- •1. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың салмағын өлшеу»
- •2. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың бойын өлшеу»
- •3. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың бас және кеуде айналымын өлшеу»
- •4. Алгоритм: «Ауыз қуысын ойылып-уылған балаларға күтім жүргізу»
- •5. Алгоритм: «Көзге тамшылар тамызу техникасы» Мақсаты: емдеу.
- •6. Алгоритм: «Мұрынға тамшылар тамызу техникасы»
- •7.Алгоритм: «Құлақ тамшыларын тамызу»
- •8. Алгоритм: «Нәрестені зонд арқылы тамақтандыру»
- •10. Алгоритм: «Шала туған баланы жылытуға жылытқышты қолдану»
- •12.Алгоритм : «Ылғалданған оттегін мұрын катетірі арқылы беру»
- •13.Алгоритм: «Әр жастағы балаларда тыныс алу жиілігін санау»
- •14. Алгоритм: «Әр жастағы балаларда пульстің жиілігін санау»
- •15. Алгоритм: «Нәрестінің және ерте жастағы баланың асқазанын жуу»
- •17. Алгоритм: «Энтеробиозға қырынды алу техникасы»
- •19. Алгоритм: «Ауыз арқылы регидратация өткізу алгоритмі»
- •20.Алгоритм: « Ауыз арқылы регидратация терпия бұрышы »(аар)
- •21. Алгоритм: «Жаңа туған және емшектегі балаға тазалау клизмасын қою техникасы» Мақсаты: нәжістің және газдардың шығарарылу нәтижесіне жету.
- •22. Алгоритм: «Ерте жастағы балаларға жел шығаратын түтікше қою»
- •23. Алгоритм: Бактериологиялық зерттеуге нәжісті жинау
- •24.Алгоритм. «Манту сынамасының техникасы»
- •27. Алгоритм: « Тырысу кезінде балаларға жедел көмек көрсету»
- •28. Алгоритм: « Стеноздаушы ларингит кезіндегі балаларға жедел көмек көрсету»
- •29. Алгоритм: «Әр жастағы балаларға жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу»
- •30. Алгоритм: «Мұрыннан қан кетуде балаларға көмек көрсету»
22. Алгоритм: «Ерте жастағы балаларға жел шығаратын түтікше қою»
Мақсаты: ішекке жиналған газды шығару
Көрсеткіші: іш кебу
Қарсы көрсеткіштер: ішектен қан кету, тік ішектің қабынуы, тік ішектегі жара
Құрал - жабдықтар: өсімдік майы, стерильді емес резеңке қолғап,алжапқыш, клеенка,жөргек, стерильді жел шығаратын түтікше (№1-6), суы бар ыдыс, стерильді мақта, стерильді дәкелер, дез ерітіндісі бар ыдыс, горшок, ҚЖК.
Іс – шара алгоритмі:
Науқастың аты, жөңің сәйкестендіңіз.
Анасына(туыстарына)шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріңіз.
Керекті құралдарды дайындаңыз.
Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып құрғатыңыз, стерильді емес резеңке қолғап және алжапқыш киіңіз.
Жөргектеу үстеліне клеенка, оның үстіне жөргекті төсеңіз.
Жел шығаратын түтікшенің енгізу тереңдігін белгілеңіз:
1 жасқа дейін 5-8см
1-3жас 8-10см
3-7жас 10-15см
7 жастан жоғары 20см
Жел шығарғышты түтікшкнің бітеу жағын өсімдік майымен майлаңыз.
Алты айға дейінгі баланы арқасына, алтын айдан кейінгі баланы сол жақ қырына,тізесін бүгіп және аяқтарын ішіне жинап жатқызыңыз. Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпты бекітіп ұстаңыз.
Жел шығарғыш түтікшенің бітеу жағын қысып ұстаңыз. Ақырындап,күш салмай анусқа енгізу және жайлап жылжытыңыз: 1-2см кіндікке қарай,одан әрі омыртқа жотасының бойымен.
Жел шығарғыш түтікшенің екінші жағын суы бар ыдысқа салыңыз.
Суы бар ыдыста ауа көпіршіктерінің бөлінуі тоқталғаннан кейін салфетканың көмегімен түтікшені алып тастаңыз.
Жел шығаратын түтікшені 30-60минутқа қалдырыңыз.
Жел шығаратын түтікшені орау арқылы салфеткамен сүртіп, шығарыңыз, дез ертіндіге салыңыз.
Клеенка және жөргекті алып дез.ертіндіге салыңыз.
Дәкемен құрғатып сүрту, табиғи қыртыстарын майлаңыз.
Алжапқышты шешіңіз, дез.ертіндіге салыңыз.
Қоғапты шешіп, контейнерге салыңыз.
Қолды жуыңыз, кептіріңіз.
Құжаттандыру:
1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.
23. Алгоритм: Бактериологиялық зерттеуге нәжісті жинау
Мақсаты: бұл зерттеуде ішек жұқпалы ауруларының қоздырғышын таза күйінде бөліп шығарып, диагнозды толық дәлелдеу.
Көрсеткіші: ішек жұқпалы ауруларының диагнозын қою үшін қажет.
Қарсы көрсеткіштер: жоқ.
Болатын асқынулар: жоқ.
Қажетті заттар:
Ішінде ілмегі бар түтік;
жасанды көректі ортасыбар Петри табақшасы;
дәке;
төсеніш;
ішінде консерванты бар түтік;
жолдама.
Бактериологиялық егіске нәжісті жинау алгоритмі
1.Науқастың аты, жөңің сәйкестендіңіз.
2.Анасына(туыстарына)шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріңіз.
3.Керекті құралдарды дайындаңыз.
4.Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып құрғатыңыз, стерильді емес резеңке қолғап және алжапқыш киіңіз.
5.Жөргектеу үстеліне клеенка, оның үстіне жөргекті төсеңіз.
6. Ішінде қоректік ортасымен ілмегі бар шыны түтікті дайындап, оны таңбалап, жолдама жазыңыз.
7.Науқасты қырынан, аяғын бүгіп, ішіне қарай тартып жатқызыңыз.
8. Сол қолмен науқастың құйрығын ашыңыз.
9. Оң қолмен шыны түтіктегі ілмекті алыңыз.
10. Ілмекті тік ішекке 5,6,8,9,см жіберіңіз.
11. Ілмекті ақырын айналдырып кіргізіңіз.
12. Ілмекті тік ішектен шығарыңыз.
13. Ілмекті қоректік ортасы бар шыны түтіктің шетіне тигізбей салыңыз.
14. Шыны түтікті тығынмен жабыңыз.
15. Шыны түтікті жолдамамен зертханаға жіберіңіз.
Ескерту:
1.Нәжісті жинау әр түрлі әдістермен жүргізіледі,ол дәрет ыдыстарынан,жаялығынан «ашық нәжіс» және мақта оралған ілмекпен тік ішектен алынады. Ашық нәжісті залалсыздандырылған ілмекпен 3-5 жерінен залалсыздандырылған қоректік ортасы бар шыны түтікке салынады. Егу үшін нәжістің шаранасы, іріңі алынады, қанды жерінен алуға болмайды. Нәжіс алынған ыдыста зарарсыздандыру ерітінділері болмау керек. Нәжісті тік ішектен алар кезде, сырқатқа бұл іс-шараның қалай жүргетіні жайында айтып түсіндіру керек.
2. Іс – шараның дұрыс өтуін қадағалау
Құжаттандыру:
1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.
