- •5. Дәріс кешені тақырып 1. Түрік әдебиеті
- •Ахмед Мидхат (1844-1913), түрік жазушысы
- •Ибрагим Шинаси (1826-1871), түрік ақыны
- •Жәлаләддин Руми
- •Жүніс Емре
- •Ерзурумлы Емрах
- •Рухсаты
- •Теврик Фикрет
- •Мехмет Эмин Йурдакул
- •Женап Шеһабеттин
- •Мехмет Акиф Эрсой
- •Зия Гөкалып
- •Яхия Кемал Бейатлы
- •Ахмет Хашим
- •Орхан Сейфи Орхон
- •Фарук Нафыз Чамлыбел
- •Ашық Вейсел Шатыроғлы
- •Юсуп Зия Ортач
- •Ахмет Хамди Танпынар
- •Ахмет Кутси Тежер
- •Ариф Нихат Азия
- •Нәжіп Фазыл Қысакүрек
- •Һусейін Ниһал Атсыз
- •Назым Хикмет
- •Жахит Сыртқы Таранжы
- •Зия Осман Саба
- •Рифат Ылғаз
- •Октай Рифат
- •Орхан Уәли Канак
- •Фазыл Хұсню Дагларджа
- •Әзиз Несин
- •Мелих Жеудет Андай
- •Бехчет Неджатигиль
- •Жахид Күлеби
- •Фахри Эрдинч
- •Суат Ташер
- •Сабахатдин Құдрет Ақсал
- •Неджети Жұмалы
- •Өздемир Асаф
- •Неузат Үстүн
- •Аттила Илхан
- •Мұстафа Бюлент Эджевит
- •Бәкір Сытқы Ердоған (1926 жылы туған)
- •Ахмет Әріп
- •Осман Түркай
- •Жемал Сүрея
- •Абдуррахым Каракоч
- •Сезан Каракоч (1933 жылы туған)
- •Йавуз Булент Бакилер (1936 жылы туған)
- •Эрдем Бейазит
- •Жахит Зарифоглы
- •Фетһуллах Гүлен (1941 жылы туған)
- •Нуруллах Генч (1960 жылы туған)
- •Сарай шайырларының поэзиясы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі әдебиеті
- •Бәдәуи ақындарының лирикасы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі проза
- •«Калила мен Димна» аудармасының дүниежүзіне таралу
- •Ежелгі дәстүрге оралу дәуірі
- •Әдеби синтез дәуірі
- •Жат жердегі жаңа әдебиет
- •«Еліктеу» дәуірі
- •Құлдырау дәуірі әдебиеті
- •Иран әдебиеті
- •Қытай әдебиеті
- •Қытай әдебиеті (Чиң дәуірінің әдебиеті)
- •Қытай әдебиет тарихындағы ең алғашқы өлең-жырлар жинағы
- •Жапон әдебиеті
- •Үнді әдебиеті
- •Түркмен әдебиеті
- •Әзірбайжан әдебиеті
- •Өзбек әдебиеті
- •4. Шыңғыс Айтматов
- •Қарақалпақ әдебиеті
4. Шыңғыс Айтматов
Дәріс мазмұны: Жомықшы – қырғыз халқының әлеуметтік мағынасы терең, көркемдік дәрежесі жоғары эпостық жырларын жатқа айтатын жыршылар. Олардың қатарында Тоқтағұл Сатылғанов, Байымбет Абдрахманов (Тоғалақ молда), Барпы Алықұлов, Алымқұл Өскенбаев, т.б. есімдері бүкіл Орталық Азияға белгілі Жомықшылар, сондай-ақ, Сағынбай Оразбақов, Саяқбай Қаралаев сияқты қырғыздың “Манас” эпосын түгелімен жатқа айтып шығатындар да бар. Соңғыларды манасшылар деп те атайды.
Әр халықтың рухани күші әдебиетінде көрінеді. В.Г.Белинский айтқандай, қандай халық болмасын, қандай даму сатысында тұрмасын мейлі, сөз өнері жоқ ел болмайды. Халық өмірінің айнасы саналатын ауыз әдебиетінен бастап, сөз өнері әр елдің ой-өрісін, арман, мүддесін, сезім түйсіктері мен қиял дүниесінің шарықтау шегін көрсететіні - белгілі қағида.
Мәселеге осы тұрғыдан келсек, біздің туысқан қырғыз халқының «Манас», «Семетей», «Сейтек» трилогиясы қазір жер жүзіне мәлім. Тарихта тайласы жоқ «Манас» эпосының авторы қырғыз халқы дүниежүзі әдебиетіне үлкен үлес қосып, оның кең сарайының шаршы төрінен орын алып отыр.
«Манасты» тапқан Тоқтоғұл, Тоғолоқ молда, Әлімқұл, Халық, Сағынбай, Саяқбайлар сықылды ақын-жыршылардың, Аалы Тоқомбаев, Түгелбай Сыдықбеков, Жомарт Бөкенбаев, Қасымалы Баялиев, Қуанышбек Мәликов, Шыңғыс Айтматов тәрізді қаламы жүйрік жазушылардың шығуы заңды. Қырғыз халқының әдебиет майданындағы өткені мен бүгінгі табыстары барлық совет халықтарын қуантады. «Болмасын деген оңбасын» дейді біздің халық мақалы.
Әр қазақ «Манасты» оқып сүйсінсе, қазіргі қырғыз ақын-жазушыларын оқып сүйсінеді. Бауыры қырғыз еліне алыста болса тілегін, жақында болса жүрегін ұсынады.
ХIХ ғасырдағы қазақ-қырғыз әдеби байланыстары. Қай халықтың да тарихы оның бастан өткерген тағдыр-талайымен байланысты болады. Оны елдің жадынамасына айналдырып, кейінгілерге әрі ұлағат, әрі сабақ ретінде ұсынып отыратын рухани арна сол халықпен бірге жасап келе жатқан әдебиет болып саналады. Ежелгі замандардан бастау алатын әдебиет нұсқалары сол елдің салт-дәстүрлерінен, түсінік-танымынан, мақсат-мүддесінен хабар береді. Әдебиет тек халық тарихының тұтастай шежіресі ғана емес, белгілі бір дәуірдің айнасы да болып есептеледі. Осы тұрғыдан алғанда біз қазақ тарихында айрықша орны бар ХIХ ғасырды зерттеу нысанасы ретінде белгіледік. Зерттеудің уақыттық мерзімі ХIХ ғасыр болса, әдебиеттік мән-мазмұны тұрғысынан қашаннан қоңсы қонған қазақ және қырғыздың әдеби байланыстары қарастырылады.
ХIХ ғасыр – қазақ әдебиетінде де, қырғыз әдебиетінде де әдеби нұсқалар мол туындаған жемісті де, күрделі кезең. Бұл – Ресей отарлаушылары екі елге де өктемдік жүргізіп, әбден тізесін батырған, халық қысымшылықтан қатты қиналған, тығырыққа тірелген дәуір. Отарлаушы үкіметтің ел арасында алауыздық туғызу үшін сайлау жүйесін ойлап тауып, жергілікті халықты билікке таластырып, өзара қырқыстырып қоятын тұсы осы кез. Осы уақыттағы отарлаушы жүйеге деген халықтың рухани қарсылығын елдің ақындары айта алды. Осы кезеңдегі әдебиет өкілдері бұл тұста тек ақынның міндетін ғана емес, ұлттың жайын ойлап, күйзелген қайраткердің де рөлін атқарды. Мұндай ақындар қазақ халқынан да, қырғыз жұртының арасынан да көптеп шықты. Бір қоғамда өмір сүріп, белгілі бір тарихи оқиғаларды бастан кешірген соң, олай болатын да жөні бар. Олардың шығармаларында сол дәуірдің тарихи шындығы көрініс тапты. Алайда кеңестік жүйеде қазақ әдебиетіндегі «зар заман» ақындарын қырғыздың «замана» жыршыларымен салыстыра зерттеуге көп мүмкіндік бола қойған жоқ.
ХIХ ғасыр – екі елдің әдебиетінде де ақындар айтысының әбден кемеліне келіп, шырқау биікке көтерілген тұсы. Табан астынан өлең құрап, сөз қағысуға даяр тұратын суырыпсалма ақындар әдебиетті айтарлықтай дамытты. Өз елінде осынау өнерді серік етіп, бір-бірімен талай рет сайысқа түскен жыр жүйріктері көршілес халықтың ақындарымен де шеберлік байқасқан. Олардың айтысын екі елдің белгілі билері мен мәртебелі манаптары арнайы қадағалап, айтыс әдемі өрбіп бара жатса, ұзаққа сілтетіп, ақындар қос халық арасындағы ежелгі дауды қозғап, бір-бірінің намысына тие бастаса, дер кезінде ауыздықтап, басу айтып, тоқтатып отырған. Сөйтіп, даланың даналық философиясы айтыс өнерін дамытуға мол үлес қосқан. ХIХ ғасырдағы қазақ-қырғыз әдебиетін қарастырған кезде заманды сезіну үйлесімділігі, белгілі бір тақырыпты жырлау біркелкілігі, көркемдік тәсілдердің ұқсастығы секілді ортақ мәселелердің мысалдары аңғарылмай қалмайды. Мәселенің бұл жағына да зерттеуде жете көңіл бөлінді.
Қазақ әдебиеті өзінің бай тарихында түрлі елдің әдебиеттерімен сабақтас дамыды. Бір мезгілде қатар өсіп-өркендеген әдебиеттер бір-біріне ықпал етпей қоймайды. Ал бір-біріне туыстығы бар, тілі мен ділі, дәстүрі мен салты, өсуі мен қалыптасуы ұқсас қазақ пен қырғыз елінің арасындағы ерте замандардан бастау алған байырғы қарым-қатынас күні бүгінге дейін жалғасып келеді.
Әдебиетіміздің арғы бастаулары ғана емес осы күнге дейін жеткен сабақтастық мысалдары қырғыз елімен ежелден түбіміз бір, тілегіміз ортақ екенін дәлелдейді. Тамыры терең қазақ әдебиетінің өте бай тарихында маңызды орын алатын ХIХ ғасырдағы қырғыз елімен әдеби байланыстарымызды жаңаша зерделеу арқылы еншісі бөлінбеген қос жұрттың арасындағы дәнекерлік көпірінің берік болуына үлес қостық дей аламыз. Зерттеу жұмысының өзектілігі осынысымен де айқындалмақ.
Екі елдің әдебиеті де әр сала бойынша біраз уақыттан бері зерттеліп келеді. Барлық кезеңде де қазақ пен қырғыз елінің әдебиетші ғалымдары бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істеді. Біздің фольклорлық мұраларымызды зерттеуге қырғыз ғалымдары, ал қырғыздардың әйгілі «Манас» эпосынан бастап, барлық сүбелі шығармаларын салмақтап, саралауға қазақ ғалымдары атсалысты. Ұлы Абайдан бастап, қазақтың белгілі ғалымдарының қай-қайсысы да қырғыз әдебиеті туралы пікірлер айтты. Сонымен қатар қазақ пен қырғыз әдебиетінің байланыстары әр жылдарда қазақ ғалымдарының да, қырғыз ғалымдарының да зерттеулеріне өзек болды. Әр зерттеуші өз еңбектеріне әр кезеңді, сондай-ақ әр мәселені тілге тиек етті. Екі әдебиеттің арғы бастауларындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер Ш.Уәлиханов, Б.Юнусалиев, М.Әуезов, К.Юдахин, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, А.Мусинов, А.Садықов, А.Еркебаев, А.Ақматалиев, Б.Омаров, Л.Үкібаева, Ж.Рақышев, Б.Ақматов, Н.Бегалиева сынды ғалымдар тарапынан зерттелді.
Қырғыз ауыз әдебиетін әлемге танытқан – «Манас» эпосы. 19 ғ. ортасына қарай «зар заман» ақындары Қалығұл, Арыстанбек, Молда Қылыш, т.б шығармалары халық арасына кең тарады. Қырғыз халық поэзиясының классигі Тоқтағұл Сатылғанов болды. 1924 ж алғашқы газеті «Эркин Тоо» шығарылды. Кеңес өкіметі жылдарында А.Тоқомбаев, М.Элабаев, А.Османов, Т. Садықбеков т.б. ақын-жазушылар қырғыз әдебиетін жаңа белеске көтерді. 20 ғ. 2-жартысынан бастап Ш.Айтматовтың шығармалары дүние жүзіне таныла бастады.
«Манас» дастаны. «Манас» қырғыз халқының батырлық эпосы. Жырдың негізгі идеясы –халықтың бостандығы, бірлігі үшін қаһармандық күресі. «Манаста» қырғыз халқы бастан кешкен түрлі оқиғалардың, тұрмыс салттың, наным-сенімнің іздері бар. Ш.Уәлиханов эпос туралы «қырғыздың батырлық мифтерінің, ертегілерінің, аңыздарының белгілі бір уақытқа тән Манас батыр айналасына топтастырылып берілген жинағы» деп жазады. «Манаста» қырғыз ауыз әдебиетінің барша байлығы алуан жанры табиғи үйлесім тапқан. Жыр «Манас», «Семетай», «Сейтек» деп аталатын үш бөлімнен тұрады. Бұларда қырғыз халқының сыртқы жауға қарсы соғыстарымен қатар ел ішіндегі қайшылықтар мен тартыстар, әдет-ғұрыптар, тұрмыс кәсіп түрлері бейнеленеді.
Ш.Уәлиханов 1856 ж. Ыстықкөлге жасаған саяхаты кезінде «Манастың» бір тарауы – «Көкетайдың асын» тұңғыш рет жазып алып орысшаға аударған. Жырдың қырғыз халқының рухани өмірінде маңызды орын алатынын және эпостық сипаттамасын алғаш сөз қылған да Ш.Уәлиханов болды. 1862, 1869 ж академик В.Радлов «Манастың» бірнеше нұсқасын жазып алған. Эпосты ғылыми тұрғыдан зерттеп, хатқа түсіру кеңес кезінде қолға алынды. «Манас» эпосының 60-тан астам нұсқасы хатқа түсірілді. «Манас» эпосы туралы зерттеу ісінің қалыптасуына, дамуына М.Әуезов, В.М.Жирмунский, Б.Юнсалиев, А.Н.Берштам, Ә.Марғұлан және т.б ғалымдар мол еңбек сіңірген. Олар жырдың шығу тегі, кейіпкерлері, манасшылардың жырды жетілдірудегі қызметі т.б жөнінде пікірлер айтты. Эпостағы басты тұлға - халық азаттығы үшін қажымай-талмай күресетін Манас батыр. Оның бейнесінен ерліктің, парасаттың, отаншылдықтың асқақ үлгісі көрінеді. Жырда қырғыз бен қазақ халықтарының тағдырластығын суреттеуге баса назар аударылған. Қазақ батыры Көшке Манастың сенімді одақтасы, кейде серігі ретінде сипатталады. Қазақ жыршылары да «Манас» жырын өз елінің батырлық эпосымен бірге жырлап келген. Мысалы: халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаев «Манасты» жақсы білген, той жиындарда айтқан. К.Әзербаев өзінің кең тынысты жыр дастандарында «Манас» оқиғаларымен кейіпкерлері аралас келетін сюжеттерді жиі қолданған. «Манастың» ықшамдалынған нұсқасы қазақ тілінде басылып шықты. (1961- 1963) Жыр негізінде дүниеге келген «Манас», «Айшөрек» опералары, сондай-ақ бірнеше кинофильмдер бар. Бішкек қаласында «Манастың» қаһармандары мен манасшыларға арнап мүсін ескерткіш орнатылған. ЮНЕСКО-ның арнаулы шешімімен 1995-ж «Манас» дастанының 1000 жылдығы кеңінен аталып өтілді және 2 томдық «Манас» энциклопедиясы жарық көрді.
Ыстықкөл төңірегінде жүргенде Шоқан қырғыз халқының ауыз әдебиеті туралы тағы мынандай сын айтады: «қырғыз халқының ертегі жыры түр жағынан сонша бай болмаса да, қызықты әңгімелері өте көп. Олар өзінің құрылысы бойынша өте ерте заманды көрсетеді. Қырғыздың бір ғана ұлы эпопеясы бар, ол - «Манас».
Тоқтағұл Сатылғанов. Тоқтағұл Сатылғанов 1864 ж. қазіргі Ош обылысы Тоқтағұл ауданы Сасық жиде ауылында дүниеге келген қырғыз ақыны. Жасынан ел арасында жүрген Тоқтағұлдың ақындығы қырғыз ауыз әдебиеті дәстүрінің ықпалында дамып, халықтық сипатқа ие болған. Тоқтағұлдың дидактикалық сипаттағы ғибрат өлеңдері сатиралық («Бес қабан») т.б сақталған. Арзымат ақынмен айтысы ел арасына кең тараған. Ақынның «Санат», «Насихат», «Үлгі жырлар», «Термелер», «Гүлдеп ал», секілді туындылары өнеге-өсиетке, ғибратқа құрылған философиялық шығармалардың көркем үлгісі болса, «Асылхан», «Алымхан», «Күлипа-Гүлнар» атты өлеңдері нәзік лирикамен сүйіспеншілік сезіміне толы.1898ж. Ферғана өлкесінде халық толқынысы тұсында Тоқтамыс қамауға алынды. Әскери трибунал 64 тұтқынның 58-ін ату жазасына бұйырады. Тоқтағұл 7 жылға Сібірге айдалады. Ақынның ел билеушілеріне деген ыза-кегі көрініс тапқан «Қош, елім», «Қош, әпеке» атты шығармалары осы тұста дүниеге келген. Екі жылдан кейін айдаудан қашқан Тоқтағұл қырғыз жеріне жаяу оралады. Тоқтағұл шебер қобызшы әнші ретінде де елге танылған. Оның «Тоқтағұлдың тоғыз толғауы», «Арман кербез», «Келгендегі рахатым» атты әндері ел арасына кең тараған. Тоқтағұл тұлғасы бүгінгі қырғыз әдебиеті мен мәдениетінен үлкен орын алды. Оған арналып «Тоқтағұлға естелік», «Тоқтағұлды ескеріп» атты жинақтар шыққан. А.Тоқомбаев «Тоқтағұл» атты роман жазған.
Тоқтағұл шығармаларының тақырыптық ауданы кең. Ол өз дәуірінің әр алуан ақиқатын бейнелеген ақын. Мәселен оның ғибраттық, өсиеттік, насихаттық өлеңдері өз алдына үлкен сала. Мұнда ақын қоғам мен адамның көп шындығын айтады. Бір өлеңінде:
Өнерің болса өрге шап,
Қор қылмай асыл жанды бақ.
Ердің көркі елменен,
Еңбегіңмен елге жақ.-десе, тағы бір кезекте осы бір пікірін жаңғырта қайталайды. Отаннан қымбат нәрсе жоқтығын нағыз жарастықты өмір ел мен ердің мұраты үйлесуінде екенін ескертеді.
Қылыштың көркі құрышында,
Құндыздың көркі сыртынды.
Алысқан дұшпан жау келсе,
Азамат көркі жұртында.
Тоқтағұл туындыларының бір парасы өзінің бастан кешкендеріне байланысты хиқая өлеңдер болып келеді.
Қырғыз халқының әдебиет майданындағы ұлы табыс, зор жетістіктері тарихында бүгін 100 жылдығын тойлағалы отырған Тоқтоғұл Сатылғановтың орны ерекше.
Ең алдымен ол - ескі өмірдің (ХІХғ.) соңғы, жаңа заманның төл басы ақыны. Өз туындыларында өткен ғасырдағы қырғыз халқының зар-мұңын өзі басынан өткізген қайғылы халдермен арқауластыра, жасына бөлеп жыр етсе, сол бұғауды үзіп, көз жасын құрғатқан, қуанышқа бөлеген советтік жаңа заманды шаттана толғап, жүрегін ту қып көтерді.
Бізше, бүкіл шығыс әлемінде сөзімен де, ісімен де, патшаға, хан, манап, феодалдарға қарсы шыққан, қалың бұқараны «балтаға» шақырған, «қабырғасын қаусатып, бір-біріндеп сөксе де, қанын судай төксе де» қайыспаған, ажал үстіне төніп, дар түбінде тұрса да, бас кетеді деп тіл тартпаған екі-ақ ақын бар - қазақтың Махамбеті, қырғыздың Тоқтоғұлы. Бұлардың өмірі де, ісі де, сөздері де үндес. Айырмашылығы қимылдарының шеңбері мен шегінде ғана.
Махамбет халық көтерілісінің жыршысы, халық мұңының жаршысы болып қана қойған жоқ, оларының үстіне ол - әрі ұйымдастырушы, әрі қолбасшыларының бірі. Тоқтоғұл - сондай көтерілістің солдаты, жыршысы. Ол сол кездегі қырғыз еліндегі жағдаймен байланысты.
Егер де ақын ХІХ ғасырдың бірінші жарымында өмір сүріп, қырғыз халқында Ішкі Бөкей ордасындағыдай экономикалық және қоғамдық жағдайлар болса, бәлкім, Тоқтоғұл да Махамбет сықылды әрі қолбасшы батыр, әрі ақын дәрежесіне көтерілген болар еді. Ал Тоқтоғұлдың өзі өмір сүрген дәуірді алсақ (ХІХ ғасыр аяғы, ХХ ғасыр басы), оны тек Махамбетпен ғана салыстыра зерттеуге, сонымен тағдырлас, мінездес, үндес, идеялас деуге тура келеді.
Махамбет Өтемісов 1841 жылы айдалып келе жатқанда ежелгі жауы Баймағамбет сұлтан «Исатай екеуің хан, сұлтандарға қарсы күрес ашып, қарсылық білдіргенде не істемекші едіңдер?» дегенде, ол:
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын шақыртып,
Басын кессем деп едім.
Керегесін қиратып,
Отын етсем деп едім.
Туырлығын кескілеп,
Тоқым етсем деп едім1... -
десе, Тоқтоғұл:
Төрені төрем демеспін,
Төбемнен басып ұрса да,
Арқан салып мойныма,
Қара дарын құрса да.
Қайран тілім жаңылмайт,
Патшаң қарап тұрса да.
Қайыспаймын шындыққа,
Қаптатып дария бұрса да2 ...
Немесе айдалар алды:
Үлкен, кәрі, кіші, жас,
Ұғып қал айтқан сөзімді.
Тұтқыннан қайтсам босанып,
Дұшпаннан алам өшімді.
Тусы мақау Керімбай,
Тұрпақтай шұқимын көзіңді3, -
дейді.
Бұл сөздер тек қара басының қайсарлық, өжеттігін ғана көрсетіп қоймайды, өз халқының ауыр халін терең сезінген ақынның жүрек толқынын, ашынған ар-үнін, жауларына деген өшпес кегін, шын мәніндегі патриоттықтан туған жан сырын көрсетеді.
Үстіне төнген өлім, асылғандар, қараңғы қапас, қолындағы кісен, аяқтағы шынжырлар, әлдеқайда алысқа тартқан айдаудың азап жолы - бәрі де қырғыз халқының өжет ақынын жасыта алмады. Қайта жауларына деген өшпенділігін өршітіп, еліне деген патриоттық сезімін тереңдете түсті. Итжеккеннен «қашып келе жатқанда» айтқан:
Кетмен-Төбе жеріме
Барып өлсем арман жоқ.
Керімбайдан кегімді,
Алып өлсем арман жоқ.
Ағайын, туған елімді
Көріп өлсем арман жоқ.
Амандық сұрап қолымды
Беріп өлсем арман жоқ1, -
деді.
Оның ерлігіне, елін терең сүйетін патриоттығына бұл сөздер толық дәлел.
Тоқтоғұлды Махамбетпен салыстыруымыз да осы идеялық үндестіктері мен міз бақпас қайсарлық мінез ұқсастықтары.
Біз жоғарыда Тоқтоғұл екі дәуірдің шекарасында өмір сүрді, өткен ғасырдың соңғы, жаңа заманның төлбасы ақыны дедік. Бізше, ол екі ғасырдың да өзіне артқан ауыр міндеттерін ақтап өлді. Осы тұрғыдан Тоқтоғұлды ұлы ақын деушілік заңды.
Патша мен манаптар үстемдік еткен замандағы халықтың ауыр халін де, оның езушілерге қарсы өшпенділіктерін де тап Тоқтоғұл болған жағдайда жүріп, әрі батыл, әрі терең, әрі шебер суреттеген ақын қолмен санарлық. Бай-манаптарға Тоқтоғұл таптық тұрғыдан қарсы шығып, еш бұлтақсыз және жүйелі түрде жырлайды.
Өзінің атышулы «Бес қаманында»:
Жетім, жесір, әлсізге,
Қарамадың, бес қаман.
Жетілсін деп жарлыны
Санамадың, бес қаман.
Жеп-ішкеннен басқаны
Қаламадың бес қаман»2 -
1Сонда, 139-б.
2Сонда, 71-б.
дейді немесе:
Байды - бәрі, кедейді,
Қой қылғансың, замана.
Жоқ қылмаққа кедейді,
Ой қылғансың, замана.
Қысқасы, революцияға дейінгі ақын өлеңдерінің идеялық сарыны - осы тәрізді езілуші таптың табалдырығына табанын мықтап тіреп тұрып, солардың мұң-зарын, мүдде-тілектерін жырлау, бай, манап, патша үкіметіне халықтың қарсылық, наразылықтарын күшейту, олардың жауы кім, досы кім екендіктерін соқырға таяқ ұстатқандай етіп таныту. Бұл оның лирикасына да, айтыстарына да, этикалық туындыларына да тән жайт.
Қара халықтың қиын хал, ауыр тұрмыс, рухани қысымшылықтарының жыршысы басқалардан бұрын көріп, олар үшін бұрын өлуге әзірлігін ол сөзімен де, ісімен де толық дәлелдеген ақын өзінің «Лениндей ұлды қандай әйел туды екен?», «Жасағың, кеңес үкімет», «Ленин ашты жолыңды», «Құтқарды Ленин ақылман» дейтін өлеңдерінде жаңа өмір, жаңа заманды шын жүрегімен терең толғап, шабыттана жырлайды. Қырғыз халық ақындарының ішінде Совет өкіметін бірінші болып және езіліп келген қара халықтың зор махаббат, шадыман-шаттығын жеріне жеткізе жырлаған ақын да Тоқтоғұл деп білеміз.
Ақ қалпақ, қырғыз еліне,
Алтын, күміс кен бердің.
Езіліп жүрген кедейге,
Еншісін бөліп жер бердің.
Қайғыда жүрген еліме,
Қайрат-қуат, дем бердің.
Осыншалық байлықты
Ардақты Ленин, сен бердің1.
Басқасын айтпағанда, осы үзіндінің өзінен-ақ ғасырлар бойы манаптардың қанауында келген қырғыз халқының терезесі тең тегеурінді ел болғанына, бостандық, теңдік алғанына қуанған ел жүрегінің лүпілі естілгендей сезінесің. Ақынға ілесе ұлы данышпанымыз В.И.Ленинге шын көңілден алғыс айтасың.
Қырғыз халқының эпосында әрдайым сабақтаса жүретін ұлттық сезім мен интернационалдық жүрек Тоқтоғұлда да айқын аңғарылады.
Тоқтоғұлдың Сібірден қашуына көмектесуші достары – әр ұлттың адамдары. Оларды Тоқаң терең сезім, үлкен бір жылылықпен тебірене жырлайды. Абақтыда, айдауда жүріп, орыс, қазақ, өзбек, т.б. ұлттардың адамдары өзара шынайы достасып, бір адамның баласындай болып кететіндігін, ұлт-ұлтқа бөліп, оларды өзара жауластыру, араларына от тастап отыру үстемдік етушілердің сұрқия саясаты екендігін меңзейді. Әсіресе Семен, Харитон, Құсайын, Оспан достарын айрықша көрсетеді.
Айдалып келіп болыстан,
Ағайын таптым орыстан.
Тұтылып келіп болыстан,
Туысқан таптым орыстан...
Мойнымдағы шынжырды,
Семеным бұзып сындырды.
Құсайын өксіп жылады,
Харитон сүйді көзімнен1...
деген жолдарды оқығанда, тайғақ кешу, тар жолда жүріп достасқан орыс, қазақ, қырғыз халықтарының аяулы адамдарының бірі үшін бірі жан қиысқан ерлік, елдіктеріне жаның риза болады. Бұл жайттың күні бүгінге дейін тәрбиелік мәні зор.
Бізше, айрықша сөз етуді қажет ететін және бір мәселе - Тоқтоғұл жырлаған қазақ, қырғыз достығы. Екі ел арасындағы туысқандық, қандастық, «төсекте бас, төскейде мал қосылған» халықтар екендігін түптен тартып, терең қозғаушылығы. Қырғыз, қазақ совет ақындарының өлеңдерінде де екі елдің достығы жайлы ой-пікірлер аз емес. Әйтсе де ұлы ақын Тоқтоғұл бұл тақырыпты нақтылы түрде, тарихи деректерге негіздеп, мейлінше шебер жырлайтынға ұқсайды.
Дар арқаны 25 жылға ауыстырып, бір жыл абақты, 10 жыл лагерь, 9 ай аштық-жалаңаштық, жол азабын көріп, арып-аршып келген қашқын ақынның аузына ас, үстіне киім, басына жастық болған қазақ туысқанының жақсылығын ұмытпастық достық, ерлік деп ризашылықпен егіле жырлауы өз алдына, сонымен қатар Тоқтоғұл сонау «Манас» заманынан жауларын бірге жауласып, бірі үшін екіншісі бастарын бәйгіге тіккен ел екенін, жай халықтардың жауласу өңі емес, түсінде де көрмегендіктерін, егер араларында араздық болған күндері болса, оған халық кінәлі емес, ол хан мен манаптардың қырсықты кесапаттары екендігін аңғартады.
Ел едік біз ежелден
Қазақ, қырғыз бір туған.
Туысқан елді қасқырлар,
Бір-біріне қас қылған...
Айналдым қазақ халқынан
Әбітай әбден жарады.
Әбітайдың әйелі...
Шапанымды жамады...
Осы бір қарапайым-ақ өлеңде қаншама сыр, қаншама шындық, қаншама махаббат, жылылық жатыр! Хат танымаса да, өмір мектебін өткен халық ақыны Тоқтоғұл халықтарымыздың өткенін де, кезін де, келешегін де қырағылықпен байқап, әріден өзектес екі елдің туысқандық, достарына өз өмірін айғақ, сөздерін өнеге етіп, қазақ, қырғыз ұрпақтарына қалдырып кетті. Бұған осы өлеңнің сақталу тарихы да куә. Тоқтоғұл өмірін зерттеушілердің бірі, талантты сыншы, әдебиетші Қымбатбек Укаевтың айтуынша, бұл дастан қазақ даласында 40 жыл бойы (1913 жылдан) сақталынып, жаңада ғана жазылып алынған. Осының өзі-ақ өлеңнің қазақтар үшін қандай мәні болғандығын айқын көрсететін тәрізді.
Қырғыз оқырмандарының көпшілігіне бұл жыр 1964 жылдан бері ғана мәлім. Демек, бұл жыр қазақ халқының бүгінгі 100 жылдық торқалы тойына зор сыйлық, көрнекі шашуы деп білеміз.
Сонау «Манас» эпосынан басталатын қазақ, қырғыз достығы Тоқтоғұлда жарқын түрде көзге түссе, қазақ, қырғыздардың басқа да эпостарында, ақындардың жеке өлеңдерінде аз кездеспейді. Бірақ осы тәрізді тәрбиелік мәні зор, жақсы салтқа күні бүгінге шейін көңіл бөлінбей келеді. Бұған екі елдің де зерттеуші-әдебиетшілері кінәлі. Бұл тарихи және тәрбиелік мәні үлкен Тоқтоғұлдың «Қазақ жеріндегі жыры» қазақ арасында сақталғаны сықылды жайттар, бізге мәлім емес қазақ өлең, жырларының қырғыздар арасында барлығы сөзсіз. Атышулы Саяқбай жомықшының Қазақстан архивінде жоқ бірнеше қазақ ақындарының өлеңдерін білетіндігі - бұған дәлел. Екі халықтың да әдебиетшілерінің алдарында тұрған келелі мәселелердің бірі - осы жайтқа, әдебиетіміздің өзара байланысына, ерекше көңіл бөлу.
Достық мәселесін ең терең жырлаған Тоқтоғұлды қазақ халқы емірене сүйіп, өз жыршыларының сапында санайды.
Ұлы ақын Тоқтоғұлдың 75 жылдығын тойлау қарсаңында (1940ж.) оның көптеген өлеңдері қазақ тіліне аударылды. «Қырғыз жырлары» (1951ж.), «Алатау аясында» (1956ж.) атты жинақтарда да Тоқтоғұлға мол орын берілді.
Әрине біз қазақтың да жыршысы болған ұлы ақын Тоқтоғұл туралы жасалынатын жұмыстар жоғарғы айтылғандармен түгелденді деуден аулақпыз. Келелі іс, үлкен жұмыстар әлі алда. Қазақ оқырмандарының Тоқтоғұл творчествосын қалай түсіну керектігін аңғартарлық зерттеулер жүргізу - келешектің ісі. Тоқтоғұл қазақ әдебиеттану ғылымында өз зерттеушілерін күтуде деп білеміз.
Тоқтоғұл туындылары өзінің тек идеялығымен ғана емес, көркемдік, тіл шеберлігімен де айрықша көңіл аударады. Мазмұны мен түрі әрдайым сабақтас. Ақын талантсыз, көркемдеп ойлау дәрежесі төмендеу болса, ол еш уақытта да оқырмандарының ой-сезімдеріне әсер етіп, оларды өзі көздеген нысанаға жетектеп кетерлік күші болмақ емес. Сондықтан көркемдік шыңына шыға алмаған шығарма жақсы идея, адал көңіл дәрежесінде қала береді де, оқушы жұртшылығын еліктіре алмайды. Осыдан келіп мазмұн мен түрдің бірлік заңында қайшылық туады.
Тоқтоғұл шығармалары бұндай кемшіліктен аулақ. Оның бойына біткен ақындық қабілеті, талантының үстіне ол өзіне шейінгі қырғыз халқының биқисап бай ауыз әдебиетін өз бойына толық сіңіріп, одан керегін ала білген және оны өз керегіне пайдалана білген ақын. Сонымен қатар Тоқтоғұл сан қиыншылық, ауыр халдерді өз басынан өткізді, өмір мектебінен сабақ алды, ақындықты өнер ғана емес, өз өмірінің қызығы, мәні деп ұғынды. Қандай жағдайда болса да, қомызы мен жыры өзімен бірге болды. Күй көңілін сергітсе, жыры жүрегін тербетті. Жан сая тынысы да, жауына сілтер қылышы да осы өлеңі болды. Демек ол өз өнерін әр жыл, әр ай, әр күн дамыту, шыңдау, шынықтыру жолында жұмыс еткендігіне оның өмір жолы куә. Екінші сөзбен айтқанда, ақын қабілетіне сай үздік еңбек еткен. Міне, осылардың жиынтығында Тоқтоғұл өлеңдерінің мазмұнына түрі сай.
Қырғыз халқының эпосына тән әдістердің негізгі бір әдісі - қайталау. Бұл - жалпы елдердің ауыз әдебиетіне де тән құбылыс. Әйтсе де қырғыз эпосында ерекше сезіледі.
Тоқтоғұл поэзиясына тән тағы бір ерекшелік - фальсафалық толғаулар. Көп жасап, тұрмыс талқысын көп көрген ойшыл ақын айналасындағы өмір құбылыстарын бақылай жүріп, оларға өз көзқарасын айтып, келешек ұрпақтарына ой саларлық әр алуан фальсафалық түйіндер жасауға тырысқандығы байқалады.
Жанры жағынан Тоқтоғұлдың «Санат-насихат жырлары» дидактикалық поэзияның түріне жатады. Тегінде, дидактикалық поэзияның өлеңдік қасиеті аздау болады. Әрі өмірге пайдалы, керекті жайттарды қозғап, әрі олардың поэзиялық дәрежесін төмендетпей, оқырмандарына көркемдік қалпында жеткізу ақынның таланттылығын талап етеді. Міне, сол соңғы саптағы ақындардың бірі - Тоқтоғұл.
Біз бұл мақалада ақынның өзіне тән тек кейбір ерекшеліктеріне ғана тоқталдық. Оның ақындық талантын, шеберлік шыңын көрсету үшін поэтик тілін түгел зерттеу және оны өзіне дейінгі, өз тұстарындағы әдеби нұсқалармен салыстыра зерттеу қажет. Тоқтоғұл туындылары материалға бай. Келешектегі қырғыз, қазақ зерттеушілерінің айрықша көңіл бөлетін мәселесінің бірі осы. Ақын поэзиясына өмір құбылысын көзге елестету, суреткерлік тұрғыдан келсек, мейлінше көркем, поэтик тілдердің әр алуан түрлерінің қиюласуына негізделген, шын мәнінде ақындық шабыттан тұрған жолдарды аз кездестірмейміз.
Балығы суда шалқыған,
Қулары көлде қалқыған,
Ұлары тауда үн салған,
Киігі шыңда тыныш алған,
Жайлауы жасыл жібектей,
Жері жұмсақ балқыған...
Тоғайын жасыл бұралып,
Бұлбұлдары таңшыған,
Иісі жұпар асыл жер,
Жетем бе саған, қырғыз ел?.. -
деген үзіндіде қаншама көркем образдар бар және олардың оқырмандарының ой-сезімдеріне ететін күші қанша!
Әр ақынның өзіне тән стиль, тіл ерекшеліктерін сөз еткенде есте болатын бір жайт - өзіне дейінгі ақындардың шығармаларында кездеспейтін, не өте сирек кездесетін жаңа оригиналдық образдар.
Ауылымды беттеп жол тартып,
Ақ сұңқар құстай қағындым.
Алты арқар жұлдыз батқанша,
Алты айналып емізген
Айналайын апа-екем,
Ақ сүтіңді сағындым.
* * *
Тісің барда тас шайна,
Қалсын күл боп қара тас.
Ақыл - қазық, ашуды,
Соған орай байлаңдар.
Басқа мысал келтірмей, тек осы үзінділерде кездесетін әсірелеу, теңеу, метафоралар - бізше, басқаларда кездеспейтін үздік образдар.
Әрине біздің бұл талдауларымыз осы бағыттағы жұмыстардың тек бастамасы, жас зерттеушілерге мұрындық болу, бағыт сілтеу, ой салу мақсатын ғана көздейді. Ақын творчествосының көркемдік ерекшеліктері арнайы тексеруді қажет етеді.
Қорыта айтқанда, Тоқтоғұл - шығармаларында революцияға дейінгі қырғыз халқының ауыр хал, қиын өмірінің толық картинасын қалдырған, оны жеңілдету жолына саналы түрде ат салысқан, қырғызда демократтық әдебиеттің атасы. Жаңа дәуір, жаңа заман идеясын үндеуде қырғыз әдебиетінің алдыңғы саптағыларының бірі.
Тоқтоғұл - ойға азық, сезімге қуат берерлік үздік образдарға бай, ұрпағына асыл қазына қалдырып кеткен қырғыз халқының ұлы ақыны.
Шыңғыс Айтматов. Шыңғыс Айтматов Төреқұлұлы 12.12.1928 ж. Қырғызстан Республикасы Талас өңірі Шекер ауылында дүниеге келген. Қырғыз Республикасының халық жазушысы. (1968), Қырғыз Республикасының Ғылым академиясының акадкмигі (1974), Социалистік еңбек ері (1978), Біздің дәуіріміздегі атағы дүниеге кең тараған, қазіргі әлем әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі саналатын Шыңғыс Айтматов проза жанырында және киносценарий, драматургия, әдебиет сыны, аударма саласында бірдей еңбек етті. 1953ж. Қазақстанның Жамбыл облысында зоотехник болып қызымет атқарған. 1956-1958жж. Мәскеудегі жоғары әдебиет курсын тыңдаушы, 1959-60 ж «Литературный Киргизстан» журналының редакторы, 1960-65 жж. «Правда» газетінің Қырғызстандағы меншікті тілшісі, 1965-86 ж. Қырғызстан Кинематографистер одағының төрағасы, 1986 ж. «Иностранная литература» журналының бас редакторы т.б. қызметтер атқарған. «Әшім» атты тұңғыш әңгімесі 1952 ж. жарияланды. Онан кейін «Аспалы көпір» 1956, «Бетпе-бет» 1957, т.б әңгімелері жарық көрді. Жазушыны алғаш әлемге танытқан туындысы «Жәмила» повесі 1958 ж. М.Әуезов пен француз жазушысы Л.Арагон осы шығарма арқылы Айтматов дарынын жоғары бағалап, жүрек жарды пікір айтқан. Жәмилә бейнесі соны сымбатымен әрі жаңашыл, сезімтал, жігерлі қасиеттерімен, өз бақыты үшін күресе білген батылдығымен, тал бойы мінсіз сұлу нәзіктігімен оқырман қауымды баурап алды. Ол қырғыз әйелдерінің жаңа буынының өкілі ретінде қабылданды. Осыдан кейін-ақ Айтматов шығармашылығы ерекше құбылыс болып саналып, оның қаламынан туған әрбір туындысы әлемдегі мың-сан оқырман асыға күтіп, қолдан-қолға тигізбей оқитын құрметке ие болды. Шығармалары шетелдерге де кеңінен тарады. Айтматов туындылары түгелдей дерлік қазақ тілінде жарық көрді. Сонымен бірге француз, неміс, жапон, араб, түрік, парсы т.б дүниежүзінің көптеген тілдеріне аударылды. Айтматов «Тау мен дала хикаялары» атты шығармалар жинағы үшін 1963 жылы Лениндік сыйлық алды. «Қош бол, Гүлсара» (1967). Ерте қайтқан тырналар 1975 ж., «Боранды бекет» 1980 ж. романы үшін үш мәрте КСРО мемелекеттік сыйлықтың лауреаты болды. Қазақ ақыны М.Шахановпен бірігіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» атты эссе кітабы 1997 жылы жарық көрді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1Махамбет Өтемісов. Өлеңдер жинағы. - Алматы, 1958ж. - 75-76-б.
2Тоқтоғұл. Шығармаларының екі томдық жинағы, І том, 1964ж. - 133-134-б.
3Тоқтоғұл. Шығармаларының екі томдық жинағы, І том, 1964ж. -107-б.
