- •1. Стандарт: Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтау.
- •2. Стандарт: Өкпеге салыстырмалы перкуссия жасау.
- •3. Стандарт: Өкпеге топографиялық перкуссия жасау.
- •Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.
- •4. Стандарт: Өкпеге аускультация жасау .
- •1. Бөлме жылы және тыныш болуы керек.
- •5. Стандарт: Жүрекке пальпация жасау.
- •Стандарт: Жүрекке перкуссия жасау.
- •4) Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз;
- •Стандарт: Жүрекке аускультация жасау.
- •1. Бөлме жылы және тыныш болуы керек
- •4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазалап жуыңыз
- •8. Стандарт: Ішке үстіртін пальпация жасау.
- •4. Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз;
- •9. Стандарт: Бауырға пальпация жасау.
- •10. Стандарт: Бауырға перкуссиясы жасау. Образцов в.П. Бойынша бауыр тұйықтығының көлемдерін анықтау.
- •1. Бөлме жылы және тыныш болуы керек
- •11. Стандарт: Лимфа түйіндеріне пальпация жасау.
- •Тексерушінің қолы жылы, тырнағы алынған болуы керек;
- •12. Стандарт: экг - ға түсіру.
- •13. Стандарт: Бронх демікпесінің ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету
- •14. Стандарт: Астматикалық статус кезіндегі жедел көмек көрсету;
- •15. Стандарт: Өкпеден қан кеткендегі жедел көмек көрсету
- •16. Стандарт: Жүрек демікпесі кезінде жедел көмек көрсету
- •17. Стандарт: Өкпе ісінуі кезінде жедел көмек көрсету
- •18. Стандарт: Коллапс кезіндегі жедел көмек көрсету.
- •19. Стандарт: Естен танған кезде жедел көмек көрсетіңіз.
- •20. Стандарт: Гипертоникалық кризде жедел көмек көрсету.
- •21. Стандарт: Стенокардия ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету.
- •22. Стандарт: Миокард инфарктісі кезінде жедел көмек көрсету.
- •23. Стандарт: Кардиогенді шок кезінде жедел көмек көрсету.
- •24. Стандарт: Асқазаннан қан кеткендегі жедел көмек көрсету.
- •25. Стандарт: «Бауыр шаншуының» ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету.
- •26. Стандарт: «Бүйрек шаншуы» ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету.
- •27. Стандарт: Гиперкликемиялық (диабеттік) комада жедел көмек көрсету.
- •28. Стандарт: Гипогликемиялық комадағы жедел көмек көрсету.
- •29. Стандарт: Анафилактикалық шокта жедел көмек көрсету.
- •30. Стандарт: Квинке ісінуі кезіндегі жедел көмек көрсету.
Стандарт: Жүрекке перкуссия жасау.
Мақсаты: жүректің салыстырмалы шекарасын анықтау
Көрсеткіші: жүрек аурулары
Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ
Асқынулары: жоқ
Іс-әрекет алгоритмі:
1) Бөлме жылы және тыныш болу керек;
2) Тексерушінің қолы жылы,тырнағы қысқа алынған болуы керек;
3) Қолды гигиеналық деңгейде жуыңыз;
4) Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз;
5) Науқастың оң жағында тұрыңыз;
6) Перкуссияны қабырғааралық бойынша ашық дыбыстан тұйық дыбысқа қарай жүргізіңіз;
7) Жүректің үш шекарасын анықтаңыз;
8) Перкуссияны науқастың жағдайына байланысты отырғызып,тұрғызып,жатқызып жасайды;.
Жүректің оң жақ шекарасы:
Оң жақ өкпенің төменгі шекарасын бұғана орта сызығымен VI қабырғаға дейін анықтаңыз;
1) Қалақша саусақты табылған шекарадан бір қабырғааралық жоғары қойып,анықтайтын шекараға паралелль қойып перкуссия жүргізіңіз (қ.ж IV қабырғааралық);
2) Қалақша саусақты төске қарай жылжыта отырып,тұйықталған дыбыс пайда болғанша тыныш перкуссия жүргізіңіз;
3) Саусақты анық дыбыс естілген жағынан белгілеңіз.Бұл жүректің салыстырмалы оң жақ шекарасы;
Жүректің сол жақ шекарасы:
1) Пальпация арқылы жүрек соғысын анықтаңыз;
2) Жүрек соғысы анықталған қабырғааралықпен (V қабырғааралық) алдыңғы қолтық сызығына қалақша саусақты паралелль қойып перкуссия жүргізіңіз
3) Қалақша саусақты V қабырғааралық бойынша алдыңғы қолтық сызығына қиғаш қойып,анық дыбыстан бәсең дыбысқа өткенше перкуссия жасаңыз;
4) Қалақша саусақтың дыбыс анық естілген жағынан белгілеңіз,бұл жүректің сол жақ шекарасы;
Жүректің жоғарғы шекарасы:
1) Қалақша саусақты II қабырғааралыққа көлденең қойып,төстің сол жақ шетінен 1 см сыртқа қойып,төмен қарай анық дыбыс бәсең дыбысқа өткенше перкуссия жасаңыз;
2) Қалақша саусақтың дыбыс анық естілген жағынан белгілеңіз,бұл жүректің жоғарғы шекарасы;
Ескерту: 1) Жүректің оң жақ шекарасы-қалыпты жағдайда IV қабырғааралықта төстің оң жақ шетінен 1-1,5 см сыртқа;
2) Жүректің сол жақ шекарасы-қалыпты жағдайда V қабырғааралықта 1-1,5 см ішке сол жақ бүғана орта сызығынан;
3) Жүректің жоғарғы шекарасы - III қабырға тұсында;
Стандарт: Жүрекке аускультация жасау.
Мақсаты: жүректің жұмысы кезінде пайда болган үндерді тыңдау және бағалау.
Көрсеткіші: аритмиялар,туа пайда болған және жүре пайда болған жүрек ақаулары, анемиялар, артериялды гипертезия, өкпе –жүрек жетіспеушілігі, миокардит, эндокардит, перикардиттер, кардиомиопатиттер, тиреотоксикозда
Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ
Асқынулары: жоқ
Іс – әрекет алгоритмі:
1. Бөлме жылы және тыныш болуы керек
2. Тексерушінің қолы жылы және тырнағы алынған болуы керек
3. Фонендоскоп жылы және дұрыс жұмыс істеуі керек
4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазалап жуыңыз
5. Науқастың беліне дейін шешінуін сұраңыз.
6. Науқастың оң жағында тұрыныз.
7. Фонендоскопты спиртпен сүртіп науқастың денесіне тығыз басыңыз.
8. Жүрек клапындарын тындау жүргізілетін 5 негізгі тыңдау нүктелерін науқастан анықтаңыз .
9. Фонендоскопты тыңдау нүктелеріне қойыңыз:
a) жүрек ұшында митрльді клапын
б) II қабырға аралықта төстің оң жағында аорты клапына
в) II қабырға аралықта төстің сол жағында өкпе артериясың клапыны
г ) төстің семсер бөсіндісінің түбінде үш жақтаулы клапыны
д) III-IV қабырғаның төстің сол жақ шетіне бекітілген жерінде Боткин-Эрба нүктесі аорта клапына.
