- •5. Дәріс кешені тақырып 1. Түрік әдебиеті
- •Ахмед Мидхат (1844-1913), түрік жазушысы
- •Ибрагим Шинаси (1826-1871), түрік ақыны
- •Жәлаләддин Руми
- •Жүніс Емре
- •Ерзурумлы Емрах
- •Рухсаты
- •Теврик Фикрет
- •Мехмет Эмин Йурдакул
- •Женап Шеһабеттин
- •Мехмет Акиф Эрсой
- •Зия Гөкалып
- •Яхия Кемал Бейатлы
- •Ахмет Хашим
- •Орхан Сейфи Орхон
- •Фарук Нафыз Чамлыбел
- •Ашық Вейсел Шатыроғлы
- •Юсуп Зия Ортач
- •Ахмет Хамди Танпынар
- •Ахмет Кутси Тежер
- •Ариф Нихат Азия
- •Нәжіп Фазыл Қысакүрек
- •Һусейін Ниһал Атсыз
- •Назым Хикмет
- •Жахит Сыртқы Таранжы
- •Зия Осман Саба
- •Рифат Ылғаз
- •Октай Рифат
- •Орхан Уәли Канак
- •Фазыл Хұсню Дагларджа
- •Әзиз Несин
- •Мелих Жеудет Андай
- •Бехчет Неджатигиль
- •Жахид Күлеби
- •Фахри Эрдинч
- •Суат Ташер
- •Сабахатдин Құдрет Ақсал
- •Неджети Жұмалы
- •Өздемир Асаф
- •Неузат Үстүн
- •Аттила Илхан
- •Мұстафа Бюлент Эджевит
- •Бәкір Сытқы Ердоған (1926 жылы туған)
- •Ахмет Әріп
- •Осман Түркай
- •Жемал Сүрея
- •Абдуррахым Каракоч
- •Сезан Каракоч (1933 жылы туған)
- •Йавуз Булент Бакилер (1936 жылы туған)
- •Эрдем Бейазит
- •Жахит Зарифоглы
- •Фетһуллах Гүлен (1941 жылы туған)
- •Нуруллах Генч (1960 жылы туған)
- •Сарай шайырларының поэзиясы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі әдебиеті
- •Бәдәуи ақындарының лирикасы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі проза
- •«Калила мен Димна» аудармасының дүниежүзіне таралу
- •Ежелгі дәстүрге оралу дәуірі
- •Әдеби синтез дәуірі
- •Жат жердегі жаңа әдебиет
- •«Еліктеу» дәуірі
- •Құлдырау дәуірі әдебиеті
- •Иран әдебиеті
- •Қытай әдебиеті
- •Қытай әдебиеті (Чиң дәуірінің әдебиеті)
- •Қытай әдебиет тарихындағы ең алғашқы өлең-жырлар жинағы
- •Жапон әдебиеті
- •Үнді әдебиеті
- •Түркмен әдебиеті
- •Әзірбайжан әдебиеті
- •Өзбек әдебиеті
- •4. Шыңғыс Айтматов
- •Қарақалпақ әдебиеті
Әзірбайжан әдебиеті
Азербайжан әдебиеті – бай тарихы бар көне әдебиеттің бірі. Ол біздің заманымыздан бұрын 7-6 ғасырларда туған. Азербайжан әдебиетінің көне тарихы туралы мәліметтер аз сақталған. Біздің заманымыздың 5 ғасырында Азербайжанның солтүстік шығыс бөлігінде өмір сүрген Албан мемлекетінің өз алфавиті болып соның негізінде діни кітаптар мен әдеби шығармалар жазылған. Бірақ арабтардың шабуылы Албан мемлектін құлатып, азербайжанның мәдениетіне көп тежеу жасады. 7-11 ғасырларда Азербайжан мәдениетінің көрнекті қайраткерлері – философ Бахманяр, ақындар Қатран Тебризи тағы басқалар шығармаларын араб-парсы тілдерінде жазған. Бұл дәуірде туған Шығыс халықтарының ортақ мұрасы «Китаби Дебе Корқуд» эпосының Азербайжан халықтық әдебиетіне едәуір қатысы бар. 11- ғасырдан бастап Азербайжан феодалдарының сарай ақындары парсы тілінде қасида, ғазал үлгілерін жазған. 12-ғасырдағы азербайжан әдебиетінің биік шыңы – Низами Гәнжауидің (1141-1209) творчествосы. 13-ғасырда азербайжан тілінде әдебиет пайда бола бастайды. (ақын Изаддин Гасан оғылының өлеңдері). Осы ғасырдан бастап азербайжанда софизм ықпалымен туған поэзия өрістеді.14-ғасырда азербайжанда діни-саяси ағым – хуруфизм кеңінен тарай бастады. 15-ғасырда азербайжанда махаббат тақырыбына жазылған лирика кең өріс ала бастады. 16- ғасырдың белгілі ақындары Хатаи, Хабиби, Мұхаммед Физули азербайжан әдебиетіне елеулі үлес қосқан. 17-ғасырда Түріктер шабуылының ықпалымен азербайжанның жазба әдебиеті біраз тежеліп халықтық дастандар кең жайылған.
18-ғасырда екі үлкен ақын Видади мен Вагиф халық поэзиясы әсерімен әдебиеттегі демократтық бағытты дамытты. Феодалдық құрылысқа қарсы күресе отырып реалистік поэзияға жол ашты. Азербайжанның Россияға қосылуы әдебиеттің дамуына жаңа кезең туғызды. Аса көрнекті жазушы философ-материалист, драматург Мырза Фатали Ахундов (1812-1878) дәуірінің жаңа идеясының басы болды.
Мырза Фатали Ахундов (дұрысы Фатих-Али) 1812 жылы Шеки қазіргі Нуха қаласында дүниеге келген. Жас кезінде шығыс тілдерін көбірек үйреніп, шығыс ғылымын зерттеді. Әкесінің ақылы бойынша, ол араб ғылымын үйренуге ден қояды. Бірақ азербайжан халқының ұлы ағартушысы, ақыны Мырза Шафи Вазехпен кездесу оның бұл жоспарын мүлде бұзып кетеді де, ол орыс мектебіне оқуға түседі. Мырза Шафи жас ғалымды жаңа халықтық жолға бұрады. Ахундов философиялық және атеистік көзқарасының қалыптасуына да оның үлкен әсері тиеді. Азербайжан ағартушысы, философ-материалист жазушы. Азербайжанның реалистік әдебиеті мен драматургиясының негізін қалаушы. Нухада орыс-азербайжан училищесін бітірді. Патша үкметінің Кавказдағы жергілікті басқару орындары кеңсесінде 1834-1861 жылдар арасында тілмаш болып істейді. Тифлис уәзінде училищесінде парсы, түрік тілдерінен дәріс береді. Кавказға жер аударылып келген декабристермен поляк революционерлерімен тығыз байланыс жасайды. Ахундов отандық және дүние жүзілік әдебиеттің озық дәстүрінен үйренді өзінің әдеби шығармаларында дүниеге материалистік көз қарасты, демократиялық идияларды насихаттады. Ахундов табиғат заңдарын ашу ғылым мен философияның негізгі міндеті деп білді. Дүниенің негізін материя деп таныған Ахундов философияның басты мәселесін материалистік тұрғыдан шешеді, діни сенімдердің ғылымға жат екенін көрсетеді. Ахундовтың материстік идиялары оның қоғамдық өмірге деген көз қарасынан да көрінеді. Ол әлеуметтік езушілік пен озбырлыққа қарсы өз пікірін айтты. Ахундов идиясыздық пен формалистікке қарсы шығып, реалистік өнерінің қағидаларын жасады, әдебиеттің жаңа жанрын насихаттады. В.Г. Белинский, Н.А. Добролюбов, Н.Г. Чернышевский идеяларының жаршысы болды. Өнердің міндеті қоғамға қызмет ету деп танып еңбекші халқының мүддесін қорғады. 19 - ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап жазу ісіне араласады.
Кавказдың Орта Азия мен Қазақстанның орыс мемлекетінің құрамына кіруінің прогрестік мәні болғаны тарихтан белгілі. Мұны сол кездің өзінде-ақ көре білген, орыс халқының алдыңғы қатарлы өнер біліміне құлаш ұрып прогреспенен демократияның туын көтерген адамдарда болды. Міне шығыста осындай озық ой-пікірдің туын бірінші болып тіккен Азербайжанның аса көрнекті философ-ғалымы, демократ-ағартушысы Мырза Фатали Ахундов еді.
Ахундовтың бұл прогрестік ісі кейін көптеген шығыс мұсылмандарының арасынан шыққан ғалымдардың өмірі мен қызметіне елеулі әсер етіп, олардың ғылыми, әдеби және ағартушылық қызметі жолында үлгі-өнеге болды.
Мырза Фатали Ахундов 19 ғасырдағы Азербайжанда қоғамдық саяси және философиялық ой-пікірлер айтқан аса үлкен қайраткер болды. Оның шығармашылығы Азербайжан мәдениетінің тарихында жаңа дәуірді бастады. Ірі қоғам қайраткері Мырза Фатали өз елімізде драматургия театрдың, реалист прозаның негізін салды.
Мырза Фатали Ахундов азербайжан жазуын араб алфавитін европалық жазу жүйесіне көшіруді көздеді. Ол өз заманының аса көрнекті ғалымы болды, артынан саяси-әлеуметтік және философиялық маңызы зор көптеген ғылыми еңбектер қалдырды. Ол 18- ғасырдағы француз материалистерінің еңбектерін оқып, орыс халқының философиялық ой-пікірін зерттеді. Ал оның материалистік көзқарасының қалыптасуына орыстың революционер демократтарының әсері күшті болды. Ахундовтың «Үнді принці Кемал-Уд-Довленің парсы принці Джалал-Уд-Довлеге жазған үш хаты және оның жауабы» атты трактаты материалистік философия мен өткір публицтиканың аса көрнекті үлгісі болып саналады.
Бұл еңбегінде философияның негізгі мәселесі – ойлаудың болмысқа қатысын Ахундов материалистік тұрғыда қарады. Бұл еңбегін жазушының өзі орыс және парсы тілдеріне аударады. Ахундовтың бұдан басқада «философ Юмға жауап», «Джон Стюарт Милль бостандықта», «Моллайя – Роми мен оның Месневий туралы», «Мирза-Ағидың пьесаларына сын», «Проза мен поэзия туралы» тағы басқа саяси философиялық әдеби-сын еңбектері бар.
Оның еңбектерінен ғалымның әдебиет пен ғылымның дүние жүзіне мәлім қайраткерлерінің еңбектерімен жақсы таныс болғанын көруге болады. Гомер Петрарка, Мольер, Спиноза, Юм, Гельбецкий, Гольбах, Бокль, Дидро, Джон Стюарт Милль, Галилей, Коперник, Ньютон, Вольтер, Монтескье есімдерін ол жиі атайды. Ал азербайжан және шығыс ғалымдарынан Хайямды, Авиценнаны, Шабустариды, Моллайя Румиды, Абдрахман Жәмиді жақсы білген. Ғалымның философиялық пікірлерінің толысуына Низами, Фирдоуси, Хафиз шығармаларының да әсер еткені байқалады. өзінің публистикалық шығармаларында Ахундов халықтық феодалдық қанаушылықтың қатал заңына қарсы тұруға адамның бас бостандығын талап етуге шақырды. Ол шығыс ғалымдарының ішінде бірінші болып әйелдердің бас бостандығы мен тең құқылығын қорғады. Әйелдердің еуропаша білім алуын жақтады.
Мырза Фатали Ахундов өз заманының көрнекті ағартушысы болды. Білім беру ісін халық арасына кеңінен жаюды армандады. Ол араб жазуын латын алфавитіне көшіруді ұсынды. Оның айтуынша араб алфавиті мұсылман халықтарының басқа елдермен байланысын кеңейтуді бөгет жасайды. Техника мен ғылымды игеруге икемсіз. Техника терминдерін жазуға қолайсыз. Сондықтан да шығыс елдерінде ғылымның нашар дамып отырғанның бір себебін Ахундов араб алфавитінен көреді. «Цивилизацияның дәні ең алдыменен мұсылмандар мекендегн шығысқа түскен, бірақ алфавитінің қиындығынан кең жайыла алмаған. Европада ғылым мен мәдениеттің тез өркендегенінің басты бір себебі оның жазуының жеңілдігінде», - деп жазады ол.
Мырза Фатали Ахундов жаңа алфавиттің жобасын жасады. Түсіндірме хат жазып, оны Иранға, Түркияға, патша Үкіметінің түрлі мекемелеріне жіберді. 1863 жылы өз жобасын талқылау мақсатымен ол Түркияға барып қайтты. Бірақ Түркия Ғылым акедемиясы оны сырттай мақұлдаған бола отырып, іс-жүзінде қабылдамады. Түркі Үкіметі жаңа алфавитті қабылдау мұсылмандыққа қайшы келеді деп ұқты.
Ахундов Англия, Франция, Пруссия, Австрия өкіметтеріне хат жазып, Петербургтегі, Париждегі, Лондондағы, Берлиндегі; Венадағы шығыс тілдерін оқытатын училищелерде жаңа алфавитті қабылдату туралы ұсыныс жасады. Ол шығыс елдеріне жаңа оқу осы жолдармен келсін деп ойлады. Бірақ ғалымның бұл идеясы да іске аспады.
Мырза Фатали Ахундов сонымен бірге талантты ақын, дарынды драматург, үлкен прозаик және асқан әдебиетші еді. Оның творчестволық қызметі 19 ғасырдың отызыншы жылдарында басталады. Кавказ дәуірі оны тек саяси дәуірмен ғана емес, эстетикалық жағынан да тәрбиеледі. Ол ұлы орыс реалдизмнің дәстүрін қабылдады. Көркем шығарма арқылы патша үкіметі тудырып отырған әділетсіздік пен әлеуметтік теңсіздікті әшкере ету қажеттігін түсінді. Халық өмірі, оның арманы мен тілегі жазушының қаламына жол береді.
А.С.Пушкин жас ақынның бірінші ұстазы болды. Мырза Фатали Ахундовтың бұл саладағы көзқарасы оның «А.С. Пушкиннің өліміне» атты өлеңінен анық көрінді. Бұл өлеңін ол 1837 жылы А.С.Пушкиннің патша жендеттерінің қолынан мезгілсіз қаза тапқанына күйініп жазған еді. Ол 1837 жылы « Московский наблюдатель» журналының 11 номерінде жарияланды.
Низами Ганжауи
Әзербайжан классикалық әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі ұлы ақын Ілияс Жүсіпұлы Ганжауи 1141 жылы Ганжа қаласындағы қолөнершінің отбасында дүниеге келген. Шамамен 1173 жылдары тұтқынға түскен Аппақ есімді қыпшақ қызына үйленеді. Ақынның лирикалық өлеңдері негізінен осы қыпшақ қызына арналған.
Низами жастайынан зерек болғандықтан көп елдердің тарихын, тілін, әдебиетін жетік меңгереді.
Алыстағы Дешті-Қыпшақ елінің салт-дәстүрін, тұрмыс тіршілігін, ауыз әдебиеті үлгілерін ол өзінің сүйген жарынан естіп, білсе керек.
Низами Ганжауиді бүкіл әлемге танытқан, дүние жүзі мәдениеті тарихында өшпес із қалдырған даңқты шығармасы – «Хамса» («Бестік») еді. «Бестік» тобына: «Сырлар қазынасы», «Хосроу-Шырын», «Ләйлі-Мәжнүн», «Жеті ару», «Ескендір-наме» дастандары жатады.
Дидактикалық-философиялық ой-толғамдарға негізделген «Сырлар қазынасы» дастанында адамзаттың бұл жалғаншы дүниеге келуінен бастап бақиға аттанғанша басып өтетін туралы терең сыр шертіледі. Дастан 20 тараудан тұрады. Низами әрбір тарауда ел басшыларын адамгершілікке, ізгі-қасиеттерге үгіттеп отырады. Ақын «Хосроу-Шырын» дастанында адам бойындағы ең ғажайып сезім болған махаббатты жырлай отырып, осы ретте елді басқаратын патша түзу ниетті әділ адам болу керек дейді.
Ғұмырының соңына дейін шынайы махаббатынан үміт үзбеген Шырынды жер-көкке тигізбей мақтайды.
«Ләйлі-Мәжнүн» дастаны. Бұл дастан араб аңызының негізінде жазылған. Низами Ганжауи осы халыққа тартымды сюжетке сүйене отырып, Шығыстың классикалық поэзиясындағы назира үлгісінде «Ләйлі-Мәжнүн» деп аталған жаңа дастанын жазды.
Жалпы Шығыс әдебиетінде Ләйлі мен Мәжнүн арасындағы махаббатты жырлаған дастандар өте көп. Хосроу Дехлеви, Әлішер Науайылар да бұл тақырыпта өз дастандарын жазған. Низамидің жырлауында махаббат алдында күллі дүние, жер мен аспан, барлық ғалам бас иеді.
Келесі «Жеті ару» дастанының басты қаһарманы Иранның патшасы – Баһрам. Ол жастық шағын ойын-сауықпен өткізіп, егде тартқанда патша болып таққа мінеді.
Баһрам патша көрген адам таңданарлықтай ғажайып жеті сарай салдырады. Осы жеті сарайға әр елден алдырған теңдесі жоқ ару қыздарды орналастырады. Қоңыр түсті сарайда- үнді сұлуы, сары сарайда- Бағдаттан келген ару, қызыл сарайда- славян сұлуы, жасыл сарайда-Рум аруы, көк сарайда- Мысыр аруы, сандал сарайда- қыпшақ сұлуы мекендейді.
Низами Ганжауи дастанда адамзат бойындағы ең жақсы қасиеттерді: әділдікті,мейірімділікті,сақилықты,қарапайымдылықты,білімділікті,қанағатшылдықты,адамгершілікті мадақтайды.
Бұл сезімдердің барлығы да дастанда сол жеті сұлу айналасындағы қызықты хикаялар арқылы баяндалады. Сұлулар Баһрам патшаға қызықты хикаялар айту жолымен ел арасындағы түрлі жауыздықтарды әшкерелеп, патшаны әділ болуға үндейді.
«Жеті ару» дастанында ақынның айтар ойы әрқашан елді білімді, адал, кішіпейіл, әділ адам басқаруы тиіс. Сонда ғана қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігі жеңілдеп, бақытқа жетеді деп санайды.
«Хамса» тобындағы ең соңғы дастан «Ескендір-наме». Бұл дастанның өзі екі кітаптан тұрады. Бірінші кітап- «Шарап-наме» (Даңқ кітабы), екінші кітап- «Ықылас-наме» (Бақыт кітаабы).
«Шарап-наме» кітабында ертедегі грек патшасы Ескендір Зүлхарнайын туралы тарихи деректер мен ааңыздар келтірілген. Низамидің пікірінше, Батыс пен Шығысты жаулап алуға аттанғандағы Ескендірдің мақсаты қорлық көрген халықтарға бостандық алып беру, әділетсіз патшаларды тақтан тайдырып әділеттік орнату дейді.
Ал, «Ықылас-наме» кітабында грек, түрік, қытай, үнді халықтарының философиялық ойларын үйрену пайдалы екендігі айтылып, аспан мен жердің жаратылысы, адамзат тағдыры туралы ақын терең сыр қозғайды.
Ақын «Ескендір-наме» дастанында заман туралы,тарихтың даму барысы жайлы, жеке адам мен бүкіл халықтың бақыты жөнінде өзінің философиялық түйіндеулерін жасайды. Низами Ганжауидің «Жеті ару» дастанынан Қалижан Бекхожин аударды.
Мұхаммед Физули
Шығыс әдебиетінің жарқын тұлғаларының бірі ХVI ғасырда өмір сүрген азербайжан ақыны Мұхаммед Физули. Орта Азия мен Кіші Азияны аузына қаратқан ділмар данышпан ақынның Орта Азия мәдениетінің тарихындағы орны ерекше. Ол тек өзі жасаған дәуірде ғана емес одан кейінгі кезеңдерде де түркі халықтарының арасында үлкен даңққа ие болды. XVIII-XIX ғасырлардың өзінде Физули шығармаларының өзбек, қазақ, қырғыз, түрікпен және қарақалпақ медреселерінде оқулық ретінде қолданылуы бұған айқын дәлел.
Мұхаммед Сүлейменұлы Физули 1498 жылы Карбала қаласында дүниеге келіп, 1556 жылы қайтыс болған. Ұлты азербайжан ол сол дәуірлердегі аумалы-төкпелі жағдайларға байланысты Бағдат қаласына көшіп келеді. Ана тілі ретінде түркі тілін меңгерген Физули Бағдатқа келген соң араб, парсы және грек тілдерін үйренеді. Жастайынан философияға қызығады. Оның ертеректе жазған «Пікірлер жүйесі» деп аталатын шығармасы көне грек философтары Платон, Аристотель және Героклит пікірлерімен үндеседі.
1508 жылы Бағдатты Ислам Хатай шах бағындырып, осы өлкеге қарайтын бірнеше қалаға медреселер салдырады. Осыған байланысты Физули Карбала иен Наджиб қалаларында ашылған медреселерге мударрис болып тағайындалады.
Соңынан Бағдатты 1534 жылы түріктер бағындырған соң Физули белгілі түрік ақындары Хияли және Яхиябектермен танысып, дос болады.
Физули поэзиясын зерттеушілер бұларды «Данышпан ақын поэзиясының басталуы, бірақ бұлар оның «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны мен ғазалдарының алдында түк те емес» деген қорытынды жасайды. Ол кейде мысал жанрын да шеберлікпен пайдаланған. Ақынның «Ішімдік пен шарап» шығармасы осындай аллегориялық шығармаға жатады. Бұл мысалда Физули Бәнге және Бәдеге образдары арқылы ақылсыздықты қатты сынға алады. Олардың ортасындағы араздыққа да себепші болған осы ақылсыздық.
Физулидің «Жемістердің айтысы» деп аталған шығармасы да осындай негізде жазылған. Мұнда әрқилы жемістер өздерінің түрін, сипатын, дәмін дәріптеп айтысқа түседі. Қауын- патша, қарбыз- уәзір, қияр- уәзірдің жәрдемшісі ретінде көрінеді. Алма- сүйкімді, шие- шипалы, жүзім- көз тоймайтындай сұлу, өрік- өткір. Ақын бұл жемістердің мақтаншақтығын сынай отырып, адамдарды осындай мінез- құлықтардан сақ болуға үгіттейді. Сондықтан да кейбір ғалымдар Физулидің мұндай пікірлерін «Калила мен Димнадан» алған әсері болуы керек деген қорытынды айтады.
Физулиді әлемге танытқан оның лирикалары. Физули лирикалары бұлақ суындай мөлдір. Ол өзінен бұрынғы ақынды қайталамайды. Өзін «Махаббат жыршысымын» дейді. Сондықтан да профессор Хамит Араслы: «Физули поэзиясын оқып әсерленбеген адам, жүрегінде оты жоқ адам» деген шешімге тоқталады. Араб, парсы тілінде жазылған ғазалдары сол дәуірлердің өзінде жоғары бағаланды. Ал оның түркі тіліндегі ғазалдары түркі поэзиясының мақтанышы болды.
Физули поэзиясы Низами Ганжауи, Хаққани, Насими және Әлішер Науайы поэзияларының жалғасы еді. Сол үшін де ол XVI ғасырдағы түркі поэзиясын ең биік шыңға көтерді.
Ғазал жанры Шығыс әдебиетінде үлкен орынға ие екендігі мәлім. Алғашында парсы әдебиетінің ең басты жанрларының бірі болған ғазал Атайи мен Саккаки дәуірінде түркі поэзиясына өтті. Ал Науайы кезеңінде бұл жанр бүкіл түркі поэзиясын әлемге танытты. Физули дәуірінде ол өзінің жан-жақты сұлулығымен көрінді. Ғазалдың ең басты тақырыбы- махаббат. Физули ғазалдарында да шынайы махаббат адамзат сезімдерінің ішіндегі ең ұлысы. Оның пікірінше махаббатсыз адам жапырақсыз гүл секілді.
Ай жүзіңді көрмегенше мен ғәріптің шыдамы жоқ,
Себебі еш бұлбұл көрмедім гүл алдында дерті жоқ.
Көрмедім әлем кезіп бауыры бүтін бір ғашықты,
Барлығы ғашығын іздер, кездесудің сәті жоқ.
Мен оған жетейін деп әрдайым асығармын,
Бірақ ол сұлуда маған деген тілек жоқ.
Физулидің ойы бойынша сүйген жар мен ғазал бір-біріне өте жақын нәрсе. Себебі өлеңнің өзі лирика болатыны сияқты ғашықтықтың да өзі лирика. Сондықтан ол: «Ғашықтық деген адамдардың жүрегіндегі дерт. Бұл дертті тек поэзияға ғана түсіндіре алады» дейді. «Өлеңнен сұра» дейтін ғазалында:
Ғашықтың жолында кім дертті десең өлеңнен сұра,
Кімдер бұл жолдан зар жылап өтер десең өлеңнен сұра.
Қыздардың ерні де гүл ғой, жүзі де гүл ғой,
Гүлдер еріннен, еріндер гүлден артық десең өлеңнен сұра.
Қыздар өлең сияқты, ал өлең сұлу қыз ғой,
Қайсысы артық десең өлеңнен сұра.
Физули ғазалдарының көпшілігі осындай махаббат тақырыбына арналған. Дегенмен оның ғазалдарының ішінде басқа да тақырыптар кездеседі. Физулидің ойынша әрқандай айтылған жүйелі сөз данышпандықтың белгісі. Сол үшін ақын адам сөздің мағынасына назар аударуы тиіс. Ақын өз сөзіне көңіл бөлмесе халық та оны құрмет тұтпайды. Ақындықтың негізі сөз өнерінде дейді. «Сөз» деп аталатын ғазалында:
Оймақ аузыңның сырын баяндайтын сөз,
Атылған оқ сияқты алысқа жетер сөз.
Әрқашан әрбір сөзіңнің қадірін біліп сөйле
Кейде өтпес пышақтай, жүректен өтер де сөз.
Кейде бір сөздің төркіні таң атқанша ұйықтамас,
Кейде тәтті, кейде удан ащы сөз.
Әй, Физули ақын болсаң ойланып сөйле,
Ойланбай сөйлегенді орға жығатын да сөз.
Енді Физулидің дүниетанымына тоқталатын болсақ, ол діннен бас тартпайды. Яғни әрқандай әділетсіз әрекеттердің соңында сұрауы бар. Әрқандай адамның өзіне тән жетістігі мен кемшілігі бар. Әділ деген патшаның өзі де жанындағы адамдардың жалған сөздеріне сенеді. Қазылар да нәпсіге беріледі. Сол үшін ешкімге де бұл дүниеде өзінің әділ бағасын ала алмайды. Сондықтан ол екінші бір қадағалау дүниесі бар екендігіне сенеді.
Сәл ұмытып бұл дүниенің қауғасын,
Еске алайық о дүниенің саудасын,
Жүректерде иман, ғибадат орнасын.
Бірақ Физули бұл дүниенің сұлулығы адамдардың таза махаббатында деп түсінеді. Сұлулық ең жақсы сезім. Бұл жолда шах та, кедей де бірдей, дүниедегі барлық адамзат сұлулыққа талпынады. Ал байлық болса әрқашан оған тосқындық жасайды. Сөйтіп, сұлулық пен сүю әділетсіздігі басталады. Көп байлық әділетсіздік негізінде пайда болады. Ол барлық сезімді байлайды. Адамдар арасында махаббат әділетсіздігі басталады. Бұл туралы Физули:
Кейбіреулер мал-дүниені кәр етті,
Не сұлудың жүректерін қан етті.
Физули барлық бай адамдарды әділетсіз деп айыптамайды. Ол байлықтың еңбек арқылы жиналатын түрлерін де ескертеді. Мұндай адамдар әділетті өмір сүреді.
Ал еңбексіз жеңіл жолмен табылған байлық елді бұзуға және арамдыққа қызмет етеді.
Біреулер байлық жинап өзенге көпір салды,
Біреулер тойымсыздықтан ондаған қатын алды.
Момындар бір әйелсіз ізінде зарлап қалды,
Біреуге шах дәулеті, біреуге диуана қайғы.
Мұхаммед Физули жалпы әрбір рубайы, ғазалдарында махаббат тақырыбын үлкен шаттықпен жырға қосты. Әсіресе оның Шығыстың ғашықтық хиссалары негізінде жазылған «Ләйлі мен Мәжнүн» дастаны сол дәуірдің ең үздік поэмасы болды. Бұл дастан көп ғасырлар бойы түркі тілді халықтардың ең сүйікті шығармасына айналды.
Физули кейбір прозалық шығармалар да жазған. Бұл ретте оның «Кезбе мен тақуа» шығармасын айтуға болады.
Тақуа- бұл данышпан адам. Кейбір әдебиетшілер «бұл образ Физулидің өзінің прототипі» деген пікірлерді айтады. Шығарманың сюжеті әке мен бала арасындағы тартысқа құрылған. Тақуа өзінің ақылды ұлы Ринадпен сұрақ-жауап түрінде пікірлеседі.
Мұнда алдын ақындықтың сырлары, соңынан тәлім-тәрбие мәселелері сөз болады. Әкесі баласының едәуір жасқа келсе де белгілі бір мамандықты иелемегеніне қынжылады. Оған белгілі бір кәсіптің басын ұста деген насихат айта бастайды. Алдын әкесі ұлына саудагер бол дейді. Бірақ ұлы бұған қарсы болады.
-Саудагерлік жақсы кәсіп. Қарның көп, киімің бүтін болады. Байлық та жинауың мүмкін. Бірақ та жинауың мүмкін. Бірақ біреудің ақысын жеуің керек. Сіз мені біреудің ақысын жемеуге тәрбиеленгенсіз- дейді ұлы.
-Олай болса қол өнерімен шұғылдан.
-Бұл да болмайды. Себебі сіз маған өмірдің қызықты болуы үшін дүниенің әр алуан сырларын үйрен деп айтқансыз. Мен тек қол өнерімен айналыссам, күнімен бір жерде отырып жұмыс істеймін, ал түнде шаршап ұйықтап қаламын. Таңертең және жұмыс басталады. Мен ондай жағдайда дүниенің басқа сырларын үйрене алмаймын ғой,- деп жауап береді ұлы.
Физули бұл пікірлері арқылы адамның қоғамдағы орны туралы үлкен ой тастайды. Оны сондықтан да данышпан ақын дейміз. Ол өзінің теңдесі жоқ шығармалары арқылы өзінен кейінгі дәуірлердегі әдебиетке үлкен әсер етті.
