- •Жүрек тұсындағы ауыру сезімі. Салыстырмалы диагностикасы. Тұрақсыз стенокардиямен, кардиогенді шокпен, жедел жүрек жетіспеушілігімен асқынған жедел миокард инфарктімен науқастарға шұғыл көмек
- •Гипертониялық криз. Шұғыл емдеу, ары қарай жүргізу тактикасы
- •Балалардағы гипертермиялық және тырысу синдромдары кезіндегі жедел көмек
- •Ентігу және тұншығу синдромы. Салыстырмалы диагностика
- •С) Атропин 1,0 бұлшықетке
- •Ересектер мен балалардағы «жедел іш» синдромы
- •Қан кету синдромы
- •Уланулар
- •Педиатрия Антеналды алдын-алу, нәрестелердің патронажы. Нәрестелердің денсаулығының критерилері (мерзіміне жетіп және мерзіміне жетілмей туылғандар). Қауіп-қатер топтарын құру.
- •Е) Жекелеген күнтізбе бойынша аялаушы әдіспен
- •D) 6 апта
- •Өкпенің арнайы емес созылмалы аурулары
- •Бронх демікпесін диагностикалау алгоритмі
- •Өкпенің созылмалы тұқым қуалайтын аурулары
- •Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
- •Рахит және рахит тәрізді аурулар
- •Ішкі аурулар Жөтел кезіндегі рационалды диагностикалау алгоритмі
- •Өкпедегі ошақты түзілістер кезіндегі рационалды диагностикалау алгоритмі
- •Тұншығу ұстамасы кезіндегі рационалды диагностикалау алгоритмі
- •Ұзаққа созылған гипертермия кезіндегі диагностикалау алгоритмі
- •Артериалды гипертензия синдромы кезіндегі диагностикалау алгоритмі
- •Жүрек ырғақтары бұзылыстары кезіндегі диагностикалау алгоритмі
- •Кеуде қуысы ауруы кезіндегі диагностикалау алгоритмі
- •Жүрек ақаулары кезіндеі диагностикалау алгоритмі
- •Буын синдромы кезіндегі диагностикалау алгоритмі
- •1.Себебі, грипке қарсы иммунизация белсенді түрде жүргізіледі
- •2.Себебі, жедел профилактикасында оксалин майы қолданылады
- •559. Асқазан обырымен ауратын науқасты iYст.Т3n2м1, өкпеге метастаз берген, канцероматоз симптоматикалық емге жеберілген? Науқас қандай клиникалык топқа жатады?
- •Зәр синдромы кезіндегі диагностикалау алгоритмі
- •Дисфагиялар кезіндегі диагностикалау алгоритмі
- •Асқазан диспепсия кезіндегі диагностикалау алгоритмі
- •Жтд тәжірибесіндегі іштегі ауру синдромын диагностикалау алгоритмі
- •Сарғаю синдромы кезіндегі диагностикалау алгоритмі
- •Диарея синдромы кезіндегі диагностикалау алгоритмі
- •*!Тұрғындарды Манту сынамасымен жаппай тексеруді жүргізгенде аталғантуберкулиннің түрлерінің қайсысын қолданылады?
- •*Созылмалы диссеминирленген өкпе туберкулезі инфильтрация сатысында, үзілістен кейін ем, 4 категория, 1б диспансерлік бақылау тобы
- •С) Атропин 1,0 бұлшықетке
1.Себебі, грипке қарсы иммунизация белсенді түрде жүргізіледі
2.Себебі, жедел профилактикасында оксалин майы қолданылады
3.+Себебі, грипптің вирусы сыртқы ортада аз тұрақты
4.Себебі, грипптің вирусы ультрафиолетті сәулелерге тұрақты.
5.Себебі; сырқаттану халықтың арнайы иммунитетіне байланысты.Науқас
540. Науқаста (нашақорда), бір ай бойы субфебрильді температура, қайталанған құсу, дене температурасы 39,5 С, ішінің бар жері ауырсынып, сұйық, көп мөлшерде, жасыл түсті, сасық иісті, патологиялық қоспаларсыз нәжістің болуы қалай диагностикаланады:
1.Жедел бруцеллез
2.Іш сүзегі
3.Безгек
4.+АИТВ - инфекция
5.Амебиаз
541. Мейірбике фурациллин ерітіндісін дайындағанннан кейін қол басының терісіне қышитын бөртпелердің пайда болуына шағымданады Қол басының терісінде жайылмалы гиперемия, ісінген көптеген майда көпіршіктер мен эрозиялар бар. Препараттың әсерін тоқтатқаннан кейін жағдайы қалпына келді. Төмендегі диагнозды дәлелдейтін жолды көрсетіңіз:
1.+Қабынулық көріністері кеткен соң тері сынамаларын қою
2.Дермографизм сипатын анықтау
3.Қөпіршіктердің сұйықтығында цитозды анықтау
4.Диаскопия
5.Эрозия бетінен жұғын-таңба алу
542. 25 жастағы науқас дәрігер-дерматологқа жыныс мүшесінде 1 апта бұрын тырналудың пайда болуына шағымданып келді. 1,5 ай бұрын бейтаныс әйелмен жыныстық қатынаста болған. Ќарағанда: жыныс мүшесінің басында дөңгелек пішінді, анық шектелген, шеті тегіс, көлемі 0,5 см эрозия байқалады. Эрозияның түбі табақша тәрізді, шикі еттің түсіндей, жылтыр, беткейінен серозды сұйықтық бөлінеді. Пальпация кезінде негізінде тығыз инфильтрат анықталады. Субъективті сезімі жоқ. Сол жақ шап лимфа түйіндері тығыз консистенциялы, қозғалмалы, көлемі орман жаңғағындай, айырсынбайды. КСР теріс мәнді. Диагнозды дәлелдеу үшін бірінші қандай зерттеу жүргізу қажет?
1.Қанның биохимиялық анализі
2.+Бозғылт трепонеманы қараңғы аймақта қарау
3.Акантолитикалық торшаларға жұғын-таңба
4.Туберкулинді сыналар
5.Уретроскопия
543. 23 жасар науқасты кешкі және түнгі уақытта үдейтін қышу сезімі мазалайды. Тексергенде: қолдың саусақ аралығында, білегінің бүгілетін беткейінде, ішінде, құйымшақта, санныѕ ішкі бетінде жұптасқан түйіншекті- көпіршікті бөртпелер, нүктелі экскориациялар байқалады. Төмендегі аталғандардың қайсысы жағдайын өзгертуі ықтимал?
1.+Бензил-бензоат
2.Сулы ќоспа
3.Ланолинді крем
4.Цинк пастасы
5.Цинк майы
544. 40 жастағы науқас 10 жылдан бері тері ауруымен ауырады. Бөрпелер шынтағы мен тізесінде, басының шашты бөлігінде орналасқан. Қысқы мезгілде бөрпелер денеге, бүкіл аяққа жайылады. Соңғы өршу 2 апта бұрын басталған. Объективті: бас терісінің шашты бөлігінде, аяқ-қол буындарының сыртқы жағында, денесінде, ақшыл-қызғылт түсті, шектелген, дөңгелек пішінді, беті күміс-ақ қабыршақпен жабылған түйіншектер байқалады. Түйіншектердің көлемі 0,2-2,0 см. Қыру кезінде үштік симптомы анықталады (стеарин дағы, терминальды қабық, қан шығы). Барлық бармақтарының тырнақтары өзгерген. Тырнық пластинкасында нүктелі ойыстар көрінеді. Оймақ симптомы оң. Субъективті: шамалы қышу мазалайды. Науқасқа қойылатын ықтимал диагноз?
1.+Вульгарлы псориаз
2.Дискоидты қызыл жегі
3.Диффузды нейродермит
4.Қызыл жазық теміретке
5.Жибердің қызғылт теміреткісі
545. Пневмониямен ауырған науқас 5 күн бойы пенициллин иньекциясын алғаннан кейін, денесінің, аяқ-қолдарының терісіне ашу және қышумен жүретін эритематозды дақ және күлдіреуік түріндегі бөртпелер пайда болды. Төмендегілердің қайсысы берілген жағдайда алдын-алу шараларына жатады:
1.Күн сәулесінің тікелей түсуінен сақтану
2.Тұссыз диетаны сақтау, №1 стол
3.+Пенициллин қолданудан сақтану, қажет жағдайда басқа антибиотиктерді қолдану
4.Санитарлы-гигиеналық ережелерді сақтау
5.Нервтік стресстардан сақтану
546. Жанұялық дәрігерге И.,есімді 13 жасар оқушы келді. Бет аймағында қатты қышитын бөртпенің пайда болуына шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған. Ауырар алдында математикадан қанағаттанарлық баға алуынан, уайым себеб болды. Сәби кезінде диатезбен ауырған. Қараған кезде: беттерінде симметриялы орналасқан, ұсақ папула, микровезикула және нүктелі дымқыл эрозиялары бар, жедел қабынбалы ісінген эритема анықталды. Болжам диагноз:
1.Микробты экзема
2.Себореялы экзема
3.Балалық экзема
4.+Шынайы экзема
5.Кәсіби экзема
547. Псориаз кезінде терминальді қабық симптомының пайда болу генезі қандай?
1.Эпидермистің жұқаруымен қатар дерманың дәнекер тінді емізікшелерінің ұзаруы
2.Дерманың емізікшелі қабатының ісінуі
3.+Эпидерманың өсінділерінің ұзаруымен қатар эпидермистің тікенекті қабат қатарларының санының өсуі
4.Жасуша аралық катайтатын субстанцияның еруі
5.Эпидермистің тікенекті қабатының жасушалар қатарының санының азаюы
548. Бала – бақшаға баратын, 4 жасар баланы жанұялық дәрігер қарап – тексерген кезде, бетінің терісінде диаметрі 3 мм болатын, мөлдір емес және болбыр және жұқа сұр қабыршағы бар, бірнеше көпіршіктер көрінеді. Осындай бөртпелер бірнеше бала да анықталды. Болжам диагнозды таңдаңыз:
1.Дөрекі импетиго
2.Стафилококты импетиго
3.+Стрептококты импетиго
4.Герпес тәрізді импетиго
5.Қуысты импетиго
549. Ересек адамда жыныстық жолмен жұқтырған, қышыма бөртпесінің орналасуын таңдаңыз:
1.+Іштің төменгі бөлігі, санның ішкі беттері
2.Шаб және анус аймағы
3.Ірі буындардың жазғыш беттері
4.Алдыңғы аксиллярлы сызықтар
5.Емізікше және ареола аймағы
550. Науқастың алақан – білезік аймағының сыртқы жағында, қатты қышитын, симметриялы орналасқан, ұсақ папула, везикула және мөлдір тамшы түрінде ағып тұрған, бетінде серозды экссудатты эрозиялары бар, ісінген эритеманың оптималды емін таңдаңыз.
1.+1-2% танин ерітіндісімен күніне 3-4 рет сулау
2.4-5% танин ерітіндісімен күніне 3-4 рет сулау
3.1-2% танин ерітіндісімен күніне 1 рет сулау
4.4-5% танин ерітіндісімен күніне 1 -2 рет сулау
5.7-8% танин ерітіндісімен күніне 3-4 рет сулау
551. Гистологиялық тексеруде бұған асты лимфалық түйінде жалпақ клеткалы обырдың жасушалары анықталған. Ісіктің орналасқаның қай жерден іздеу керек?
1.Асқазан
2.Тік ішек
3.+Өңештің жоғарғы 3/1
4.Гайморова пазуха
5.Төменгі ерін
552. 57 жастағы науқасты үйде қаралды: бірнеше күн бойы тамақ ішкеннен кейін эпигастральді аймақта ауырлық сезім пайда болған және жүрек айнуды басу үшін құсуды өзіндік тудырғандығы анықталған. 5-7 кг салмақ жоғалтқан. Әлсіздік байқалады, бұрын 12 елі ішектің жара ауруымен ауырған. Физикальді қарағанда тері тургоры төмендеген, асқазан «шылпыл шуы» пайда болған. Бұл жағдайда не істеу керек?
1.Зерттеу
2.Асқазанға зонд қою, үнемі жуып отыру
3.Терапия бөліміне жатқызу
4.Хирургиялық онкологияға жатқызу
5.+Қысқа уақытты дайындықтан кейін хирургиялық стационарға жатқызу
553. Науқасты тексергеннен кейін қалқанша безінің оң жақ бөлігінің фолликулярлы обырының IIIа сатысы анықталған. Науқасқа қандай операция көлемі жасалады?
1.Экономды резекция
2.Оң жақ бөліктің субтоталды резекциясы
3.Қалқанша безінің эктирпациясы
4.Крайля операциясы
5.+Гемиструмэктомия
554. Егерде сүт безі обыры не цитологиялық, не гистологиялық верифицирленбесе, бірақта дәрігерде клиникалық сүт безі обырына күмән бар, онколог не істеуі қажет:
1.Отаалды курс терапиясын өткізеді
2.Химиотерапия тағайындау
3.Науқасты емханаға хирургтың бақылауына жіберу
4.+Сүт безіне секторалды резекция экспересс - гистологиямен
5.Бірден радикалды мастэктомия операциясын жүргізу
555. Дәрігерге бұрын тізе буынында ауыспалы ауырсынулармен ауырмаған 49 жастағы науқас қаралды. Анамнезінен: темекі тартады, құрғақ жөтел, СОЭ – 48 мм/сағ, ревматоидты пробалар оң нәтижелі, рентгенограммада: түбір аймағындағы зонада айшықталу, бірінші өкпе алаңында ортанғы бөлікте сәулелі контурлармен біркелкі емес домалақ көленкелер түзілу. Жағдайдың ең тиімді әдісін көрсетіңіз:
1.+Шайындыларды цитологиялық зерттеумен бронхоскопия
2.Туберкулинді пробалар
3.Буындардың пункционды биопсиясы
4.Өкпе томографиясы
5.Өкпе рентгенографиясы
556. 67 жастағы науқасқа 1 жыл бұрын астыңғы ерін рагы бойынша операция жасалған. Қайта қарау кезінде рецидив анықталды. Науқас қандай клиникалык топқа жатады?
1.I
2.+II
3.III
4.IV
5.II б
557. Эндоскопиялық зерттеуде тік ішектің полипі анықталды, аяқшасы бар, көлемі 1,5 см, I клин. топ. Дәрігердің тактикасы қандай?
1.Динамикада бақылау
2.Радикалды операция
3.Симптоматикалық терапия
4.+Эндоскопиялық полипэктомия
5.Химиосәулелік терапиян
558. 52 жаста5ы науқаста сүт безі рагының III сатысы. 2 жыл бұрын комплексті ем алған. Бақылау қарау кезінде өкпеде метастаз анықталды. Дәрігердің тактикасы қандай?
1.3 айдан кейін бақылау қарау
2.1 жылдан кейін бақылау қарау
3.+Симптоматикалық емге жіберу
4.Радикальді хирургиялық ем
5.Паллиативтік операция
