Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарты ЛД ГЭК 2015 каз өзгерген.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
277.36 Кб
Скачать

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

ШЖҚ МКК «Медициналық колледж»

«__ »_______2015жылы өткен

Әдістемелік кеңес отырысында қаралып , бекітілді , хаттама № _

Әдіскер Касымбекова М.Р.

«Терапиядағы МІ» ЦӘК отырысында

каралып, мақұлданған

№__ хаттама «____» ___________2015 г.

Клиникалық пәндер ЦӘК жетекшісі ________ Маштахова С.Г.

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша стандарттар тізімі:

1. Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтау стандарты

2. Өкпеге салыстырмалы перкуссия жасау стандарты.

3. Өкпеге топографиялық перкуссия жасау стандарты.

4. Өкпеге аускультация жасау стандарты .

5. Жүрекке пальпация жасау стандарты .

6. Жүрекке перкуссия жасау стандарты.

7. Жүрекке аускультация жасау стандарты.

8. Ішке үстіртін пальпация жасау стандарты.

9. Бауырға пальпация жасау стандарты.

10. Бауырға перкуссия жасау стандарты. Образцов әдісі бойынша

бауыр тұйықтығының көлемдерін анықтау стандарты.

11. Лимфа түйіндеріне пальпация жасау стандарты.

12. ЭКГ - ға түсіру стандарты

13. Бронх демікпесінің ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету.

14. Астматикалық статус кезінде жедел көмек көрсету.

15.Өкпеден қан кету кезінде жедел көмек көрсету.

16. Жүрек демікпесі кезінде жедел көмек көрсету.

  1. Өкпе ісінуі кезінде жедел көмек көрсету.

  2. Коллапс кезінде жедел көмек көрсету.

  3. Естен танған кезде жедел көмек көрсету.

  4. Гипертоникалық криз кезінде жедел көмек көрсету.

  5. Стенокардия ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету.

  6. Миокард инфаркты кезінде жедел көмек көрсету.

  7. Кардиогенді шок кезінде жедел көмек көрсету.

  8. Асқазаннан қан кеткен кезде жедел көмек көрсету.

  9. Бауыр шаншуының ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету.

  10. Бүйрек шаншуының ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету.

  11. Гипергликемиялық кома кезінде жедел көмек көрсету.

  12. Гипогликемиялық кома кезінде жедел көмек көрсету.

  13. Анафилактикалық шок кезінде жедел көмек көрсету.

  14. Квинке ісігі кезінде жедел көмек көрсету.

.

1. Стандарт: Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтау.

Мақсаты: дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтау.

Көрсеткіші: крупозды пневмония, экссудативті плеврит, өкпе эмфиземасы, бронх демікпесі, абсцесс, өкпе туберкулезі, пневмоторакс.

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ.

Асқынулары: жоқ

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Бөлме жылы және тыныш болуы керек.

2. Тексерушінің қолы жылы, тырнағы алынған болуы керек.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазалап жуыңыз.

4. Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.

5. Тексерілушінің алдында тұрыңыз.

6. Алақаныңызды кеуде қуысының оң және сол бөлігінің симметриялы жеріне қойыңыз-алдынан III қабырғаға дейін.

7. Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтаған кезде науқас сөзді қатты айтуы керек.

8. Науқастан «Р» әріпі бар сөзді айтуын сұраймыз, мысалы «трактор», «қырық төрт».

9. Кейін науқастан арқамен бұрылуын сұраймыз.

10. Кеуде қуысының артынан алақаныңызды жаурын үстіне, жаурын ортасына 2 рет, жауырын астына 2 рет қойыңыз.

11. Тағыда науқастан «Р» бар сөзді айтуын сұраңыз, мысалы «трактор», «қырық төрт».

12. Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтаңыз.

Ескерту:

1. Дауыс дірілінің өткізгіштігі дауыстың тембрына және кеуде қуысының қалыңдығына ғана емес дауыс дірілінің өткізгіштігін өзгертетін өкпедегі патологияға да байланысты. Өкпенің белгілі бөлігінде тығыз орта болса (мысалы,сұйықтық, қабыну ошағы, қысылған өкпе) дауыс өткізгіштігі күшейеді.

2. Дауыс дірілінің өткізгіштігі азаяды немесе жойылады - плевра қуысына ауа немесе сұйықтық толғанда, ісіктерде.

3. Өкпенің барлық аймағынан біркелкі әлсіреген, әрең естілетін дауыс дірілінің өткізгіштігі өкпе эмфиземасында байқалады.

4. Дауыс дірілінің өткізгіштігі күшейеді, егер өкпеде тығыздалған ірі ошақ болса және өкпе ұлпасында ауа азайса, мысалы крупозды пневмонияда, өкпе инфарктісінде,толық емес компрессионды ателектазда, өкпеде қуыс пайда болғанда, ( абсцесс, туберкулезді кавернада), егер қуыс үлкен болып ірі брохымен жалғасса және айналасында тығыздалған өкпе ұлпасы болса.

5. Дауыс дірілінің өткізгіштігі жойылады-өкпе ұлпасы солғанда (толық ателектаз) бронх қуысы толық бітелгенде, мысалы, ісікпен немесе ұлғайған лимфа түйіндерімен қысылғанда

2. Стандарт: Өкпеге салыстырмалы перкуссия жасау.

Мақсаты: өкпе ұлпасы және плевра қабатындағы патологиялық өзгерістерді анықтау.

Көрсеткіші: пневмония, туберкулез, ісік, ателектаз, өкпе инфаркті, экссудативті плеврит, гидраторакс, гематоракс, өкпе эмфиземасы, пневмоторакс, абцесс, өкпе туберкулезі.

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ.

Асқынулары: жоқ.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Бөлме тыныш және жылы болу керек.

2. Тексерушінің қолы жылы және тырнағы алынған болу керек.

3. Қолыңызды гигиеналық дәрежеде жуыңыз.

4. Науқастың киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.

5. Тексеретін адамның алдына тұрыңыз.

6. Алдынан: қалақша саусақты бұғана үстіне қойыңыз.

7. Ортаңғы бұғана сызығы бойынша оң жақ және сол жақ қабырға аралықтан III қабырғаға дейін перкуссия жасаңыз.

8. Алдыңғы қолтық асты сызықпен оң жақ және сол жақ VI-VII қабырға аралықпен симметриялы перкуссия жасаңыз.

9. Артынан: ”қалақша” саусақты жауырын үстіне қойыңыз, жауырын ортасына, жауырын оң жақ және сол жақ бөлігінің симметриялы жерлеріне қойыңыз.

10. Перкуторлық дыбыстың сипатын бағалаңыз.

Ескерту: салыстырмалы перкуссия - симметриялы мүшелерді салыстырмалы жасағанда естілетін перкуторлық дыбыстың ерекшеліктеріне негізделген тәсіл

Қалыпты жағдайда өкпе үстінен анық өкпе дыбысы естіледі.

Өкпе ауруларында перкуторлық дыбыс өзгереді.

Бәсең дыбыс - өкпе ұлпасы тығыздалғанда.

Тұйық перкуторлық дыбыс - плевра қабатына патологиялық сұйықтық толғанда, қорап дыбысы - өкпе эмфиземасында, тимпаникалық - өкпеде қуыс пайда болғанда.