Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абуова Ж, Сламова Айкерим 12-2 топ эксперттік баылау.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.03 Кб
Скачать

V. Альтернативті тағайындау парағы

Халықаралық классификацияға сәйкес дәрілік заттың аты және тобы

Фармакокинетикасының негізгі параметрлері

Фармакодинамикасы

Шығарылу түрі, дозасы

1

Антибактериальды препарат: Цефуроксим

Терапевтикалық концентрациясы 5-8 сағат ішінде сақталады. Қан плазмасындағы белоктармен 33-50 % байланысады. Бауырда метаболизденбейді. Т ½ 1,5-1,5 сағат. Бүйрек арқылы шығарылады.

Цефалоспориннің ІІ ұрпағы. Бактерицидті әсер етеді. Бактерияның жасушасылық қабырғасының синтезін бұзады. Кең спектрлі әсер етеді. Грамм+ микроорганизмдерге сезімтал.

750 мг бұлшықетке 3 рет күніне 3 күн

2

Антибактериальды препарат: Цефуроксим аксетил

Ішке қабылдағанда цефуроксим аксетил АІЖ баяу сіңіріледі және жіңішке ішектің шырышты қабатында тез гидролизденіп, қанға шығады. Цефуроксим аксетил ГЭБ, плацента арқылы өтеді. Тамақтан соң қабылдағанда оптимальды сіңуі жүреді. Т1/2- 1-1,5 сағат. Қан плазмасындағы белоктармен 33-50 % байланысады. Бауырда метаболизденбейді. Бүйрек арқылы шығарылады.

Цефалоспориннің ІІ ұрпағы. Бактерицидті әсер етеді. Бактерияның жасушасылық қабырғасының синтезін бұзады. Кең спектрлі әсер етеді. Грамм+ , грамм-микроорганизмдерге сезімтал.

500 мг тәулігіне 3 рет тамақтан соң 10 күн

3

Қақырық түсіретін, муколитикалық препарат: Бромгексин

Бромгексиннің биожеткіліктілігі ішке қабылдағанда 80 % төмендейді. Бромгексинді ішке таблетка немесе ерітінді түрінде қабылдағанда 30 минут ішінде толық сіңіріледі, қан плазмасында белоктармен 99 % байланысады. Сонымен қатар бромгексин эритроциттердің мембранасымен байланыса алады. Препарат ГЭБ және плацентарлы барьер арқылы өтеді. Метаболит түрінде элиминацияланады. Ауыр бауыр жеткіліксіздігінде бромгексиннің клиренсі төмендейді. Бромгексиннің фармакинетикасы дозатәуелді, көп реттік қабылдағанда препарат кумуляцияланады.

Қақырық түсіретін әсері бар муколитикалық препарат.Қақырықтың құрамына кіретін мукопротеиндердің және мукополисахаридтерді деполимеризациялап, бұзылуына әкеледі. Бромгексиннің активті метаболиті – амброксол гидрохлориді.

8 мг 3 рет 1 таблеткадан 10 күн

4

Саңырауқұлаққа қарсы препарат: Флуконазол

АІЖ жақсы сіңіріледі. Биожеткіліктілігі 90 %.Абсорбциясы жоғары, тамақ препараттың сіңірілуіне әсер етпейді. Белоктармен байланысы 11-12 %. Бауырда метаболизденбейді. Әртүрлі органдарға, тіндерге жақсы сіңеді. ГЭБ арқылы өтеді. Т1/2 – 30 сағат. 80 % - бүйрекпен өзгермеген күйде шығарылады.

Кең спектрлі саңырауқұлақтарға қарсы препарат. Саңырауқұлақтарға қарсы Р450 цитохромға-тәуелді активті ферменттерді тежейді. Антиадрогенді әсері жоқ.

150 мг бір реттік қолдану

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]