- •Сырқатнама
- •Тыныс алу жүйесі:
- •Өкпенің төменгі жиегінің жылжымалылығы (өкпе экскурсиясы):
- •Ас қорыту ағзалары
- •Образцов – Стражеский бойынша терең сырғанату әдісімен пальпациялау:
- •Болжам диагноз және оны негіздеу
- •Лабораториялық және инструментальді зерттеу мәліметтері:
- •5. Нәжісті ішек құрттары мен қарапайымдыларға зерттеу. 30.04.2016 ж.
- •Ажырату диагнозы:
- •Күнделік:
- •Температуралық парақ.
- •Шығару Эпикризі
- •Операция алдындағы консервативті ем:
Ас қорыту ағзалары
Тәбеті орташа, аузының дәмі бұзылмаған. Ауыз қуысы - таза, тілі құрғақ,ақ жабынмен жабылған.Еріннің,таңдайдың,жұтқыншақтың ішкі беткей шырышты қабатының түсі қалыпты. Бадамшалар өзгеріссіз. Тістерінің патологиясы жоқ. Аузы шамалы кебеді, жұтынуы еркін, ауырсынусыз.
Іші дұрыс формалы,симметриялы,іштің кебуі жоқ. Асқазан мен ішектің айқын перистальтикасы мен антиперистальтикасы байқалмайды.Шап жарығындағыдай томпаю байқалмайды. Іштің оң жағы сол жағына қарағанда тыныс алу актісінде қалып отырады.
Асқазан. Асқазанның үлкен иіні омыртқа жотасының екі жағынан да формасы доға тәрізді, жұмсақ, қатпарлы болып сезілді және ол ауырмайды. Асқазанның кіші иіні, қалтқысы пальпацияланбайды. Асқазанды перкуссиялғанда төменгі шекарасы 3-4 см-дей кіндіктен жоғары жатыр.
Ішек. Пальпация әдісімен ішекті тексергенде:
Беткей пальпация:іші жұмсақ,оң жақ мықын аймағында ауырсыну сезімі(Филатов симптомы оң) және іш бұлшық еттерінің айқын қатаюы(defanse musculaire) бар. Құрсақ бұлшықеттерінің ажырауы,іш жарықтары,беткей орналасқан ісіктер байқалмайды.
Образцов – Стражеский бойынша терең сырғанату әдісімен пальпациялау:
Сигма тәрізді ішектің үсті тегіс, тығыз, ауырмайды, жылжымалы, цилиндр тәрізді. Ішекті 3 см-ге екі жаққа жылжытуға болады, ені – 1,5 см. Шұрыл жоқ.
Соқыр ішекті пальпациялағанда кернеулі, цилиндрдің төменгі диаметрі 2-3 см, пальпациялағанда ауырсыну сезімі бар,азжылжымалы,салыстырмалы түрде тығыз, Щеткин-Блюмберг сипмтомы (құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасын басып тұрып, қолды жылдам алып қалған кезде ауырсыну күшейе түседі),Ровзинг симптомы(құрсақ қуысының оң жақ мықын аймағын басып тұрып , оң жақ аяғын түзу жоғары көтерген кезде ауырсыну күшейе түседі) – ОҢ.
Тоқ ішектің жоғарғы және төменгі бөлігін бимануалды пальпация жасағанда оң және сол жақтан пальпацияланады. Ішек доға тәрізді немесе қатты көлденең цилиндр тәріздес, қалыңдығы 2-2,5 см және жоғары, шұрылдамайды, ауырсынбайды. Тоқ ішектің көлденең бөлімі кіндік тұсында орналасқан, жұмсақ, жылжымалы, цилиндр тәріздес, ауырсыну байқалмайды. Ені – 2 см.Шұрыл жоқ.
Ұйқы безі пальпацияланбайды, Дежарден және Мейо-Робсон нүктелерінде ауырсыну белгілері жоқ.
Инфильтраттар мен ісіктер жоқ.
Перкуссия: құрсақ қуысының үстінен тимпаникалық перкуторлы дыбыс анықталады, оң жақ мықын аймағын перкуссиялау кезінде ауырсынады. Перкуссия кезінде: Раздольский симптомы(құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасын перкуссиялаған кезде оң жақ мықын аймағында ауырсыну сезімінің болуы) - ОҢ
Гепато – лиенальді жүйе.
Пальпацияда: Бауыры оң жақ қабырға доғасы жиегіне сәйкес, ауырсынусыз, тегіс, әрі тығыз. Көкбауыр пальпацияланбайды. Көлденіңінен 5 см, IX және X қабырға аралығында орналасқан,ұзындығы – 6 см.Курлов бойынша перкуссия:
1.Өлшем-9,0 см
2.Өлшем-8,1 см
3.Өлшем-7,2 см
Бауыр шекарасы:
Топографиялық сызықтар
|
Жоғарғы шекарасы
|
Төменгі шекарасы
|
.Төстің оң жақ төменгі сызығы бойынша .Оң жақ бұғананың орта сызығы бойынша .Қолтықтың алдыңғы сызығы бойынша .Дененің алдыңғы сызығымен .Сол жақ қабырға доғасы бойымен |
Қабырғаның жоғарғы қырының бойында
Қабырға үстінен
Қабырға үстінен
|
Оң жақ қабырғаның астынан 2 см төмен шығып тұр
Оң жақ қабырғаның астынан 1 см төмен
Қабырға астынан 2 см төмен
Төс сүйегі шеміршегінің ұшынан 4 см төмен Шеміршектің түбінен 6 см,сол жақ төс маңы сызығынан аспайды
|
Зәр шығару жүйесі
Бел аймағында өзгерістер байқалмайды. Бүйректері пальпацияланбайды, ауырсыну жоқ. Пастернацкий сиптомы теріс. Ісінулер жоқ. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Түсі сабан – сары, мөлшері тәулігіне 1-1,5 л. Несепағар нүктелерінде ауырсыну жоқ.
Екіншілік жыныстық белгілер байқалмайды. Ұманы қарауда аталық безінің 2-уіде ұмада, пальпация кезінде ұлғаймаған, ауырсынусыз. Дамуы өз жасына сай. Ұрық шылбыры пальпацияланбайды.
Нерв жүйесі
Иіс сезу және дәм сезу қабілеті сақталған. Жұтынуы еркін, көз саңылаулары бірдей, өзгеріссіз. Көз алмасының қозғалысы толық. Қарашық мөлшері 2 жақта да бірдей, жарыққа реакциясы оң, аккомодация және конвергенция реакциясы сақталған. Көзінің көру өткірлігі төмен көру аймағында шектеулігі жоқ. Есту және вестибулярлы аппарат өзгеріссіз. Мимикалық бұлшық еттерде парез анықталмайды. Сөйлеу қабілеті сақталған. Жүрісі қалыпты, Ромберг симптомы теріс, клоникалық және тоникалық тырысулар байқалмайды. Жұтыну рефлексі сақталған. Беткей және терең сезімталдық сақталған. Менингиальді симптомдар теріс. Шеміршекті рефлекс сақталған.
Эндокринді жүйе
Жалпы қарағанда қалқанша үлкеймеген, пальпацияда ауырсынусыз, жыныс бездері уақытында жетілген. Грефе, Кохер,Мебиус,Дальримпля симптомдары теріс.
Status localis: Асқорыту жүйесі
Ауыз қуысын қарағанда: еріні құрғақ, тілі құрғақ; ақ жабынмен қапталған. Иектері ақшыл қызыл, қанталамайды, қабыну көріністері жоқ. Бадамша бездері араң доғасынан шықпайды,өзгеріссіз.Жұтқыншағының шырышты қабаты дымқыл, ақшыл қызыл, таза. Тістерінің патологиясы жоқ. Аузы шамалы кебеді, жұтынуы еркін, ауырсынусыз.
Іш аймағын қарағанда: іші екі жақты симметриялы, дұрыс формалы, үрленулер байқалмайды. Құрсақ қабырғасы дем алу актіне қатысады, дем алғанда оң жақ іш аймағы сол жағымен салыстырғанда қалыңқы. Алдыңғы құрсақ қабырғасында тыртықтар, теріасты веналарының ұлғаюы байқалмайды, стриялар жоқ. Асқазан мен ішектің айқын перистальтикасы мен антиперистальтикасы байқалмайды.Шап жарығындағыдай томпаю байқалмайды.
Беткей іш пальпациясында іші жұмсақ,оң жақ мықын аймағында ауырсыну сезімі(Филатов симптомы оң) және іш бұлшық еттерінің айқын қатаюы(defanse musculaire) бар. Құрсақ бұлшықеттерінің ажырауы,іш жарықтары,беткей орналасқан ісіктер байқалмайды.
Терең сырғанату әдісімен пальпациялағанда мықын аймағында ауырсыну сезімі бар, Щеткин-Блюмберг сипмтомы (құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасын басып тұрып, қолды жылдам алып қалған кезде ауырсыну күшейе түседі),Ровзинг симптомы(құрсақ қуысының оң жақ мықын аймағын басып тұрып , оң жақ аяғын түзу жоғары көтерген кезде ауырсыну күшейе түседі) – ОҢ.
Ішке перкуссия жасағанда барлық жерден тимпаникалық перкуторлық дыбыс шығады, мықын аймағын перкуссиялау кезінде ауырсынады. Перкуссия кезінде: Раздольский симптомы(құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасын перкуссиялаған кезде оң жақ мықын аймағында ауырсыну сезімінің болуы) - ОҢ
