Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет20-25.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.19 Кб
Скачать
  1. Ақпаратты кодтау. Ақпаратты жеткізу.

Кодтау (кодирование; coding; кодировать; encode) — мәліметтерді олардың алдын ала тағайындадған кодтық комбинацияларымен бейнелеу немесе мәліметтер элементін (символдар жиынын) олардың кодтық комбинацияларымен сәйкес келтіру; программалау процесі; Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы  ұсынуды кодтау деп атайды.

Бір ғана ақпаратты  әр түрлі  әдістермен ұсынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру  ережесін код деп атайды.

Ақпаратты кодталуы  оның кері  кодталу (декодталу) процесіне байланысты. Себебі кодтауға  қолданған символдар неғұрлым аз болса, кері кодтау соғұрлым жеңіл болады.

Ақпаратты ұсыну, сақтау, қабылдау және өңдеу  әдістері іс жүзінде  ақпараттың  кодтау түріне байланысты. Ақпаратты кодтауға Морзе әліппесін қолданып ақпарат ұысну мысал бола алады. Бұл ХІХ ғасырда телеграф  көмегімен ақпарат  жібергенде  қолданды. Мұнда әріптер сызықшалар мен нүктелер арқылы кодталады.

Екілік алфавит 0 және 1 таңбасынан тұрады. Ағылшынша екілік  таңбаны  бит деп атайды. Сондықтан біз 0 немесе 1-ді бит деп атйтын боламыз. Ақпаратты осы екі таңбамен кодтау оларды сақтау мен жеткізу құрылғыларының конструкциясын мейлінше жеңілдетеді. Екілік таңбаның қарапайымдылығы оның есепетуіш техникада  кең тарауына себеп болды.

Ascii коды.

Есептеуіш техникада ең көп қолданылатын код – ASCII американдық ақпарат алмасудың стандартты коды. (Кесте тақтаға ілініп қойылады) Кесте 16 жол 16 бағаннан тұрады.  Кестедегі символдың орны он алтылық коды арқылы анықталады.

 Ол екі бөліктен тұрады: стандартты және баламалы.

Стандартты бөліктегі – бірінші 128 символдар, 0-ден 127- ге дейінгі кодтар: цифрлар, датын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын  басқаратын арнайы символдар.

Баламалы бөліктегі – екінші 128 символ, 128-ден 255-ке дейінгі кодтар, бұлар ұлттық алфавиттер әріптерін (орыс, қазақ, т.б.), псевдографикалық және кейбір арнайы символдарды  орналастыруға арналған. Ондық, екілік, он алтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі  кітаптарыңда 2-суретте келтірілген.

Билет № 24

  1. Жұлдыз архитектурасын қолдану. Иерархиялык архитектураны қолдануларын зерттеу және талдау.

Жұлдыз" төрізді топология (Топология типа "звезда"; star topology) — барлық тораптары орталық бір тораппен жалғас- қан желі топологиясы. «Жұлдыз» топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды. Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді. «Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.

Иерархиялық архитектурасын қолдану және зерттеу

I-4004 микропроцессор шығару бойынша бірінші хабарламаны 1971 жылда Intel фирмасы жариялады. Интегралдық схемасынөндіру технологиясын мейлінше жетілдіру және дамыту миропроцессорды жасауға әкелді. ЭЕМ-нің архитектурасын бір интегралдық схемада іске асыруға әкелді. Микросхеманың интеграция дәрежесін жоғарылату МП-да берілген программа бойынша жұмыс істейді. Микропроцессор аппаратының құралдары ЭЕМ процессорының құрылымын қайталайды. Соның ішінде: арифметикалық логикалық құрылығысы; басқару құрылғысы және бірнеше жұмысшы регистрлер бар. МП бір немесе бірнеше интегралдық схемадан тұруы мүмкін. Бұл ингетралдық схемалар орындайтын функцияларының принциптері бойынша бөлінген. Бұл бөлімде ЭЕМ-нің негізгі функционалды элементтері қарастырылады. Оларға келесілер жатады: дешифратор, шифратор, әртүрлі типтік триггерлердің схемалары, санауыш (счетчик), сақтау және жылжыту регистрлері. Олардың ішкі құрылымдары, жұмысының уақыттық диаграммалары және функциялары сипатталады. Бұл элементтердің ЭЕМ құрылғысы мен әртүрлі түйіндерді құрастыру кезіндегі орны мен рөлі айтылады

  1. Компьютерлік желі дегеніміз жайлы түсінік. Қарапайым компьютерлік желінің негізгі компоненттері. Компьютерлік желінің түрлері.

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.

Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.

  1. Электронды цифрлық қол қою (ЭЦП).

Электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) – бұл электрондық құжаттың деректемесі, жасанды көшірмеден осы электрондық құжатты қорғау үшін арналған. Электрондық сандық қолтаңба ақпараттыкриптографиялық қорғау құралдарын (АҚҚҚ) пайдалануымен ақпаратты қайта жасау нәтижесінде қалыптасады және кілттің қол қою сертификатының иесін сәйкестендіруге, сондай-ақ электрондық құжатта ақпараттың бұрмалануының жоқ болуын белгілеуге рұқсат етеді.

Электрондық сандық қолтаңбаның жабық кілті – тіркеу куәлігінің иесіне белгілі электрондық сандықрәміздерінің дәйектілігі және электрондық сандық қолтаңбаның құралдарын пайдалануымен электрондық сандық қолтаңбаны құру үшін арналған.[2]

Электрондық сандық қолтаңбаның ашық кілті – электрондық сандық рәміздерінің дәйектілігі, кез келген тұлғаға қол жеткізілімді және электрондық құжатта электрондық сандық қолтаңбаны растау үшін арналған; ашық кілт тек қана жабық кілтпен жұптасып жұмыс жасайды.[3] Ашық кілтке тіркеу куәлігі беріледі, ол автоматты түрде электрондық сандық қолтаңба қол қойылған сіздің хатыңызбен бірге беріледі. Сіз кіммен қол қойылған құжаттарды алмасқыңыз келетініңіздің барлығында өз кілтіңіздің бар болуын қаматамасыз етуіңіз тиіс. Сіз сонымен қатар оның тіркеу куәлігін көріп, сіз алған құжаттың электрондық қолтаңбасымен қол қойған тұлға туралы көз жеткізесіз. Ашық кілттің телнұсқасы куәландырушы орталығына жолданады, онда электрондық сандық қолтаңба ашық кілтінің кітапханасы құрылған. Куәландырушы орталығының кітапханасында жасанды көшірмені жасаудан немесе бұрмалауды енгізуден қашуға ашық кілттердің тіркеуі мен сенімді сақталуы қамтамасыз етіледі

Билет № 25