Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шыгыс дарис.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.25 Кб
Скачать

Зия Осман Саба

(1910 – 1957)

1910 жылы дүниеге келіп, 1957 жылы қайтыс болған түріктің көрнекті ақыны. Стамбұл университетінің заң факультетін бітірген оның өлеңдері 1927 жылдан бастап жариялана бастаған.

«Жолдар мен көгершіндер» (1943), Өткен шақ (1947) секілді кітаптары мен «Бақытты адамдар фотоательесі» (1952), «Өзгеріп жатқан Стамбұл» (1959) сияқты әңгімелер жинақтарының авторы. Шығармалар: «Қолдар», «Тілек», «Тегін», «Дауасы жоқ». Аударғандар Жұмекен Нәжімеденов, Өтеген Күмісбаев.

Рифат Ылғаз

(1911 – 1993)

1911 жылы Жиде қаласында дүниеге келіп, 1993 жылы өмірден өтті.

Қастаман қаласында мұғалімдер институтын, Анкарада пединституттың Әдебиет факультетін бітірген. Шығармалары 1927 жылдан бастап жариялана бастады.оқырмандар арасында алғаш «Гюн» журналында шыққан өлеңдер топтамасымен кеңінен танылды.

«Достық» (1943), «Біз әлі тіріміз» (1947), «Енді алыс емес» секілді жыр жинақтары және көптеген әңгіме, роман, пьесалардыңавторы. Шығармалары: «Өлеңде», «Түрме терезесінен (Стамбұул жайлы өлең)», «Білер ме ем?», «Бауырым, Алиш». Аударғандар Жұмекен Нәжімеденов, Оразақын Асқар, Жұмаш Көкбөрі.

Октай Рифат

(1914 – 1988)

1914 жылы Трабзонда дүниеге келіп, 1988 жылы өмірден өтті. 1936 жылы Анкарада лицейді бітірген.

Орхан Уәли Канық және Мелих Жевдет Андаймен бірге 1941 жылы «Үштаған» әдеби бірлестігін құрған ХХ ғасырдағы атақты түрік ақындарының бірі, драматург, аудармашы.

«Өмір, ажал, махаббат және кезбелік» (1945), «Сұлулыққа мадақ» (1945), «Төмен-жоғары» (1952), «Тұлымды көше» (1956), «Ғашықтың баспалдағы» (1958), «Бостандықтың қолдары» (1966) секілді жыр жинақтарының авторы. Шығармалары: «Нан мен жұлдыз», «Алғыс», «Құшақ», «Соңғы сөз», «Шағыма», «Жарыма», «Батпырауықтар», «Қарлығаш», «Мұнда», «Керуен», «Шабуыл», «Бостандық наны», «Ораза». Аударғандар Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырза Әли, Ұлықбек Есдәулет.

Орхан Уәли Канак

(1914 – 1950)

1914 жылы Стамбұлда дүниеге келіп, 1950 жылы осы қалада қайтыс болған ХХ ғасырдағы атақты түрік ақындарының бірі. Бүркеншек есімі Мехмет Али Сел.

Стамбұл университетіндегі әдебиет факультетінің философия бөліміндегі оқуын 1935 жылы тастап кеткесін, әскери қызметте болып, біраз жыл мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасады. 1949- 1950 жылдары «Жапырақ» әдеби журналын шығарып тұрды.

Ақындар Мелих Жеудет Андай және Октай Рифатпен достығы 1941 жылы «Үштаған» әдеби бірлестігін құруға ұласқан Орхан Уәли Канык бүгінгі түрік поэзиясында соны бетбұрыс жасаған тұлға ретінде бағаланады.

«Неден бас тартқым келмейді» (1945), «Дастан секілді» (1946), «Жаңа леп» (1947), «Кедергіге қарамастан» (1949) секілді жыр жинақтардың авторы. Шығармалары: «Сендер үшін», «Жайсаң күндер», «Еркіндікке», «Эпитафия №1», «Эпитафия №2», «Эпитафия №3», «Ол емес!», «Әлде не бар...», «Неге!», «Су тегін», «Менің сол қолым», «Іскек жайлы өлең», «Тыныс», «Кенеттен», «Ғалат көпірі», «Майданға аттанған жас жігіт», «Менің көлеңкем», «Иллюзия», «Тесік өлең», «Адамдар», «Мереке», «Ыстамбұлға арнау», «Қызыл ағаш», «Ескі-құсқы сатып алып жатырмын», «Қоңырау өлең», «Жұмыссыз», «Іштен қарағанда», «Отан үшін», «Ағаш», «Теңіз», «Жол», «Құс пен бұлт», «Көшеде келе жатқанда», «Қарақшы», «Таңдаулы», Шымшық», «Пәтшағар...», «Сен, қайдасың?», «Жексенбілік кештерде». Аударғандар Өтеген Күмісбаев, Ұлықбек Есдәулет, Әмірхан Балқыбек, Дәурен Берікқажыұлы.