Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МР_пр_4к_каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
372.74 Кб
Скачать

2.7.3. Тәжірибе бойынша есепке дайындалу реті мен қорғау мерзімі.

2.7.3.1. Практика жетекшісінің ағымдық бақылауы:

  • Бөлімдегі жұмыс орнындағы студенттің практикалық әрекеті мен қатысуын бақылау. Практика жетекшісі күнде журналға келгендерді және келмегендерді тіркейді.

  • Студенттердің практикалық дағдыларды меңгеруін бақылау.

Практика жетекшісі клиникалық базаның қызметкерімен бірлесе отырып студенттерден практикадан өту барысында берілген тізімге сәйкес дағдылардың орындалуы туралы мәлімет алып, «Практика нәтижесі» (қосымшаны қараңыз) кестесіне жазып отырады.

  • Студенттердің күнделігін тексеру. Студент күн сайын жасаған жұмысы жайлы практика күнделігін толтырады. Практика жетекшісі жұмыстың дұрыстығы мен сапасын бақылап, керекті түзетулерді енгізіп, күнделікке күн сайын қол қойып отыруы керек. Студент оқу-өндірістік тәжірибе аяқталғаннан кейін тәжірибе жетекшісіне атқарған жұмысы туралы еркін түрдегі есебі мен орындаған манипуляцияның сандық көрсеткіштерін тапсырады. Студент есебінде тәжірибенің өткен уақыты, күні, емдік мекемедегі бөлімше аппаратурасының құрылғылары, тәжірибе өткен жердің жағдайының жалпы сипаты, тәжірибенің өтілу тәртібі, тәжірибе уақытында байқалған тәжірибе мен теорияның арасындағы байланысты көрсетеді, олардың себебін, студенттің анықталған кемшіліктерді болдырмау мүмкіндіктерін көрсетеді. Тәжірибе сапасын жақсартуға ұсынылған шешімдер.

Тәжірибе жетекшісі – күнделікке студент жұмысының қысқаша мінездемесін жазады. Мінездемеде теориялық білімінің деңгейі, тәжірибелік дағдыларды меңгергендігі, студенттің тәртібі мен жауапкершілігі туралы жазылады.

2.7.3.2. Қорытынды бақылау – сараланған сынақ.

Қорытынды бақылауға жіберілу үшін толтырылған практика күнделігі (практика жетекшісі куәландырған), кафедра меңгерушісі мен практика жетекшісі қол қойған студенттің мінездемесі, практикаға қатысу журналы болуы тиіс.

Кәсіби практика қорытындысы бойынша сараланған сынақ «критерийлерге...» сәйкес студенттердің практикалық дағдыларының бағасының нәтижесіне негізделеді. Практикалық дағдыны (іскерлік) бағалау ұпайлық – әріптік жүйе бойынша %-ға қайта есептеумен іске асырылады.

Практиканың соңғы күні студенттер сараланған сыңақ тапсырады.

Күнделіктің соңында сынақтың күні және практиканың бағасы қойылады. Кафедра меңгерушісі және практика жетекшісінің қолдары қойылады.

«Жалпы практика мейірбикесі» өндірістк практикасының қорытындысы бойынша іскерлік пен дағдыны бағалау критерийі

(сараланған сынақта)

«Жалпы практика мейірбикесі» өндірістік практикасынан өту кезінде алынған іскерлік пен дағды әріптік жүйемен (оң баға А әрпінен F әрпіне дейін, сандық эквивалентке 4 ұпайлық жүйе бойынша сәйкес келетін) бағаланады. Әрбір дағды қадам бойынша жазылады, олар жалпы саны 4 ұпай болатындай етіп бағаланады. Барлық тапсырмаларды орындаған студент дағдыларды толық, дұрыс орындағаны үшін әріптік-ұпайлық жүйе бойынша А әріптік бағаға сәйкес келетін – 4.0 ұпаймен, ең жоғары сандық эквивалентпен бағаланады.

Ұпайлық - әріптік жүйе бойынша бағалау кестесі

Баға

Әріптік эквивалент

Рейтинг ұпайы %

Ұпаймен

Өте жақсы

А

95 – 100

4

А -

90 – 94

3,67

Жақсы

В +

85 – 89

3,33

В

80 – 84

3,0

В -

75 – 79

2,67

Қанағаттанарлық

С +

70 – 74

2,33

С

65 – 69

2,0

С-

60 – 64

1,67

D +

55 – 59

1,33

D

50 – 54

1,0

Қанағаттанарлықсыз

F

0 – 49

0

Ескерту: егер алған бағасы 1,67 ұпайдан (60 – 64 %) төмен болмаған жағдайда қабылданған машықтары есептелінеді.