Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шыгыс дарис.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.25 Кб
Скачать

Зия Гөкалып

(1876 – 1924)

1876 жылы Диярбакырде дүниеге келіп, 1924 жылы дүниеден өткен. Сол жерде заманауи біліммен қатар исламдық діни біліммен де сусындаған. Кейін Стамбұлдағы мал дәрігерлігі оқу орнында оқуын жалғастырды. Алғашқыда «Жас түріктер» ұйымының ықпалында болған ол 20 жасында «Бірлік және даму» астыртын ұйымына мүшелікке кіріп, саяси қызметпен айналысты. Әлеуметтану саласында көп еңбек сіңірген, түрікшілдіктің негізін қалаған айтулы тұлғалардың бірі.

«Кермарал», «Алтын дастан», «Ауыл», «Тіл», «Отан», «Мәдениет», секілді жинақтардың авторы.

Яхия Кемал Бейатлы

(1884 – 1958)

1884 жылы Македонияның астанасы Үскіпте дүниеге келіп, 1958 жылы Стамбұлда қайтыс болды. Дипломат, халық қалаулысы болып қызмет атқарған. Шын есімі Ахмет Агах.

Алдымен жергілікті Үскіп медресесінде арабша, парсыша, дәріс алса, 1902 жылы Стамбұлда лицейде білім алуын жалғастырды. 1903 жылы Парижге қоныс аударып, сондағы саясаттану жоғары мектебінде оқыды.

Алғашқы шығармаларын 1900 жылдары Есрар деген лақап атпен жаза бастаған.

Ұлттық құндылықтарға баса назар аударып, батыс әдебиеті әсеріндегі жаңа заман түрік поэзиясын қалыптастыруға тырысты және бұл жолда үлкен табыстарға жетті.

XX ғасырдағы түрік поэзиясының басты ақындарының бірі саналады. Шығармалары: «Ой», «Басқа бір биіктен қарасам», «Тұманды түндегі жаңғырық», «Қыркүйек айы соңында», «Үнсіз кеме», «Сарбаздар». Аударғандар Өтеген Күмісбаев, Жұмаш Көкбөрі, Әмірхан Балқыбек, Дархан Қыдырәлі.

Ахмет Хашим

(1885 – 1933)

1885 жылы Бағдатта дүниеге келіп, 1933 жылы өмірден өтті. Стамбұлда құқық мектебін бітіріп, оқытушылық қызмет атқарған. Поэзиялық, прозалық шығармалардың авторы.

«Күн соңындағы арыз» (1921), «Мекен» (1938) секілді кітаптары әлі күнге оқырмандардың жоғары сұранысына ие. Шығармалары: «Баспалдақ», «Сол ара», «Күн соңында», «Күнге арыз». Аударғандар Жұмаш Көкбөрі, Маржан Ершу.

Орхан Сейфи Орхон

(1890 – 1972)

1890 жылы Стамбұлда дүниеге келіп, 1972 жылы осы қалада өмірден өткен. 1914 жылы заң мектебін бітірді. Өмірінің әртүрлі кезеңдерінде журналистикамен шүғылданып, оқу орындарында дәріс берді. Сондай-ақ Ұлттық Парламентте де лауазымды қызмет атқарған.

Бүгінгі түрік әдебиетінде Орхан Сейфи Орхон дәстүрлі поэзияны қалпына келтірушілердің бірі ретінде бағаланады.

«Дауыл мен қар» (1919), «Пері қызы мен қойшының хикаясы» (1919), «Жүрек қағыстары» (1922), «Керуен» (1946), «Мен ғашық дүние» (1965) секілді жыр жинақтарының авторы. Ақынның жиырмадан астам өлеңдеріне ән жазылған.

Фарук Нафыз Чамлыбел

(1889 – 1973)

1889 жылы Стамбұлда дүниеге келіп, 1973 жылы Жерорта теңізінде саяхаттап жүргенде қайтыс болды.

Түрік тілінің дамуына зор үлес қосып, дәстүрлі поэзияны жандандырған ақындардың бірі.

Бірқатар оқу орындарында әдебиеттен дәріс беріп, саясатпен де айналысқан. Жазушы, драматург, сондай-ақ сатиралық тақырыптарға қалам тербеген қаламгер ретінде де кеңінен танымал.

«Шығыс сұлтандары», «Жүректен жүрекке», «Сыбызғының үні», «Сатиралық жырлар», «Керуен сарай» секілді жыр жинақтары мен роман, скетчтердің авторы. Шығармалары: «Жайлауда бар бір бұлақ», «Ұлыма», «Періште». Аударғандар Жұмаш Көкбөрі, Мақсұтхан Жақып, Әмірхан Балқыбек.