Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Дип. ИНТЕРПОЛ - 2010.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
422.91 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық қатынастар және құқықтану факультеті

Халықаралық құқық мамандығы

Бітіру ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Интерпол»

Орындаған

4 курс студенті

Хасанов Аскар

Ғылыми жетекші:

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісінің м.а.

з.ғ.к., доцент м.а.

Тлеужанова А.И.

_____________________________

« _____» _____________ 2010 ж

Алматы, 2010 ж

Мазмұны

Кіріспе 3

1 ҚАЗІРГІ ЗАМАҢДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ИНТЕРПОЛДЫҢ РӨЛІ 4

1.1 Халықаралық ұйымдағы қылмыстық полицияның құрылу мен қалыптасу тарихы 5

1.2 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымымының құрылымы 10

1.3 Интерполдың басқа ХалықаралықҰйымдармен ынтымақтастығы 12

2 халықаралық қылмыстық полиция ұйымының қызметі 20

2.1 Интерполың қызметінің негізгі бағыттары 20

2.2 Интерполдың халықаралық iздестiру қызметі 26

2.2 Интеполдың қылмыскерді ұстап беру (Экстрадиция) қызметі 31

2.3 Интерполдың басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы 33

3. ИНТЕРПОЛ- ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНТЕРПОЛдың ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚ БЮРОСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАР ҚЫЗМЕТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ҰЙЛЕСТІРУДЕГІ РӨЛі 40

1.3 Интерполдың басқа ХалықаралықҰйымдармен ынтымақтастығы 12 3

КІРІСПЕ 4

1 Қазіргі замандағы халықаралық қатынастардағы интерполдың рөлі 6

1.1 Халықаралық ұйымдағы қылмыстық полицияның құрылу мен қалыптасу тарихы 6

1.3 Интерполдың басқа ХалықаралықҰйымдармен ынтымақтастығы 14

2.2 Интерполдың халықаралық iздестiру қызметі 27

3 Интерпол- және Қазақстандағы Интерполдың ұлттық орталық бюросының құқық қорғау органдар қызметін ұйымдастыру 41

3.1 Құқықтық көмек ретінде Қазақстан Республикасының конвенциялары және халықаралық келісімдер 41

3.2 Қазақстан Республикасындағы Интерпол Ұлттық Орталық Бюросының қызметі 45

КІРІСПЕ

Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. Қылмыстылық жағынан әлемдік қоғамдастыққа шақыру қуатты бола бастағаны сонша, ол енді өзін қабылданып жатқан қылмысқақарсы шаралар нәтижесімен қанағаттандырылғандай сезіне алмайды.

Қазақстан Республикасында тәуелсіздік бекітілген сәттен бастап, достастықтың көп мемлекеттеріндегідей өтпелі кезең ескерту әрекетімен қоса, барлығына жалпы бейбітшілікпен және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету облысында өзара әрекеттеріндегі позитивті, сондай-ақ негативті үрдістердің дамуымен түйіндес. Бұл үрдістердің зерттеу тарапынан объективтікті және бейтараптықты қажет етеді. Мұндай зерттеу Қазақстан Республикасындағы терроризмге қарсы күрес білімін кеңейту үшін қажет.

Тарихтың барлық кезеңінде адам бейбітшілікті аңсады. Нағыз ақылдылылар осы мәселеге өз еңбектерін арнады. Бірақ барлығына жалпы бейбітшілікпен қамтамасыз етудің шынайы болашағын ашушы шарттар қазіргі уақытта толық жетілді. Халықаралық қылмыстық құқықтың нормаларын бұзу нақты тұлғалармен жүзеге асырылады, сол себепті де олардың ауыр қылмыстар үшін қылмыстқ жауаптылығын белгілеу бейбішілік пен құқықтық тәртіп орнату үшін қажет.

Сондай–ақ құқықтың халықаралық қылмыстық құқық сияқты саласына ерекше көңіл бөлу керек. Бұл құқық саласының арқасында жасаған қылмысы үшін жауапқа тартқан мемлекеттің басшылары мен лауазымды тұлғалары қылмыстық қудалауға жатады.

Мемлекеттердің қылмыспен күрес барысында жасаған маңызды қадамы халықаралық қылмыс полиция ұйымы интерполды құру болды, бұл үкіметтік емес ұйым құрамына әлем бойынша 186 мемлекет кіреді. Әлемдік деп есептелетін ұйым Интерпол өз қызығушылық салаларын бүкіл континенттерге тартады.Қазақстансдық заңгер М.А. Сарсембаев дұрыс көрсеткендей «Интерпол бұл қылмыскерлерді тіркейтін және іздестуді қамтамасыз ететін халықарлық орталық»/1, 258 бет /.

Қазақстандық заңгер Т.М.Джангельдин былай деп жазған: «Интерпол аса жоғары дәрежедегі халықаралық ұйым, себебі ол өзінің керемет құрылымына, құқықтық негізімен техникалық қамтамасыздануына байланысты өте мұқият және рационалды түрде халықаралық полиция ынтымақтастығын қадағалайды» /2/.

Қазақстан республикасының елбасшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан алдағы уақытта да халықаралық лаңкестік пен діни экстремизге қарсы жөніндегі халықаралық коалицияның белсенді мүшесі ретіндгі ұстанымын жан-жақты нығайта беруге ниеттт»1

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырып қазақстандық және шетел ғалымдарымен жақсы дайындаған. Бұл тақырып бойынша Большакова В.В., Бордина С.В., Ляхова Е.Г., Гурова А.И., Родионова К.С., Малиновского В.Д., Кузьмина С.В., Блищенко И.П.,Жданова Н.В., Абакова М.М., Токсанбаева А. Б., Самарина В.И., Хлестова О.Н., Бахрейна Н.В., Собакина В.К., Бирюкова П.П., Моджоряна Л.А., Карпеца И.И және т.б зерттеу жұмыстары бар.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеу негізі Халықаралық Ұйым қылмыстық полиция-Интерполдың қалыптасу тарихын, құқықтық мәртебесін және Қазақстан Республикасының Интерполмен қатынасын зерттеу.Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді алға қойдым: Біріншіден, терроризммен күресті қадағалайтын халықаралық құқықтық құжаттарды зерттеу, екіншіден, Қазақстан Республикасындағы терроризмге қарсы жұмыс жағдайларын түсіну үшін Қазақстан Республикасындағы халықаралық терроризмге қарсы күрес жүргізетін құқықтық қадағалауды ашып қарау, үшіншіден, Қазақстан Республикасының Интерпол бағыты бойынша бүкіл әлем мен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық жұмыстары мен ынтымақтастығының даму процессін бақылау

Зерттеудің объектісі мен пәні. Зерттеу негізі Халықаралық Ұйым қылмыстық полиция-Интерполдың халықаралық терроризммен күресі және осы салада халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық қызметі болып табылады.

Зерттеу барысында қолданылатын әдістерге: тарихи, систематикалық, салыстырмалы, анализ т.б жатады. Осы дипломдық жұмысын жазу барысында келісім, жарғы, конвенция іспетті халықаралық құжаттарды табуда қиындық туындады.Бітіру жұмысындағы қолданған мәліметтерді екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа, саясаткерлердің арнайы жұмыстарымен осы тақырыпқа арналған жұмыстары жатады. Екінші топқа құқықтық нормативті актілер, конвенциялар, келісімдер, шарттар жатады.

Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тарау, қорытындыдан, пайдаланған әдебитеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Бірінші тарауда Интерполдың жалпы сипаттамасы көрсетілген, құрылу және қалыптасу тарихы, Интерполдың құрылымы, басты органдарының қыщзметтері. Екінші тарауда Интерполдың қызметінің негізгі бағыттары көрсетілген: кылмыспен күресу шаралары, қылмыскерлерді және ұрланып кетген заттарды, іс түссіз жоғалғандарды іздеу халықаралық іздестірдуді ұйымдастыру, қылмыскерлерді ұстап беруді көмектесу, қылмыстық iстер, жедел материалдар бойынша сұрау салуларды өңдеу және жiберу, бастамашылық сұрау салуларды дайындау, және халықаралық терроризмен халықаралық күресуде көмектесуі. Үшінші тарауда Қазақстан Республикасымен Интерполмен ынтымақтастығы көрсетілген; Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросының қызметі және Интерполдың тапсырмаларын орындау процесiнде Қазақстан Республикасы құзыреттi органдарының iс-әрекет жасасуының тәртiбi.