Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фтизиатрия тер все вузы_каз - с ком.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Фтизиатрия

$$$077

Науқастың өкпе түбірінің патологиясында нені анықтаймыз:

  1. Инфильтративті туберкулез

  2. Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

  3. Туберкулезді уыттану

  4. Диссеминирленген туберкулез

  5. Туберкулема

$$$078

Науқас 32 жаста, жалпы профилактикалық тексеруде анықталған. Рентгенологиялық белгілері: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде біркелкі емес, сыртқы шекарасы айқын емес диаметрі 3 см, дөңгелек формалы көлеңке. Қақарықты ТМБ микроскопиялық зерттеу теріс нәтиже. ЖҚА: гемоглобин 122 г/л, лейкоцит 9,3х109/л, сегмент ядеро 73%, эозинофиль 5%, лимфоцит 17%, моноцит 5%, ЭТЖ 21 мм/сағ. Диагноз койыңыз:в русском - контуры четкие

  1. Ошақты туберкулез

  2. Инфильтративті туберкулез

  3. Кавернозды туберкулез

  4. Өкпе туберкулемасы

  5. Фиброзды-кавернозды туберкулез

$$$079

Науқас 38 жаста. Тамағының ауруына, дауысының қарлығуына, дене салмағының 5 кг дейін төмендеуіне,эпизоидты түрде дене температурасының көтерілуіне шағымданады. Анамнезінен: бұрын туберкулезбен ауырмаған, ішімдік қолданады. 5 жыл көлемінде өкпе флюрографиясын өтпеген. Рентген көрінісінде: өкпенің жоғарғы бөлігінде көптеген диаметрі 10 мм контуры айқын емес бір біріне қосылуға бейім көлеңкелерді көреміз. Қақарықты ТМБ микроскопиялық зерттеу оң нәтиже. Диагноз қойыңыз:

  1. Кавернозды туберкулез

  2. Диссеминирленген туберкулез

  3. Фиброзды-кавернозды туберкулез

  4. Цирротикалық туберкулез

  5. Инфильтративті туберкулез

$$$080

Бала 4 жаста. Өкпе туберкулезімен ауырған әкесімен контактыда болғандығы үшін тексерілген. Рентгенологиялық көріністері: оң жақ өкпенің S1-S2 проекциясында 2х2 см, орташа интенсивті гомогенді құрылымды қараю өкпе түбіріне бағытталған жол көрінеді. Оң жақ өкпе түбірінің өлшемі ұлғайған, аз құрылымды, синусы бос. Диагнозды қойыңыз:

  1. Ошақты туберкулез инфильтрация фазасында

  2. Инфильтративті туберкулез ыдырау фазасында

  3. Біріншілік туберкулезді комплекс инфильтрация фазасында

  4. Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі себілу фазасы

  5. Туберкулема ыдырау фазасында

$$$081

Науқас 52 жаста, жұмыссыз. 2 ай бойы әлсіздікке, сілекейлі қақырықты жөтелге, сыздап ауырсынуға шығымданады. Армиядан кейін фтизиатрда 0 топта тұрған. Активті туберкулез үрдісі анықталмаған. Рентген суретінде: екі өкпесіннің жоғарғы бөлігінде көптеген дм 1 см, кіші және орташа интенсивті көлеңкелер көрінеді. Өкпенің сол жақ ұшында жұқарған қуыс. ЖҚА: лейкоциттер 11,8х109/л; ЭТЖ 29 мм/сағ. Қақыпықты микроскопиялық зерттегенде ТМБ анықталған.Диагноз қойыңыз:

  1. Өкпенің диссеминирленген туберкулезі инфильтрация сатысында. Рецидив. 4 категория. 1В топ, диспансерлік бақылауда.

  2. Өкпенің диссеминирленген туберкулезі ыдырау фазасында. Жаңа жағдай. 1 категория. 1А топ, диспансерлік бақылауда.

  3. Өкпенің инфильтративті туберкулезі себелу сатысында.Басқа жағдай. 2 категория. 1В топ, диспансерлік бақылауда.

  4. Өкпенің диссеминирленген туберкулезі ыдырау фазасында. Рецидив. 2 категория. 1Б топ, диспансерлік бақылауда.

  5. Өкпенің инфильтративті туберкулезі ыдырау сатысында.. Жаңа жағдай. 1 категория. 1А топ, диспансерлік бақылауда.

$$$082

Қабылдау бөлімінде 5 жастағы бала қаралды. Анасының айтуы бойынша 2 жұма бойы ауырған. ЖРВИ – дан емделген. Туберкулезбен ауыратын апасымен қатынаста болған. 4 жасында 2 ТБ Манту сынамасында 11 мм, 5 жасында 10 мм. Химиопрофилактика жүргізілмеген. Кеше бірнеше рет құсқан. Бала тежелген. Тері жабындылары бозғылт, тургоры төмен. Мойын бұлшықеттерінің регидтілігі байқалады, оң жақ аягының тізе буының бүге алмау, оң жақ қабағының айқын емес түсуі.

Ликвор:түссіз, цитоз 300 мкл (нейтрофил 45%, лимфоцит 55%), ақуыз 1,2 г/л, қант 1,8 ммоль/л, хлорид 100 ммоль/л. Рентгенологиялық суретте: Оң жақ өкпе түбірінің деформациясы мен кеңеюі. Диагноз қойып ем тағайындаңыз:

  1. Туберкулезді менингит, туберкулезге қарсы препараттар, диуретиктер

  2. Іріңді менингит, Спецификалық емес антибактериальды терапия, гормондар

  3. Вирусты менингоэнцефалит, антибиотиктер, диуретиктер, гормондар

  4. Іріңді менингит, антибиотиктер, гормондар

  5. Туберкулезді менингоэнцефалит, туберкулезге қарсы препараттар, диуретиктер, гормондар.