Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шыгыс дарис.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.25 Кб
Скачать

Жапон әдебиеті

Дәрістің мақсаты: Студенттерге жапон ауыз әдебиетінен бастап, жаңа жапон әдебиетінің таңдаулы шығармаларымен таныстыру.

Дәрістің жоспары:

1.Жапон әдебиетінің ежелгі бастаулары

2. VІІ-ХІІІ ғ.ғ. ежелгі Жапонияның поэзиясы.

3. ІХ-ХІІІ ғ.ғ. ортағасырлық жапон поэзиясы.

4. ХІХ-ХХ ғ.ғ. жапон сөз өнеріндегі жаңа әдебиеттің(«киндай-бунгаку») дамуы.

5. Жаңа жапон әдебиетінің классик ақын-жазушылары

Жапон ауыз әдебиеті мен мифологиясы жақсы дамыған. Жапон жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері — “Кодзики” шежіресі (712) мен “Манъесю” өлеңдер жинағы (759). “Кодзики” ертедегі мифтік әңгімелер, аңыздардан тұрады. “Манъесю” антологиясы халық поэзиясының 4516 үлгісін және алғашқы жазба әдебиет өкілдерінің (500-дей автордың) шығармаларын қамтыған. Шығармалардың көпшілігі танка жанры үлгісінде жазылған. 9 — 10 ғасырларда жапон прозасының алғашқы үлгілері пайда болды. Мурасаки Сикибудың “Гэндзи — моногатори” романы (11 ғасыр) — әлем әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі. “Хэйкэ — моногатори” (“Тайр әулеті туралы әңгіме”, 13 ғасыр), “Тайхэйки” (“Алып әлем туралы әңгіме”, 14 ғасыр) гунки (әскери эпопея) жанрында жазылған. 15 — 16 ғасырларда поэзия жетекші рөл атқарды. Театрлар ашылып, драматургиялық шығармалар жазыла бастады. Онда, көбінесе, әскери тақырыптар қамтылды. 15 ғасырда әскери эпопеяларды серілік романдар ығыстырып шығарды. Мысалы, “Согамоногатари” (“Ағайынды Согалар туралы әңгіме”), “Есицунэ-ки” (“Есицунэ туралы әңгіме”), т.б. 17 ғасырда Ихара Сайкакудың (1642 — 1693) “Бір еркектің махаббат машақаты” (1682) романы, Тикамацу Мондзаэмоның (1655 — 1724) пьесалары танымал болды. Бұл жылдары ақындар Басе (1643 — 1694), Бусано (1716 — 1783), Исса (1763 — 1827) шығармалары әдебиет тарихынан елеулі орын алды. 18 ғасырда Цурия Нанбоку (1755 — 1829), Каватакэ Мокуами (1816 — 1893) сияқты драматургтердің есімі танымал болды. 20 ғасырдың басында Киносита Наоэнің “Отты бағана” романы, ақын Исикава Такубокудың (1885 — 1912) “Бір уыс құм” (1910), “Көңілсіз ойыншық” (1912) шығармалары әдебиеттің даму бағытын айқындады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония әдебиетінде жаңа кезең пайда болды. Қоғамның ішкі қайшылықтары әдебиетте де түрліше бағыттар мен ағымдар тудырды. Дәстүрлік бағыттың өкілдері — Нагай Кафу, Сига Наоя, Масамунэ Хакутэ, т.б. болды. Ясунари Кавабатаға “Қарлы ел” (1947), “Мың қанатты тырна” (1951) повестері мен “Таулар дауысы” (1953), “Көне астана” (1961) романдары үшін 1968 жылы Нобель сыйлығы берілді. 20 ғасырдың 2-жартысында Симода Сэйдзидің “Таңсәрі” (1970), Накадзато Кисенің “Айырық” (1963), Суми Суэннің “Өткелсіз өзен” (1970), Кубода Сэйдің “Сякунаго деревнясының күнделігі” (1972) романдарында Жапонияның өткір әлеуметтік мәселелері көтерілді. Жапон әдебиетінен қазақ тіліне “ Жапон ертегілері” (1959), “ Жапон әңгімелері” (1965), “Хиросима қасіреті” (жинақ, 1969),Симадзаки Тоссонның “Орындалмаған өсиет”, Эндо Сюсанудың “Әйел жүрегі” (1970) кітаптары аударылды. М.Әуезов (1960), Ғ.Мүсірепов (1967) Жапонияда болып, екі ел қаламгерлері арасындағы шығармалар байланыстардың негізін қалаған.

Жапон әдебиетінің ежелгі бастаулары. Жапон фольклорындағы тұрмыстық-салттық жырлар, ертегілер т.б. Бестармақтық өлеңдер танка өлшемінің ерекшеліктері. Батыс аймағының өлеңдері. Шығыс аймағының өлеңдері. Тұрмыс-салт жырларындағы табиғат пен адам сезімінің тұтастығы.

ҮІІ-ХІІІ ғасырлардағы ежелгі Жапонияның поэзиясы. Ақындары: Какиномото Хитомиро, Ямабэ Акахито, Яманоэ Окура, Отомо Табито, Отомо Якомати, Саканоэ, Каса, Такэти Курохито, Кавабэ, Отомо Момоэ Хасабито Оура, Камо, Аки, Кура Навамаро, Хадзи Митиеси, Сану Тиками, Накатоми Якамори. Аталған ақындар өлеңдерінің шағын көлемдерде ғана сақталғаны. Ақындар өлеңдерінде жапон халқының тұрмыстық, географиялық ортасына тән көңіл күй әуендерінің жырлануы.

ІХ-ХІІІ ғасырлардағы ортағасырлық жапон поэзиясы. Ақындары: Минамото Мунэюки, Соки-Хоси, Аривара Нарихира, Оно Комати, Содзе «Хэндзе», Бунья Ясухидэ, Цураюки, Отикоти Мицунэ, Идзуми Сикибу, Мурасаки Сикибу, Ки Томонфи, Оэ Тисато, Исэ және т.б.

Жапон поэзиясындағы алты тармақтық - сэдоко өлшемі. Ұзын өлеңдер тека немесе нагаута өлшеміндегі өлеңдер.

Жапон поэзиясында махаббат тақырыбындағы жырлардың молдығы.

ХІХ-ХХ ғасырлардағы жапон сөз өнеріндегі жаңа әдебиеттің («киндай-бунгаку») дамуы. Цубату Сеенің «Романның мәні» атты трактаты – жапон әдебиетіндегі реалистік, поэтикалық сипатты саралаған еңбек.

Жаңа жапон әдебиетінің классик ақын жазушылары. Симадзаки Тосон, Куникида Доппо, Набори Сему, Еникава Масао, Хара Киютиро, накамура Хакуе, Осэ Кэйси, Курода Таца, Сотомура Сиро (Баба Тэцуя), Курахара Корэ Хито.

Фтабатэй Симэйдің «Кәдуілгі адам», Нацумэнің «Мак», Таяма Катайдың «Төсек» романдары – сыншыл реализм туындылары.

Котоку Дэнзиро – публицист, ақын, аудармашы. Аудармашылық шеберлігі. Акутагава Рюнеско шығармаларының негізгі тақырыбы, идеясы, көркемдік ерекшеліктері.

Фтабатэй Симэй (шын аты жөні Хасэгава Тацуноскэ) (1864-1909) – жапон әдебиетіндегі сыншыл реализмнің және қазіргі әдеби тілдің негізін салушы. Жазушының «Қалқыған бұлттар» (1887-1888) романы – әәәлеуметтік тұрмыс психологиясы туралы шығарма. «Романның жалпы теориясы» (1886) атты зерттеуі. Орыстың классикалық әдебиетін аударуы.

Котоку Дэнзиро (18771-1911) – публицист, ақын, аудармашы, (бүркеншік аты-Сюсуй). Мақалалары: «Байсалды алып, «Мұратсыз ұлт», «Дрейфустің ісі және Эмиль Золя»; Очеркі – «Токиодағы панасыздар жататын үй», т.б. Күнделік дәстүріндегі мемуарлық, сапарнамалық туындылары: «Мұғалім Темин», «Жазғы шөптер», т.б. Аудармалары: М.Горкийдің «Каин және Артем», «Сағыныш», «Қателік», «Челкаш», «Сұңқар туралы жыр» және т.б. туындыларын аударуы.

Хосой Вакидзо (1897-1925) шығармашылығы. «Жұмысшы әйелдердің қасіретті тарихы» очеркі; Әңгімелері, пьесалары, «Құлдар», «Фабрика» атты романдары жеке-жеке кітаптар болып жарияланған. «Өлім мен туылу бірге» атты әңгімесіндегі қолы кесіліп мүгедек болған жұмысшының тағдыры. «Жұмысшы әйел», «Тозақта күлген әйелдің жазбалары» атты әңгімелері, ондағы бейнелер. Жазушы шығармасындағы өмір шындығын көркем жинақтаумен ерекшеленеді.

Кобаяси Такидзи (1903-1933) шығармашылығы. Шығармашылығы оннан аса повестер мен романдардан тұрады. Жазушының жаңа жапон әдебиетіне енгізген жанр түрлері: «Өзім туралы повестер», «Рухани жан-дүние туралы әңгімелер». Әңгімелері: «Үлкен аға», «Кэн», «Харутянның тарихы», «Қызметшілердің мерекесі», «Арзан тәттіліктің мерекесі», «Үлкен әпкенің естеліктері», «Қарлы кеш», Повестер: «Өз жолын тапқан әйел», «Қардан қорғайтын шоқ тоғай». Жазушының көлемді туындылары: «1928 жылдың он бесінші марты», «Шығыс Куттянға сапар», «Қатыспайтын жер-су иесі (помещик)» және т.б. Жазушы шығармаларының көркемдік, стильдік ерекшеліктері.

Акутагава Рюноскэ (1892-1927) шығармашылығы. Новеллалары: «Расемон», «Мұрын» және т.б. Сатиралық-фантастикалық повестері: «Су перілерінің елінде» (1927), «Бір нақұрыстың өмірі» (1927) және т.б. Шығармаларында өмір құбылыстарын қабылдаудың терең астарларын суреттеді. Авторлық дүниетаным аясында кейіпкерлер арқылы тіршілікке күмәнмен, күдікпен қарау ерекшеліктері басым болды.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Григорьева Т., Логунова В. Японская литература.- Мәскеу, Наука, 1964

2. Тебегенов Т. Шетел әдебиеттерінің тарихы. Алматы, 1996.

3. Әуезов М.О. Япония// Шығармаларының елу томдық толық жинағы. – Алматы:Ғылым, 1997-Б. 82-89

ДӘРІС № 7