Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шыгыс дарис.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.25 Кб
Скачать

Ашық Вейсел Шатыроғлы

(1894 – 1973)

1894 жылы Сивас қаласының Сарықышла ауданының Сивриалан ауылында дүниеге келіп, 1973 жылы өмірден өтті. Түріктің XX ғасырдағы ең атақты саз шайыры боп есептелінеді.

Жас кезінде шешек ауруынан бір көзі көруден қалса, кейін әкесі сиыр сауып отырған кезде қолындағы таяғының ұшы байқаусызда тиіп кетіп, екінші көзін де ағызып түсіреді. Сөйтіп Вейсел балалық шағында-ақ зағип болып қалады.

Жетпіс жылдық өмірін қараңғылықта өткізген Ашық Вейсел сазымен, өлеңдерімен халықтың жадында мәңгілік өшпес із қалдырды. Шығармалары: «Достар мені еске алсын», «Мені ұмытпа», «Түрікпіз», «Қайтыс боларының алдында ұлы Ахмет Шатыроғлына жаздырған өлеңі». Аударғандар Әмірхан Балқыбек, Маржан Ершу, Бауыржан Әліқожа.

Юсуп Зия Ортач

(1895 – 1967)

1895 жылы Стамбұлда дүниеге келіп, 1967 жылы өмірден өтті. Көп жылдар оқытушылық қызмет атқарған. Поэзиялық, прозалық туындылардың авторы. Ақын, жазушы, сатирик.

«Ғашықтар жолы», «Ошақ» поэзиялық туындылары, сондай-ақ «Көш» романы, «Мехмет аға» атты сатиралық және «Біз бармыз» естелік кітаптары жарық көрген. Шығармалары: «Көктем кеші», «Үйім», «Өмірдің балы». Аударғандар Жұмаш Көкбөрі, Маржан Ершу.

Ахмет Хамди Танпынар

(1901 – 1962)

1901 жылы Стамбұлда заң қызметкерінің отбасында дүниеге келіп, 1962 жылы өмірден өтті. Османие университетінің (қазіргі Стамбұл университеті) әдебиет факультетіне түсіп, оны 1923 жылы тәмамдайды. Ерзурум, Кония, Анкара секілді қалаларда мұғалім боп қызмет етеді. 1933 жылы Стамибұлға оралып, оқытушылық қызметін осында жалғастырады.

Әдебиетпен қатар өнер тарихы, көркем өнер дәрістерін де жүргізген. 1939 жылы Стамбұл университетінде жаңадан ашылған түрік әдебиеті кафедрасына профессор болса, 1942 жылы Республикалық халық партиясы атынан сайлауға түсіп, Түркия ұлттық ұлы мәжілісіне кіреді.

Алғашқы өлеңімен-ақ халық аузына іліккен ақын бірнеше романның авторы болған жазушы ретінде де Түркия оқырмандары арасында кеңінен танымал. Шығармалары: «Жылама», «Ләйлә», «Дұғай сәлем!», «Жағалауда мүлгіген кеме», «Анам үшін», «Күтемін». Аударған Әмірхан Балқыбек.

Ахмет Кутси Тежер

(1901 – 1967)

1901 жылы дүниеге келіп, 1967 жылы Стамбұлда қайтыс болған. 1929 жылы Стамбұл университетінің философия бөлімін бітірген. Өлеңдері 1921 жылдан кейін түрлі журналдарда жариялана бастаған. Өлең жазуда буын өлшеміне басымдық берген Тежер лирикасында жеке адам сезімін жырлауға ұмтылса, кей уақыт ұлттық мүдделерді қозғайтын азаматтық өлеңдер де жазған. Кейіннен қолға алған драматургияда да ұлттық құндылықтарға ерекше мән бергенін байқауға болады. Шығармалары: «Қайдасың?», «Қыстағы ойлар», «Анау жақта бір ауыл бар...». Аударған Әмірхан Балқыбек.

Ариф Нихат Азия

(1904 – 1975)

1904 жылы Ыстанбұлда дүниеге келіп, 1975 жылы Анкарада өмірден өтті.

Стамбұл университеті Жоғары мұғалімдік мектебін әдебиет бөлімі бойынша тәмамдағасын, әр түрлі қалаларда әдебиет пәні оқытушысы болып қызмет атқарған. 1950 – 1954 жылдары депутат болып сайланып, Түркия ұлттық ұлы мәжілісінде қызмет етеді. Ағартушылық саласына да біраз еңбек сіңірген.

1962 жылы зейнеткерлікке шыққасын, мерзімді басылымдарда мақалалары және ой-толғамдарымен көріне бастады. Жыр жинақтарында елді, туған жердің табиғатын асқақтата өлеңге қосты. Дәстүрлі поэзия үлгілерімен бірге ақ өлеңге де бой ұрған.

«Жалау тұр желді сағынып» (1946), «Тамырлар мен бұтақтар» (1964), «Дұғалар мен баталар» (1967), «Төрттағандар» (1956), «Сәуір» (1964) секілді көптеген жыр жинақтарының авторы. Шығармалары: «Жоқтау», «Танымады», «Жолдар», «Ана», «Жалау тұр желді сағынып», «Дастан», «Олар». Аударғандар Әміржан Рысбаев, Әмірхан Балқыбек, Маржан Ершу.