Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МР_пр_4к_каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
372.74 Кб
Скачать

«Мейірбике ісі» өндірістік практикасының қорытындысы бойынша іскерліктер мен машықтарды бағалау критерийлері «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша пән оқытушысы ретінде жұмыс істеу

Машық пен іскерлік, бағалау критерийлері

Баллмен берілген баға

1

«Мейірбике ісі» мамандығының пәндері бойынша медициналық колледждің немесе ЖОО-ның кафедрасында практикалық сабақ өткізу

4,0

Алдын ала педагогикалық журналды, оқытушыға арналған әдістемелік әзірленімдер мен студенттерге арналған нұсқауларды, бақылау-өлшеу құралдарын, көрнекі құралдарды, ақпараттар блогын, оқу процесін қамтамасыз етуге қажетті техникалық құралдарды дайындайды

Сабақтың тақырыбы пәннің оқу бағдарламасының күнтізбелік-тақырыптық жоспарына сай келеді

0,2

Студенттердің сабаққа қатысуын және үлгерімін тіркейді, жазбаны сауатты, түсінікті етіп жазады

0,2

Сабақты өткізу жоспары мен хронометражды сақтайды

0,2

Тақырып бойынша соңғы жетістіктерді пайдаланады, сабақ тақырыбын қисынды және реттелігін сақтап түсіндіреді

0,5

Ұсынылатын материал жүйеленген , кіріспе , негізгі және қорытынды бөлімі бар

0,5

Студенттердің білімін бақылаудың әртүрлі формаларын пайдаланады (ауызша және/немесе жазбаша сұрау, тестілер, ситуациялық тапсырмалар, т.б.).

0,5

Оқытушының жетекшілігімен орындаған студенттің өзіндік жұмысын бақылайды

0,2

Берілген тақырып бойынша студенттің өзіндік жұмысын дәл бағалайды

0,2

Сабақта студенттердің танымдық қызметін белсендіру үшін әртүрлі әдістерді қолданады (пікірталастар, шағын топтарда жұмыс істеу, миға шабуыл, т.б.)

0,5

Сабақ барысында шыдамдылық, сабырлылық танытады, медициналық және педагогикалық терминдерді сауатты қолданады

0,5

Аудиториямен үнемі ауызша және/немесе жазбаша түрде кері байланысты пайдаланады

0,5

2

Курстасы өткізген практикалық сабақты талдау

4,0

Курстасының сабағына кешікпей келеді

0,5

Құпиялылық принципін сақтайды

0,5

Практикалық сабақты талдау кезінде сабақты жүргізуді бағалау критерийлерін сақтайды (алдыңғы машықты қараңыз)

1,0

Сабақты талдау барысында шыдамдылық, сабырлылық танытады, медициналық және педагогикалық терминдерді сауатты қолданады

1,0

Курстасына өткізілген сабақ бойынша конструкциялық ұсынымдар береді және ұсыныстар айтады

1,0

3

«Мейірбике ісі» мамандығының пәні бойынша пәннің оқу-әдістемелік кешенін (ПОӘК) құру

ПОӘК құру

4,0

Студент құрастырған ПОӘК-те ғылымның дамуының қазіргі днңгейі көрініс табады, соңғы жылдардағы әдебиеттерге сілтеме жасалады

1,0

ПОӘК-те пән тақырыбының, мақсаты мен міндетінің сауатты құрастырылған өзектілігі көрініс тапқан

0,5

Материалдар оқу материалының қисынды бірізділікпен баяндалуы қарастырады

0,5

Материал МЖМБС-2006 бойынша пәннің мазмұны мен көлеміне сәйкес келеді

0,5

ПОӘК-те оқу процесін күшейту үшін қазіргі әдістер мен техникалық құралдарды қолдану баяндалады

0,5

ПОӘК-ті құрастыру кезінде норматифтік құжаттардың (нұсқаухат, ережелер және т.б.) талабын сақтайды

0,5

ПОӘК сауатты тілде, медициналық және педагогикалық терминдерді сауатты қолданып, грамматикалық және орфографиялық қателерсіз жазылған

0,5

4

Бақылау-өлшеу құралдарын құру (тестілер, ситуациялық тапсырмалар, сынақ, емтихан сұрақтары, практикалық машықтардың тізімі)

4,0

Барлық тест тапсырмалары бағдарламамен және оқытудың мақсаттарымен байланысты

0,5

Әрбір тест тапсырмасы нақты бір фактіге, принципке, іскерлікке, білімге қатысты, яғни тестіге қосу үшін маңызы бар

0,5

Тест тапсырмасы қысқаша тұжырымдалып ұсынылған, нақты, түсінікті тілде жазылған, бір мағыналы

0,5

Тестіде бір мағыналы ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар пайдаланылған. Дұрыс емес жауаптардың ( дистракторлар) ұзындығы дұрыс жауаптармен бірдей. Тест тапсырмасының тұжырымдамасын көмекші сөзден, жалғаулықтан, шылаудан бастамайды

0,5

Тест тапсырмалары мен сұрақтарын құру кезінде «барлық уақытта», «кейде», «ешқашан», «аталғандардың ешқайсысы», «аталғандардың бәрі дұрыс» деген сиақты жалпылама сөздерден қашу керек

0,5

Сынақ, емтихан сұрақтарын құру кезінде пән тақырыбының көлемі мен мазмұнына назар аударылады

0,5

Практикалық машықтардың тізімін құру кезінде типтік бағдарламадағы пәнді оқытудың қорытынды нәтижелері, пән бойынша оқу-өндірістік практиканың болуы ескеріледі

0,5

БӨҚ сауатты тілде, медициналық және педагогикалық терминдерді сауатты қолданып, грамматикалық және орфографиялық қателерсіз жазылған

0,5