- •1. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың салмағын өлшеу»
- •2. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың бойын өлшеу»
- •3. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың бас және кеуде айналымын өлшеу»
- •4. Алгоритм: «Ауыз қуысын ойылып-уылған балаларға күтім жүргізу»
- •5. Алгоритм: «Көзге тамшылар тамызу техникасы» Мақсаты: емдеу.
- •6. Алгоритм: «Мұрынға тамшылар тамызу техникасы»
- •7.Алгоритм: «Құлақ тамшыларын тамызу»
- •8. Алгоритм: «Нәрестені зонд арқылы тамақтандыру»
- •10. Алгоритм: «Шала туған баланы жылытуға жылытқышты қолдану»
- •12.Алгоритм : «Ылғалданған оттегін мұрын катетірі арқылы беру»
- •13.Алгоритм: «Әр жастағы балаларда тыныс алу жиілігін санау»
- •14. Алгоритм: «Әр жастағы балаларда пульстің жиілігін санау»
- •15. Алгоритм: «Нәрестінің және ерте жастағы баланың асқазанын жуу»
- •17. Алгоритм: «Энтеробиозға қырынды алу техникасы»
- •19. Алгоритм: «Ауыз арқылы регидратация өткізу алгоритмі»
- •20.Алгоритм: « Ауыз арқылы регидратация терпия бұрышы »(аар)
- •21. Алгоритм: «Жаңа туған және емшектегі балаға тазалау клизмасын қою техникасы» Мақсаты: нәжістің және газдардың шығарарылу нәтижесіне жету.
- •22. Алгоритм: «Ерте жастағы балаларға жел шығаратын түтікше қою»
- •23. Алгоритм: Бактериологиялық зерттеуге нәжісті жинау
- •24.Алгоритм. «Манту сынамасының техникасы»
- •27. Алгоритм: « Тырысу кезінде балаларға жедел көмек көрсету»
- •28. Алгоритм: « Стеноздаушы ларингит кезіндегі балаларға жедел көмек көрсету»
- •29. Алгоритм: «Әр жастағы балаларға жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу»
- •30. Алгоритм: «Мұрыннан қан кетуде балаларға көмек көрсету»
24.Алгоритм. «Манту сынамасының техникасы»
Мақсаты: нақтамалау.
Құрал-жабдықтар:
Залалсыдандырылған стол, мақта дөнгелектері, салфеткалар, пинцет;
Стерильді емес қолғап;
Стандартталған туберкулин;
Мензурка, ампуланы салуға арналған;
Туберкулин шприцы;
ҚЖК;
Қолданған заттқа арналған ыдыс дез. ерітіндісімен;
70 % этил спирті;
Іс – шара алгоритмі:
Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.
Анасына(туыстарына)шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріңіз.
Керекті құралдарды дайындаңыз.
Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан өңдеңіз, стерильді емес қолғап киіңіз;
Қораптан туберкулин ампуласын алыңыз;
Ампуланың мойнын 70% спиртке малынңан мақта дөңгөлегімен сүртіңіз;
Кескішпен кесіп, сындырып (қолданған мақма дөнгелегін) дез ертінді қүйылған ыдысына утилизаторына тастаңыз;
Ампуланы мензуркаға салыңыз;
Туберкулин шприцының қорабын ашыңыз;
Шприцке инені колпачогімен кигізіп, инені канюляға орнықтырыңыз;
Инеден колпачогін алып тастаңыз;
Туберкулины бар ампуланы алып, шприцке 0,2мл препаратты алыңыз;
Ампуланы қалған туберкулинімен мензукаға салып залалсыздандырылған колпачокпен жабыңыз;
Шприцтің ауасын 0,1мл шығарыңыз;
Шприцті залалсыздандырылған столға салыңыз;
70% спиртке малынңан мақта дөңгөлегімен білектің ортаңғы алақан бетін өңдеңіз;
Сол қолдың 1-2саусақтарымен салатын орынның терісін тартыңыз;
Инені жоғары қаратып көз бақлауымен, лимон қабықша пайда болғанша 10- 150 тері ішіне енгізіңіз;
Инені суырып алңыз;
Ине орнын спиртпен өңдемеңіз;
Туберкулин шприцін дез. ерітінді құйылған утилизаторына тастаңыз;
Қолғапты ҚЖҚ-ға тастаңыз.
Қолды жуыңыз, кептіріңіз
Манту сынамасын 72 сағаттан кейін сызғышпен бағалау керек:
-папуланың диаметрі 0-0,1мм болса,нәтиже теріс;
- папуланың диаметрі 2-4,9мм болса,нәтиже күдікті;
- папуланың диаметрі 5мм және одан жоғары болса,нәтиже оң;
25.Манту сынамасының нәтижесін №063 формасына тіркеңіз.
Құжаттандыру:
1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.
25.Алгоритм: «Анафилактикалық шок кезінде балаларға көмек көрсету»
Анықтама:Анафилактикалық шок – ол аллергеннің әсерінен бірнеше минуттан соң болатын жедел аллергиялық реакция:
Анафилактикалық шокқа қарсы жиынтық:
1. Эпинефрин 0,18% - 1,0мл, амп.
2. Натрия хлорид 0,9% - 400 мл, фл.
3. Натрия хлорид 0,9% - 5,0 мл, амп.
4. Преднизолон 30 мг, амп.
5. Кислород, м3
6. Атропина сульфат 0,1% - 1,0 мл, амп.
7. Допамин 0,5% - 5 мл, амп.
8. Жгут
9. Стерильді шприцтер
10. 70% этил спирті
Еңгізіліп жатқан препаратты тоқтатыңыз,егер препарат көк тамырға енгізілсе инені шығармай келесі ем шаралар сол ине арқылы жүзеге асырылады.
Аллергеннің организмге түсу уақытын, науқастың шағымдарын және клиникалық белгілерін белгілеңіз.
Дәрігерді шақырыңыз.
Пациенттің аяқ жағын көтеріп, басын бір жағына бұрып жатқызыңыз.
Науқастың жағдайын бағалаңыз. Пульсін, АҚҚ, температурасын өлшеңіз, тері және шырышты қабатын қараңыз. АҚҚ жасының көрсеткішінен 20% төмендесе анафилактикалық реакция пайда болуына күмәндануға болады.
Таза ауамен қамтамасыз етіңіз немесе оттегін беріңіз.
Егер иньекция қолына салынса, жгутты жоғарырақ байлаңыз
Иньекция орнына мұзды мұйық қойыңыз.
Аллергиялық препарат мұрын немесе көз арқылы енгізілсе, сумен шайып, 1-2 тамшы 0.1% адреналин ерітіндісін енгізіңіз.
Препарат тері астына енгізілсе сол жердің маңайына 0,1% адреналин ерітіндісін айналдыра шаншып салыңыз (1мл 0.1% адреналин ерітіндісін 10мл физиологиялық ерітіндісіне).
Дәрігер келгенше 400мл физиологиялық ерітіндіге 2мл, 5мл 5-6 дана шприц, адреналин, глюкокартикостероидтар дайындаңыз.
Дәрігердің нұсқауымен баланың 1жасына 1мл 0.1% ерітіндісін физиологиялық ерітіндіге ерітіп тамшылатып енгізіңіз. Гипотония сақталса 20мин кейін қайталаңыз.
Айналымдағы қан көлемін физиологиялық ерітіндісімен толтырып отырыңыз. Сағатына 20-40мг/кг. АҚҚ нормаға келгенде инфузия енгізу жылдамдығын төмендетіңіз.
Глюкокортикоидтар: преднизалон 5-10мг/кг немесе гидрокартизон 10-15мг/кг.
Реанимация бөлімшесіне дәрігер реаниматологпен бірге, үнемі инфузия жүргізіп және өмірге маңызды көрсеткіштерін бағалай отырып жеткізіңіз.
Құжаттандыру:
1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.
26. Алгоритм: «Гипертермия кезіндегі балаларға жедел көмек көрсету» Мақсаты: дене қызуын түсіру. Іс – шара алгоритмі:
1.Баланың төсекке жатқызыңыз..
2. Кеудесін қысып тұрған, киімін шешіп босатыңыз. 3.Таза ауамен қамтымасыз етіңіз. 4.Дене қызуын өлшеңіз:
а) егер дене қызуы 37,0 – 37,5С болса, көп мөлшерде сұйықтық ішкізіңіз;
б) егер дене қызуы 37,5 – 38,0 С болса:
- баланы шешіндіріп, физмкалық суыту жүргізіңіз: 1:1 қатнаста спирті сумен араластырып, баланың денесін сүртіп, жауып қойыңыз;
- маңдайына суық компресс қойыңыз;
в) егер дене қызуы 38,0 – 38,5 С немесе одан жоғары болса, - дене қызуын түсіретін препараттар беріңіз – панадол, парацетамол, ибупрофен т.б.
5. Оксигенотерапия жүргізіңіз..
6. Көмек көрсетіліп басталғаннан алғашқы 20 – 30 минут ішінде баланың зәр шығаруын қамтамасыз етіңіз.
7. Әр 20 – 30 минут ішінде дене қызуын өлшеп тұрыңыз.
8. Қайталау термометрияның көрсеткішіне байланысты, көрсетілген көмекті бағалаңыз.
Құжаттандыру:
1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.
