпия бұрышы »(аар)
- •21. Алгоритм: «Жаңа туған және емшектегі балаға тазалау клизмасын қою техникасы» Мақсаты: нәжістің және газдардың шығарарылу нәтижесіне жету.
- •22. Алгоритм: «Ерте жастағы балаларға жел шығаратын түтікше қою»
- •23. Алгоритм: Бактериологиялық зерттеуге нәжісті жинау
- •24.Алгоритм. «Манту сынамасының техникасы»
- •27. Алгоритм: « Тырысу кезінде балаларға жедел көмек көрсету»
- •28. Алгоритм: « Стеноздаушы ларингит кезіндегі балаларға жедел көмек көрсету»
- •29. Алгоритм: «Әр жастағы балаларға жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу»
- •30. Алгоритм: «Мұрыннан қан кетуде балаларға көмек көрсету»
5. Алгоритм: «Көзге тамшылар тамызу техникасы» Мақсаты: емдеу.
Құрал - жабдықтар:
- көз тамшылары;
- мензуркадағы залалсыздандырылған тамызғыштар;
- залалсыздандырылған мақта дөңгелектері;
- пинцет;
- бүйрек тәрізді лоток (2 дана);
- стерильді емес қолғап;
- бетперде;
- ҚЖК;
- медициналық құжаттар.
Мідетті шарттар: көз тамшыларының температурасы, бөлме температурасына сәйкес болуы қажет.
Іс – шара алгоритмі:
Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.
Анасын/баланы емшара мақсатымен таныстырңыз;
Керек құрал жабдықтарын дайыдаңыз;
Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз.
Стерильді емес қолғап киіңіз.
Жөргектеу столдың үстін дез. ерітіндіге матырылған ветошпен сүртіңіз, таза жөргек төсеңіз.
Баланы жөргектеу столына жатқызыңыз;
Көзде іріңді бөлінділер болған жағдайда, мақта тампонымен 1:5000 фурациллин ерітіндісіне малынған, көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай өңдеңіз, әр көзге жеке тампондар қолданыңыз. Жоғарыдағыдай көздің өңделуіне сәйкес құрғақ тампондармен құрғатыңыз.
Пинцет арқылы сол қолға мақта тампонын салыңыз;
Дәрілік зат тамызғыштың резинка бөлігіне қүйылмас үшін, тігінен ұстап, емдеу ерітіндісін тамызғышқа жиіп алыңыз;
Оң қолға пипетканы алып, маңдайға орналастырып, баланың басын алақан қырымен нақтылап ұстау. Пипетканы 400 бұрышында ұстау қажет.
Төменгі қабағын тампонмен тартыңыз.
Ескерту: балаларда физиологиялық блефароспазм жағдайында, екі қабағында ашу қажет;
Дәрілік заттың бір тамшысын, көздің ішкі бұрышына қарай тамызыңыз. Бір неше секундтан соң, екінші тамшыны тамызыңыз.
Тампонды қолданыста болған материалына арналған контейнерге тастаңыз.
Бөлек тампонды қолданып, жоғарғыдай екінші көзге тамызыңыз;
Қолданыста болған пипетканы зарарсыдандыруға жіберіңіз;
Қолғапты шешіп, контейнерге тастап, қолды жуып, кептіріңіз;
Дәрілік затының еңгізілуін, пациенттің реакциясы жөнінде медициналық құжаттарына жазыңыз.
Құжаттандыру:
1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі .
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.
6. Алгоритм: «Мұрынға тамшылар тамызу техникасы»
Мақсаты: емдік
Құрал- жабдықтар:
- стерильді емес қолғап;
- залалды тамызғыш немесе ұштығы бар тамызғыш;
- мақта шариктері;
- кішкене резина балоны;
-ҚЖК;
Іс – шара алгоритмі:
Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.
Нәресте анасына емшара мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Қолды жуып, кептір, антисептикпен өңдеңіз, стерильді емес қолғап киіңіз.
Баланы жарыққа қаратып отырғызыңыз.
Дәрілік затты қолданар алдында ыстық суы бар ыдысқа салып жылытыңыз. Дәрілік заттың температурасын тексеру үшін білезіктің ішкі бөлігіне тамызып тексеріңіз.
Тамызуды көмекші көмегімен жүргізу керек, кішкентай балаларды көмекші жартылай жатқызып ұстайды. Үлкен жастағы балаларға дәрілік затты жатқызып немесе отырғызып, басын шалқайтып тамызуға болады.
Дәрілік затты тамызар алдында мұрын жолдарын шырыштан және қатпадан тазарту керек. Нәрестелерге мақта шиыршығының көмегімен тазалау, үлкен жастағы балалар өз бетімен сіңіруі керек. Әр мұрын қуысына жеке шиыршық қолданылды. Екі мұрын қуысын бір мезетте тазалауға болмайды. Емшек жастағы нәрестелердің мұрын қуысының шырышын резиналы балонмен сорып алыңыз.
Дәрілік затты тамызғышқа алыңыз.
Мұрын ұшын сол қолдың бас бармағымен ұстап, сәл жоғары көтеріңіз.
Басын бір жағына бұрыңыз,оң жаққа тамызғанда солға, сол жаққа тамызғанда оңға.
Тамызғышты мұрынның шырышты қабығына жанастырмау керек, екі үш тамшыны енгізіңіз.
Баланың басын сол қалыпта 30-60 секундқа сол қалпында ұстаңыз. Ол дәрілік заттың мұрынның шырышты қабатына толық жайылуын қамтамасыз етеді.
Қолғапты шешіңіз, контейнерге тастаңыз
Қолды жуыңыз, кептіріңіз.
Емшараның орындалуын тіркеңіз.
Құжаттандыру:
1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі .
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.
