Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айд. дет хир.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.55 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі

Семей қаласының Мемлекеттік Медицина Университеті

Балалар хирургиясы кафедрасы

Сырқатнама

Науқас: Увалиева Ясмин

Клиникалық диагноз: Жедел катаральды аппендицит.

Оқытушы:Аликенов Қ.Қ.

Орындаған:Мулкаразова Айдана,443-топ.

Семей 2016 жыл

Паспорттық бөлім:

  • Тегі: Увалиева

  • Аты: Ясмин

  • Әкесінің аты: Мұратұлы

  • Жасы: 05.08.2010жылғы-6 жаста

  • Жынысы: қыз

  • Мекен – жайы: Семей қаласы, Чайжунусова көш., үй 152, кв 48

  • Қан тобы: 0 (І) Rh(+)

  • Ауруханаға түскен күні: 30.04.2016 ж – сағ 19:55

  • Клиникалық дигноз: Жедел катаральды аппендицит

  • Операция аты:Антеградты аппендоэктомия

  • Операция мерзімі: 30.04.2016 ж – сағат 22.25-00.10

Науқастың шағымдары: оң жақ қабырға астының шаншып ауырсынуы,әлсіздікке шағымданады.

Anamnesis morbi: Науқастың айтуы бойынша 30.04.2016 жылы сағат түскі 19.00 кезінде науқас өзін нашар сезіне бастаған, әлсізденіп, оң жақ қабырға астының шыдатпастай шаншып ауруы байқалған. Үйде жалғыз болғандықтан ауырсынуды басатын ешқандай дәрі дәрмек қабылдамаған. Жағдайы одан сайын нашарлап,ауырсыну сезімі күшейгеннен кейін ол О.Қ.А ға қаралады. Қалалық ауруханасы Семей қаласының Медициналық орталықтың Балалар хирургиясы бөліміне жолдама береді,диагнозды нақтылап,оперативті ем тағайындау туралы шешім қабылдау үшін Балалар хирургиясы бөліміне жатқызылады.

Anamnesis vitae: Отбасында 2 бала. Науқас бала1 жүктіліктен 1-ші болып дүниеге келген. Құрсақтық кезені асқынусыз, уақытынды дүниеге келген бала. Туған кездегі салмағы – 3300г,бойының ұзындығы-50см.Нәресте кезінде тамақтану - табиғи жолмен. Физикалық және ақыл ойының дамуы өз қатарындағы құрбыларына сай болған. Орта мектепте білім алады, оқу үлгерімі орташа.

Инфекциялық аурулармен ауырмаған, егілулерді өз уақытында алып отырған. Эпидқоршауы таза.

а) жанұясында аллергиялық аурулары жоқ.

б) қан құюлар болған жоқ.

в) вакцина енгізуде аллергия болмаған.

г) суық тию аурулары жылына бір-екі рет (ЖРВИ).

д) маусымдық аурулары жоқ.

Status praesens communis: Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, есі анық, қарым-қатынасқа тез түседі, қозғалысы енжар, дене бітімі нормостеникалық, жүріс тұрысы өзгеріссіз; Дауысы анық шығады, мұрынмен дем алуы еркін, дене қызуы 36,5˚С; тері жабындылары бозғылт-қызыл,құрғақ. Көзге көрінетін шырышты қабаттары ылғалды, ашық қызғылт түсті,сарғаю мен бозару байқалмайды Тырнақ пластинкаларының формасында патологиялық өзгерістер жоқ. Терінің тургоры мен эластикалық қасиеті жасына сәйкес.

Тері асты май жабындылары жақсы дамыған. Қабырға доғасындағы тері асты май қабатының қалыңдығы – 2,5см, иықта – 1,5см. Ісінулер жоқ.

Лимфа бездері :жақ асты лимфа түйіндері пальпацияланады(көлемі 5-7мм,жұмсақ консистенциялы, маңайындағы тіндермен бірікпеген), ауырсыну жоқ. Желкенің, мойынның, бұғана үстінің және астының, қолтықтың, шынтақ аумағының, шаттың, тақым асты бездері ұлғаймаған,ауырсынусыз. Бойы – 164см, салмағы 52кг. Бұлшықет жүйесі қалыпты дамыған. Сүйек-буын жүйесінде патологиялық өзгерістер байқалмайды, сүйектер мен буындары қалыпты конфигурациялы,буындар пальпация кезінде ауырсынусыз, активті және пассивті қозғалыс кезінде ауырсынбайды. Қозғалу мөлшері шектелмеген.