- •1. Стандарт: Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтау.
- •2. Стандарт: Өкпеге салыстырмалы перкуссия жасау.
- •3. Стандарт: Өкпеге топографиялық перкуссия жасау.
- •Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.
- •4. Стандарт: Өкпеге аускультация жасау .
- •1. Бөлме жылы және тыныш болуы керек.
- •5. Стандарт: Жүрекке пальпация жасау.
- •Стандарт: Жүрекке перкуссия жасау.
- •4) Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз;
- •Стандарт: Жүрекке аускультация жасау.
- •1. Бөлме жылы және тыныш болуы керек
- •4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазалап жуыңыз
- •8. Стандарт: Ішке үстіртін пальпация жасау.
- •4. Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз;
- •9. Стандарт: Бауырға пальпация жасау.
- •10. Стандарт: Бауырға перкуссиясы жасау. Образцов в.П. Бойынша бауыр тұйықтығының көлемдерін анықтау.
- •1. Бөлме жылы және тыныш болуы керек
- •11. Стандарт: Лимфа түйіндеріне пальпация жасау.
- •Тексерушінің қолы жылы, тырнағы алынған болуы керек;
- •12. Стандарт: экг - ға түсіру.
- •13. Стандарт: Бронх демікпесінің ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету
- •14. Стандарт: Астматикалық статус кезіндегі жедел көмек көрсету;
- •15. Стандарт: Өкпеден қан кеткендегі жедел көмек көрсету
- •16. Стандарт: Жүрек демікпесі кезінде жедел көмек көрсету
- •17. Стандарт: Өкпе ісінуі кезінде жедел көмек көрсету
- •18. Стандарт: Коллапс кезіндегі жедел көмек көрсету.
- •19. Стандарт: Естен танған кезде жедел көмек көрсетіңіз.
- •20. Стандарт: Гипертоникалық кризде жедел көмек көрсету.
- •21. Стандарт: Стенокардия ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету.
- •22. Стандарт: Миокард инфарктісі кезінде жедел көмек көрсету.
- •23. Стандарт: Кардиогенді шок кезінде жедел көмек көрсету.
- •24. Стандарт: Асқазаннан қан кеткендегі жедел көмек көрсету.
- •25. Стандарт: «Бауыр шаншуының» ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету.
- •26. Стандарт: «Бүйрек шаншуы» ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету.
- •27. Стандарт: Гиперкликемиялық (диабеттік) комада жедел көмек көрсету.
- •28. Стандарт: Гипогликемиялық комадағы жедел көмек көрсету.
- •29. Стандарт: Анафилактикалық шокта жедел көмек көрсету.
- •30. Стандарт: Квинке ісінуі кезіндегі жедел көмек көрсету.
14. Стандарт: Астматикалық статус кезіндегі жедел көмек көрсету;
Мақсаты: бронхтың тарылуын жою.
Қажетті заттар: оттек баллоны, маска, дәке салфеткасы, тонометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған: бір реттік шприцтер, мақта түйірлері, этиль спирті 700, жгут, қолғаптар, дез ерітіндідегі пинцет, лоток,КБУ, бір реттік система, дәрілік заттар: реополиглюкин 1000 мл, эуфиллин 2,4% ертіндісі, преднизолон 90 мг немесе гидрокортизон 250 мг, гепарин 10000 ЕД;
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасты тыныштандыру, ыңғайлы жағдай беру, қысып тұрған киімін шешу,таза ауа беру, физикалық және психикалық тыныштық;
2. Қалта ингаляторын қолдану;
3. Бронхолитиктерді небулайзер арқылы(сальбутамол 100 мкг/доза) 5-10 минут ішінде беру;
4. Ылғалды оттекті маска арқылы беру;
5. Эуфиллин2,4 %-10-15 мл ертіндісін к/т алғашқы 5-7 минутта енгізу, кейін 2,4 %-3-5 мл эуфиллин ертіндісін инфузиялық ертіндімен к/т тамшылатып енгізу;
6. Преднизолон. 90-150 мг ертіндісін к/т бірден енгізу;
7. Гепарин5000-10000 ЕД к/т енгізу:
8. Натрий хлор 0,9% -500 мл ертіндісін к/т тамшылатып енгізу немесе 4% - 500 мл натрий гидрокарбонатын к/т тамшылатып енгізу;
9. Науқасты үнемі қадағалау: пульс, АҚҚ, ТАЖ;
10. Науқасты жан сақтау бөліміне немесе қарқынды емдеу бөлмесіне жатқызу.
11. Науқасты зембілге жатқызып немесе басын көтеріп отырғызып тасымалдау;
Ескерту:
1. Тыныштандыратын, антигистаминді, зәр жүргізетін, кальций және натрий препараттарын ( физ.ертіндіні де) енгізуге болмайды!;
2. Бронхолитиктерді үнемі жиі қолдану науқастың өміріне қауіпті;
15. Стандарт: Өкпеден қан кеткендегі жедел көмек көрсету
Мақсаты: Қан кетуді тоқтату.
Көрсеткіші: қан түкіру, қақырықта қан болу, қақырық: қызғылт, көпіршікті немесе
сұйық, көп мөлшерде қан кету, терісі бозғылт, науқас қорыққан, артериальды қан қысымы төмендеген ,естен танған, өкпеде ұсақ көпіршікті сырыл.
Асқынулары: тахикардия, АҚҚ төмендеуі, коллапс, жедел жүрек жеткіліксіздігі;
Қажетті заттар: мұзды мұйық, тонометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған: бір реттік шприцтер, система к/т тамшылатып енгізу үшін, , жгут, шприцтер, залалсыздандырылған мақта түйірлері, медициналық қолғап, лоток,КБУ, дәрілік заттар, этил спирті 700
Дицинон 12,5% – 1-2 мл, Кальций хлор 10% – 10 мл, аминокапрон қышқылы 5% -100 мл, викасол 1% -1 мл.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасты тыныштандыру, басын жартылай көтеріп ыңғайлы жағдай беру (қақырық түсуін жақсарту үшін), тұруға, сөйлеуге тиым салынады.
2. Науқастың кеудесіне мұзды мұйық немесе суық компресс қою.
3. Науқасқа салқын сұйықтық ішкізу: тұзды ертінді (1ш.қ.тұзды 1 ст суға ерітіп беру), крапива қайнатпасы.
4. Дицинон 12,5%-2 мл к/т, б/е енгізу.
5. Кальции хлор 10%--10 мл к/т,енгізу.
6. Аминокапрон қышқылы5%-100 мл к/т системамен енгізу.
7. Викасол 1%-1 мл б/е
8. Хирургия бөліміне тасымалдау.
9. Бас жағын биіктетіп зембілмен тасымалдау.
