Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
для интернов каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.39 Mб
Скачать

Қан кету синдромы

$$$036

32 жасар әйел, жүктіліктің 28-29 аптасы, таңертең жыныс жолдарынан шамалы қанды бөліністер пайда болды. Он екінші жүктілігі. 9 – артифициальді аборт. Екеуі реобразиямен. Объективті: Пульсі минутына 76 соққы. Артериалды қысымы 110/70 мм.сбб. Ұрық көлденең қалыпта, басы оң жағында. Пальпация кезінде жатырдың төменгі сегментінде қамырлық сезімі бар. Ұрықтың жүрек соғу жиілігі минутына 134 рет, ырғақты.

Аталғандардың ішінде қандай плацентаның орналасуы ЕҢ болжамды?

A) Жатыр түбінде

B) Жатырпдың алдыңғы қабырғасымен

C) Ішкі аранның деңгейінде

D) Жатырдың артқы қабырғасымен

E) Жатырдың бүйір қабырғасымен

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}=(Руководство для врачей скорой помощи/ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=ZO

$$$037

47 жасар ер кісі. әлсіздікке, бас айналуына, ал-қызыл қанмен құсуына, нәжісінің қара болуына шағым айтады. Бір жыл ішінде 12 килограммға арықтады, тәбетінің жоғалуын, жүрек айнуын, эпигастрийдегі тұрақты ауру сезімін байқады. Объективті: жүдеген, бозарған. Пульсі минутына 110 рет, артериалды қысымы 100/90 мм.сбб. Іші жұмсақ эпигастрийде ауырады, 5х6 см көлеміндегі түзіліс пальпацияланады. Қан анализі: эритроциттер 2,8х1012/л, гемоглобин – 89 г/л, лейкоциттер - 12х109/л, ЭТЖ - 45 мм/сағ.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

A) Асқазанның ойық жара ауруы

B) Асқазан ісігі

C) Ұйқы асты безінің рагі

D) Созылмалы гепатит

E) Біріншілік билиарлы цирроз

{Дұрыс жауабы}=B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Руководство для врачей скорой помощи/ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

$$$038

30 жасар әйел. Іштің төменгі бөлігінде оң жақта қатты ауруына, әлсіздікке, көз алдында қарауытуына, таңертеңгілік құсуға шағымданады. Етеккірі 2 аптаға кешігіп жатыр. Апта ішінде жыныс жолдарынан жағылатын қанды бөліністерді байқады. Сақтанбайды. Объективті: терісі және шырыштары бозғылт. Пульсі минутына 110 соққы. Артериалды қысымы 80/50 мм.сбб. Іші шамалы керілген, оң жақ мықын аймағында қатты ауырады.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

A) Дисфункционалды қан кету

B) Басталған аборт

C) Сальпингит

D) Аднексит

E) Түтіктік жүктілік

{Дұрыс жауабы}=E

{ Күрделілігі}=2

{ Оқулық}=(Руководство для врачей скорой помощи/ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

$$$039

25 жасар әйел. Жүктіліктің 27-28 аптасы. Толық тыныштық фонында кенеттен шамалы қан кетуге шағымданады. Анамнезінде 3 медициналық аборт, 1 реобразиямен. Объективті: тері және көрінетін шырышты қабаттары қалыпты түсті. Пульсі минутына 78 соққы. Артериалды қысымы 110/70 мм.сбб. Жатыры жұмсақ, қозғыш емес. Ұрықтың жатуы қисық. ұрықтың жүрек соғу жиілігі минутына 140 соққы, ырғақты.

Төменде көрсетілген зерттеулер ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?

A) Ультрадыбыстық зерттеу

B) Допплерометриялық зерттеу

C) Қынаптық зерттеу

D) Айналармен қарау

E) Лабораторлық зерттеу

{Дұрыс жауабы}=A

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Руководство для врачей скорой помощи/ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=PA

$$$040

27 жасар әйел. Жүктіліктің 8-9 аптасы. Соңғы 2 күн ішінде ішщтің төменгі бөлігінде, белінде сыздаған және тартылған ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде овариальді-етеккір циклінің бұзылуы. Күйеуге тиген, 3 жыл біріншілік бедеулік. Объективті: пульсі минутына 76 соққы. Артериалды қысымы 110/70 мм.сбб. Іштің пальпациясында қасаға үстінде ауырады.

Аталған дәрілік заттардың ішінен қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді?

A) Витамин Е 10 мг х 1,0 бұлшық етке

B) Прогестерон 5 мг х 2 рет ішке

C) Аскорутин 0,5 мг 1 таблеткадан 3 рет ішке

D) Дексаметазон 0,002 1 таблеткадан 1 рет ішке

E) Дротаверин 2% ертінді 2,0 х 2 рет бұлшықетке

{Дұрыс жауабы}=B

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Руководство для врачей скорой помощи/ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=PA