- •5. Дәріс кешені тақырып 1. Түрік әдебиеті
- •Ахмед Мидхат (1844-1913), түрік жазушысы
- •Ибрагим Шинаси (1826-1871), түрік ақыны
- •Жәлаләддин Руми
- •Жүніс Емре
- •Ерзурумлы Емрах
- •Рухсаты
- •Теврик Фикрет
- •Мехмет Эмин Йурдакул
- •Женап Шеһабеттин
- •Мехмет Акиф Эрсой
- •Зия Гөкалып
- •Яхия Кемал Бейатлы
- •Ахмет Хашим
- •Орхан Сейфи Орхон
- •Фарук Нафыз Чамлыбел
- •Ашық Вейсел Шатыроғлы
- •Юсуп Зия Ортач
- •Ахмет Хамди Танпынар
- •Ахмет Кутси Тежер
- •Ариф Нихат Азия
- •Нәжіп Фазыл Қысакүрек
- •Һусейін Ниһал Атсыз
- •Назым Хикмет
- •Жахит Сыртқы Таранжы
- •Зия Осман Саба
- •Рифат Ылғаз
- •Октай Рифат
- •Орхан Уәли Канак
- •Фазыл Хұсню Дагларджа
- •Әзиз Несин
- •Мелих Жеудет Андай
- •Бехчет Неджатигиль
- •Жахид Күлеби
- •Фахри Эрдинч
- •Суат Ташер
- •Сабахатдин Құдрет Ақсал
- •Неджети Жұмалы
- •Өздемир Асаф
- •Неузат Үстүн
- •Аттила Илхан
- •Мұстафа Бюлент Эджевит
- •Бәкір Сытқы Ердоған (1926 жылы туған)
- •Ахмет Әріп
- •Осман Түркай
- •Жемал Сүрея
- •Абдуррахым Каракоч
- •Сезан Каракоч (1933 жылы туған)
- •Йавуз Булент Бакилер (1936 жылы туған)
- •Эрдем Бейазит
- •Жахит Зарифоглы
- •Фетһуллах Гүлен (1941 жылы туған)
- •Нуруллах Генч (1960 жылы туған)
- •Сарай шайырларының поэзиясы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі әдебиеті
- •Бәдәуи ақындарының лирикасы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі проза
- •«Калила мен Димна» аудармасының дүниежүзіне таралу
- •Ежелгі дәстүрге оралу дәуірі
- •Әдеби синтез дәуірі
- •Жат жердегі жаңа әдебиет
- •«Еліктеу» дәуірі
- •Құлдырау дәуірі әдебиеті
- •Иран әдебиеті
- •Қытай әдебиеті
- •Қытай әдебиеті (Чиң дәуірінің әдебиеті)
- •Қытай әдебиет тарихындағы ең алғашқы өлең-жырлар жинағы
- •Жапон әдебиеті
- •Үнді әдебиеті
- •Түркмен әдебиеті
- •Әзірбайжан әдебиеті
- •Өзбек әдебиеті
- •4. Шыңғыс Айтматов
- •Қарақалпақ әдебиеті
Ерзурумлы Емрах
(1777 – 1860)
Емрах 1777 жылы Эрзурумға жақын жердегі Танбураджы ауылында дүниеге келген. Балалық шағын Эрзурумда өткізіп, осында медреседе оқыған. Сивас, Кастамону, Кония, Ниде қалаларын аралаған. Ұзақ уақыт Никсар қаласында тұрған және осы жерде қайтыс болған.
Өз дәуірінің әйгілі шайырларының бірі. Шығыс классикасын жақсы меңгерген оның шығармаларынан Физули, Недим, Бакси секілді ақындардың ықпал-әсерін байқауға болады.
Рухсаты
(1832 – 1911)
Сивас қаласының Кангал ауданының Деликташ ауылында дүниеге келген. Шын аты Мұстафа.
Кейбір деректерге қарағанда, Фериада деген кісінің шәкірті болып, одан өлең жазуды үйренген. Саз шертуді Кусуры үйретті деген мәлімет бар. Ашықтар поэзиясының белді өкілдерінің бірі. Өмірінің соңғы күндерін ауылында өткізіп, сол жерде қайтыс болған.
Өлеңдері негізінен сыршыл болып келеді. Арузбен жазылған дидактикалық өлеңдері бар. «Фатма» өлеңін аударған Маржан Ершу.
Теврик Фикрет
(1867 – 1915)
1867 жылы Стамбул қаласында дүниеге келіп, 1915 жылы өмірден өткен. Шын есімі Мехмет Теврик. Бала күнінен өлең жазып, сурет салумен айналысқан.
Көптеген мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеп, ағартушылық және журналистикамен шұғылданды.
Реалистік сарындағы жаңашыл түрңк әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.
«Халук дәптері» және «Бағзы заман тарихы» жинақтарының авторы. Шығармалары: «Балықшылар», «Ұлттың жыры» аударғандар Жұмаш Көкбөрі, Дархан Қыдырәлі.
Мехмет Эмин Йурдакул
(1869 – 1944)
1869 жылы Стамбулда дүниеге келіп, 1944 жылы осы қалада өмірден өткен. Ұлттық әдебиет пен түрікшілдік ағымының белді өкілі. Мүлкие мектебінде (Саясаттану жоғары мектебі) білім алғасын, Иттихат (Бірлік) және Теракки (Даму) ұйымына кіреді.
Жырларында билікті сынағаны үшін жұмысы 1907 жылы Эрзурумға ауыстырылып, Стамбулдан шет аймаққа жіберіледі. Елдегі саяси өзгерістерге байланысты 1909 жылы Стамбулға қайта шақырылып, Теңіз министірлігіне кеңесшілік қызметке тағайындалған. 1919 жылы Түрік саяси партиясын құрады.
Он беске жуық өлеңдер жинағы, бірнеше прозалық шығармасы жарық көрген. Шығармалары: «Ей, түрік, оян!», «Шаба көрме», «Анадолы», «Ауыл қызы адемі». Аударғандар Фәдли Әли, Жұмаш Көкбөрі.
Женап Шеһабеттин
(1870 – 1934)
1870 жылы Манастурада дүниеге келіп, 1934 жылы өмірден өтті. Әскери медицина мектебін бітірген. Сервети-Фунын дәуірінің әйгілі ақыны және түрік поэзиясындағы символизмнің негізін салушылардың бірі.
Женап Шеһабеттин – тек жыр жолдарымен ғана емес, елді бірлікке, еңбекке үндейтін қанатты сөздерімен де, ағартушылық бағыттағы еңбектерімен де халық жүрегінен орын тапқан дарын иесі. Шығармасы: «Сен үшін», аударған Жұмаш Көкбөрі.
Мехмет Акиф Эрсой
(1873 – 1936)
1873 жылы Стамбұлда дүниеге келіп, 1936 жылы осы қалада өмірден өтті. Төрт жасынан бастап жергілікті мектепте, сосын Қаржы колледжінде дәріс алған. Өз бетінше ізденіп, парсыша, арабша хат таныған. 1889 – 1893 жылдар аралығында мемлекеттік мал дәрігерлік оқу орнын үздік бітіріп, бірқатар елдерде осы мамандығы бойынша жұмыстар атқарған. Республика кезеңінің көрнекті ақыны, мал дәрігері, ұстаз, қари, Құран Кәрімнің аудармашысы, халық қалаулысы. Ұлт-азаттық соғысы кезінде елді бірлікке, ерлікке шақырған айтулы тұлғалардың бірі.
Түркия Республикасының ұлттық әнұраны саналатын «Тәуелсіздік әнұранының» авторы. «Отан ақыны» және «ұлттық ақын» аталған ақынның басты шығармалары «Чанаккале дастаны», «Бұлбұл» саналынады. Шығармалары: «Тәуелсіздік маршы», «Торығу», «Бірлік», «Зорлық пен қарсылық», «Жолаушы, бері қара?». Аударған Жұмаш Көкбөрі.
