Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obschiy_otvet (1).doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
422.91 Кб
Скачать

31. Есеп

Тапсырма: Өндірісте 10 000 бірлік өнім басталды, оның ішінде 7 000 толық аяқталды, ал 3 000 есепті мерзім соңында аяқталмаған өндіріс ретінде қалды. Аяқталмаған өндірістің дайындық деңгейі 30%. Мерзім ішіндегі жалпы шығындар сомасы - 173 800 а.б.

Дайын өнім мен аяқталмаған өндірістің өзіндік құнын анықтау қажет.

Шешімі:

  • 1) Баламалы бірлік

3000*30%=900 б.б.

7,000+900=7,900 (б.б.)

  • 2) Дайын өнім

1 б.б. = 173,800/7,900 (б.б.)= 22 а.б.

7,000*22=154,000 а.б.

  • 3) Аяқталмаған өндіріс

900*22=19,800 а.б.

32. Есеп

Тапсырма: Қосылған шығындар мен материалдық шығындар бойынша баламалы бірліктерді есептеп шығарыңыз.

Бастапқы деректер: Ұйым өндірістен сәуір айында өнімнің 3000 бірлігін аяқтап шығарды, соңғы аяқталмаған қалдық 400 бірлік болды және оның қосылған шығындар бойынша дайындық дәрежесі 10%, және материалдық шығындар бойынша 100%-ға аяқталған. Аяқталмаған өндірістің бастапқы қалдығы болмады.

Шешімі:

  1. қосылған шығындар дайындық дәрежесі:

400*10%=40

  1. материалдық шығындар бойынша

400*100%=400

  1. 40+400=440

33. Есеп

Компания бір өнімді өндіреді және оны 2000 тг. бағасымен сатады. Компания нормативтік калькуляцияны қолданады және барлық ауытқуларды жоюға тырысады. Келесі ақпарат бар: Өнімнің 1 бірлігіне нормативтік шығындар: негізгі материалдар (1 кг 200 тг-ден) – 200 тг Бір ай ішінде нақты нәтижелер: негізгі материалдар, 1 кг үшін 210 тг алынды – 5 200 кг Материалдардың бағасы бойынша ауытқуды анықтау.

Шешімі:

Материалдардың баға бойынша ауытқуы = (нақты баға - нормалы баға) * сатылған материалдар саны

(210–200)*5200=52,000 жағымсыз

34. Есеп

Компания бір өнімді өндіреді және оны 2000 тг. бағасымен сатады. Компания нормативтік калькуляцияны қолданады және барлық ауытқуларды жоюға тырысады. Келесі ақпарат бар: Өнімнің 1 бірлігіне нормативтік шығындар: негізгі материалдар (1 кг 200 тг-ден) – 200 тг Бір ай ішінде нақты нәтижелерін келесі құрады: Өндірілген өнім саны – 5 100 бірлік Өндірісте қолданылған негізгі материалдар – 5 300 кг Материалдарды қолдану бойынша ауытқуларды анықтаңыз.

Шешімі:

Материалдарды пайдалану бойынша ауытқу = (нақты пайдаланылған материалдар – норма бойынша материалдар шығыны) * 1 бірлік құны

(5300-5100)*200=40000 жағымсыз

35. Есеп

Компания бір өнімді өндіреді және оны 2000 тг. бағасымен сатады. Компания нормативтік калькуляцияны қолданады және барлық ауытқуларды жоюға тырысады. Келесі ақпарат бар: Өнімнің 1 бірлігіне нормативтік шығындар: еңбектің тікелей шығындары (0,6 сағат 1000 тг-ден) – 600 тг Бір ай ішінде нақты нәтижелерін келесі құрады: Еңбектің тікелей шығындары (1 сағатқа 1020 тг-ден) – 3 200 сағат. Еңбекақы мөлшерлемесі бойынша ауытқуды анықтаңыз

Шешімі:

Еңбек бағасы бойынша ауытқулар = (1 еңбек/сағ нақты ставкасы – 1 еңбек/сағ нормативтік ставкасы) * нақты жұмсалған жұмыс уақытына

(1020-1000)*3200=64 000 жағымсыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]