Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет20-25.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.19 Кб
Скачать
  1. Хаттаманың түрлері. Хаттаманың құрылуы және жойылуы.

  TCP (Transmission Control Protocol) – бұл транспорттық деңгейдің ең кеңінен таратылған түрі. ТСР ең маңызды функциясына бұрыннан қолданылып келе жатқан IP (Internet Protocol) хаттамасымен салыстырғанда, мәліметтерді жоғалтпай жеткізуі болып саналады. Хабарламаны жеткізу үшін процесс – жіберуші мен процесс – алушының арасын алдын – ала жалғайды. Бұл құрылған жалғау дейтаграмманың нақты түрде жетуін қамтамасыз етеді. ТСР хаттамасының бүлінген немесе жоғалған пакеттерді қайталап жіберу мүмкіндігі бар. 

 UDP (User Datagram Protocol) хаттамасы TCP хаттамасына қарағанда өте қарапайым транспорттық хаттама болып келеді. UDP хаттамасы дейтаграмманы жеткізіп беруді қамтамасыз етеді, бірақ оларды дәлелдер алуды талап етпейді.       UDP хаттамасы мәліметтерді қосылуларды орнатусыз – ақ жеткізіп беру талап етілген жағдайларда пайдаланады. Мұндай байланыс негізінде сенімсіз, өйткені оның хабарлары дұрыс қабылданды ма және ол ол тіпті алындыма, сол туралы жіберушіге хабарланбайды. Қателердің туындауын тексеру үшін пакеттің бақылау сомасы пайдаланылады, бірақ қателіктер ешқандай өңделінбейді – олар немесе жойылады немесе олардың өңделінуі өте жоғары қолданбалы деңгейде орындалады. 

  1. Архитектуралық қауіпсіздік принципі

Мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру архитектуралық тәсілді қолдану арқылы жүзеге асырылады, бұл әрбір мемлекеттік орган үшін уәкілетті органмен келісілген архитектура құру арқылы мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыруды болжайды. Мемлекеттік органның архитектурасы мемлекеттік органның ағымдағы және жоспарланатын жағдайының егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтитын құжаттардың, үлгілердің, матрицалар мен диаграммалардың, сондай-ақ мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды қамтамасыз етуге арналған функциялардың, бизнес-процестердің, деректердің, ақпараттық жүйелердің және техникалық инфрақұрылымның құрамдас бөліктерінің өзара тәуелділігі мен өзара байланысын оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі - ақпараттандыру жоспары) жиынтығы болады.

Архитектура мынадай өзара байланысты қабаттардан тұратын үлгі негізінде құрылатын болады: 1) қызмет архитектурасы; 2) деректер архитектурасы; 3) қосымшалар архитектурасы; 4) технологиялық архитектура; 5) ақпараттық қауіпсіздік архитектурасы. Тұтас алғанда «электрондық үкіметтің» архитектурасы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін сипаттауды, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту үдерістерін басқаруда және үйлестіруде қолданатын, нормативтік және техникалық талаптар кешенін ұсынады. Мемлекеттік органның архитектурасы оның міндеттерін, қызметтерін, ұйымдастыру құрылымын, электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын және олардың өзара байланыстарын қоса отырып мемлекеттік органның ағымдағы және жсопарланған жағдайын сипаттайды. Жергілікті атқарушы органдардың архитектурасы құрылады, ол бірыңғай бизнес-процестерді, құжаттардың, стандарттардың және үлгі шешімдердің бірыңғай қалыптарын пайдалану есебінен өңірлердегі мемлекеттік органдардың қызметін біріздендіруге мүмкіндік береді. «Электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасы-Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы жүйесінің есебімен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, ақпараттық ағындарды, ұйымдастыру құрылымын, міндеттері мен қызметін жүзеге асыруда стандарттық компонентттері мен талаптарын сипаттау. Пысықталған архитектураның негізінде мемлекеттік органда орындалатын бизнес-процестерді регламенттейтін нақты құжаттар әзірленеді. Уәкілетті орган ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралардың толықтығын, қарама-қайшы болмауын және мемлекеттік органдардың архитектурасын енгізуге бағытталғандығын тексереді.