- •Сырқатнама
- •Тыныс алу жүйесі:
- •Өкпенің төменгі жиегінің жылжымалылығы (өкпе экскурсиясы):
- •Ас қорыту ағзалары
- •Образцов – Стражеский бойынша терең сырғанату әдісімен пальпациялау:
- •Болжам диагноз және оны негіздеу
- •Лабораториялық және инструментальді зерттеу мәліметтері:
- •5. Нәжісті ішек құрттары мен қарапайымдыларға зерттеу. 30.04.2016 ж.
- •Ажырату диагнозы:
- •Күнделік:
- •Температуралық парақ.
- •Шығару Эпикризі
- •Операция алдындағы консервативті ем:
Шығару Эпикризі
Увалиева Ясмин 2016 жылғы, Мемлекеттік қазыналық Медициналық орталықтың Балалар хирургиясы бөлімінде 30.04.2016 ж - 07.04.2016 ж аралығында жатты.Клиникалық диагнозы:жедел катаральді аппендицит,асқынусыз Қосымша ауруы: жоқ.
Науқастың түскен кездегі шағымдары: : Науқастың шағымдарына: оң жақ мықын аймағындағы толғақ тәрізді ауырсынуға, жүрек айнуына,бас ауруына жалпы әлсіздікке шағымданады.
анамнезіндегі: Науқастың айтуы бойынша 30.04.2016 жылы сағат кешкі 19.00 кезінде науқас өзін нашар сезіне бастаған, әлсізденіп, басы ауырып, жүрегі айнығаннан кейін жеңілдеп қаламба деген оймен өзі мәжбүрлі түрде құсқан,бірақ құсқаннан кейінде жағдайы жақсармаған, оң жақ мықын аймағында толғақ тәрізді ауырсыну болған. Үйде жалғыз болғандықтан ауырсынуды басатын ешқандай дәрі дәрмек қабылдамаған.
Объективті қарап тексергенде: еріні құрғақ, тілі құрғақ; ақ жабынмен қапталған. Иектері ақшыл қызыл, қанталамайды, қабыну көріністері жоқ. Бадамша бездері араң доғасынан шықпайды,өзгеріссіз.Жұтқыншағының шырышты қабаты дымқыл, ақшыл қызыл, таза. Тістерінің патологиясы жоқ. Аузы шамалы кебеді, жұтынуы еркін, ауырсынусыз. Іш аймағын қарағанда: іші екі жақты симметриялы, дұрыс формалы, үрленулер байқалмайды. Құрсақ қабырғасы дем алу актіне қатысады, дем алғанда оң жақ іш аймағы сол жағымен салыстырғанда қалыңқы. Алдыңғы құрсақ қабырғасында тыртықтар, теріасты веналарының ұлғаюы байқалмайды, стриялар жоқ. Асқазан мен ішектің айқын перистальтикасы мен антиперистальтикасы байқалмайды.Шап жарығындағыдай томпаю байқалмайды.Беткей іш пальпациясында іші жұмсақ,оң жақ мықын аймағында ауырсыну сезімі(Филатов симптомы оң) және іш бұлшық еттерінің айқын қатаюы(defanse musculaire) бар. Құрсақ бұлшықеттерінің ажырауы,іш жарықтары,беткей орналасқан ісіктер байқалмайды.Терең сырғанату әдісімен пальпациялағанда мықын аймағында ауырсыну сезімі бар, Щеткин-Блюмберг сипмтомы (құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасын басып тұрып, қолды жылдам алып қалған кезде ауырсыну күшейе түседі),Ровзинг симптомы(құрсақ қуысының оң жақ мықын аймағын басып тұрып , оң жақ аяғын түзу жоғары көтерген кезде ауырсыну күшейе түседі) – ОҢ.
Ішке перкуссия жасағанда барлық жерден тимпаникалық перкуторлық дыбыс шығады, мықын аймағын перкуссиялау кезінде ауырсынады. Раздольский симптомы(құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасын перкуссиялаған кезде оң жақ мықын аймағында ауырсыну сезімінің болуы) – ОҢ.
Лабораториялық және инструменталды зерттегенде:
ЭТЖ 16 мм/сағ-жоғары; лейкоцитоз - 22*109/л, сегмент ядролы лейкоцитттердің солға жылжуы -78*109/л
Операция алдындағы консервативті ем:
Түскеннен кейін консерватимті терапия және динамикалық бақылау жүргізу.
Препараттар |
30.04.2016 |
01.05.2016 |
02.05.2016 |
03.05.2016 |
1. Режим стационарлы |
+ |
+ |
+ |
+ |
2. Диета № 5 |
+ |
+ |
+ |
+ |
3. Глюкоза5%400,0+6ЕД инсулина+КСL4%-10,0 +гепадиф көк тамырға.
|
+ |
+ |
+ |
+ |
4. Sol NaCL0,9%-400,0+vit C5,0
|
+ |
+ |
+ |
+ |
5. Sol NaCL0,9%-400,0+No-spasini5,0
|
+ |
+ |
+ |
+ |
6. Vit B1,B6-2,0
|
+ |
+ |
+ |
+ |
7. пеницилин 1млн ЕД күніне 4рет бұлшықетке |
+ |
+ |
+ |
+ |
8. Құрсақ тұсына суық басу |
|
|
|
|
Операция жасалған күн: 30.04.2016ж – сағат 22.25-00.10
Операция түрі: Антеградты аппендоэктомия
Операциядан кейін науқастың жағдайы жақсы. Алынған аппендикс – 7,5-8см, гиперемияланған, қалыңдаған, кей жерлері фибринмен жабылған. Операциядан кейін ауырсынуды басу үшін наркотикалық зат: 2% промедол-2,0 мл ерітіндісін теріастына енгізілді.
Науқас стационардан 07.05.16ж шығарылды .Шығару кезіндегі жағдайы қанағаттанарлық.
Болжамы: науқастың өмірі жайындағы болжамы оң, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ
Үйге тағайындамалар:
1. Диетаны қатаң түрде сақтау (ашты, өткір,қуырылған, қақтатылған, майлы тамақтарды шегеру,
2. Психоэмоционалдық факторларды мүмкіндігінше жою.
3. Ауыр физикалық жүктемелерді шектеу.
4. Минералды витаминдерді жанұялық дәрігерімен ақылдасып қолдану.
5. Жылына 1 рет тексерілуден өту
Қолданылаған әдебиеттер:
«Детская хирургия» Д.Ф.Исаков ; Москва - Медицина баспасы
«Балалар хирургиясы» А.А.Дюсембаев, К.С.Ормантаев, М.Санбаев,М.Т.Аубакиров Алматы – 2008ж
Ғаламтор желісінен алынған материалдар
