- •1. Стандарт: Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтау.
- •2. Стандарт: Өкпеге салыстырмалы перкуссия жасау.
- •3. Стандарт: Өкпеге топографиялық перкуссия жасау.
- •Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.
- •4. Стандарт: Өкпеге аускультация жасау .
- •1. Бөлме жылы және тыныш болуы керек.
- •5. Стандарт: Жүрекке пальпация жасау.
- •Стандарт: Жүрекке перкуссия жасау.
- •4) Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз;
- •Стандарт: Жүрекке аускультация жасау.
- •1. Бөлме жылы және тыныш болуы керек
- •4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазалап жуыңыз
- •8. Стандарт: Ішке үстіртін пальпация жасау.
- •4. Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз;
- •9. Стандарт: Бауырға пальпация жасау.
- •10. Стандарт: Бауырға перкуссиясы жасау. Образцов в.П. Бойынша бауыр тұйықтығының көлемдерін анықтау.
- •1. Бөлме жылы және тыныш болуы керек
- •11. Стандарт: Лимфа түйіндеріне пальпация жасау.
- •Тексерушінің қолы жылы, тырнағы алынған болуы керек;
- •12. Стандарт: экг - ға түсіру.
- •13. Стандарт: Бронх демікпесінің ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету
- •14. Стандарт: Астматикалық статус кезіндегі жедел көмек көрсету;
- •15. Стандарт: Өкпеден қан кеткендегі жедел көмек көрсету
- •16. Стандарт: Жүрек демікпесі кезінде жедел көмек көрсету
- •17. Стандарт: Өкпе ісінуі кезінде жедел көмек көрсету
- •18. Стандарт: Коллапс кезіндегі жедел көмек көрсету.
- •19. Стандарт: Естен танған кезде жедел көмек көрсетіңіз.
- •20. Стандарт: Гипертоникалық кризде жедел көмек көрсету.
- •21. Стандарт: Стенокардия ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету.
- •22. Стандарт: Миокард инфарктісі кезінде жедел көмек көрсету.
- •23. Стандарт: Кардиогенді шок кезінде жедел көмек көрсету.
- •24. Стандарт: Асқазаннан қан кеткендегі жедел көмек көрсету.
- •25. Стандарт: «Бауыр шаншуының» ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету.
- •26. Стандарт: «Бүйрек шаншуы» ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету.
- •27. Стандарт: Гиперкликемиялық (диабеттік) комада жедел көмек көрсету.
- •28. Стандарт: Гипогликемиялық комадағы жедел көмек көрсету.
- •29. Стандарт: Анафилактикалық шокта жедел көмек көрсету.
- •30. Стандарт: Квинке ісінуі кезіндегі жедел көмек көрсету.
10. Стандарт: Бауырға перкуссиясы жасау. Образцов в.П. Бойынша бауыр тұйықтығының көлемдерін анықтау.
Мақсаты: абсолютті бауыр тұйықтығының жоғарғы және төменгі шекарасын анықтау.
Көрсеткіші: жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек, ішек,бауыр, көк бауыр аурулары;
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Бөлме жылы және тыныш болуы керек
2. Тексерушінің қолы жылы, жұмсақ, құрғақ , тырнағы қысқа алынған болуы керек.
3. Қолыңызды гигиениялық деңгейде жуыңыз.
4. Науқастың сыртқы киімін шешіп, кушеткаға жатып, қолын кеудесіне қоюын, аяғын созып, жәй дем алуын сұраңыз.
5. Төсектің оң жағында науқаспен бетпе –бет отырыңыз,орындықтың биіктігі науқас төсегімен бірдей деңгейде болуы керек.
6. Қалақша саусақты анықтайтын шекараға параллел қойыңыз, анық дыбыстан тұйық дыбысқа дейін жәй перкуссия жасаңыз.
7. Анықталған шекараны қалақша саусақтың дыбыс анық естілген жағынан белгілеңіз.
Образцов В.П. әдісі бойынша бауырдың жоғарғы шекарасын перкуссия жасап анықтаңыз
1. оң жақ төс маңы сызығы бойынша II қабырға аралыққа қалақша саусақты қойыңыз, жәй перкуссияны төмен қарай V1 қабырғаға дейін жүргізіңіз, тұйық дыбыс естілген жерде қалақша саусақтың дыбыс анық естілген жағынан белгілеңіз
2. оң жақ ортаңғы бұғана сызығы бойынша II қабырға аралыққа қалақша саусақты қойыңыз, жоғарыдан төмен қарай қабырға аралықпен V1 қабырғаға дейін жүргізіңіз, дыбыс өзгерген жерді белгігеңіз.
3. оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша II қабырға аралыққа қалақша саусақты қойыңыз, жоғарыдан төмен қарай қабырға аралықпен V11 қабырғаға дейін жүргізіңіз, дыбыс өзгерген жерде қалақша саусақтың дыбыс анық естілген жағынан белгілеңіз.
Образцов В.П. әдісі бойынша бауырдың төменгі шекарасын перкуссия жасап анықтаңыз
1. Қалақша саусақты анықтайтын шекараға параллел кіндік тұсына қойыңыз,алдымен оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша, кейін оң жақ ортаңғы бұғана сызығы бойынша,содан соң оң жақ төс маңы сызығы бойынша және алдынғы ортаңғы сызық бойынша төменнен жоғары қарай тимпаникалық дыбыстан тұйық дыбысқа дейін жәй перкуссия жасаңыз, дыбыс өзгерген жерді белгілеңіз.
2. сол жақ қабырға доғасына қалақша саусақты тігінен қойып X1 қабырғадан бастап төс сүйегіне қарай тыныш перкуссия жүргізіңіз, тимпаникалық дыбыстан тұйық дыбысқа өткенде белгілеңіз.
Ескерту:
1. бауырдың жоғарғы шекарасы оң жақ төс маңы сызығы және ортаңғы бұғана сызығы бойынша VI қабырға тұсында, оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша VI I қабырға тұсында орналасқан.
2. бауырдың төменгі шекарасы оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы - X қабырға, ортаңғы бұғана сызығы бойынша –қабырға доғасамен сәйкес, оң жақ төс маңы сызығы- қабырға доғасынан 2см төмен, алдыңғы ортаңғы сызығы бойынша төстің семсер өсіндісінен 4-6 см төмен,сол жақ қабырға доғасы бойынша – сол жақ төс маңы сызығы тұсында.
3. қалыпты жағдайда бауыр өлшемдері оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша- 10-12см, оң жақ ортаңғы бұғана сызығы бойынш 9-11 см, оң жақ төс маңы сызығы бойынша – 8-11 см.
11. Стандарт: Лимфа түйіндеріне пальпация жасау.
Мақсаты: көлемін,тығыздығын, ауырсынуын, қозғалғыштығын, өзара және терімен біріккен және бірікпегенін, бетінің кедір-бұдырлығын анықтау.
Көрсеткіші: жедел созылмалы инфекциялы аурулар, рак ауруының таралуы (метастазы), туберкулез, қан аурулары.
Қарама – қарсы көрсеткіші: жоқ
Мүмкін болатын асқынулары: жоқ
Іс-әрекет алгоритмі:
