- •«Мейірбике ісі бакалавры» өндірістік тәжірибесінің әдістемелік нұсқауы
- •2. Бағдарлама:
- •2.3. Тәжірибе шаралары:
- •2.4. Тәжірибені өтудің соңғы нәтижесі:
- •2.6. Тәжірибе реквизитінен кейін:
- •2.7. Тәжірибенің мазмұны
- •2.7.1. Студенттің жұмысының көлемі мен түрі «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша пән оқытушысы ретінде жұмыс істеу
- •2.7.3. Тәжірибе бойынша есепке дайындалу реті мен қорғау мерзімі.
- •2.7.3.1. Практика жетекшісінің ағымдық бақылауы:
- •2.7.3.2. Қорытынды бақылау – сараланған сынақ.
- •«Жалпы практика мейірбикесі» өндірістк практикасының қорытындысы бойынша іскерлік пен дағдыны бағалау критерийі
- •«Мейірбике ісі» өндірістік практикасының қорытындысы бойынша іскерліктер мен машықтарды бағалау критерийлері «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша пән оқытушысы ретінде жұмыс істеу
- •Аға мейірбикенің көмекшісі және/немесе бас дәрігердің мейірбикелік қызмет жөніндегі орынбасары ретінде жұмыс істеу
- •«Мейірбике ісі бакалавры» өндірістік практиканың нәтижелері
- •4 Курс _____________________________ топ студенті
|
ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсы |
044-57/17-( ) 12
беттің
|
Өндірістік тәжірибенің әдістемелік нұсқауы |
«Мейірбике ісі бакалавры» өндірістік тәжірибесінің әдістемелік нұсқауы
Мамандық: 5В110100 – «Мейірбике ісі»
Сағат көлемі – 150 сағат (2 кредит)
Курс – 4
Семестр – 8
Шымкент, 2015 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № ______ «______» ________ 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент А.А.Алдешев
2. Бағдарлама:
2.1. Кіріспе
«Мейірбике ісі бакалавры» өндірістік практикасы 051101 – «мейірбике ісі» мамандығы бойынша бакалавриат түлектерінің диплом алдындағы практикасын теориялық және әдістемелік қамтамасыз етуге арналған.
Өндірістік практиканың жұмыс күні 6 академиялық сағатты құрайды, практиканың ұзақтығы 5 апта (25 күн).
Пәндердің көлеміне қарап («Денсаулық сақтаудағы экономика және маркетинг», «Әлеуметтік медицина, денсаулық сақтауды ұйымдастыру және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері, медициналық статистика», «Мейірбике ісіндегі әкімшілік процесс және менеджмент», «ЕПҰ – дағы инфекциялық бақылау», «медициналық биоэтика» пәндер бойынша білімді, іскерлік пен практикалық машықтарды бекіту мен жетілдіруді қамтамасыз ететін) денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары, кәсіпорындары мен мекемелері базасында практиканың 4 аптасы қамтамасыз етіледі, 1 аптасы – «мейірбике ісі» бакалавриаты бойынша білім беру бағдарламасын іске асыратын медициналық колледждер мен ЖОО кафедраларының базасында («Педагогикалық білімнің негіздері» пәні бойынша білімді, іскерлік пен практикалық машықтарды бекіту мен жетілдіру) өтеді.
Кәсібінің ерекшелігін және практика базаларының қызметін жақсы білетін ЖОО – ның оқытушылары мен ЕПҰ директорының мейірбикелік процесс жөніндегі орынбасарлары практикаға жетекшілік жасай алады.
2.2. Тәжірибе мақсаты: мейірбике ісі бакалавры академиялық дәрежесі бар мейірбике – менеджердің болашақ кәсіптік қызметінің функциясы мен негізгі бағыттарын жүзеге асыруға қажетті негізгі біліктілікті бекіту, практикалық машықтар мен тәжірибені меңгеру.
2.3. Тәжірибе шаралары:
мейірбикелік іс қызметінде денсаулық сақтау саласында негізгі заңнамалық құжаттар мен заң күшіндегі актілерді пайдаланып мейірбикелік процесс жағдайын талдау принциптеріне, оны ұйымдастыру және оның сапасын басқаруға үйрету;
адамдармен ұйымдастырушылық және тәрбие жұмыстарын жүргізу машықтарын игеру, биоэтика және денсаулық сақтау туралы заңнама негіздері принциптерін сақтау;
менеджер рөліндегі өзінің мықты және осал тұстарын анықтай алуға, өзінің шектеулерін бағалауға және тұлғаның өсуі мен дамуын талап ететін саланы анықтауға үйрету;
денсаулықты саны мен сапасын бағалаудың статистикалық әдістерін қолдануға үйрету;
колледжде немесе ЖОО-да мейірбикелік іс негіздері бойынша прктикалық сабақтардың құрылымын, әдістемелік қамтамасыз етілуін және дидактикалық компоненттерін әзірлеуге үйрету;
студенттерге білім беру процесінде, медициналық кадрлармен жұмыс істеу кезінде, сондай-ақ пациенттермен және олардың туыстарымен жұмыс істеу кезінде педагогикалық білімді қолдануға үйрету;
пациенттерге дұрыс ақпарат беруге және үйретуге, сонымен қоса нозокомиаль инфекцияларыдың алдын алудың қарапайым әдістеріне үйретуге оқыту;
пациенттермен, медициналық персоналдармен, науқастардың туыстарымен өзара қарым-қатынас орнатуда биомедициналық этиканың принциптерін қолдану;
