- •5. Дәріс кешені тақырып 1. Түрік әдебиеті
- •Ахмед Мидхат (1844-1913), түрік жазушысы
- •Ибрагим Шинаси (1826-1871), түрік ақыны
- •Жәлаләддин Руми
- •Жүніс Емре
- •Ерзурумлы Емрах
- •Рухсаты
- •Теврик Фикрет
- •Мехмет Эмин Йурдакул
- •Женап Шеһабеттин
- •Мехмет Акиф Эрсой
- •Зия Гөкалып
- •Яхия Кемал Бейатлы
- •Ахмет Хашим
- •Орхан Сейфи Орхон
- •Фарук Нафыз Чамлыбел
- •Ашық Вейсел Шатыроғлы
- •Юсуп Зия Ортач
- •Ахмет Хамди Танпынар
- •Ахмет Кутси Тежер
- •Ариф Нихат Азия
- •Нәжіп Фазыл Қысакүрек
- •Һусейін Ниһал Атсыз
- •Назым Хикмет
- •Жахит Сыртқы Таранжы
- •Зия Осман Саба
- •Рифат Ылғаз
- •Октай Рифат
- •Орхан Уәли Канак
- •Фазыл Хұсню Дагларджа
- •Әзиз Несин
- •Мелих Жеудет Андай
- •Бехчет Неджатигиль
- •Жахид Күлеби
- •Фахри Эрдинч
- •Суат Ташер
- •Сабахатдин Құдрет Ақсал
- •Неджети Жұмалы
- •Өздемир Асаф
- •Неузат Үстүн
- •Аттила Илхан
- •Мұстафа Бюлент Эджевит
- •Бәкір Сытқы Ердоған (1926 жылы туған)
- •Ахмет Әріп
- •Осман Түркай
- •Жемал Сүрея
- •Абдуррахым Каракоч
- •Сезан Каракоч (1933 жылы туған)
- •Йавуз Булент Бакилер (1936 жылы туған)
- •Эрдем Бейазит
- •Жахит Зарифоглы
- •Фетһуллах Гүлен (1941 жылы туған)
- •Нуруллах Генч (1960 жылы туған)
- •Сарай шайырларының поэзиясы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі әдебиеті
- •Бәдәуи ақындарының лирикасы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі проза
- •«Калила мен Димна» аудармасының дүниежүзіне таралу
- •Ежелгі дәстүрге оралу дәуірі
- •Әдеби синтез дәуірі
- •Жат жердегі жаңа әдебиет
- •«Еліктеу» дәуірі
- •Құлдырау дәуірі әдебиеті
- •Иран әдебиеті
- •Қытай әдебиеті
- •Қытай әдебиеті (Чиң дәуірінің әдебиеті)
- •Қытай әдебиет тарихындағы ең алғашқы өлең-жырлар жинағы
- •Жапон әдебиеті
- •Үнді әдебиеті
- •Түркмен әдебиеті
- •Әзірбайжан әдебиеті
- •Өзбек әдебиеті
- •4. Шыңғыс Айтматов
- •Қарақалпақ әдебиеті
Нәжіп Фазыл Қысакүрек
(1905 – 1983)
1905 жылы 16 мамырда Стамбұлда дүниеге келіп, 1983 жылы 25 мамырда қайтыс болған. Балалық шағын осы қалада өткізген ол, 1924 – 1925 жылдары философия саласында білім алу мақсатымен Францияда болатын. Онда оқуын толық аяқтамастан, Отанына қайтып оралып, әр түрлі салаларда қызмет істейді.
Нәжіп Фазыл жиырмасыншы ғасырдағы ең айтулы түрік ақындарының бірі болды. Ол тек қана ақындық қасиетімен емес, сонымен қатар жазушылық қабілетімен де айрықша танылды. «Бір адам жарату», «Бастық мырза сияқты туындылары» Түрік театрының абыройын асқақтатқан шығармалар ретінде жоғары бағаланды. Шығармалары: «Дұға», «Тосар», «Бітер», «Өтті, кетті», «Қайырма өлең», «Айдын», «Перделер», «Табиғат – жылан, әйел – ана», «Пайғамбар», «Рух», «Мен», «Аулақ!», «Сақария жыры». Аударғандар Оразақын Асқар, Мақсұтхан Жақып, Өтеген Күмісбаев, Исраил Сапарбай, Дархан Қыдырәлі.
Һусейін Ниһал Атсыз
(1905 – 1975)
1905 жылы Стамбұлда дүниеге келіп, 1975 жылы осы қалада өмірден өтті.
Түріктің әйгілі ұлтшыл ақындарының бірі, жазушы, саясаткер. 1930 жылы Стамбұл университетінің әдебиет факультетін бітіргесін, көп жылдар ұстаздық және баспагерлікпен айналысты.
Бірнеше роман және «Сапар соңы» деп аталатын жыр жинағының авторы. Шығармалары: «Көкбөрілердің өлімі» (1946), «Көкбөрілердің тірілуі» (1949) атты романдарының беташар жырлары, «Ер түріктер туралы жыр», «Түрікшілдіктің байрағы», «Хас батырлар жыры», «Өткен күн мен қара жер туралы жыр», «Эгейден – Алтайға дейінгі түрік жастарына!», «Варсағы (халық әуенімен жазылған өлең)». Аударған Жұмаш Көкбөрі.
Назым Хикмет
(1902 – 1963)
1902 жылы Грекияның территориясында қалған Селаникте дүниеге келіп, 1963 жылы Мәскеуде қайтыс болған. Есімі әлемге танылған түрік ақыны. Халықаралық Лениндік сыйлықтың лаутеаты.
Алғашқы кезде Бахрие мектебінде білім алып, сосын біраз жыл Ресейде оқиды. Түркияға оралғасын әскерлерді коммунистік бағытқа үгіттеді деген - шағыммен жазаға кесіліп, түрмеге түседі. 1950 жылы өкімет тарапынан кешіріліп, түрмеден шыққасын Ресейге қонымс аударды. Ақ өлең формасында жазылған шығармалары нағыз шеберліктің үлгілері болып табылады. Шығармалары: «Дүние, достар, жаулар, өзің және жер», «ХХ ғасыр», «Автобиография», «Қызыл алаң, бірінші май», «Кетеде», «Ленинмен бірге», «Қорғасын», «Қала, кеш және сен», «дау-дамай», «Оптимист», «Кәрілікке ет үйренді», «Төрттаған», «Отан туралы», «Жарымның жанары», «Өлген қыздың елесі». Аударғандар Жұмекен Нәжімеденов, Хамза Абдуллин.
Жахит Сыртқы Таранжы
(1910 – 1956)
1910 жылы Диярбакырда дүниеге келіп, 1956 жылы Венада қайтыс болған. Әдебиетте «Өнер – өнер үшін» принципін ұстанушылардың бірі.
Ол өлеңді «сөздер арқылы әдемі формалар жасау өнері» деп бағалаған. Қарапайым әдіспен жазылған өлеңдерінде негізінен өмірдің қуанышы мен өлім тақырыбын жырлады. Сонымен қатар жоғалған махаббат, жалғыздық, балалық шаққа деген сағыныш тақырыптарында да көптеген өлеңдер жазып қалдырған. Шығармалары: «Қозғалыс», «Су үні», «Отыз бес жастамын», «Ғашығым», «Өлең», «Бөлмедегі тыныштық», «Серенада», «Құстар», «Құлақ сал», «Жүрек». Аударғандар Оразақын Асқар, Мақсұтхан Жақып, Маржан Ершу.
