Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sintaxis_zhauap_1-15.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.23 Кб
Скачать
  1. Синтаксис: зерттеу нысаны, салалары.

Тілдің негізгі коммуникативтік, яғни пікір алысу үшін жұмсалатын тұлғасы деп сөйлемді айтамыз. Сөйлем адамның ең күрделі ойлау жұмысымен байланысты. Сөз затты, құбылысты атайды, бұл да күрделі ой жұмысының нәтижесі. Бірақ осы ерекшелігіне қарамай сөз және сөз тіркесі де пікір алысу үшін жұмсалатын негізгі тілдік тұлға қатарына жатпайды. Пікір алысу, қарым-қатынас жасау үстінде сөйлем жұмсалады. Өйткені қарым-қатынас пікір білдіру арқылы жүзеге асады.

Синтаксис ғылымы осы сөйлемнің құрылысын зерттейді. Синтаксис- грамматиканың морфология секілді өзекті саласының бірі. Синтаксис гректің sintaxis – құрау, құрастыру, түзу деген сөзінің негізінде пайда болған. Синтаксис термині тіл білімінде екі түрлі мағынада жұмсалады: біріншісі-коммуникация (пікір алысу) үстінде жұмсалатын тіл тұлғаларының құрылысы, екіншісі - тілдің коммуникация үстінде жұмсалатын тіл тұлғаларын зерттейтін ғылым саласы мағынасында.

Қазіргі таңда зерттеу нысандарының сипатына қарай синтаксис ғылымы 4 салаға бөлінеді. Олар:

1.Сөз және оның формасының синтаксисі.

2.Сөз тіркесі синтаксисі.

3.Сөйлем синтаксисі. Сөйлем синтаксисінің өзі іштей жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып бөлінеді.

4.Мәтін синтаксисі.

Сөз және оның формасының синтаксисі белгілі тұлғадағы толық мағыналы сөздің өзі сияқты басқа бір сөзді бағындыра немесе бағына алатын қасиеттерін, олардың сөз тіркесі мен сөйлемнің сыңары не мүшесі бола алу мүмкіндіктерін зерттейді.

Сөз тіркесінің синтакисі сөздердің тіркесімділік қасиетін, олардың тіркесу қасиеті мен түрлері, сөз тіркесінің құрамын, түрлерін зерттейді.

Сөйлемнің синтаксисі сөйлемнің құрылу ұстанымдарын, сөйлемнің құрамын, олардың түрлерін қарастырады.

Мәтін синтаксисі- тілдік жүйедегі ең жоғарғы саты. Ол әр түрлі деңгейдегі мәтіндердің құралу ерекшеліктерін, олардың құрамындағы сөйлемдердің байланысу заңдылықтары мен қарым-қатынастарын зерттейді.

Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі іліммен өзара тығыз байланыста қарастырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы синтаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес салалары болумен қатар, олар да синтаксиспен байланысын үзбейді.

Синтаксистің негізгі зерттеу нысандары- сөз тіркесі мен сөйлем. Сөз тіркесі-сөйлем құраудың материалды негізі де, ал сөйлем - кісінің ойын айтудың, жарыққа шығарудың негізгі формасы. Синтаксис сөз тіркесін,сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде өзара байланысты категориялар ретінде қарастырады. Демек, сөз тіркесінің, сөйлемнің грамматикалық құрылысын зерттейтін ғылымды синтаксис дейді.

Тіліміздің грамматикалық құрылысын, соның ішінде синтаксис мәселелерін зерттеу 19-ғасырдан бері қарай қолға алынып, сол кезде жарық көрген практикалық грамматикаларда сөз болып отырды. 1894-1897 жылдары орыс тілінде шыққан П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак-киргизского языка» деген екі кітабы, олардан бұрын шыққан Казембектің және миссионерлер жазған «Алтай тілінің грамматикаларында» синтаксис мәселелері морфологияға қатысты мәелелермен араластырылып, сөйлем құрамына енетін сөздердің орналасу тәртібі қандай, қай сөз табы қандай синтаксистік қызмет атқарады, сөйлем мүшелері бір-бірімен қалай байланысады деген тәріздес жеңіл-желпі мәселелерді сөз еткендері болмаса, синтаксистің зерттеу нысанын айқындау, синтаксистік категорияларды ғылыми тұрғыдан талдау болмады. Құрмалас сөйлем синтаксисі тіпті сөз болмады.

Қазақ тіл білімінің басқа да салалары сияқты оның синтаксистік құрылысының да ана тілімізде зерттеліп, баяндалуы А.Байтұрсынұлының «Тіл құралы» еңбегінен басталады. Автордың синтаксиске қатысты пікірлері сөйлеу мен сөйлем, сөйлем мен сөз категорияларының бір-бірінен өзгешеліктерін түсіндіруден басталып, сөйлем мүшелері, түрлері, жай сөйлемдерді құрылысына, мағынасына , естілу сазына қарай жіктеуі, қазақ тілі құрмалас сөйлемін ана тілімізде зерттеу де осы оқулықтан бастау алады.

А.Байтұрсынұлының сөйлем мүшелері жайындағы айтқандары да жай сөйлемдерді түрге жіктеулері де, құрмалас сөйлем жайлы ой-пікірлері де қазіргі мектеп оқулықтарында болсын, академиялық грамматикаларда болсын берік сақталған.

1940 жылдары көрнекті ғалымдарымыз Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, С.Жиенбаев, М.Балақаев сынды ғалымдарымыз синтаксис жүйесіне елеулі үлес қосты. Қ.Жұбанов көмекші етістіктер мен сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібінің тарихы жайындағы еңбектерінде сөйлем мүшелерінің бұл күндегі орналасу тәртібінің ертеде өзгеше болғандығын дәлелдесе, С.Аманжоловтың «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» атты еңбегінде синтаксиске қатысты көптеген мәселелердің ғылыми негізін қалайды. С.Жиенбаев «Синтаксис мәселелері» атты еңбегінде жай және құрмалас сөйлем мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. М.Балақаев сөз тіркесі синтаксисінің іргетасын қалап, сөз тіркесіне қатысты теориялық мәселелердің басын ашып кеткен қазақ тілі синтаксисіне елеулі еңбек сіңірген ғалым болды.

Қазіргі таңда синтаксистің майталмандары деп Т.Сайрамбаев, Р.Әмір, Т.Қордабаев, Қ.Есенов, С.Исаев сынды ғалымдарды атауға болады.

Морфологияны оқу үстінде сөздің морфологиялық формасы деген атаумен белгілі грамматикалық ұғым аталып жүрді. Тілдің синтаксистік саласында да өзіне тән қалыптасқан форма - синтаксистік форма бар. Мысалы, сөйлем мүшелерінің түр-түрінің арнаулы көріну формасы бар. Амантайдың жүрегі аттай тулады. Сол сияқты болымды, болымсыз сөйлемдер, сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдер де белгілі синтаксистік формалары арқылы өзара ажырасады.

Синтаксистік форма дегеніміз белгілі синтаксистік тұлғаларды қалыптастыратын, құрайтын амалдардың көрінісі. Синтаксистік тұлға дегеніміз - сөйлеудің немесе оның компоненттерінің грамматикалық дербестігі бар тілдік көрініс. Синтаксистік тұлғаның грамматикалық тұрпаты синтаксистік форма деп танылады. Синтаксистік форма мен синтаксистік тұлғалар білдіретін мағына синтаксистік мағына деп аталып жүр. Синтаксистік мағына да - грамматикалық абстракция саласындағы мағына. Ол сөз бен сөздің, синтаксистік тұлғалардың арасындағы абстрактылы, жалпылық сипаттағы қатынасты білдіреді. Мысалы, қалаға, көлге –мекендік қатынас, кеттің-мезгілдік, жақтық қатынас. Әр түрлі синтаксистік форма түрлі сападағы абстрактылы мағынаны білдіреді.

Синтаксис пәнінің зерттеу әдісі, тілдік фактілерді талдау, тану әдісі негізінен тіл білімінің басқа салаларынан алшақ кетпейді. Олардың бастылары мыналар:

1.Тіл фактілерінің мағына, форма көрінісіне қарай даралай, оларды басқа формаларға қарсы қойып салыстыру, талдау арқылы ерекшелігін табу. Бұл – тіл білімінде ең жиі қолданылатын әдіс. Ол егісті суғарды.-Ол егісті суғарды ма?

2.Тіл фактілерін тарихи ескеркіштердің фактілерімен және туыс тілдердің фактілерімен салыстыру арқылы, оның құрылу, жұмсалу ерекшелігі ашылады.

3.Типологиялық әдіс. Бұл - туыс емес тілдердің фактілерін салыстырып зерттейтін әдіс. Әдістің тигізетін пайдасы- тіліміздің синтаксистік құрылысындағы ерекшеліктерді анықтап тануға жәрдемдеседі, әсіресе, бір логикалық форманы білдіретін түрлі тілдегі синтаксистік формаларды жалғастыру арқылы тіл мен ойлаудың ара қатынасын ашуға көмектеседі. Көргенім кеше. Кеше көрдім.

Типологиялық салыстыру тек ерекшелікті байқау үшін емес, тіл-тілдердің шығу тарихы бір болмаған күйде де ұқсас келетін жайларын байқатады, ондай ұқсастықтың себебін білдіреді.

4. Статистикалық әдіс. Бұл әдіс арқылы синтаксистік тұлғалардың жұмсалу аясы, өрісі, тұлғалардың мөлшер көрінісі зерттеледі.

Сонымен, синтаксис сөздердің бір-бірімен байланысу амалдарын, сөз тіркесін, сөйлемді құру тәсілдерін, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдері мен түрлерін, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.

  1. Сабақтас құрмалас сөйлем және оның белгілері.

Сабақтас құрмалас сөйлем

1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жалпы сипаты

2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

 Сабақтас құрмалас сөйлем деп компоненттері өзара тең болмай, бір-біріне бағына, бағындырыла байланысатын құрмалас сөйлемдерді айтамыз. Бағынушы компоненттің баяндауыш формасы тиянақсыз болып, өз бетінше сөйлем бола алмайды, ал бағындырушы компонент бағыныңқы сөйлемсіз де өз алдына сөйлем болып айтыла алады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің бір компоненті бағынушы, тәуелді болып тұрса, екіншісі тәуелсіз, өз бетінше сөйлем бола алады. Бағынышты, тиянақсыз компонент бағыныңқы сөйлем деп аталады да, өз бетінше тиянақты болып тұратын компонент басыңқы сөйлем деп аталады. Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компоненті де сөйлем деп аталғанымен онда қалыпты сөйлемге тән қасиеттердің көбі жоқ. Себебі оның сөйлемдік мәні құрмалас сөйлемнің құрамында айтылғанда ғана айқындала түседі. Сабақтас құрмалас сөйлемдегі негізді ой көпшілік жағдайда басыңқы жай сөйлемде беріледі де, бағыныңқы компоненті көбіне сол басыңқыдағы ойды түрлі жағынан айқындап, дәлелдеп түсіндіру үшін қолданылатын қосымша мүше ретінде қолданылады. Мысалы: Түнде күзетші ұйықтап қалғандықтан, қалың жылқы егіске түсіп кетіпті (М. Әуезов). Бұл қасиет, яғни бағыныңқының басыңқы компонентке тәуелді болып, оның тұрлаусыз мүшесі секілді болуы барлық бағыныңқыға тән емес. Мысалы: Кілемдер тұтылып, әсем оюлы сырмақтар жайылыпты (М. Әуезов).

Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентін айқындауда мынадай белгілер негізге алынады:

1. Компонентінің белгілі шамада сөйлемдік мағына дербестігі болады, яғни бұл компонент тұлғалық жағынан тиянақсыз болғанымен, толық сөйлемдік мағынаға ие болады.

2. Баяндауыш формасы есімше, көсемше, шартты рай тұлғаларымен бірге шылаулардың тіркесуі арқылы жасалып, шартты рай тұрғалы баяндауыштан басқасы өз бастауыштарымен жақтаспайды.

3. Бағыныңқы компонент дербес бастауышты болады.

4. Бағыныңқы компонентке тән интонация - тиянақталмаған интонация.

Жай сөлемдердің бір-бірімен баяндауыш формасының тиянақсыздығына қарай құрмаласуы - қазақ тілінде құрмалас сөйлем жасаудың ең өнімді тәсілі. Бұл тәсіл – сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен ұштастыратын ең негізгі және өте жиі қолданылатын түрі болумен қатар, сабақтас сөйлемді салаластан ажыратып танытатын басты белгі болып та есептеледі. Бағыныңқы компонент баяндауышы қызметін атқарып, оны басыңқымен сабақтастыра құрмаластыратын етістік түрлеріне мыналар жатады:

  1. көсемше, 2) есімше

Сабақтас құрмаластың құрамындағы бірінші сөйлем баяндауышы тиянақсыз тұлғада келетіндіктен, ол өз бетімен жеке тұрып сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағына байланысады.

Мысалы, Айнаштың жіңішке саусақтары жығылып жатқан күріштің сабақтарын жыпылдатып жинап үлгіргенше, оң қолына ұстаған өткір орақ сол қолдың уысындағы сабактарды қырқып та үлгірді. (С. М.) деген құрмалас екі жай сөйлемнен құрылған. Бірінші жай сөйлемнің бастауышы — саусақтары (несі?) да, баяндауышы — жинап үлгіргенше (саусақтары не істегенше?), екінші жай сөйлемнің бастауышы — орақ (не?), баяндауышы — қырқып та үлгірді (орақ не істеді?). Бұл құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені оның баяндауышы тиянақсыз тұлғада айтылған: Айнаштың жіңішке саусақтары жығылып жатқан күріштің сабақтарын жыпылдатып жинап үлгіргенше… Құрмаластың құрамындағы мұндай жай сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейміз. Ал құрмаластың құрамындағы екінші жай сөйлем тиянакты болады да, өздігінен дербес айтыла алады: оң қолына ұстаған өткір орақ сол қолдың уысындағы сабақтарды қырқып та үлгірді. Құрмаластың құрамындағы мұндай жай сөйлемдерді басыңқы сөйлем дейміз. Сөйтіп, сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқы (шартты белгісі /—–/) және басыңқы) (шартты белгісі І—–І ) жай сөйлемдерден құралады.

Сабақтас құрмаластың жасалу жолдары бағыныңқы жай сөйлемнің баяндауыш тұлғаларына қарай белгіленеді. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштары етістіктің көсемше, шартты рай тұлғалары мен есімше тұлғаларына кейбір жалғау, жұрнақ үстеліп, немесе септеулік шылаулар тіркескен түрінен болады. Оны мына схемадан байқауға болады: Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы бастауышымен қиыса байланыспайды: бастауыш әр түрлі жақта т9рса да, баяңдауыш өзгеріссіз болады: Тек бағыныңқы сөйлемнің баяyдауышы етістіктің шартты рай тұлғасынан болғанда ғана, ол бастауышпен жақ жағынан және жекеше, көпше түрде қиыса байланысады.

САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ.

Сабақтас кұрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен, бір жағынан, бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш тұлғасының тиянақсыз болып келуімен құрмаласса, екінші жағынан олардың өз ара мағыналық карым-катынасы арқылы да құрмаласады. Бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің бір-бірімен мағыналық карым-катынасы әр түрлі болады. Сондықтан да басыңқы сөйлемнен бағыныңқы сөйлемге сұрақ коюга болады. Сабақтастың құрамындағы бағыныңкы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің мағыналық карым-қатынасына қарай сабақтас құрмалас шартты бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы сабақтас болып алты түрге бөлінеді.

ШАРТТЫ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС. Бағыныңқы сөйлем басқа сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіретін сабақтастың түрін шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Шартты бағыныңқылы сөйлем қ а й т с е? не етсе? кайткенде? не еткенде? кайтпей? не етпей?қайтпейінше?не етпейінше? деген сұрақтарға жауап береді. Шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады: а) етістіктің шартты рай түрінен болады. Осыңдай қалың жұрт батысқа қарай ағылып бара жатса, ол көптің бірі боп біз қандай оп-оңай араласып кетер едік (Ғ. Мүсірепов).   ә) болымсыз етістіктің -й тұлғалы көсемше түрінен болады: Өткен мәдениеттегі өміршең атаульшың барлығын бойға д а р ы т ы п алмай, жарқын жаңа мәдениет жасау мүмкін емес. (Ә. Кекілбаев). б) жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады: Қара теке — Әзімбай болғанда, осы текенің әкесі — сары теке қатар тұр еді (М. Әуезов). Қимыл сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас

Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрін қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Қимылсын бағыныңқылы сөйлем қалай? қайтіп? не етіп? деген сұрақтарға жауап береді.

Қимыл-сын бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады: а) -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеден болады: Бір бүйірі қызарып, пісуге жақындап қалып еді. Осынша қуаңшылыққа қарамай, жылан биыл да түлеген (Ш. Мұртаза).

ә) есімше тұлғасына -дай, -дей жұрнағы жалғанып жасалады: Өзгелері қос атпен тартқандай, косалқы мүғалім жолдаумен ілігіп келеді (Ғ. Мүсірепов). МЕЗГІЛ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС.

Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мезгілін білдіретін құрмалстың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас қ ұ р м а л а с сөйлем дейміз. Мезгіл баяғыныңқылы сөйлем қ а ш а н? қашаннан бері?қашанға шейін? деген сүрақтарға жа- уап береді.

Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:

а) жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады: Екеуі ымырт үйіріле үйден шыққанда, қонақтардың соңы әлі тараған жоқты (Ғ. Мүсірепов). ә) есімше тұлғалы етістік пен кезде, күнде, шақта, уақытта деген мезгіл мәнді сөздердің тіркесуінен болады: Күн ұясына төніп келген кезде, Аманкелдіге тағы он шақты адам кездеседі (Ғ. Мүсірепов).

б) барыс және шығыс септік тұлғасындағы есімше мен шейін, дейін және кейін, соң, бері, бұрын шылауларының тіркесінен болады: Сейіттің әке-шешесі даланың бір айналсоқ қырғыны обадан өлгеннен кейін, Игілік — қалған мал-мүлкін жинап алғысы кеп жетім баланы өз қолына алдырған (Ғ. Мүсірепов). в) -ша, -ше тұлғалы есімшеден болады: Ол жұрт кейін мекенге қайтып, малын сұрағанша, қолдан-жолдан қосылған жеті мың жылқы таңбаланып та қалған еді (Ғ. Мүсірепов).

г) көсемшенің -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғасыннан болады: Шынында да Барластар келгелі, Құнанбай бұл үйіне көп қонған емес. (М. Әуезов). з) етістіктің шартты райынан да болады: Осындай қарбалас күңдердің бірінде Ерлан түс ауа шеберханаға келсе, Жақып жігіттерімен жоқ. (С.Бәкіров) е) -ысымен (-ісімен) қосымшалы етістіктен болады: Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады (М. Әуезов).

ҚАРСЫЛЫҚТЫ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС. Басыңқы сөйлем білдіретін ой бағыныңқыда айтылған ойға немесе бағыныңқыдағы ой басыңқыдағы ойға қарсы қойыла айтылатын сабак,тастықтық түрін қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлем қайтсе де? не істесе де? қайткенмен? не еткенмен? қайтпесе? деген сұрақтарға жауап береді.

Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады: а) шартты райлы етістікке да, де шылауы тіркесінен болады: Мен қанша тесіле қарасам да, Маржан менің сағынышымды көктем хабаршысындай көре алмады. (Ә. Тауасаров).

ә) болымсыз тұлғадағы етістіктің шартты райынан болады: Мотор үні өшті демесең, екпіні басылмаған винт ақырьйі ғана айналып тұр (Ә. Әлімжанов). б) көмектес септік тұлғасындағы есімшеден болады: Бұл атыраптың күні ыстық болғанмен, түні салқын (3. Қабдолов).

в) -ша, -ше тұлғалы есімшеден болады: Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл (мақал).

г) көсемше тұлғалы күрделі етістіктен болып, көмекші етістік тұра, тұрып сөзі болады: Патша қатесін мойнына алып кешірім сұрағанын біле тұрып, Рүстем батыр қаһарлы райынан қайтпады (М. Қаратаев).

ғ) шығыс септік тұлғасындағы болымсыз есімше түрінен болады: Алексей Мересьев аяқтары үсігеніне немесе мылжаланғанына қарамастан, орман мен балшықты аралап күндіз-түні еңбектеді (Б. Полевой).

СЕБЕП БАҒЫНЫҢҚЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС.

Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемде айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Себеп бағыныңқылы сөйлем неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады: а) -дықтан, -діктен қосымшасы үстелген есімшеден жасалады: Артиллерия дайындығы жеткілксіз болғандықтан, жаудың атыс қарулары жанды қимылдап, бет қаратпады (С. Бақбергенов). ә) есімше тұлғалы етістікке соқ шылауы тіркесінен жасалады: Балуан аяңға көшкен соң, қалғандары да тақым суыта бастады («Қазақ әдебиеті»). б) болымсыз етістіктің көсемше тұлғасынан болады: Ол өзін-өзі тоқтата алмай, мәуені тағы да жеуге кірісті. (Б. Полевой). МАҚСАТ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС.

Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мақсатын білдіретін сабақтастық түрін мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас дейміз. Мақсат бағыныңқылы сөйлем не мақсатпен? не етпек болып? не үшін? н е г е? деген сұрақтарға жауап береді.

Мақсат бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады: а) мақсатты келер шақ (-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) етістік пен б о – л ы п көмекші етістіктің тіркесінен болады: Бүгін бірер керек кітабын алып шықпақболып, өзі жалғыз кіріп еді (М. Әуезов).

ә) тұйық етістік пен ү ш і н шылауының тіркесінен болады: Төбені шытынатпай тұтас ұстау үшін, төбеге аркалықтар тегіс тиіп тұру керек (Мұстафин). б) шартты, бүйрық және қалау рай тұлғалы етістік пен деп көмекші етістік тіркесінен болады: Сол шаңқыл тына қалар ма екен деп, Көпей самауырды есік алдына қайта шығарды (Ғ. Мүсірепов).

КӨП БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ.

Құрамында екі я одан да көп бағыныңқылы сөйлем бар сабақтасты көп бағыныққылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.

Көп бағыныңқылы сабақтас құрмаласта бір ғана басыңқы болады да, бірнеше (екі я одан да көп) бағыныңқылы сөйлем болады. Бағыныңқы сөйлемдердің өзін бағынған сөйлеммен байланысу ерекшелігіне қарай жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас және сатылы көп бағыныңқылы сабақтас деп екіге бөлеміз. Бағыныңқы сөйлемдерінің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысқан сабақтасты жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас дейміз. Мысалы: Уайым ойламаса да, қаланың ыстық шағында тұншығып булыққандай боп жатқандықтан, Абай тамақ іше алмайды. (М. Әуезов) деген құрмалас үш жай сөйлемнен құрылған. Бірінші бағыныңқылы сөйлем басыңқы сөйлеммен қарсылықты мәнде тікелей байланысқан, сондықтан бұл құрмаласты екі ғаңа жай сөйлеммен (бағыныңқы-басыңқы) құрауға әбден болады: уайым ойламаса да, Абай тамақ іше алмады. Екінші бағыныңкы сөйлем де басыңқымен себеп мәнде тікелей байланысып тұр: қаланың ыстық шағында тұншығып бұлыққандай боп жатқандықтан, Абай тамақ іше алмайды. Сөйтіп, бұл бағыныңкылар әр түрлі мағыналық қарым-қатынаста басыңқы сөйлеммен тікелей байланысады. Оны схемамен былай көрсетуге болады.

Бағыныңқы сөйлемдер басыңқымен тікелей байланыспай, өз ара бір-біріне бағынып барып құрмаласқан сабақтасты сатылы көп бағыныңқылы сабақтас дейміз. Сатылы көп бағыныңқылы сабақтаста жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастағы сияқты бағыныңқы сөйлемнің бірін түсіріп айтуға болмайды. Өйткенде сөйлем арасындағы мағыналық қарым-қатынас бұзылып, өз ара байланыс үзіліп, құрмалас сөйлемдік касиеттен айрылады. Мысалы, Екі-үш жыл кісіге жалданып, інісі ер жеткен соң, жалдануды тастап, үйінде отырды. (М. Балақаев) деген құрмалас төрт сөйлемнен тұрады. Бірінші бағыныңқы сөйлем екінші бағыныңқымен ғана байланысқан, тікелей басыңқымен байланыспайды: екі-үш жыл кісіге жалданып, үйінде отырды деуге болмайды, екі-үш жыл кісіге жалданып, інісі ер жеткен соң… деп қана айтуга болмайды. Сондай-ақ екінші бағыныңқы үшінші бағыныңқы сөйлеммен байланысқан: інісі ер жеткен соң, жалдануды тастап… Енді осыдан кейін ғана үшінші бағыныңқы басыңқы сөйлеммен байланысқан: жалдануды тастап, үйінде отырды. Сөйтіп, оны схемамен былай көрсетуге болады:

АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ.

Құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өз ара салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрін аралас қ ұ р м а л а с сөйлем дейміз. Демек, аралас кұрмаластың құрамында кем дегенде үш жай сөйлем болады да, оның біреуі бағыныңқы, оның баяндауышы тиянақсыз болып, қалған екеуінің баяңдауышы тиянақты болады. Сонда жай сөйлемдердін өз ара байланысы бағыныңқы — басыңқы — басыңқы (схемасы:——————–) немесе басыңқы — бағыныңқы — басыңқы (схемасы:—— ———–) болуы мүмкін. Сөйтіп, бағыныңқы сөйлем аралас құрмаластың құрамыңда сөйлемнің басында да, сөйлемнің ортасында да қолданыла береді. Аралас кұрмалас кейде үш қана жай сөйлемнен емес, одан да көп жай сөйлемнен құралуы мүмкін. Ондайда бір я екі сөйлем бағыныңқы болады да, екі я үш сөйлем басыңқы болады. Аралас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-катынастары, байланысу тәсілдері сабақтас құрмалас пен салалас құрмаластың құрамындагы жай сөйлемдердей болып келеді: бағыныңқы мен басыңқы сөйлемдер арасындағы байланыс сабақтас та, басыңқы мен бағыныңқы, басыңкы мен басыңқы сөйлемдердің арасындағы байланыс салалас болып келеді. Мысалы: Доктор кеткен соң, әйелі операция істеуге көндірмекші болып жылап-сықтап жалынып еді,— Михаил оған жұдырығын түйді (М. Горький) деген құрмаластың бірінші сөйлемі — бағыныңқы, баяндауышы есімше тұлғалы етістік пен соң септеулік шылауының тіркесінен болып, екінші сөйлеммен мезгілдік қатынаста байланысқан. Екінші сөйлем — басыңқы, баяндауышы тиянақты (жалынып еді), үшінші сөйлеммен — салаласа, қарсылықты мәнде жалғаулықсыз байланысқан.Схемасы: мезгіл бағыныңқылы сабақтас қарсылықты салалас: Қабен болса жөнді білмейді,— білгісі келеді, ал Тайман білгенін ашып айтпайды, Қабен сұрай бастаса-ақ табанына тікен қадалғандай безек кағады (3. Қабдолов) деген құрмаласта бес жай сөйлем бар. Бірінші және екінші жай сөйлемдер қарсылықты мәнде жалғаулықсыз, салаласа байланысқан, 1-сөйлемнің баяндауышы тиянақты; екінші және үшінші сөйлемдер де қарсылықты мәнде ал деген жалғаулық мәндегі сөз арқыльг салаласа байланысқан, 2-сөйлемнің баяндауышы да тиянакты; үшінші және төртінші жай сөйлемдер ыңғайластық мәнде іргелесе байланысқан, 3-сөйлемнің баяндауышы да тиянақты, тертінші және бесінші жай сөйлемдер шартты мәнде сабақтаса байланысқан, төртінші бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің шартты райынан болған, 5-сөйлем басынқы. Схемасы: Аралас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына ретіне қарай сабақтас құрмаластың және салалас құрмаластың ішіндегі жай сөйлемдер-дің арасына қойылатын тыныс белгілері қойылады.

  1. Сөйлемге тән белгілер.

Сөйлем мүшелері – құрылымдық семантикалық жағынан сөйлемнің дербес бөлшектерін құрайтын толық мағыналы сөздер мен сөз тіркестері.

Сөйлем мүшелері бірталай уақыттан бері арнайы зерттеу нысанына айналып келе жатыр. Олар жөнінде мектептерге және жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтардан, сондай-ақ арнайы зерттелген әдістемелік ғылыми еңбектерден бірталай толық мәліметтер алуға болады.

Синтаксистің ең негізгі обьектісінің бірі- сөйлем екендігі белгілі. Сөйлем, әдетте, синтаксистік бірлік болып есептеледі. Ол - күнделікті тұрмыста пікір алысу, байланыс, қатынастың ең негізгі көзі болуымен қатар коммуникативті міндет атқарады. Жай сөйлем синтаксисінде, ондағы ең басты элемент – сөйлем мүшелерін еске алмау, оған соқпай өту мүмкін емес нәрсе. Демек, сөйлем аясында сөйлем мүшелерінің қызметі ерекше екені осыдан-ақ көрініп тұр. Егер сөйлем деген ұғымнан сөйлемнің өн бойындағы ой туралы түсінік туатын болса, ал сөйлем мүшелері – сол ойдың мәнді бөлігі ретінде танылатын синтаксистік топ. Белгілі ғалым Р.Әмірдің сөзімен айтқанда: “Сонымен, пікірдің құрамына сай сөйлемнің құрылысында да тиісті единицалар болады. Олар – сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері – сөздің сөйлем құрамындағы негізгі қызметін функциялық қатынасы тұрғысынан зерттеудің нәтижесі” ( 10 ,110).

Сөйлем мүшелері деп аталған синтаксистік категория өзінің грамматикалық мағынасымен және морфологиялық табиғатымен анықталады. Сөйлемге негізгі материал болатын сөз және сөз тіркесі сөйлем құрамына енгенде жаңа сипатқа ие болады. Ондағы әрбір сөз морфологиялық тұлғаға еніп, грамматиканың қарамағына түскенде, оның тілдегі атқаратын қызметі айқындала түседі, яғни сөйлем құрамында сөйлем мүшелерінің өзіне тиесілі атқаратын жүгі, синтаксистік қызметі бар. Синтаксистік белгілі бір міндетті атқарумен қатар сөз синтаксистік қатынастарды да қалыптастырады. Сөздің синтаксистік қызметі көп жағдайда өзі тіркесетін сөздің лексика-грамматикалық ерекшелігіне байланысты болады да, көбіне сөз тіркесі құрамында айқындалады. Бұған Т.Сайрамбаевтың:”Сөйлем мүшелері сөйлемде қаралады дедік. Бірақ сөз тіркесі сияқты сөйлем мүшелерін сөйлемнен жеке алып, өз алдына қарай алмаймыз.Олардың өмірі тек сөйлемде тұрғанда ғана айқындалса керек. Сөйлем мүшелері сөйлемнің ішінде бастауыштың не баяндауыштың немесе соларға қатыстылығымен ерекшеленеді. Сөйлем мүшелері бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш деп жеке-жеке алынып, талданғанымен, бәрібір екінші бір сөзге қатыстылығы айқын байқалып отырады”,- деген пікірі нақты дәлел ( 48,66). Сөйлем мүшесі міндетін лексикалық толық мағынасы бар жеке сөздер де, еркін сөз тіркестері де, тұрақты тіркестер де атқаруы мүмкін. Бұлар сөйлем мүшелерінің міндетін атқарғанда айналасындағы басқа сөздермен грамматикалық байланыста және ішкі қатынастарда тұруы, сондай-ақ белгілі бір грамматикалық формаға ие болса ғана сөйлем мүшесі міндетін атқарады. Сөйлем мүшелері жайында орыс ғалымы В.В.Виноградов былай анықтама береді: “Члены предложения – это синтаксические категории, возникающие в предложении и на основе форм слов и форм словосочетания и отражающие отношения между струтурными элементами предложения” ( 19,412).

С.Аманжолов та сөйлем мүшелерін анықтауда мынандай пікір айтады: “Сөйлем мүшелерін біз тек мағынасына байланыстырып қана айырамыз. Әр сөзге сұрау қойып, сол арқылы сөздің мағынасын және тұлғасын ашып аламыз” ( 2 ,94). Сондай-ақ Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев т.б. ғалымдар да сөйлем мүшелері жайлы көзқарастарды дамытуға өзіндік үлес қосты.

Сөйлем мүшелері туралы елеулі еңбек жазған бірден-бір ғалым – М.Балақаев. Автор сөйлем мүшелерінің теориялық мәселелерін айқындауда ең алдымен бірнеше мақала жазды. Сонымен бірге сөйлем мүшелері туралы практикалық көзқарасын 1949 жылғы мектеп грамматикасында нақты көрсете келіп, солардың негізінде сөйлем мүшелерінің теориялық мәселесі туралы бірінші рет жан-жақты түрде 1954 жылы шыққан академиялық грамматикада сөз етті.

Сөйлем мүшелері жөнінде көзқарасын батыл білдіріп, синтаксис саласында салмақты еңбек еткен ғалым – Р.Әмір. Ғалым: “Синтаксистік единицаларды дұрыс тану үшін біз оларды білдіретін мағыналарымен ұштастыра отырып тануымыз керек. Осы ретте синтаксистік форма мен единицалар білдіретін мағыналар синтаксистік мағына деп бөлек аталатынын ескертіп кетпекпіз. Синтаксистік мағына – грамматикалық абстракция саласындағы мағына. Ол сөз бен сөздің, синтаксистік единицалардың арасындағы абстрактылы, жалпылық сипаттағы қатынасты білдіреді” (10,8), - дей отырып, сөйлем мүшелерінің семантикалық жағына баса назар аударды. Осы мәселе төңірегінде соны пікір бере білді.

Сөйлем мүшелері жасалу құрылысына қарай дара және күрделі болып келіп, белгілі бір сұраққа жауап береді. Сөйлем мүшелері мүшесінің қатысуымен жасалған жай сөйлемдер жалаң және жайылма болып жіктеледі. Осыған орай да сөйлем мүшелерінің түрлері келіп сараланады. Жалаң сөйлем мүшелері бастауыш пен баяндауыштың қатынасы арқылы жасалып, тұрлаулы мүшелерден тұрады.. Ал сөйлем мүшелерінің құрамында тұрлаулы мүшелерден басқа мүшелерді тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Сонда жалпы екі үлкен топқа жіктелетін болады: тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер. Тұрлаулы мүшелер бәрімізге белгілі бастауыш және баяндауыш деп аталған. Тұрлаусыз мүшелерді анықтауыш мүше, толықтауыш мүше, пысықтауыш мүше деп жіктеген. Қазірде қазақ тілі білімінде сөйлем мүшелерінің жіктелуі осы негізде қалыптасты.

Сөйлемнің негізін тұрлаулы мүшелер (бас мүшелер) құрайды. Ал тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауыштың төңірегіне топтасып, соларды айқындап, толықтырып тұрады. Сөйлемнің бас мүшелері предикаттық қатынастың негізінде құралады.

Тіл білімінде сөз топтары бұрын қалыптасты ма, әлде сөйлем мүшелері бұрын пайда болды ма, бұл әлі шешілмеген мәселе. Алайда, көпшілік ғалымдардың мойындауынша, сөйлем мүшесі тарихи тұрғыдан сөз таптарының негізінде қалыптасқандығы айтылады. Бұл тұжырымның дұрыс болуы да мүмкін. Өйткені қай тілдегі сөздер болмасын, олар әуел бастан-ақ белгілі бір ұғымның әр дәрежедегі қасиетіне (атауын сандық, сапалық, қимыл т.б.) байланысты туындап жатады. Сөйлем мүшелерінде бір сөз тұрған орнына, басқа бір сөздермен тіркесу қабілетіне байланысты әр түрлі сөйлем мүшесі бола береді. Сөз таптары мен сөйлем мүшелерінің арасындағы басты бір айырмашылықтың негізі де осында жатыр. Мысалы, «Жақсы бала жақсы оқиды» дегенде жақсы сөзі қандай қолданыста болса да сөз табы болып қала береді. Ал сөйлем мүшесінің бойында осы турасында басқаша заңдылық байқалады. Атау қалпындағы сөздер көбінесе бастауыш, ілік жалғаулы сөз анықтауыш болса, өзге септікте тұрған сөздер толықтауыш (кейде пысықтауыш, баяндауыш) қызметінде жұмсалады. Демек, белгілі бір сөз топтарының әр түрлі септік жалғауында тұруы олардың сөйлем ішіндегі синтаксистік қызметіне де әсер етеді. Мұндай заңдылық жалғамалы тілдердің табиғатымен үйлесіп жатады.

Сонымен, жалпы алғанда, белгілі бір таптары әуел бастан-ақ белгілі бір сөйлем мүшесі болуға икем тұрады. Мысалы: зат есім негізінен бастауыш, толықтауыш қызметтерінен басқа қызметте де жұмсала береді. Етістіктің сөйлемдегі негізгі қызметі баяндауыш болса, өзге функцияда жұмсалуы оның екінші қызметімен байланысты болады

Сөйлем дегеніміз – әр алуан сөздердің өзара тіркесіп келіп, тиянақталған ойды білдіруі. Олардың құрамы да түрлі болады. Сөйлемді жеке сөз немесе сөз тіркестері құрайды.

Сөйлем болу үшін, оның грамматикалық негізі, яғни тұрлаулы мүшелері болу керек.

Сөйлем құрамына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып бөлінеді. Жай сөйлемде бастауыш та, баяндауыш та біреу болып, тиянақталған бір ғана ойды білдіреді. Мысалы,Тілек пен Әлішер аулада ойнап жүр. Ал құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді. Мысалы, Күз айы басталып, жер бетін сары ала жапырақ жапты. Сөйлеминтонациясына, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем болыптөртке бөлінеді.

Белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады.

Хабарлы сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады; 2) белгілі бір шаққа қатысты болады (өткен шақ, осы шақ, келер шақ); 3) айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірін білдіреді; 4) хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліпсоңына қарай бәсеңдейді; 5) хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады.

Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем сұраулы сөйлем деп аталады.

Сұраулы сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады; 2) сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше (мы, мі, бы, бі, пы, пі, ші) сұраулық демеулік шылауларының қатысуымен жасалады; 3) сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен аяқталады; 4) сұраулы сөйлемнен соң сұрау белгісі қойылады.

Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты болып бөлінеді.

Негізгі сұрақты сұраулы сөйлем – бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылғанбастапқы сұрақты сөйлем. Мысалы: Бізбен бірге саяхатқа барасың ба? Қазақтыңқандай ұлттық аспаптарын білесің? Балаңыз мектепті қашан бітірген? Бұл сөзбен не айтпақсыз?

Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше шылауларының қатысуымен жасалады.

Жетек сұрақты сұраулы сөйлем – негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сөйлем. Мысалы,

– Іссапарға кімдер барады?

– Жас қызметкерлер барады.

– Біздер ше?

Жетек сұрақты сөйлем толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.

Анықтауыш сұрақты сөйлем – екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты сөйлем. Мысалы,

– Бұл ойды кім айтты?

– Тілек айтты.

– Тілек?

– Иә, Тілек.

Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөйлем лепті сөйлем деп аталады.

Лепті сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылады: күйіну, таңдану, өкіну, сұқтану, сүйсіну, қорқу, қуану, қапалану, наразылық білдіргенде, т.б. 2) лепті сөйлем ерекше эмоциямен, сезіммен айтылады.

Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:

1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы, Көзі мұндай өткір болар ма!

2) сөйлем -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы, Балам, қонақтарға бір күй тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты тоңып қалыпсың-ау!

3) көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы, Пай-пай, дауыс деп осыны айт! Уһ, жеттім ғой ақыры!

4) Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.

Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады.

Бұйрықты сөйлемге тән негізгі белгілер:

1) біреуге бұйыру, талап ету мақсатында айтылады; 2) бұйрықты сөйлем етістіктің бұйрық райының 2, 3-жағында айтылады; 3) бұйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады;

4) бұйрықты сөйлемнен соң нүкте немесе леп белгісі қойылады.

4) Етістікті тіркес, жасалуы мен мағыналық ерекшеліктері.

Етістікті сөз тіркестері

 

1. Етістікті сөз тіркестеріне жалпы сипаттама

2. Етістікті сөз тіркестері, оның түрлері

3. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері

4. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері

 

Етістікті сөз тіркесінде етістік негізгі, шешуші қызмет атқарады. Өйткені етістік - табиғатында өзінің лексика –грамматикалық мағынасына, сөз табы ретіндегі жалпы категориялық қасиетіне орай басқа сөздерді жетегіне алып, маңайына үйіріп тұратын сөз табы. Сондықтан ол бағыныңқылық қызмет емес, негізінен, басыңқылық қызмет атқарады да, сөз тіркесін құрауға ұйытқы болады. Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ та, етістіктердің сөз тіркесін құрау қабілетінің молдығын байқаймыз. Есім сөздер етістіктермен ешбір қосымшасыз тіркеседі. Бұл кезде етістіктер мен есімдердің өзара байланыс түрі қабысу болады. Етістікті сөз тіркесінің бір тобы есімдердің барыс, жатыс, шығыс, табыс, көмектес жалғаулары арқылы салт және сабақты етістіктермен меңгеріле байланысады.

Қазақ тіліндегі етістіктердің басқа сөздермен байланысуының осы ерекшелігіне байланысты етістікті сөз тіркестері: 1) қабыса байланысқанетістіктісөз тіркестері; 2) меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері болып екіге бөлінеді.

Қабыса байланысқанетістіктісөз тіркестерінің құрамы әр түрлі болады. Қабыса байланысқанетістіктісөз тіркестері бағыныңқы сыңардың ыңғайына қарай: 1) үстеулі сөз тіркестері; 2) еліктеуішті сөз тіркестері; 3) көсемшелі сөз тіркесі; 4) сын есімді сөз тіркесі; 5) сан есімді сөз тіркесі; 6) зат есімді сөз тіркесі деген 6 топқа бөлінеді.

Үстеулі сөз тіркестері. Үстеулер қимыл үдерісімен байланысты айтылатын сөздер болғандықтан, ол етістіктермен тіркесіп, қабыса байланысқан сөз тіркесінің құрамында айтылады. Үстеулер етістікті сөз тіркесінің құрамында пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы: кеше келді, төмен қарады, бүгінше тоқтай тұр, қазақша сөйлеу, көліксіз келу.

Еліктеуішті сөз тіркестері. Еліктеуіш сөздер тілімізде көбіне көмекші не негізгі етістіктермен тіркескен синтаксистік құрамда қолданылады. Мысалы: жалт қарау, кілт тоқтады, тарс –тұрс жарылды. Бір буынды еліктеуіш сөзі бар тіркестер қимыл-әрекеттің шапшаңдық қарқынын білдірсе, қосарланып айтылған еліктеуіш сөзі бар тіркестер қимыл-әрекеттің созыңқылығын білдіреді. Мұндай құрамды сөз тіркестері де пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.

Көсемшелі сөз тіркестері. Көсемшелер толық мағыналы сөз ретінде етістікпен қабыса байланысып, пысықтауыштық қатынаста айтылады. Етістікті сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде көсемшелер барлық тұлғада бірдей жұмсалады. Бұл қызметте -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер жиі жұмсалса, -а, -е, -й тұлғасы сиректеу, -ғалы, -гелі,- қалы, -келі тұлғалары одан да гөрі сиректеу кездеседі. Мысалы: ұшып тұру, сызылып отыру, толтыра асау, шашып жеу, мүлгіп тыңдау.Көсемшелі сөз тіркестері пысықтауыштық қатынастарды, қимылдың амалын, мезгілін, мақсатын білдіреді.

Сын есімді сөз тіркестері. Сын есімді сөз тіркесін құрайтын етістіктер сан жағынан көп емес, тек кісінің сезімін, күйін, қабылдау қабілетін білдіретін түсіну, оқу, жазу, секіру, ойнау, кес, піш, байла, тура тәрізді сабақты етістіктер сын есіммен мағыналық байланыста бола алады. Сапалық сын есімнің ішінде мұндай етістікті сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары жақсы, жаман, қатты, ұзын, ұзақ, қиын, қысқа, кең, оңай сияқты сөздерден болады. Мысалы: кең пішті, жаман жазды, жақсы сөйледі, оңай түсінді, ұзын кесті.

Сан есімді сөз тіркестері. Сан есімдер етістікті сөз тіркесінің құрамында пысықтауыштық қатынаста қимыл процесін сандық сапа тұрғысынан пысықтайды. Есептік сан есімдер ал, айт, қара, сөйле, кел, жүр тәрізді етістіктермен қабыса байланысады. Мысалы: Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады. Сан есімдер есе сөзімен тіркесіп те етістікті сөз тіркесін құрайды. Мысалы: бес есе орындады, үш есе ұлғайды.

Зат есімді сөз тіркестері. Зат есімдер сабақты етістіктермен қабыса тіркесу арқылы әрі мағыналық, әрі грамматикалық тығыз байланыста сөз тіркесін құрайды. Жалғаусыз табыс септіктегі зат есімге сабақты етістіктің қимылы ауысып түсіп, онымен біте қайнасқан байланыста тұрады. Мысалы: жер жырту, бала оқыту, қымыз ішу, мылтық ату, сөз сөйлеу.

Етістіктермен меңгеріле байланысып, әр түрлі қарым-қатынаста жұмсалатын сөздер – есімдер. Есімдер етістікке қатысты болып меңгеріле байланысу үшін табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктің бірінде келеді. Мысалы: бөлмеден шығу, балаға қарау, жолдасымен сұқбаттасу, жылқыны бағу.

Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сөздің тұлғасына қарай: 1) табыс жалғаулы сөз тіркесі; 2) барыс жалғаулы сөз тіркесі; 3) жатыс жалғаулы сөз тіркесі; 4) шығыс жалғаулы сөз тіркесі; 5) көмектес жалғаулы сөз тіркесі болып 5 топқа бөлінеді.

Табыс жалғаулы сөз тіркестері. Табыс жалғаулы сөздерді керек ететін етістіктер - сабақты етістіктер. Табыс жалғаулы есімдер мен сабақты етістіктерден құралған сөз тіркестері объектілік қатынаста жұмсалады: табыс жалғаулы сөз сабақты етістікті толықтайды да, ол етістіктің қимылы тура толықтауышқа ауысып отырады. Мысалы: етті турады, шегені суырды, терезені жапты. Барлық есімдердің сабақты етістіктермен тіркесу қабілеті бірдей емес: көбіне ол құрамда айтылатын сөздер – зат есімдер мен олардың орнына жұмсалатын есімдіктер мен сапалық есімдер. Бұлар қатысқан сөз тіркестері былай бөлінеді: 1) нақтылы объектілі; 2) абстрактіленген объектілі. Нақтылы объектілі сөз тіркесіне қолға ұстап, көзбен көретіндей зат есімдер қатысқан сөз тіркесі енеді: ерді жастану, сиырды сауу. Абстрактіленген объектілі сөз тіркесіне абстракт есімдер мен кісінің көру, сезу, сөйлеу әрекетін білдіретін сабақты етістіктерден құралған сөз тіркестері жатады: өмірді ойлау, қуанышты бөлісу, мәдениетті қолдау.

Барыс жалғаулы сөз тіркестері. Басыңқы сыңары етістік болып келетін барыс жалғаулы сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарларында зат есім, есімдік, сын есім, есімше қолданылады да, басыңқы сынарларында іс - әрекеттің бағыт - бағдарын, адамның ішкі көңіл-күйін, сезімін, адамның іске қатысын білдіретін етістіктер жұмсалады. Мысалы: Абай сәлем беріп үйге кіргенде, кең үйдің іші лық толған кісі екен ( Әуезов).

Барыс жалғаулы есімдер етістікті сөз тіркесінде толықтауыштық, пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады.

1) Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері қимыл -әрекеттің кімге, неге арналғанын, қандай затпен үстемеленгенін, қандай затпен түйіскенін білдіреді. Мысалы: Жолдасымның бұл сөзінен мен Шұғаға ынтықтым (Майлин).

2) Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері қимыл-әрекеттің бағытын білдіріп, көлемдік, мезгілдік, мақсаттық, себептік мағыналарда жұмсалады. Мысалы: көлге келу, аспанға ұшу, түске жету, көмекке келу, оқуға бару. Нұрлан ақырын тысқа шықты (Шашкин).

Шығыс жалғаулы сөз тіркестері. Етістікті сөз тіркесінің жиі кездесетін келесі бір түрі - шығыс жалғаулы есімдер мен етістіктер тобы. Мұндай құрамды тіркесте де жалғаулы есімдерді етістіктер меңгеріп, солардың байланысынан толықтауыштық, пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі жасалады. Мысалы: жіптен тоқу, көшеден шығу, терезеден көрсету.

Толықтауыштық қатынаста жұмсалатын сөз тіркестері мынадай мағыналарда жұмсалады:

1) Қимыл-әрекеттің кімнен басталғандығын көрсетеді: дұшпаннан қашты, жіптен секірді, оттан қарғыды. Жауыздардан қашып келе жатып, кенеттен тап болғанымды қарашы (Сейфуллин).

2) Еңбектен қашу, сырт қалу мағынасын білдіреді: бағудан қашу, егуден қашу. Еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып еріншек атанып, ырысқа дұшпан болады( Абай).

Пысықтауыштық қатынастағы шығыс жалғаулы сөз тіркестері көлемдік, себеп-салдарлық, амалдық мағыналарда жұмсалады: үйден қашу, ұялғаннан кету, терезеден шығу. Алтын наганы жарқырап, шанадан ақырын түсті (Нүрпейісов).

Жатыс жалғаулы сөз тіркестері. Жатыс септігі табиғатында мекенді, орынды білдіретіндіктен, мұндай септік жалғауы арқылы қалыптасқан сөз тіркестері, ең алдымен, пысықтауыштық қатынаста мекендік, мезгілдік мағыналарда жұмсалады: Мен есік алдында, босағада отырдым (Сейфуллин). Көктемде құлпыра өскенбәйшешектер көздің нұрын алады (Мұқанов).

Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері қимыл процесіне жанама объект болатын заттар мен нәрселерді, қимыл-әрекеттің нендей нәрсеге қатысты екендігін атап көрсетеді: Заңда көрсетілген әйел теңдігі есіңізде болар (Шашкин).Он сегіз мың ғаламның бар тынысы күнде тұр, Мен сықылды сырлы адамның ықтияры сенде тұр (Абай).

Көмектес жалғаулы сөз тіркестері. Сабақты және кейбір салт етістіктер көмектес жалғаулы есімдерді меңгеру арқылы сөз тіркесін құрай алады. Басыңқы сыңары етістіктер болып келетін көмектес жалғаулы сөз тіркестері тіркес құрамындағы сөздердің әр түрлілігіне, мағынасы жағынан әрқилылығына байланысты толықтауыштық және пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады.

Толықтауыштық қатынаста жұмсалатын сөз тіркестері құралдық, материалдық, іс-әрекеттің объектісі болатын затты, бірлескен қимыл-әрекетті атап көрсетушілік мағыналарда жұмсалады: орақпен ору, алтынмен қапталған, баламен ойнау, ағайын-туысқандармен ақылдасу. Ертеден кешке шейін осы жұмыспен әуреленіп жатқаным (Мұқанов).

Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері көлемдік, амалдық, мезгілдік, себеп-салдарлық мағыналарда қолданылады: жолмен келдім, түнімен сөйлесу, белгілерімен атау, ашумен айту. Мұны өз атымен атамай, сырт белгілерімен атайтын ( Әуезов).

5) Мәтін синтаксисіне тән ерекшеліктер. Тіл білімінің кейінгі даму кезеңдерінің нәтижесінде мәтін синтаксисі өмірге келді. Көптеген күрделі жаңа мәселелер қолға алынды. Осы мәтін синтаксисіне қатысты маңызды мәселенің бірі - күрделі синтаксистік тұтастық.

Күрделі синтаксистік тұтастық мәселесін зерттеудің түп негізі орыс тіл білімінде. Орыс ғалымдары Ф.И.Буслаев, А.А.Потебнялар назар аударып, қарастырып өтсе, А.М.Пешковский күрделі синтаксистік тұтастықтың негізін салуға тырысты. Күрделі синтаксистік тұтастық категориясын “абзац” деп атап, негізгі белгілерін айқындап берді.

Аталған мәселеге аса маңыз беріп, жан-жақты зерттеу жүргізе бастау орыс тіл білімінде 40-50 жылдардан басталды. Алайда күні бүгінге дейін ғалымдар арасында пікір қайшылықтары өте көп.

В.В.Бабайцева “Күрделі синтаксистік тұтастық” деп атап, оған мынандай анықтама береді: “Это сочетание предложений объединенные семантическими и грамматическими отношениями, которые выражены лексическими, лексико-грамматическими и грамматическими средствами. Компонентами связного текста могут быть как простые, так и сложные предложения (15,242). Бұл атауға біршама ғалымдар да (Г.Я.Солганик, Н.С. Валгина) қосылады. Ал А.Г. Руднев “период” немесе “абзац” деп атайды ( 46 ,305-307).

Сондай-ақ қазақ тіл білімінде бұл мәселені қозғап, сөз етіп жүргендер - М.Серғалиев, Б.Шалабай, Б.Мүсірепова.

Сөйлем мен сөз тіркестері – синтаксистің ең негізгі бөлшектері. Сондықтан сөйлемдердің өзара мағыналық және құрылымдық жағынан тығыз байланысқан күрделі топтарын зерттеудің маңызы аса зор екендігін М.Серғалиев, Б.Мүсіреповалар өте орынды көрсетеді. Сонымен қатар ол жеке сөйлемдерге қарағанда ойдың дамуын неғұрлым толық бере алатын, мағыналық және синтаксистік жағынан өзара тығыз байланысты сөйлемдер тобы екендігін айтады (60,3). Авторлар өз еңбегінде күрделі синтаксистік тұтастықтың тізбекті және параллельді деп аталатын екі түрін береді. Тізбекті күрделі синтаксистік тұтастықты ғылыми стильге тән екендігін көрсетеді, ғылыми тексте ой бір-біріне қатаң тәртіппен сабақтаса байланысып отыратын себебін де көрсетеді.. Сондықтан ондағы әрбір сөйлем өзінің алдындағы сөйлемнің заңды жалғасы болып табылады”,- деп түсіндіреді (60,14). “Ал теңбе-тең байланысу түріне құрылған күрделі синтаксистік тұтастықтарда санамалылық, салыстыру, қарама-қарсы қою қарым-қатынастары орын алады.

Параллельді күрделі синтаксистік тұтастық пен тізбекті күрделі синтаксистік тұтастықтың айырмашылығы – олардың байланысу түрінде”,- дейді ( 60,25).

Б.Шалабай “Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі синтаксистік тұтастық” атты мақаласында осы мәселені жан-жақты ашып беруге талпынады. “Күрделі синтаксистік тұтастық категориясын зерттеудің құндылығы сонда, бұл арқылы біздің синтаксистің көптеген мәселелеріне ең алғашқы көзқарасымыз өзгеріп, көптеген ұғым-түсініктеріміз кеңейіп, оларға жаңаша тұрғыдан қарайтын боламыз”,-дейді автор (64,110). Сөйтіп оның мағыналық және құрылымдық белгілерін нақты фактілермен дәйектеп, жан-жақты талдай отырып көрсетіп береді. Осы еңбегінде: “Күрделі синтаксистік тұтастық деп, бірнеше сөйлемдердің тізбегінен жасалып, мағыналық және құрылымдық жағынан тұйықталған, белгілі бір күрделі ойды білдіретін сөйлемнен ірі синтаксистік бірлікті айтамыз”,-деп анықтамасын береді.

Демек күрделі синтаксистік тұтастық мәселесі –қазақ тіл білімінде ден қоя зерттеуді керек ететін, өзекті тақырып. Оның құрылымындағы синтаксистік сөз тіркесі, сөйлем туралы ілімдеріне жаңа мән, жаңаша сипат берсе, екінші жағынан стилистика саласымен де тығыз байланысты. Бүгінгі күнде осы тақырып, осы мәселе жөнінде зерттеулер жүргізіліп, жұмыстар қорғалуда.

Мәтін синтаксисі- тілдік жүйедегі ең жоғарғы саты. Ол әр түрлі деңгейдегі мәтіндердің құралу ерекшеліктерін, олардың құрамындағы сөйлемдердің байланысу заңдылықтары мен қарым-қатынастарын зерттейді.

6) Қаратпа сөз, қолданылатын орны, тыныс белгілері.

Қаратпа сөз — сөйлемде айтылған ойдың кімге арналғанын білдіру не оған басқаның назарын аудару мақсатында жұмсалатын сөз немесе сөз тіркесі. Қаратпа сөз, сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, ерекше әуенмен айтылады, сөйлеушінің көңіл күйін, моральдықты білдіреді. Қаратпа сөз болатындар:жалқы есімдер, туыстық атаулар, эмоционалдық мәнді сөздер, көркем әдебиетте жан-жануар, жер-су атаулары т.б. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір, не леп белгісі, ортасында келсе, екі жағынан үтір белгісі, соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.

Мысалы: Балам, жөніңді айтшы, бізді көрсең сәлем бер деп әкең айтып па еді, жоқ өздігіңнен істедің бе?— деді. (М. Әуезов). Сөйлей бер, ақ домбырам, дүмбірлеген (Жамбыл). Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Қанатың қатты, мойның бос (Махамбет). Қаратпа сөздерді А. Байтұрсынұлы "Тіл — құралында" бұратана сөздердің қатарына жатқызған

7) Сөз тіркесі, белгілері, зерттелуі.

Синтаксистің зерттеу нысанына сөз тіркесі мен сөйлем жатады. Сөз тіркесі - сөйлем жасаудың негізгі материалы, негізгі синтаксистік тұлғалардың бірі. Сөздің, сөз тіркесінің табиғи жұмсалу айналасы, өмір сүру жағдайы болады. Бұлардың өмір сүру қызметі сөйлем ішінде жүзеге асады. Сондықтан сөз тіркесі сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтаксистік единицаның бірі деп есептеледі. Сөз тіркесі екі сөздік форманың арасындағы синтаксистік қатынасты білдіреді. Бұл оның жеке сөзден құрылымдық ерекшелігін көрсетеді. Ал қызметі жағынан алғанда ол сөзбен бірдей: екеуі де атауыштық қызмет атқарады. Бірақ сөз заттың, құбылыстың, сапаның атауы болса, сөз тіркесі сондай номинативті атаулардан құралған синтаксистік топ. Демек, айырмашылығы - сөз тіркесі заттар мен құбылыстардың сапа, белгілерімен қоса алғандағы кең де нақтырақ түрдегі атауын білдіреді. Мысалы: алма- қызыл алма, піскен алма; жапырақ - қайыңның жапырағы, еменнің жапырағы. Қимыл-күйді де оның қосымша жағдайларымен (мекенімен,мезгілімен, объектісімен) ашып, дәлдеп атап көрсетеді: үйге келу, бүгін келу, поезбен келу.

Сөз тіркесінің сөйлемнен айырмашылығын көрсететін белгілері де бар. Ол - пікірді, ойды білдіретін коммуникативтік тұлға емес, сондықтан онда предикативтік мағына, интонациялық аяқталғандық болмайды. Сонда лексика - грамматикалық мағыналары айқын сөздердің біріне-бірі сабақтаса бағынып барып жасалған синтаксистік тобы ғана сөз тіркесі деп есептелінеді. Өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін, ең алдымен, оның мынадай белгілерін білу шарт.

1) Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады;

2) Ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысады;

3) Тіркескен сөздер предикативтік емес қатынаста болады (анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық).

Жалпы синтаксистік қатынастың негізгі екі түрі бар: предикативтік қатынас, предикативтік емес қатынас. Предикативтік қатынасты білдіретін тұлғалар - сөйлемнің грамматикалық негізін құрайтын бастауыш пен баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы предикативтік қатынасты баяндауыштың жақтық, шақтық, модальдық мағыналары белгілейді. Предикативтік емес қатынастың үш түрі бар. Олар: анықтауыштық (атрибутивтік), толықтауыштық (объектілік), пысықтауыштық (адвербиалдық). Бұлардың әрқайсысы өз ішінде жеке грамматикалық мағыналарды бейнелейді. Анықтауыштық қатынас сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктік мағыналарды білдіреді (үлкен үй, он студент, баланың кітабы). Толықтауыштық қатынас қимылдың немесе сапалық күйдің затқа тікелей немесе жанама түрде ауысып түсуіне байланысты тура және жанама объектілік қатынастарға бөлінеді (тауды бұзу, ағашты жару, қаламмен жазу, оқуға ықыласты болу). Пысықтауыштық қатынас мезгілдік, мекендік, себептік, мақсаттық, амалдық, сын - мөлшерлік мағыналарды білдіреді ( бүгін келу, теңізде жүзу, қуанғаннан секіру).

Осындай синтаксистік қатынас тек толық мағыналы сөздердің сабақтаса байланысуы нәтижесінде пайда болады, яғни лексика-грамматикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы-бағыныңқылы сөз тіркесі жасалғанда, ол сөздердің бұрынғы мағыналары өзгеріліп, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды, мүшелік қарым- қатынасты білдіретін қосымша грамматикалық мағына пайда болады.

Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесідеп атайды.

Түркітанушы ғалымдардың бір тобы есімдер тобын сөз тіркесі деп танығанымен, олардың басты ерекшелігі бір тұтастығы деп есептеді. Проф. А.П.Поцелуевский сөз тіркесін жеке сөзге балап, оны былай бөледі:1) детерминативті; 2) салалас; 3) сабақтас; 4) сөйлем. Бұл бөлістің қандай принципке негізделгенін түсіну қиын болғанмен, автордың сөз тіркесі аясына әр алуан сөздер тобын тарту керек деген ойын аңғаруға болады. Н.К.Дмитриев пен Н.А.Баскаков «атрибуттық» топтарды ғана сөз тіркесі деп қарастырады. Н.А.Баскаков анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық қатынастағы сөздер тобы байымдауды білдірмесе сөз тіркесі деп таниды да, білдірсе сөйлем деп таниды.Түркі тілдерін зерттеушілердің ішінде сөз тіркесін жан-жақты зертеудің нысаны еткен - Е.И.Убрятова. Ол «Исследования по синтаксису якутского языка» деген еңбегінде сөз тіркесінің түрлерін синтаксистік байланыс формаларының ізімен қарастырады, сөз тіркестерін «предикативті», «предикативті емес» деген тұрғыдан қарастырады.

Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі деген термин 1950 жылдардан бері қарай қолданыла бастады. 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» атты кітаптың синтаксис саласындағы бір жаңалығы - сөз тіркесі синтаксисін жай сөйлем синтаксисінен бөліп алып, өзіндік өзгешеліктері бар мәселелер ретінде қарастырылуы.

Синтаксистік байланысқа түскен екі сөздің құрамын сөз тіркесі деп тану үшін ол сөздер мағына жағынан, синтаксистік қызметі жағынан дербес, дара болуы керек. Осы шартпен құралған тіркес еркін тіркес деп аталады. Өйткені тіркестің құрамындағы сөздер еркін қатынаста өзгеріп, алмасып отырады: кеңседен шықты, кеңсеге жиналды, ауылға оралды, қаладан оралды. Тіркес тек сөйлем құрауға немесе сөз тіркесіне ғана қатысты пайда болмайды. Лексикалық, грамматикалық тұлғалар тудыру үстінде де тіркестер пайда болады. Мысалы: асау жүрек, асау қиял, асау жел, тәтті қылық-метафоралық тіркес болса, жүрегі шайылу, қаһарын төгу, көз қырын салу-тұрақты тіркестер.

Сөз тіркесі синтаксисінің басты зерттеу нысаны - еркін құрамдағы сөз тіркестері. Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады. Сондықтан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі сыңардан құралады: бірі-сөз тіркесінің ұйытқы бөлігі, негізгі мағынаға ие болатын грамматикалық діңгегі - басыңқы сыңары, екіншісі - басыңқы сыңарды айқындап тұрған, оған қатысты әрі тәуелді бөлігі - бағыныңқы сыңары деп аталады. Мысалы: Ұлытаудың бөктерінде кештің қоңыр салқын желі еседі.

Құрамы екі сөзден тұратын сөз тіркесін жай сөз тіркесі деп, ал құрамы үш не одан да көп сөзден тұратын сөз тіркесін күрделі сөз тіркесі деп атайды. Көлге қонды- көлге қонып жатыр; асықпай сөйле-асықпай сөйлеп ала жөнелді.

Сөйлем ішінде сөз тіркестері екі түрлі ыңғайда құралады:

1) Сөз тіркестері тізбектеліп, ондағы сөздер біріне – бірі сатылана байланысады. Үшеуінің көңіл-күйі бұзылды.

2) Кейде сөз тіркесінің құрамындағы бірнеше бағыныңқылар бір басыңқыға ортақтасып тұрады. Сол күні Теңсер үйге кеш оралды.

Сөз тіркесін құрауда зат есім мен етістіктердің қызметі ерекше. Олар көбіне сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болады да, сапалық есімдер ( сын есім, сан есім, есімше, сілтеу есімдіктері) мен үстеулер, еліктеуіш сөздер мен көсемшелер көбінесе сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде жұмсалады. Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қара сөзден құралған сөйлемдерде басыңқыдан бұрын тұрады, поэзияда керісінше орналасуы мүмкін.

Сөз тіркестерін дұрыс талдай білу үшін, олардан басқа тіркестердің түр- тұрпаты қалай болатынын жақсы білу керек. Өзара байланыста тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін тіркестер түйдекті тіркестер деп танылып жүр. Түйдекті тіркестер құрамындағы сөздердің бәрінің не біреуінің лексика-семантикалық дербес мағынасы болмайды. Олардың тіркесуінен қосымша грамматикалық мағына пайда болмайды. Ерлік жолдасының нұрлы жүзіне күлімсіреп көз тігеді. Қаракер шапқан сайын үдейді.

Лексика-грамматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын тіркесті түйдекті тіркес деп атайды. Түйдекті тіркес қалпында айтылатын сөз тобына мыналар жатады:

1) Күрделі етістіктер тобы: оқып жатыр, келе бер, келе беретін болды, көріп отыра бер.

2) Есім мен көмекші етістіктер тобы: жұмыс істеу, қонақ болу, уәде беру, ағалық ету.

3) Қосарлы есімдер тобы: бірін-бірі, біріне-бірі, өзімен-өзі, жылдан-жылға, бау-бақша.

4) Күрделі есімдер тобы. Бұған енетін сөздердің 1-сыңары барыс, шығыс, ілік септігіндегі есім болып, 2-сыңары осы жалғауларды керек ететін көмекші есімдер не шылаулар болады. Шығанақ жұмыс басында болдыҚала үстіне біздің самолеттер де келіп қалды.

5)Тұрақты тіркестер тобы. Тұрақты тіркестер 2 түрлі болады:

а) Идиомалық тіркестер: қой аузынан шөп алмайтын, іші күю, қабырғаңмен кеңесу т.б.

Идиомалық тіркестегі сөздердің байланысы берік болады, олардың тұтас топ болып тұрғандағы беретін мағынасы жеке тұрғандағы мағыналарына қатысты болмай, мүлде бөтен мағынаны білдіреді.

ә) Фразалық тіркестердің мағынасы оларға қатысып тұрған сөздердің бірі болмаса, бірінің лексикалық мағынасымен байланысты болады. Мысалы: жаны ашу, көзі жету, бас көтеру т.б. Ол бүгінгікелісілген уәдені есіне салды.

 Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу амалдары

 Сөздер грамматиканың қарамағына түсіп, синтаксистік қызмет атқару үшін өзара берік байланыста болулары керек. Мысалы: Сессияның жұмысында кадрларды даярлау мәселелері үлкен орын алды деген сөйлемде сессия, жұмыс, кадр, даярлау, мәселе, үлкен, орын, алу сияқты 7 сөз бар. Осындағы сөздерді жеке-жеке алып қарастыратын болсақ, онда ол жеке лексиканың немесе морфологияның нысаны деп ойлаған болар едік. Ал бұл жерде біз олардың сөйлемдік дәрежеде қолданылуында өзіндік сатылау үдерісінің бар екенін көруге болады.

Жалпы сөз бен сөздің өзара тіркесіп белгілі грамматикалық мағына тудыруына байланысу тәсілдерінің қызметі ерекше. Сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын синтаксистік тәсілдер мыналар: 1.Жалғаулар ( септік, тәуелдік, көптік, жіктік): жолдасымен кездесу. 2. Шылаулар: оқыған сайын білу. 3.Сөздердің орын тәртібі: биік тау, жібек орамал, білімді жігіт.4. Интонация: Айнұр-студент.

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері синтетикалық, аналитикалық, аналитикалық-синтетикалық тәсіл деп үшке бөлінеді.

Синтетикалық – грек сөзі. Грек тілінің « тізбек», «құрастыру»- синтездің нәтижесінде жасалған, « біріктіруші» деген сөзінен жасалған термин. Сөз тіркесіндегі сөздердің жалғаулар арқылы байланысуы синтетикалық тәсіл деп аталады. Мысалы: Осы Шұғыланың өзінде қаншама завод салынады, осы аймақтан қаншама кеніш ашылады.

Аналитикалық деген термин грек тілінің «анализдің нәтижесінде жасалған», «ажыратушы» деген сөзінен жасалған. Демек, аналитикалық тәсіл сөздің сыртында болады, яғни көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі және интонация тәсілдері арқылы байланысу аналитикалық тәсіл деп аталады.

Сөз бен сөзді байланыстыратын аналитикалық тәсілдің бірі - сөздердің орын тәртібі. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінде белгілі жүйелілік бар. Сөз тіркесінің сыңарлары белгілі тәртіппен мағыналық байланыста тіркеседі. Жалғаусыз тұрған орнына қарай байланысқан сөздердің байланысы өте берік болады. Мысалы:Босағада отырған әйелдер өзара күңкілдесті.

Сөз тіркесінде интонацияның да өзіндік қатысы бар. Оның өзі сөздердің орын тәртібі арқылы жасалатын сөз тіркесінің кейде ерекше айтылуына байланысты жұмсалады. Мысалы: ағаш отын, бұл бала сияқты анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері орын тәртібі арқылы зат есім мен зат есімнің, есімдік пен зат есімнің тіркесі десек, кейде осындай анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері интонацияның қатысы арқылы енді ағаш-отын, бұл-бала сияқты бастауышпен баяндауыштан құралған қиыса байланысқан сөз тіркестері пайда болып отыр.

Сөз бен сөздің арасын байланыстыруда көмекші сөздердің, атап айтсақ, шылау, модаль сөз, көмекші есім, көмекші етістіктің орны ерекше. Мысалы: Аудитория ішісілтідей тына қалды.

Кейде сөз бен сөзді байланыстыруда модаль сөздердің де қатысы бар.Модаль сөздер көбіне сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарына тіркеседі де, түйдекті тіркес құрай отырып, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырады. Мысалы: Сонан басқа сөзге сұқтануға бұл сияқты оның шамасы жетпеді.

Көмекші етістіктердің де сөз бен сөзді байланыстыруда өзіндік орны бар. Оның не екенін жүрегің сезіп тұр.

Аналитикалық тәсілдің де, синтетикалық тәсілдің де элементі бар тіркесу тәсілі аналитикалық-синтетикалық байланысу тәсілі деп аталады. Мысалы: Біздің оқушылар кеше мектепке дейін ағаштарды тасыпты. Байланысу тәсілдерінің аналитикалық-синтетикалық тәсілін іштей жан-жақты талдай келіп, біз олардың мынадай жасалу жолдарын белгіледік.

Көмекші сөздер арқылы жасалуы:

а) көмекші есімдер арқылы: Таңғы салқын ауадан бойы тоңазып, терезенің алдында тұрды.

ә) шылаулар арқылы: Жылқышылар батысқа таман ығысты.

б) көмекші етістік арқылы: Кітапты Асан дегеннен алдым.

Сонымен сөз бен сөзді байланыстыруда көптік, септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары, орын тәртібі, интонация, көмекші сөздер сияқты дәнекерлер қатысады деп білеміз.

Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу амалдарыдеп атайды. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік байланысу амалдары мыналар: 1) қиысу; 2) матасу; 3) меңгеру; 4) қабысу; 5) жанасу.

Қиысу - синтаксистік байланыстың ең көп қолданылатын түрі. Қиысу- сөйлемдегі бағыныңқы мүше мен басыңқы мүшенің жіктік жалғауында жақ-жағынан жекеше-көпше тұлғада грамматикалық мағынасына қарай байланысуы. Мысалы: Мен сіз білгеннің жартысын білсем, бір күн тұрмас едімСендер студентсіңдер.

Матасу - сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөздің ілік септік жалғауында, басыңқы сөздің тәуелдік жалғауда тұрған грамматикалық байланысы. Мысалы:ағаштың жапырағы, жақсының ісі. Енді мен сол жүректің сөйлеуін тілеймін.

Меңгеру - сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөздің басыңқымен мағыналық үйлесімі негізінде септік жалғауларының (іліктен басқа) бірінде тұрып байланысуы; меңгерілетін яғни, бағыныңқы сөз табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының бірінде тұрады да, меңгеретін сөз – басыңқы сыңар етістік, есім не сол екеуінің ортақтасқан тобы болады. Осыған орай меңгеруді үшке бөлеміз: етістікті, есімді, ортақ меңгеру. Мысалы: терезені жапты, оқуға ынталы, жұртқа риза еді. Сапар сөзін бітірді де, суыған шайын жұта салды.

Қабысу - сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз қатар тұру арқылы байланысуы. Қабыса байланысатын сөздердің барлығы дерлік тұрған орындарын өзгертпейді, жұбын жазбайды. Мысалы: қызық кітап, мәдениетті адам, үшінші қабат. Тегенеге шағын ыдыстармен сабадан тасып құйған қымызды мырза құлаштай сапырды.

Сөз тіркестері тіркесу жолына қарай тікелей тіркес және сатылы тіркес деп екіге бөлінеді. Осы ерекшелік қабысуға тән. Тікелей қабысуда бағыныңқы сыңардағы әрбір сөз басыңқы сыңармен өз бетінше байланысуға қабілетті болады. Мысалы: мөлдір таза ауа, ұзын сұлу кірпік. Сатылай қабысуда алдымен екі сөз тіркесіп бір ұғымды білдіреді де, өзара жігін жазбай келесі сөзбен тіркеседі: бір тонна көмір, қой көзді жігіт, қылқан жапырақ ағаш.

Жанасу-сөздердің жалғаусыз орын тәртібі арқылы бірде алшақ, бірде іргелес тұрып байланысуы. Мұның қабысудан айырмасы - тіркескен сөзінен алшақтап араға сөз салып та тұра алады. Шарықтап ұшу - шарықтап көкке ұшу; ертең бару - ертең бірге бару. Асқар өмірден тосырқап қалғанын енді сезді. Асқар енді өмірден тосырқап қалғанын сездіКүн бата Еркебұлан келді. Кешеден бері Отарбайдың мінезі түсініксіз болып кетті. Әлсін-әлсін желкесін қаси берді.

8-2

9) Айқындауыш — айқындайтын сөзінің жетегінде қосарлана айтылып, оның мазмұнын ашып тұратын сөз не сөздер тобы.

Оңашаланған айқындауыштар, қосарлы айқындауыштар және қосалқы айқындауыштар болып бөлінеді. Оңашаланған айқындауыш айқындайтын сөзінің соңынан келіп, оны ерекшелеп көрсетеді. Мысалы, Үйде, Абайдың қасында, бұл ауылдың адамдарынан бөтен түсті үш кісі отыр (М.Әуезов).

Қосалқы және қосарлы айқындауыштар айқындайтын сөзімен мағыналық және интонациялық бір бүтін құрап тұрады. Қосалқы айқындауыштар айқындайтын сөзін әлеуметтік, туыстық, кәсіптік, жас мөлшерлік т.б. белгілері жағынан ерекше атап көрсетсе (Әсет ағай, Айжан қыз, Наурызбай батыр т.б.), қосарлы айқындауыштар айқындайтын сөзінің ерекше белгісін қосарлап айтып, онымен мәндес қатар құрап тұрады (батыр-ұшқыш, әйел-ана, қызметші-малай). Айқындауыш — анықтауыштын ерекше бір түрі. Сөйлемде белгілі бір мүшенін заттық, мекендік, мезгілдік т.б. мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөз я сөз тіркесі. Айқындауыш айқындайтын сөздерімен тұлғалас, қызметтес болып келеді.[1]

  • Айқындауыш құрылысына қарай үшке бөлінеді:

  1. Қосалкы Айқындауыш — зат есімдердін (көбінесе кісі аттарынын) қосымша сипаты, анықтамасы ретінде жұмсалатын сөздер: Жамбыл ақын, Қамбар батыр.

  2. Қосарлы Айқындауыш — айқындайтын сөзіне қосақталып келіп, оның мағынасын нактылап тұратын сөздер: телефон-автомат, батыр-ұшқыш. Кейде, жазуда арасына дефис белгісі қойылады.

  3. Онашаланған Айқындауыш — өзі қатысты сөзінен кейін тұрып, көтерінкі әуенмен айтылып, айқындайтын сөзінін заттық, мекендік, мезгілдік т.б. мағыналарын саралап, дәлдеп, нактылап тұратын сөздер: Мэкии өз туысына, інісіне, тамашалай қарады (М. Әуезов). Бір үйден,бір кісінің қасынан, мұншалық көп кітап көргені осы (М. Әуезов). Жазуда екі жағынан үтірмен бөлінеді.

Аймақтық лексика (лат. areaалан, кеністік)— белгілі бір территория я аймақта қолданылатын диалектілік я кәсіби-диалектілік сөздер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]