- •5. Дәріс кешені тақырып 1. Түрік әдебиеті
- •Ахмед Мидхат (1844-1913), түрік жазушысы
- •Ибрагим Шинаси (1826-1871), түрік ақыны
- •Жәлаләддин Руми
- •Жүніс Емре
- •Ерзурумлы Емрах
- •Рухсаты
- •Теврик Фикрет
- •Мехмет Эмин Йурдакул
- •Женап Шеһабеттин
- •Мехмет Акиф Эрсой
- •Зия Гөкалып
- •Яхия Кемал Бейатлы
- •Ахмет Хашим
- •Орхан Сейфи Орхон
- •Фарук Нафыз Чамлыбел
- •Ашық Вейсел Шатыроғлы
- •Юсуп Зия Ортач
- •Ахмет Хамди Танпынар
- •Ахмет Кутси Тежер
- •Ариф Нихат Азия
- •Нәжіп Фазыл Қысакүрек
- •Һусейін Ниһал Атсыз
- •Назым Хикмет
- •Жахит Сыртқы Таранжы
- •Зия Осман Саба
- •Рифат Ылғаз
- •Октай Рифат
- •Орхан Уәли Канак
- •Фазыл Хұсню Дагларджа
- •Әзиз Несин
- •Мелих Жеудет Андай
- •Бехчет Неджатигиль
- •Жахид Күлеби
- •Фахри Эрдинч
- •Суат Ташер
- •Сабахатдин Құдрет Ақсал
- •Неджети Жұмалы
- •Өздемир Асаф
- •Неузат Үстүн
- •Аттила Илхан
- •Мұстафа Бюлент Эджевит
- •Бәкір Сытқы Ердоған (1926 жылы туған)
- •Ахмет Әріп
- •Осман Түркай
- •Жемал Сүрея
- •Абдуррахым Каракоч
- •Сезан Каракоч (1933 жылы туған)
- •Йавуз Булент Бакилер (1936 жылы туған)
- •Эрдем Бейазит
- •Жахит Зарифоглы
- •Фетһуллах Гүлен (1941 жылы туған)
- •Нуруллах Генч (1960 жылы туған)
- •Сарай шайырларының поэзиясы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі әдебиеті
- •Бәдәуи ақындарының лирикасы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі проза
- •«Калила мен Димна» аудармасының дүниежүзіне таралу
- •Ежелгі дәстүрге оралу дәуірі
- •Әдеби синтез дәуірі
- •Жат жердегі жаңа әдебиет
- •«Еліктеу» дәуірі
- •Құлдырау дәуірі әдебиеті
- •Иран әдебиеті
- •Қытай әдебиеті
- •Қытай әдебиеті (Чиң дәуірінің әдебиеті)
- •Қытай әдебиет тарихындағы ең алғашқы өлең-жырлар жинағы
- •Жапон әдебиеті
- •Үнді әдебиеті
- •Түркмен әдебиеті
- •Әзірбайжан әдебиеті
- •Өзбек әдебиеті
- •4. Шыңғыс Айтматов
- •Қарақалпақ әдебиеті
Жәлаләддин Руми
(1207 – 1273)
1207 жылы Балхта туып, 1273 жылы қазіргі Түркия жеріндегі Коньяда қайтыс болған Шығыстың ұлы ақындарының бірі. Өмірінің әр кезеңдерінде Нишапур, Бағдад, Дамаск, Алеппо секілді қалаларда тұрған. Көптеген ғәзалдар, лирикалық өлеңдер мен «Мәснәуи» атты дастан жазған ақынды адамзаттың рухани қазынасына үлес қосқан ақын деп бағалауға болады. Шығармалары: «Бағбан мен діндар ұры», «Жезөкшеге үйленген қылжақбас хақында», «Қылжақбастан мат алған қаһарлы шах хақында», «Құты қашқан қалалық», «Піл туралы пікір таласы», «Зергер және оның таразысын сұрай барған кәрия хақында», «Ұрланған қой хақында», «Қой мен өгіз және түйенің дауы», «Дәрігерге ауруы жайлы арыз айтқан кәрия хақында», «Қолға түскен құстың ақылы», «Жұқа мен жетім», «Нан сатушы және дүкенге май төгіп алған тоты туралы», «Бақсы мен имамның айтысы», «Жүзім туралы хикая», «Қараңғылық». Аударған Қадыр Мырза Әли.
Жүніс Емре
(1240 – 1320)
XIII ғасырдың ортасы мен XV ғасырдың басында Анадолыда өмір сүрген, исламның сопылық бағытын ұстанған түрік ақыны. 1240 жылы туылып, 1320 жылы қайтыс болған деп есептелінеді. Осынау 80 жылдық өмірінде ол көп жайды бастан кешкен, көпті көрген, көп білген. Сондықтан оның өлеңдері философиялық терең ойлы, мол мағыналы, шынайы да шырайлы болып келеді.
Жүніс Емре де Қожа Ахмет Яссауи сияқты түрік халқының жақсы көрген буын ұйқасын және жай тілді қолданады.
Аңыз бойынша Жүніс Емре үш мың өлең жазыпты-мыс. Соның бір мыңы аспанға жіберілген. Қалған бір мыңы ғана бізге, жер бетіндегі адамдарға мұра болып қалса керек. Шығармалары: «Дертті өлең», «Мендей сорлы бар ма екен?..», «Көрші, маған не істеді махаббат», «Мына әлемнен кетеміз», «Жан өлмейді», «Қорқамын», «Сүйем сені», «Сабақ ал», «Нәпсі». Аударғандар Әмірхан Балқыбек, Дархан Қыдырәлі, Алмат Исаділ.
Ешрефоғлұ Руми
(1353 – 1409)
1353 жылы Ізник қаласында дүниеге келіп, 1409 жылы өмірден өткен.
Осындағы медреседен білім алған. Шын есімі Абдуллаһ.
XV ғасырдағы діни бағытта жырлаған ақындардың белді өкілдерінің бірі. Өмірінің соңын дәруіштікпен өткізген ол Жүніс Емре жолын жалғастырушы болып табылады. Өлеңдерін арзу өлшемімен де, буын өлшемімен де шығарған.
Қайғысыз Абдал
(XIV ғасыр)
Халық арасында Қайғысыз Сұлтан лақабымен аты жайылған Қайғысыз Абдалдың өмірі аңызға ұқсас.
Қырық жыл бойы Абдал Мұсаның отауында қызмет көрсеткен Қайғысыз Абдал Бекташи тарихаты ұлыларының арасына кіреді. Мысырда, Софияда болғандығын, сондай-ақ Түркияның батысындағы елдерді аралағандығын өлең жолдарынан білуге болады.
Қаражаоғлан
(1606 – 1689)
1606 жылы Адана қаласының Варсак ауылында дүниеге келіп, 1689 жылы өмірден өтті.
Сайылогуллары руынан екені, Торос таулы аймағын мекендеген түркімендердің арасында өскені туралы тарихи деректер кездеседі. Анкара, Кайсери, Кония, Караман, Адана, Диярбакыр, Мардин, Халеп қалаларында болған. Мысыр, Сирия, Траблус, Грекия елдерін аралаған, өмірінің көбін жат жерлерде өткізген.
Қаражаоғлан ауыл-ауылды аралап, ескі әдет-ғұрып пен халықтың тұрмыс-салтына байланысты өлеңдер жазған. Оның өлеңдерінде көктем, жаз, жасыл жайлау, асқар тау, мөлдір бұлақ сияқты табиғат сұлулықтары да үлкен суреткерлікпен бейнеленген.
