- •«Мейірбике ісі бакалавры» өндірістік тәжірибесінің әдістемелік нұсқауы
- •2. Бағдарлама:
- •2.3. Тәжірибе шаралары:
- •2.4. Тәжірибені өтудің соңғы нәтижесі:
- •2.6. Тәжірибе реквизитінен кейін:
- •2.7. Тәжірибенің мазмұны
- •2.7.1. Студенттің жұмысының көлемі мен түрі «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша пән оқытушысы ретінде жұмыс істеу
- •2.7.3. Тәжірибе бойынша есепке дайындалу реті мен қорғау мерзімі.
- •2.7.3.1. Практика жетекшісінің ағымдық бақылауы:
- •2.7.3.2. Қорытынды бақылау – сараланған сынақ.
- •«Жалпы практика мейірбикесі» өндірістк практикасының қорытындысы бойынша іскерлік пен дағдыны бағалау критерийі
- •«Мейірбике ісі» өндірістік практикасының қорытындысы бойынша іскерліктер мен машықтарды бағалау критерийлері «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша пән оқытушысы ретінде жұмыс істеу
- •Аға мейірбикенің көмекшісі және/немесе бас дәрігердің мейірбикелік қызмет жөніндегі орынбасары ретінде жұмыс істеу
- •«Мейірбике ісі бакалавры» өндірістік практиканың нәтижелері
- •4 Курс _____________________________ топ студенті
2.4. Тәжірибені өтудің соңғы нәтижесі:
Студенттің «Мейірбике ісі» өндірістік практикасынан өту кезінде игеруі шарт практикалық іскерлік пен машықтардың үлгі ретіндегі тізімі:
аға мейірбикенің көмекшісі ретінде жұмыс істеу;
медициналық құжаттарды ресімдеу;
бөлімшенің таңертеңгі мейірбикелік лездеме жұмысына қатысу;
салауатты өмір салты принциптерін қалыптастыруға бағытталған шараларды өткізу;
емдік профилактикалық ұйымның пациенттерін оқыту;
орта және кіші медициналық персоналға арналған үйретуші ғылыми практикалық – конференцияға немесе «Мейірбикелер» кеңесінің жұмысына қатысу;
«Мейірбике ісі» мамандығының пәндері бойынша медициналық колледждің немесе ЖОО – ның кафедрасында практикалық сабақ өткізу;
курстасы өткізген практикалық сабақты талдау;
«Мейірбике ісі» мамандығының пәні бойынша пәннің оқу әдістемелік кешенін (ПОӘК) құру;
«Мейірбике ісі» мамандығының пәні бойынша бақылау - өлшеу құралдарын құру.
2.5. Тәжірибенің реквизитіне дейін: «Жалпы практика мейірбикесі» өндірістік практикасы
2.6. Тәжірибе реквизитінен кейін:
2.7. Тәжірибенің мазмұны
2.7.1. Студенттің жұмысының көлемі мен түрі «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша пән оқытушысы ретінде жұмыс істеу
Апта |
Жұмыс түрі |
Мазмұны |
Көлемі (сағ) |
1
|
Бакалавриат мамандығының «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша сабаққа қатысу. |
Оқытушымен (практика жетекшісімен) құрылым мен әдістемелік қамтамасыз етуді талдау. Бакалавриатта педагогикалық терминдерді талдау: академиялық сағат, академиялық кезең, элективті пәндер тізімдемесі, студенттердің білімін бақылаудың түрлері (ағымдық, аралық, қорытынды), кредит, Офис Тіркеуші, тарату материалы, ОСӨЖ, СӨЖ, силлабус, үлгерімнің орташа балы, (Grand Point Average – GPA), тьютор, траскрипт, ПОӘК, эдвайзер және т.б. |
18
|
Бакалавриат мамандығының «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша практикалық сабақ өткізу |
Педагогикалық журналды, оқытушыға арналған әдістемелік әзірленімдер мен студенттерге арналған нұсқауларды, бақылау-өлшеу құралдарын, көрнекі құралдарды, ақпараттар блогын, оқу процесін қамтамасыз етуге қажетті техникалық құралдарды дайындау. Сабақты өткізу жоспары мен хронометражды сақтау. Сабақта студенттердің танымдық қызметін белсендіру үшін әртүрлі әдістерді қолдану (пікірталастар, шағын топтарда жұмыс істеу, миға шабуыл, т.б.). |
||
Курстасы өткізген практикалық сабақты талдау |
Курстасына өткізілген сабақ бойынша конструкциялық ұсынымдар беру және ұсыныстар айту |
||
2
|
«Мейірбике ісі» мамандығының пәні бойынша пәннің оқу-әдістемелік кешенін (ПОӘК) құру |
ПОӘК құру. Студент құрастырған ПОӘК-те ғылымның дамуының қазіргі деңгейі көрініс табады, соңғы жылдардағы әдебиеттерге сілтеме жасалады. ПОӘК-ті құрастыру кезінде норматифтік құжаттардың (нұсқаухат, ережелер және т.б.) талабын сақтау. ПОӘК сауатты тілде, медициналық және педагогикалық терминдерді сауатты қолданып, грамматикалық және орфографиялық қателерсіз жазылады. |
12 |
Бақылау-өлшеу құралдарын құру (тестілер, ситуациялық тапсырмалар, сынақ, емтихан сұрақтары, практикалық машықтардың тізімі) |
Әрбір тест тапсырмасы нақты бір фактіге, принципке, іскерлікке, білімге қатысты, яғни тестіге қосу үшін маңызға ие болады. Практикалық машықтардың тізімін құру кезінде типтік бағдарламадағы пәнді оқытудың қорытынды нәтижелері, пән бойынша оқу-өндірістік практиканың болуын ескеру. Тест тапсырмасы қысқаша тұжырымдалып ұсынылған, нақты, түсінікті тілде жазылған, бір мағыналы. |
||
Жалпы: |
30 |
||
Бас мейірбикенің және/немесе бас дәрігердің мейірбике қызметі жөніндегі орынбасарының көмекшісі ретінде жұмыс істеу.
Апта |
Жұмыс түрі |
Мазмұны |
Көлемі (сағ) |
1
|
Аға мейірбикенің көмекшісі ретінде жұмыс істеу |
Науқастар мен қызметкерлердің ішкі тәртіп ережесін сақтауын қамтамасыз ету. Орта және кіші медицина персоналына кезекшілікті тапсыруды күн сайын бақылау. Мейірбикелердің дәрігерлік тағайындауларды орындауын бақылау, байқалған кемшіліктерді дер кезінде жою. |
12
|
2 |
Емдеу процесін қамтамасыз ету, дәрігерлік тағайындауларды орындау |
Мейірбикелер мен санитаркалардың нұсқамасын жүйелі түрде өткізу және олармен бекітілген жоспар бойынша емдеу процессін қамтамасыз ету жөніндегі практикалық сабақтарды ұйымдастыру. Қолданыстағы нұсқамаларға сәйкес улардың, нашалардың, қатты әсер ететін заттардың және басқа да медикаменттердің, спирт пен таңу материалдарының есепке алынуын, сақталуы мен жұмсалуын күн сайын бақылау. Менеджер рөліндегі өзінің мықты және осал тұстарын анықтау. Менеджер рөліндегі өзінің қызметін жетілдіру жөніндегі шаралардың түзетуші жоспарын жасау. |
18 |
3 |
Статистикалық ақпаратты пайдалану және талдау |
Медициналық статистика ұғымдарын меңгеру, нақты көрсеткіштерді есептеуде қолданатын статистикалық анализдің оңтайлы әдісін таңдау. Статистикалық көрсеткіштерді өткен жылмен (жылдармен) салыстырмалы түрде талдау, көрсеткіштердің жақсарғаны не төмендегені туралы шешім шығару. |
12 |
4 |
Инфекциялық бақылау бойынша шаралар өткізу |
Бөлімшеде санитариялық – эпидемияға қарсы режимді сақтауды қамтамасыз ету. Медициналық материалдар мен құралдарды зарарсыздандыру және дезинфекциялаудың тиісті түрін таңдау. |
18 |
5 |
Медициналық құжаттарды ресімдеу. Бөлімшенің таңертеңгі мейірбикелік лездеме жұмысына қатысу |
Орта және кіші медицина персоналының жұмыс графигін құрады және бекіту үшін бөлімше меңгерушісіне ұсыну. Бөлімшедегі персоналдар жұмысының табелін құру, аурухана куәлігін есепке алу, сақтау және тіркеу жұмыстарын жүргізу. Науқастардың бөлімшеге түсуін есептеу журналы мен жұқпалы аурулар журналын жүргізу. Кіші және орта медицина персоналының сырқатнамаға, журналдарға және т.б. құжаттарға жазған жазбаларын жүйелі түрде бақылау. Бөлімшенің таңертеңгі барлық лездемелеріне қатысу. Лездемеде кезекшілік туралы есеп беру. Талқылауларға қатысу. Дәрігерлік тағайындаулардың орындалу нәтижелері туралы есеп беру. |
18 |
6 |
Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шараларды өткізу |
Пациенттің ақпарат алу, таңдау еркі мен әрекеттің еркінділігі құқығын сақтай отырып науқаспен әңгімелесу. Тақырыптық санбюллетень шығару. Кең тараған аурулардың алдын – алудың негізгі принциптері және халықтың денсаулығын нығайту жөніндегі шаралар бойынша білімін көрсету. |
12 |
7 |
Әлеуметтік маңызы бар аурумен ауыратын пациенттерді «Денсаулық мектептерінде» оқыту |
Жетекшісінің бастауымен «Диабетик мектебі» сабағының «жеке және/немесе топтық» құрылымдастырылған жоспарын әзірлеу. Науқастарды оқыту, олармен пікірталастар өткізу, фильмдер көрсету. Сабақ өткізу барысында көрнекі материалдарды, слайдтар мен буклеттер, т.б. қосымша аудио – бейне құралдарын пайдалану. |
18 |
8 |
Кіші және орта медициналық персоналдарға арналған үйретуші ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу |
Кіші және орта медициналық персоналдарға арналған үйретуші ғылыми-практикалық конференцияларға жұмысының күнтізбелік-тақырыптық жоспарының үлгісін әзірлеу. Баяндама жазу. Конференция тақырыбында соңғы жетістіктерді пайдалану. Аудиториямен ауызша және/немесе жазбаша түрде кері байланысты пайдалану. |
12 |
Жалпы: |
120 |
||
2.7.2. Күн тәртібі:
№ |
Жұмыстың түрі |
Уақыты |
1 |
Таңертеңгі мейірбике конференциясына қатысу. |
8.00-8.30 |
2 |
ЕПБ емдеу бөлімдерінде және параклиникалық бөлімдерінде жұмыс істеу. |
08.30-14.00
|
