- •1) Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады;
- •2) Ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысады;
- •3) Тіркескен сөздер предикативтік емес қатынаста болады (анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық).
- •10) Құрмалас сөйлемнің даму жолдары
- •11) Синтаксистік сөз тіркестері мен тұрақты тіркес ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
- •12) Құрмалас сөйлемнің байланысу тәсіліне қарай түрлері
- •13) Қабысу: грамматикалық белгісі, қызметі
- •14) Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Инверсия.
- •15) Сөйлем мүшесі, белгілері, құрамына қарай түрлері
11) Синтаксистік сөз тіркестері мен тұрақты тіркес ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
12) Құрмалас сөйлемнің байланысу тәсіліне қарай түрлері
Құрмалас сөйлемдер құрамындағы предикатив сыңарларына қарай екі құрамды және көп құрамды болып жіктеледі. Екі құрамды құрмаластар салалас және сабақтас болып бөлінсе, көп құрамды құрмаластарды көп компонентті салалас, аралас және көп бағыныңқылы сабақтас деп бөлу дәстүрі бар.
Құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерге қарағанда күрделі ойды білдіретіндіктен, екі предикативтік орталыққа негізделеді. Бұл сөйлемдерде жай сөйлемдердегі сияқты тиянақталған интонация болмайды.
Құрмалас сөйлемдер кез келген жай сөйлемдердің тіркесе салуынан емес, бір-бірімен мағыналық, әрі құрылымдық тығыз байланыстағы жай сөйлемдердің бір-біріне үйлесе, бағына немесе тең дәрежеде байланысуынан құралады. Сондықтан олар бір бүтін тұлға ретінде саналады.
Бұл жөнінде Т.Қордабаев: “Егер әдеттегі жай сөйлемдер интонациялық жағынан тиянақты, белгілі шамада болса да, аяқталған ойды білдіретін, өз алдарына бір бүтін болып саналатын болса, құрмалас сөйлем компоненттері интонациялық жағынан тиянақсыз, аяқталған ойды білдіре алмайтын, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады. Ол бөлшек өзі сияқты басқа бір бөлшектермен байланыста тұрғанда ғана бір бүтін бола алады. Егер бұл бірліктері бұзылса-ақ, олар өздерінің алғашқы мәндерін жояды, құрмалас сөйлем құрамында тұрғанда ғана бір бүтін бола алады”, -дейді ( 11,195).
Сонымен құрмалас сөйлем деп мағыналық жағынан бір-біріне байланысты екі немесе одан көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді айтамыз. Жай сөйлемдердің бір-бірімен баяндауыш формасының тиянақсыздығына қарай құрмаласуы - қазақ тілінде құрмалас сөйлем жасаудың ең өнімді тәсілі. Құрмалас сөйлемдер ішінде сабақтас құрмаластар аталмыш тәсіл арқылы жасалады. Бағыныңқы компонент баяндауышы төменгі формаларда тұрады:
1. Көсемше тұлғасынан;
2. Есімше;
3. Шартты рай және басқа етістік формалары.
1. Жай сөйлемнің көсемше арқылы құрмаласуы. Қимылдың өзін немесе іс-әрекеттің амалын білдіретін етістіктің ерекше түрі – көсемше. Ол сөйлемде пысықтауыштық және баяндауыштық қызмет атқарады. Көсемшелердің құрмалас сөйлем жасаудағы басты қызметі оның бағыныңқы компоненттің баяндауышы болуынан көрінеді. Көсемше - етістіктің тиянақсыз түрі болғандықтан, құрмалас сөйлемнің баяндауышы болып келген бөлшегін екінші компонентке бағындыра байланыстырады да, ол бөлшектердің бірлікте, тұтастықта болуын қамтамасыз етеді. Көсемшелер тек етістік негіздерімен, олардан өрбіген етістік формаларымен ғана тіркесетіндіктен, ол морфологиялық жағынан түрленбейді. Яғни көптік, тәуелдік, септік қосымшалары қосылмайды, әрегідік жіктік жалғаулары ғана жалғанады. Сөйтіп құрмалас сөйлем компоненттері арасында дәнекерлік қызмет атқарады.
Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентінің баяндауышы есебінде ең жиі қолданылатын көсемшенің тұлғасы –ып,- іп,-п. Ол өзі баяндауыш болып келген компонентті тиянақты компонентпен қилы мағыналық қатынаста құрмаластырады. Сонымен қоса –ып, -іп, -п тұлғалы тиянақсыз компонент тиянақты сөйлемге тек тұлғалық жағынан өз дербестігін сақтап басыңқы сөйлемнің ешбір мүшесіне меңгерілмей, онымен жарыса, салаласа айтылады.
Жай сөйлемдерді құрмаластыруда -а, -е,-й жұрнақты көсемше де қатысады. Ал –ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемше өте сирек қолданылады.
Мысалы: Тап-тар тас қапаста отырғанын есіне салып, қара құлыптың кілті шақыр-шұқыр шиқылдап әрең ашылғандай болды /Ш.Мұртаза “Тамұқ”/. Немесе Олар өткендегі оқиғаны естеріне түсіре, бәрін ой елегінен өткізіп, ақылдаса келе, бір байламға тоқтасты /”Ана тілі” газеті/.
2. Жай сөйлемнің есімше арқылы құрмаласуы. Есімшелер де бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы функциясында қолданылады. Алайда есімше мен көсемшелердің жай сөйлемдерді құрмаластыру тәсілі бірдей емес. Бағыныңқы сөйлем баяндауышы құрамындағы көсемше ешқандай қосымша сөзсіз, дәнекерсіз немесе қосымша формасыз жай сөйлемдердің функциясын атқара беретін болса, есімшелер міндетті түрде көмекші сөздер не болмаса қосымша тәсілдерді қажет етеді.
Олар жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруда түрлі тұлғалық құбылыстарға ұшырап, тиянақсыз формада келеді. Оларды тиянақсыз дәрежеге жеткізетін, есімше тұлғалы сөзді басыңқы компонентке бағындыра байланыстыратын дәнекерлер – есімшеге жалғанатын түрлі қосымшалар және шылаулар. Мұндай қызметте ең жиі қолданылатыны –ған, -ген, -қан, -кен формалы есімшелер. Аталған тұлғалы есімшелер бағыныңқы компонент баяндауышы қызметінде төмендегідей тұлғаларда және мағыналық қатынастарда қолданылады:
1. Жатыс септік жалғаулы есімше.
а) Мезгілдік мағына: Досан Хакімнің халін білуге кеткенде, үйге жолаушылап бір адам келіпті /”Жас Алаш”/.
ә) Шартты мағына: Егер біраз уақыт кешіккенде, далаға шығып үлгермейді екенбіз /К.Әбдіков/.
2. Көмектес септік тұлғасындағы есімше.
а) Қарсылықты мағына білдіреді. Ертерек баратын жеріне асыққанымен, дәл уақытында жете алмады.
3. –Ша, -ше жұрнақты есімше.
а) Мезгілдік қатынасты білдіреді: Ол бірдеңе деп айтып болғанша, ұрылар үй айналып көрінбей кетті /М.Кәрімов/.
ә) Салыстыру мәнінде келеді: Көп істеп шала бітіргенше, аз істеп бабына келтір. Есімшенің басқа тұлғаларының бағыныңқы сөйлем баяндауышы қызметінде жұмсалуы тілде өте сирек кездеседі.
3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыруда шартты рай да белгілі роль атқарады. Негізінен жіктік жалғауы өзі жалғанған сөзге тиянақтылық беретін форма деп танылғанымен, шартты рай тұлғасына жалғанғанда бұл қасиеті сақталмайды. Сондықтан бағыныңқы жай сөйлемді басыңқы жай сөйлеммен құрмаластыру қызметін атқара береді. Мысалы: Сіз сүңгіп көрсеңіз, одан да көп асыл табарсыз. А.Байтұрсынов өз еңбегінде құрмалас сөйлемдерге: «Ішкі жақындық – мағына жүзіндегі жақындық. Мағына жақындығынан басқа қисын жақындығы бар сөйлемдер құрмалас деп аталады»,- деп анықтама бере келе, құрмалас сөйлемдер түрін сыйыса құрмаласу және қиыса құрмаласу деп 2-ге бөледі (14,300-301).
1991 жылы С.Жиенбаевтың «Синтаксис мәселелері» деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде құрмалас сөйлемді салалас, сабақтас деп екіге бөледі. 1935 жылғы «Сөйлемнің үйірлі мүшелері туралы» деген мақаласында үйірлі мүше құрмалас сөйлемнің үшінші түрін жасайды деген пікір білдіреді.
1939 жылы орталау және орта мектеп оқушыларына арналған қазақ тілі грамматикасы мен синтаксис бөлімі жарық көрді. Оқулық мектеп программасына негізделіп жазылғандықтан, құрмалас сөйлем жайындағы деректер кеңірек қамтылған.
Профессор Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген еңбегінде құрмалас сөйлемдерді салалас және сабақтас сөйлем деп кіге бөледі. Мұнда салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен құрмаласуының 10 түрлі жолы көрсетіледі ( 31,201).
Қазақ тіл ғылымында құрмалас сөйлем синтаксисін ғылыми тұрғыда зерттеген профессор С.Аманжолов болды. Оның «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» атты зерттеу еңбегінде сабақтас құрмалас сөйлемдердің өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. «Құрмалас сөйлем дегеніміз- екі я бірнеше сөйлемдердің, яғни бірнеше субъектінің көрінісі болған сөздің, я сөздер тобының жиынтығы»,-деп автор анықтамасын береді ( 2 ,176).
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисіне ғылыми тұрғыдан зор үлес қосқан ғалымның бірі – Н.Сауранбаев. Ол «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем жүйесі» деген еңбегінде қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді үлкен үш топқа бөледі: іргелес, салалас және сабақтас құрмаластар. Іргелес құрмаласты автор жайылыңқы, қойылыңқы деп екіге бөледі. «Негізгі ойды сипаттау, толықтыру үшін бірнеше жай сөйлемдердің тең мағынада іргелескен тобы жайылыңқы іргелес болады. Жайылыңқы іргелеске енген жай сөйлемдер қысқартылмай толық күйінде айтылады». Ал қойылыңқы түріне мынадай іргелесті жатқызады: «Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір жерде мінез көрсетіледі», - дейді (58,32). Қойылыңқы іргелестің өзіндік белгісіне оның құрамына кірген жай сөйлемдердің ортақ баяндауышты болып келетіндігін айтқан. Бірақ автордың бұл пікірі қазақ тіл мамандарының тарапынан қолдау таппады. Қазақ тіл ғылымы Н.Сауранбаевтың «жайылыңқы іргелесін» жалғаулықсыз салалас деп, «қойылыңқы іргелесін» бірыңғай мүшелі жай сөйлем ретінде қарайды.
Құрмалас сөйлемді зерттеуде құнды пікір айтушы – Т.Қордабаев. Ол құрмалас сөйлем, оның түрлерін, құрылымына қарай жіктелуін, ішінара бөлінуін жан-жақты зерттеген. Ғалымның еңбегі бүгінгі күнде іргелі еңбектің бірі болып саналады (11,192).
Құрмалас сөйлем синтаксисі жайлы өз көзқарасын толық білдіріп, зерттеген ғалым Қ.Есенов болды. Автор өзінің «Құрмалас сөйлем синтаксисі», «Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы» атты еңбектерінде құрмалас сөйлемдердің жасалу табиғатына, жеке жай сөйлемдердің өзара бірігу заңдылықтарын ғылыми жағынан терең қарастырып, тіл білімінің синтаксис саласына зор үлес қосты ( 28 ,141). Ұ.Салиева да өз еңбегін құрмалас сөйлемнің құрылымдық түрлеріне арнады (53 ,25).
