Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет20-25.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.19 Кб
Скачать
  1. Көп машиналы архитектураны қолдану. Көп процессорлық архитектураны қолдану.

Көп машиналы жүйе (Многомашинная система; multimachine system) бірыңғай жұмысты орындау үшін машина аралық алмасу құралдарымен бірнеше компьютер біріктірілетін немесе сыртқы құрылғыларды бірлесе пайдаланатын есептеуіш жүйе.Компьютерлербір бірінің жанында немесе бірнеше, кейде айтарлқтай қашықтықта (мысалы, есептеуіш желіде) бір бірінен алыста орналасуы мүмкін. Ақпараттарды алмасу, ең соңында, машиналардың бір бірінің арасындағы операиялық жүйелері арқылы жүргізіледі. Бірақ ол машинааралық мәліметтерді алмасудың үрдістерінің динамикалық сипаттамаларын нашарлатады. Көп машиналы жүйелерді қолдану есептеуіш комплекстің сенімділігін арттырады. Мәліметтерді талдауда бір машина бастартса, оны комплекстің екінші машинасыжалғастырады. Бірақ, айта кететін жай, комплекстің құрылғылары осымақсат үшін тиімдіқолданылмайды.

Көпмашиналы компьютерлердің ақпараттық алмасу келесі деңгейде ұйымдастырылады:

●процессорлармен;

●оперативті жадымен;

●байланыс каналдарымен.

Көп процессорлық архитектураны қолдануларын зерттеу және талдау.

Соңғы жылдары пайдаланып жүрген есептеуіш машиналардың есептеу жылдамдығы мен сапасына көп көңіл бөлінетін болды. Сондықтан қазіргі кезде қуатты суперкомпьютерлер және көппроцессорлы компьютерлер жасалынуда. Олардың мүмкіншіліктері өте зор. Берілген операцияның орындалуы жеделдеді, әрі нәтижеге жету жылдамдығы өте жоғары.Қазіргі таңда көп процессорлық есептеу жүйесі(КПЕЖ) өзіндік дамуымен бірге көп салаларға да өз ықпалын тигізуде. Өзінің аукымдылығымен ғылымның көптеген салаларында, бизнес пен кәсіпорындарда да тиімді қолданылуда. Кластерлік жана технологиялар қарқынды дамуының есебінен көп процессорлық есептеу техникалары экономика саласында да қолайлы жағдай жасап отыр. Егер дәстүрлі КПЕЖ өзіндік қолданысын пайдаланып қана қоймай,қазіргі замануи жана технологиялардың қарқынды дамуына байланысты бүл аталмыш жүйе де өзіндік қырымен көрініс табуда. Сонын салдарынан көп процессорлы есептеу жүйесінің оның ішінде жаңа технологиялардың ақпарат алмасу деңгейін қалыптастыру, транзакциялық әзірлеу жүйесі жетілдіру, қызмет көрсетуге арналған телекоммуникациялардың ақпарат көзін басқару сияқты көптеген жауапты істердің басында тұратыны айқын.Қызмет түріне байланысты екі негізгі қолданыс жүйесі бар: қазіргі уақыттағы транзакциялық әзірлеу жүйесі(OLTP, on-line transaction processing)және шешім қабылдау жүйесіне арналған деректерді сақтау орындары мен ұйымдастыру(Data Mining, Data Warehousing, Decision Support System).

Көп процессорлық есептеу жүйесі өзіндік қызметіне қарай әр түрлі міндеттер атқаруы мүмкін.Көп қолданысқа енген түрлері төмендегідей:

  • жоғары сенім жүйесі;

  • жоғары өндіруші есептеу жүйесі;

  • көпсалалы жүйе.

КПЕЖ көбінесе жоғары өндіруші есептеу қарқыны үнемі көпшілік компьютерлермен бірігіп жинақталған.Мұндай әзірленген жүйе көптеген ауқымды жұмыстарды бағындыруға арналған жүйелерді біріктіре отырып инсталляция және пайдаланылмалы бір мезеттегі қолданылатын компьютерлердің жұмысын жүйелі жүргізуге септігін тигізеді.Сонымен қатар жұмыс барысында жүйе жұмысы барысында файлдық жүйелерді реттеуге оны қалыпты жағдайда жұмыс тәртібіне ыңғайлап тұрады.