- •5. Дәріс кешені тақырып 1. Түрік әдебиеті
- •Ахмед Мидхат (1844-1913), түрік жазушысы
- •Ибрагим Шинаси (1826-1871), түрік ақыны
- •Жәлаләддин Руми
- •Жүніс Емре
- •Ерзурумлы Емрах
- •Рухсаты
- •Теврик Фикрет
- •Мехмет Эмин Йурдакул
- •Женап Шеһабеттин
- •Мехмет Акиф Эрсой
- •Зия Гөкалып
- •Яхия Кемал Бейатлы
- •Ахмет Хашим
- •Орхан Сейфи Орхон
- •Фарук Нафыз Чамлыбел
- •Ашық Вейсел Шатыроғлы
- •Юсуп Зия Ортач
- •Ахмет Хамди Танпынар
- •Ахмет Кутси Тежер
- •Ариф Нихат Азия
- •Нәжіп Фазыл Қысакүрек
- •Һусейін Ниһал Атсыз
- •Назым Хикмет
- •Жахит Сыртқы Таранжы
- •Зия Осман Саба
- •Рифат Ылғаз
- •Октай Рифат
- •Орхан Уәли Канак
- •Фазыл Хұсню Дагларджа
- •Әзиз Несин
- •Мелих Жеудет Андай
- •Бехчет Неджатигиль
- •Жахид Күлеби
- •Фахри Эрдинч
- •Суат Ташер
- •Сабахатдин Құдрет Ақсал
- •Неджети Жұмалы
- •Өздемир Асаф
- •Неузат Үстүн
- •Аттила Илхан
- •Мұстафа Бюлент Эджевит
- •Бәкір Сытқы Ердоған (1926 жылы туған)
- •Ахмет Әріп
- •Осман Түркай
- •Жемал Сүрея
- •Абдуррахым Каракоч
- •Сезан Каракоч (1933 жылы туған)
- •Йавуз Булент Бакилер (1936 жылы туған)
- •Эрдем Бейазит
- •Жахит Зарифоглы
- •Фетһуллах Гүлен (1941 жылы туған)
- •Нуруллах Генч (1960 жылы туған)
- •Сарай шайырларының поэзиясы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі әдебиеті
- •Бәдәуи ақындарының лирикасы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі проза
- •«Калила мен Димна» аудармасының дүниежүзіне таралу
- •Ежелгі дәстүрге оралу дәуірі
- •Әдеби синтез дәуірі
- •Жат жердегі жаңа әдебиет
- •«Еліктеу» дәуірі
- •Құлдырау дәуірі әдебиеті
- •Иран әдебиеті
- •Қытай әдебиеті
- •Қытай әдебиеті (Чиң дәуірінің әдебиеті)
- •Қытай әдебиет тарихындағы ең алғашқы өлең-жырлар жинағы
- •Жапон әдебиеті
- •Үнді әдебиеті
- •Түркмен әдебиеті
- •Әзірбайжан әдебиеті
- •Өзбек әдебиеті
- •4. Шыңғыс Айтматов
- •Қарақалпақ әдебиеті
Қытай әдебиет тарихындағы ең алғашқы өлең-жырлар жинағы
«Тау мен теңіз кітабы». «Тау мен теңіз кітабы»-қытайдың ежелгі әйгілі жағрапиялық шығармасы. Бұл кітапта көптеген ежелгі аңыз-ертегілер сақталған. Кітап шамамен Жауласқан -бектіктер дәуірінде (б.з.д.475-б.з.д.221)құрастырылған, әрі ол бір адамның қолымен жазылмаған деп айтылады. Он сегіз тараудан тұратын кітапта жағрапияға қатысты ертегілер мен көптеген ежелгі мифтік аңыздар топтастырылған. «Куа-фудың күнді қуалауы» мен «Цзиң-вей құстың теңізді толтыруы» осы кітаптан алынған екі мифтік аңыз болып табылады.
«Жырнама». «Жырнама»-Қытай әдебиет тарихындағы ең алғашқы өлең-жырлар жинағы. Бұл жинаққа Ин Шаң патшалығының соңғы кезеңінен Чүн Чю дәуірінің орта шеніне дейінгі шамамен 600жылдан астам уақыт аралығындағы (б.з.д.ХІІғасыр-б.з.д.YІғасыр) 305 өлең-жыр жинақталған. Алғашында өлең немесе «Үш жүз өлең» деп аталған бұл жинақ Жауласқан бектіктер дәуірінде ғана «Жырнама» деген атқа ие болып, Жу тағылымының классикалық шығармасына айналған. Хан патшалығында Чи, лу, Хән, Мау сынды төрт әулет бұл шығарманы ел арасына кең таратты.бізге осы шығарманың тек Мау әулеттерінің таратқан нұсқасы ғана жетіп отыр.
«Жырнамадағы» өлең-жырлар «Халық жырлары» «Орда жырлары» және «Мадақ жырлары» болып үш топқа бөлінеді. «Халық жырларының» дені қарапайым халықтың аузекі туындысы-жергілікті өлеңдер болды. Оған 160 өлеңнен тұратын «он бес бектің жырлары» енгізілген. Бұл өлең-жырлар негізінен еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігін, көңіл-күйін, арман-тілнгін бейнелейді. «Орда жырлары» «Үлкен орда жырлары» мен «Кіші орда жырлары» болып екіге бөлінеді. «Үлкен орда жырлары» бөліміне 31өлең , «Кіші орда жырлары» бөліміне 74 өлең болып, негізгі мазмұны сол тұстағы саясатқа, саяси науқандарға қатысты болды. 40өлеңнен тұратын «Мадақ жырлары», 31 «Джоу бектігінің мадақ жырлары», 4 «Лу бектігінің мадақ жырлары» мен 5 «Шаң бектігінің мадақ жырларын» қамтиды. Бұл өлеңдерді негізінен ақсүйектер мен төрелер жазды. «Мадақ жырлары» негізінен бабалар басына, ғибадатханаларға юарғанда айтылатын музыкалы өлеңдер болған. Әулиелер мен ата-бабалардың өлмес рухын жырлау және билік басындағы әміршілерді мадақтау өлеңдердің басты мазмұны болды.
«Жырнаманың»көркемдік жағындағы жетістігі кейінгі ғасырлардағы әдебйет жасамспаздығына үлгі болды. Онда қолданылған «баяндау,теңеу, шендестіру» сияқты көркемдегіш тәсілдер кейінгі кезеңдердегі қытай поэзиясына зор ықпалын тигізді.
«Жырнама» қытай әдебиеті тарихында халық ауыз әдеьбиетінің және қытай поэзиясындағы реалистік дәстүрінің негізін қалады. «Жырнамадағы» өлең-жырлардың көбі халықтың еңбек ету барысында шығарған жырлары болғандықтан, бұл шығармалардың тілі ауызекі айтылатын қарапайым, әсерлі де жанды сөздер болған. Міне, осы көркем әрі образды тілмен «Жырнама» бірнеше ғасырлардағы қытай қоғамының бүкіл болмысын бейнелеп берген.
Қытай әдебиеті жанрларының дәстүрлі үлгілері. Тарихтан белгілі болғанындай, қытай әдебиеті алғашқы сәби кезеңін аяқтап, Таң дәуіріне аяқ басқаннан кейін өзінің тың да биік белесіне тез көтеріліп кетті. Бұл кезде қытай әдебиеті тек көркемдік, мазмұндық жақтан ғана өскен жоқ, ең бастысы түр жағынан да көптеген жаңа, іргелі жанрлармен толыға түсті. Енді төменде біз осы Таң дәуірінен бастау алатын, одан кейін де қалыптасып дамыған қытай әдебиетіндегі тарихи, дәстүрлі жанрларға тоқталсақ:
Аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелердің пайда болуы қытай әдебиеті даму тарихындағы жаңа бір белес болып есептеледі. Ол туралы қытай әдебиетінің үлкен білгірі Лу Шун: «Аңыз әңгімелердің арғы төркіні мифтерден бастау алады. Алайда аңыз әңгімеде мифтердегі сөз болатын құбылыстар кеңейтіліп, өзгеше өріммен баяндалады. Көңілдегі түйткілдерді тәмсіл арқылы атқара отырып, жақсылық-жамандықты мысал өзегі етеді. Шығарманың көркемдігі мен образдық бояуын қоюлатып, пері-әулие жөніндегі хикаяға құмарларды одан сайын еліте түседі»,-деп жазады. Сонымен, аңыз әңгімелердің көркемдік деңгейі қытай әдебиетінің алғашқы үлгілерімен салыстырғанда көрнекті түрде өскені анық. Атап айтқанда, кейіпкерлер образын сомдаудан сюжет құру, детальдарды орналастыру, тіл ерекшелігіне дейінгі жақтарда да елеулі дамудың болғаны белгілі
Бұл ретте аңыз әңгімелердің аса көрнекті көркемдік жетістігі ретінде характері анық, дара образдар сомдай алуын атап айтуға болады. Бір ғажабы – аңыз әңгімелердегі бас кейіпкерлер көбіне әйелдер болып келетіндігі. Бұл сөзіміздің бір дәлелі ретінде Джияң Фаңның «Ху Сяуюй» атты шығ,армасын атауға болады. Бұл аңыз әңгімеде ару қыз Ху Сяуюйдің трагедиялы махаббаты сөз болады. Ақсүйектер табынан шыққан жас жігіт Ли И Чаң-Аньның әйгілі аруы Ху Сяуюймен танысып, табысады. Мансапқа қолы жеткеннен кейін Ли уәдесінен тайып, басқа біреумен некелеседі. Қатты құсаға шыдай алмаған Ху Сяуюй ауыр науқасқа шалдығады. Бұндай әділетсіздікке зығырданы қайнаған Хуаң Шань есімді ержүрек азамат Ли Иді ауруы меңдеп, хал үстінде жатқан Ху Сяуюйдің алдына айдап әкеледі. Ли Идің опасыздығын Ху Сяуюй өлгеннен кейін оның аруағы жынға айналып, ерлі-зайыпты Ли Илерден кегін қайтарады. Қысқасы, әңгімеде Ху Сяуюйдің махаббатқа адалдығы мадақталып, Ли Идің опасыздығы сыналады. Шығармада автор өзінің діттеген мақсатына жету үшін кейіпкерлер образын нанымды етіп суреттеуге баса мән береді. Аңыз әңгімеде Ху Сяуюй, Ли Идің образдарының сәтті сомдалғанына көз жеткізу қиын емес.
Аңыз-әңгімелердің қытай әдебиеті тарихындағы рөлі ерекше. Әсіресе, аңыз-әңгімелердің дені қытайдың Юань, Миң, Чиң хандықтары тұсындағы театрлардың басты тақырыбы болып, сахна өнерін үлкен бір белге шығарып тастағандығын атап айтқан жөн. Тіпті, осы заманғы көркем прозашылардың да тарихи аңыз-әңгімелерден үйренгені аз емес. Ол туралы арнайы талдау жасап отырғаннан гөрі, аңыз-әңгімелердің қытай әдебиеті даму тарихындағы, әсіресе, көркем прозасы дамуындағы маңызының ерекше болғанын атап көрсеткен орынды.
Қиссалар. Қытай әдебиетіндегі байырғы жанрлардың бірінен саналатын қиссалар – ғибадатханадағы дәруіштердің жұртқа түсінікті, қарапайым тілмен бейнелеуді бағыт еткен уағыз сипатындағы жанр. Мұнда сөз бен өлеңді араластыра айту(жазу) тәсілі арқылы будда номындағы тәңірлердің құбылу барысы, оның құдіреті уағыздалады. Негізінде будда номында тәңірлердің өзге түске өзгергенін бейнелейтін мазмұндар «өзгеру» деп аталады. Сондықтан да бұл жанр өз кезінде «құбылу қиссалары» деп аталды.
Будда номдарын қиссамен айту сонау алты хандық (222-589 жж.) дәуірінен басталады. Сол заманның өзінде-ақ қытай еліне будда діні кеңінен таралып, будда номдары жаппай аударыла бастаған болатын. Осы үрдіске байланысты буддист-дәруіштердің будда номындағы уақиғаларды, ондағы негізгі принциптерді жырлаған әдеби туындылары – қиссалар көптеп жарыққа шықты. Содан бастап өзінің даму арнасын тауып, өзінше бір әдеби жанр ретінде қытай әдебиетінен өз орныны алған қиссалар нешелеген ғасырлар бойы қытай әдебиетінің дамып, қанат жаюына өз үлесін қосып келді.
Қиссалар о баста будда номын уағыздау мақсатынан туындаған. Алайда, қисса жеке әдеби жанр ретінде қалаптаса келе, өмірдің барлық саласын жырлайтын кең тынысты жанрға айналды. Оның осы ерекшелігіне сүйене отырып, қытай оқымыстылары қиссаларды діни (будда) қиссалар және тұрмыс-салт қиссалары деп екі үлкен топқа бөліп қарастырады.
Діни қиссалардың өкілдік үлгілері ретінде «Вималакрити қиссасы», «Жынның пәниге түсуі», «Маулиянаның анасын құтқаруы» қатарлыларды атап айтуға болады. «Вималакрити қиссасында» Сакия Монидың мүриттеріне Вималакритидің көңілін сұратқаны баяндалады. Қиссаның уақиғасы қызықты, тілі бай, ойы терең. Бұдан сырт діни қиссаларда көбінде будда діні уағыздалады, қала берді өмір мен өлім туралы, ие-кие туралы, әулие-әнбиелік туралы діни тақырыптар көбірек сөз болады.Тұрмыс-салт қиссаларына – тарихи қиссалар, фольклорлық аңызға құрылған қиссалар, сол заманның аса ірі әрі маңызды уақиғаларын өзек еткен қиссалар жатады.
Қысқасы, ертедегі әдеби жанрлардың көрнекті түрлерінің бірінен саналатын қиссалар идеялық тұрғыдан да, көркемдік тұрғыдан да кейінгі қытай әдебиетінің дамуына аз ықпал еткен жоқ. Атап айтқанда, Суң, Юань дәуіріндегі терме, жырлардың дамуы, кейінгі Миң, Чиң дәуіріндегі көп томдық әйгілі романдардың тууына да оңды ықпал еткені құпия емес. Тек ХХ ғасырда будда дінінің қытай елінде әлсіреуіне байланысты қисса да жанр ретінде шеттетіліп қалды.
Терме өлеңдер. Терме өлеңдер – белгілі бір сазды әуенге қосылып айтылатын өлеңнің өзінше бір түрі. Қытай әдебиеті тарихында оған берілген атау да аз емес. Мәселен, оның музыкамен айтылатын ерекшелігіне қарап кейбіреулер ән мәтіні немесе терме жыр деп те жүр.Ал, енді біреулер орда жыры деп те атады.
Терме өлеңдер ең алғаш Таң дәуірінің бастапқы кезінде пайда болды. О баста халық арасында әнмен айтылатын өлең мәтіндері болатын, кейін келе әдебиетшілер осы ән мәтіндері «терме өлеңдер» деген өзінше жанр болып қалыптасты. Қалай дегенмен де, оның туу мен дамуы Таң дәуірі экономикасы мен мәдениетінің даму жағдайымен байланысты. Яғни, Таң дәуіріндегі экономикалық, мәдени даму терме өлеңдердің туу мен дамуына мықты негіз қалап берді. Өйткені, ол заманда мен мәдениетін барынша дамытты. Елдің оңтүстік пен солтүстік мәдениеттерінің тоғысуы, шетелдермен мәдени алмасулар барынша күшейді. Осындай бай мазмұнды өмір талабының әсерінен түрлі мәдени шаралар жанданды. Бай-манаптар мен бек-төрелер жан рахатын күйттеуге, көңілді жүруге баса мән беретін болды. Қалада да, далада да ойын-сауық отаулары көптеп бой көтерді. Осы ойын-сауық отауларының негізгі концерттік номері терме өлеңдңр айтудан тұратын. Міне, аталған дәуірдің мұндай талабы терме өлеңдердің дамуына тамаша шарт-жағдайлар әзірлеп берді.
Бұдан сырт терме өлеңдердің дамуына сол тұстағы қытай музыка өнерінің дамуы да үлкен түрткілік рөл атқарғанын айтқан жөн. Өйткені, Таң дәуірінде қытай музыкасының ерекше дамығаны соншалық, елдің музыка өнері сан салаға жіктеліп жататын. Оның бастылары мадақ сөз, кілең саз, дастархан сазы деп аталатын. Мадақ сөз дегені – байырғы дәуірден келе жатқан хан-патшаларға мадақ айтуға арналған музыкалар болатын. Кілең саз дегені – орнықты, салиқалы халық ән-жырлары еді. Ал, дастархан сазы дегені – дастархан үстінде орындалатын, қонақасылық ән-күйлер. Бұлардан басқа оңтүстік-солтүстік хандықтар арасындағы әскери шабуылдар, қытайлар мен өзге де шетелдіктер арасындағы сауда барыс-келісі, діни шаралар тағы басқа жағдайлардың мұрындық болуымен солтүстіктегі түрік тайпаларының, Орта Азиялық өзге де халықтардың,Үндістанның музыкасы келіп кірді. Шеттен кірген бұл музыкалар мен қытайдың дәстүрлі музыкасы өзара тоғысып, сіңісе келіп, әйгілі «Таң дәуірі музыкасы» деген құбылысты өмірге әкелді. Бір ғажабы, ол дәуірдегі ән-күй өнерінің ойналатын негізгі сахнасы – дастархан басы еді. Демек, терме өлеңдер – сол дастархан сазының дамуына байланысты кең таралған әуендерге қосылып айтылатын өлеңдер еді.
Сондай-ақ терме өлеңдердің жанр ретінде жаппай өріс алуына сол замандағы қытай поэзиясының дамуы да аз ықпал еткен жоқ. Себебі, «терме өлеңдер» - ең әуелі поэзия. Оның поэзиялық сипаты мен мән –мағынасы биік өреде болғанда ғана ол жұрт жүрегінен орын таба алатын. Демек, «терме өлеңдерге» де Таң дәуіріндегі өскен, өркендеген поэзияға тән талап қойылатын. Соның әсерінде терме өлеңдер әнмен айтылатын өзінше өзгеше жанр бола тұра, сол замандағы жалпы поэзиялық дамудан шет қалған жоқ. Тек терме өлеңдердің кәдімгі өлеңдерден бір айырмашылығы, олар ән-әуеннің (музыкалық сөйлемнің) ұзын-қысқалығына сәйкесіп, буын-бунағы ұзынды қысқалы болып келе беретін. Мәселен, Ли Байдың «Пусамань» атты терме өлеңі: кәдімгі поэзиядағы тұрақты буын-бунаққа, белгілі ырғаққа аса бағына бермейді. Есесіне ол өзі телінген әуеннің буын ырғағына үйлесіп келіп отырады. Осы ерекшелігін ХІХ ғасырдың соңына дейін сақтап келген терме өлеңдердің ізін ХХ ғасырда ән-өлеңдері (кәдімгі ән мәтіндері) басты.
Хикаялар. Хикаялардың өмірге келуі – қытай әдебиетінің даму тарихындағы аса зор бетбұрыс болды. Өйткені жаңа тілмен, өзгеше үлгімен жазылған хикаялар, өзінен бұрынғы әдеби шығармаларға қарағанда, әлеуметтік өмірді, әсіресе қалалардағы орта және ұсақ саудагерлердің, ұсақ қолөнершілер мен төменгі жік әйелдердің өмірін тіпті де кеңінен, өзгеше тәсілдермен бейнелей бастады. Қытай қоғамында әәлеуметтік орны өте төмен болып келген осы бір қарапайым әлеуметтік топтар хикаялардың жаппай мадақтау объектісіне айналды. Олардың бәрі дерлік шығарманың тек қана образы бейнесінде ғана сомдалып отырды. Бұл құбылыс - қытайдың одан бұрынғы әдеби жанрларында мүлде кезікпейтін жағдай еді. Бұдан басқа хикаялардағы тағы бір жаңалық – онда ауызекі тілге өте жақын келетін жаңа тілдік ерекшелікті – тың бейнелеу әдісін қолданғандығы. Көркемдік бейнелеу, мысалы, кейіпкер сомдау, ортаны суреттеу, диалогтарды беру... жағында да жаңа қадамдар болмай қалған жоқ. Атап айтқанда нақтылы мәтіінді бастаудан бұрын міндетті түрде өлеңмен немесе қара сөзьен кіріспе жазылатын. Ол кіріспе негізгі мәтінді қолдайтын, ашатын немесебекіте түсетін мағынада болып келетін. Сондай-ақ, хикаялар көбінде өлеңмен немесе термемен аяқталатын да онда тағылымдық пікірлер, үлгі-өнегелік толғамдар берілетін.
Қытай әдебиетінде хикая жанрының өмірге келуі – әдебиеттегі жаңа бір кезеңнің беташары болды. Олай болды дейтін себебіміз, одан ілгері қытай әдебиетінің жанрларында көбінде аңыздарды қуалап жазу, патша-ағзамға мадақ, қиял әлемі секілділер негізгі арқау болса, хикаяда өз кезеңіндегі қытай қоғамының жиіркенішті, жексұрын тұстары аяусыз әшкереленді. Жемқор, әділетсіз бек-төрелер сын тезіне алынып, қаланың қарапайым тұрғындары мен ұсақ қолөнершілері марапат объектісіне айналды. Әсіресе, хикаяда махаббат еркіндігіне баса назар аударылды. Қытайдың бұрынғы әдеби жырларында да махаббат тақыыптары кезігіп қалатын, алайда олар көбінде жастардың ырықсыздығынан қосыла алмай, айрылысып немесе құрбан болып кетіп жататын. Ал, хикаялардағы ғашық жастар сертке берік, дегеніне жетпей, сүйгеніне қосылмай қоймайтын, батыл, ержүрек болып суреттеледі. Мысалы, «Ару-Нянь-Юй» деген хикаядағы Шуй СюСю есімді бойжеткен өзіне кезіккен әлеуметтік және салт-дәстүрлік кедергілердің бәрін ақыл-айласымен жеңіп шығады да, өзінің сүйген жігіті Суй Ниңге ілесіп, Цзыджоуға қашып кетеді. Олардың бұл әрекеті Сиань аймағы бегінің абыройына нұқсан келтірген болып есептеледі де, соңында Шуй СюСю өлім жазасына кесіліп атылады. Алайда өлім оның арман-мұратына, асқақа рухына кедергі бола алмайды.Оның аруағы адамдар ортасына қайта оралып, Суй Ниңге қосылады да арман-мұратына жетеді. Демек, хикаялардың астын сыза отырып, баса дәріптейтін негізгі жетістік – кейіпкер сомдаудағысәтті табыстар болып табылады.
Қысқасы, қытай әдебиеті тарихындағы аса іргелі, ежелгі жанрлардың бірінен саналатын хикаялар - өз заманындағы қытай әдебиетіндегі ғана емес, күллі қытай мәдениетіндегі, тіпті, жалпы, қытай қоғамындағы айтулы құбылыс болды деуге толық негіз бар. Себебі, ол бұрынғы хан ордасы ауласынан ұзап шыға алмай келген қытай әдебиетін халықтың қайнаған ортасына алып келді, әрі қытай әдебиетіндегі алғашқы сыншыл реализм үлгісіне негіз қалап берді, сондай-ақ, хикаялар арқылықытай прозасындағы әңгімешілдік дәстүрдің шымылдығы ашылды. Атап айтатын болсақ, Миң,Чиң кезеңдерінде жаңа үлгідегі қысқа әңгімелердің тууы, тіпті, анау Юань, Миңнен бері қарайғы көлемді классикалық романдардың өмірге келуі... бәрі-бәріне де хикаялардың ерекше игі ықпалы болғаны – қытай әдебиеттануы ғылымында жаппай мойындалған ақиқат. Қорытып айтқанда, хикаялардағы реализм мен романтизм бейнелері кейінгі қытай прозасының гүлденуі мен дамуына мықтап негіз қалап берді.
Жалпы, қытай әдебиеті тарихындағы «хикаялар» деген жанр «жойылып кетті» дегеннен гөрі, дамып жаңа прозаға айналды деген орынды секілді.
Шашпа жырлар. Шашпа жырлар өзінің алдындағы «тәмсіл өлеңдердің» негізінде туып дамыды.
Шашпа жырлар өз ішінен қысқа толғаулар және қайырмалар деп екі үлкен топқа бөлінеді. Қысқа толғаулар дегені – тек ән ғана, ал қайырмалар дегені – орда жырларымен ұқсастау болып келетін, екіден көп әндер топтамасы. Тағы бір жағынан бұл екеуі бір-бірін өзара толықтырып та отырады. Атап айтқанда, қысқа толғаулар қайрманың ән-әуенін байтып отырады да, қайырмалар қысқа толғаудың мазмұнын байытып, көркемдігін арттыра түседі. Дегенмен, қысқа толғаулар ықшам, ойнақы, жеңіл, айтуға да, жазуға да қолайлы болғандықтан қайырмаларға қарағанда тұрақты орында тұрып келді.
Шашпа жырлар өзіне дейінгі тәмсіл өлеңдердің негізінде туып, дамығандықтан, онда жергілікті ерекшеліктермен қоса, халықтық ән-күй өнерінің басым сипаты - әртүрлі халықтардың музыка өнерінің өзара тоғысып жатқан жағдайы – шашпа жырлардан молынан көрініс тауып жатуы заңды құбылыс еді. Алайда, шашпа жырлардың олардан көрнекі ерекшелігі өз заманының жоқшысы – жыршысы бола алмағандығында деуге болады. Өйткені, шашпа жырлардың авторларының дені – сол замандағы қытай қоғамына наразы, әлеуметтік әділетсіздікке жаны төзбеген, өздері де қоғамнан лайықты орын ала алмаған қаламгерлер болып келетін. Оған қоса өлеңдердің халық арасын ән болып тарауы да үлкен ықпал етіп отырды. Сондықтан қытай әдебиеті тарихындағы бұл әдеби жанр ХХ ғасырдың бірінші жартысына дейінөз жалғасын тауып отырды.
Шашпа жырлардың құрылымы көбінде өздері қосылып (телініп) айтылатын әндердің (әуен) буын, бунақ санымен сәйкесті болатын.
Қытай әдебиетіндегі шашпа жырлар жанрын туғызып, оны дамытушылар ретінде Лу Джы,Уаң Хычиң, Джаң Яңхау, Джаң Кыжю, Чяу Джи, Гуань Юньшы, Сүй Шұншын қатарлы қаламгерлер шоғырын ерекше атап көрсетуге болады.
Жоғарыда қытай әдебиетінің тарихында болған, сан ғасырлар бойына сол елдегі сөз өнерінің мерейін аспандатқан басты-басты бірнеше дәстүрлі жанрларына сипаттама берілді. Бұл жанрлар дәл бүгінгі қытай әдебиетінде болмағанымен, қытай әдебиетіндегі бүгінгі кейбір жанрлардың туу, даму жағдайын қарастыруда өзіндік септігін тигізді деуге болады. Себебі, бұл жанрлардың әрбір тарихи кезеңдегі әдеби құбылыстар тасқынының астында қалды дегеннен гөрі, сол әдеби құбылыстар мен жаңа әдеби жанрлардың туып, дамуын ұйытқы болды, өзі соған сіңіп кетті деуге болады.
ҚЫТАЙ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚАЗІРГІ ЖАНРЛАР. Қытайдың қазіргі заманғы көркем әдебиетінің жанрлары қытай әдебиетінің дәстүрлі, таритхи жанрлары негізінде дамыды, гүлденіп, көркейді. Алайда, бұл жанрлар ертедегі әдеби жанрлардың көшірмесі немесе соның көлеңкесі емес. Яғни, бүгінгі әдеби жанрлар - әлемдегі өзге де халықтардың көркем әдебиетіндегі жанрлар секілді замана дамуы мен әлемдік өркениет талаптарының табиғи туындысы. Дей тұрғанмен, онда қытай халқының төлтума әдеби дәстүріне байланысты ерекшеліктер де жоқ емес. Мәселен, дүниежүзіндегі көптеген халықтардың көркем әдебиет жанрлары поэзия, проза, драматургия деп үш топқа бөлінсе, қытайдың көркем әдебиет жанрлары поэзия, проза, драматургия, сануэн деп төрт топқа бөлінеді.
Поэзия. Поэзия - қай халықта болмасын, әдебиеттің түп тамыры, алтын қазығы болып есептеледі. Қытай әдебиетінде де солай. Яғни, қытай поэзиясы да - әлемдегі өзге де халықтардың поэзиясы секілді сонау бағзы дәуірлерде толысып, пісіп-жетілген кемел жанр.
Жалпы, қытай елін «поэзия елі» деп атауға да болады.Қытайдың ұшан-теңіз әдеби мұраларын сараптап қарайтын болсақ, ондағы өзге жанрларда жазылған дүнилер өзен-көлдер секілді де, поэзиялық дүниелер шетсіз-шексіз мұхит сияқты.
Бүгінгі қытай прозасы. Қытай тілінде соңғы жиырма-отыз жылда пайда болып қалыптасқан толып жатқан терминдер бар. Олардың дені, әрине, ғылыми-техникалық терминдер атауына байланысты. Тағы біразы мәдени, әлеуметтік өмірге қатысты аталымдар. Дей тұрғанмен, қытай қоғамының қай саласы үшін де етене сезілетін атау – «жаңа дәуір».
50-жылдардың соңынан басталған сорақылық, ішкі былықпайлық қытай қоғамын 20 жыл жайлап, билік басы өзгергеннен кейін, елдегі жағдай ретке келіп, 1979 жылдан кейін оңды өзгерістер болды. Бұл өзгеріс қытайдың рухани-мәдени өміріне де өз нәтижесін берді.
Сонымен, жаңа дәуір 1979 жылдан бастап жаңа ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды.
Атышулы «мәдениет төңкерісі» аяқталғаннан кейін, оның бүкіл қоғамға, адамдар өміріне әкелген апаты туралы өнер адамдары да толғанысқа көшті. Сондықтан да шығар, «мәдениет төңкерісінен» кейінгі жалпы әдебиет әлемінің тыныс-тіршілігі, сандық-сапалы өсуі «мәдениет төңкеріснен» бұрынғымен салыстырғанда мүлде бөлек те биік бір сатыға көтеріліп кетті. Қаламгерлер «әдебиет – саяси құрал» деген танымнан айығып, адами өмірге, өнерге басқа тұрғыдан қарауға көшті. Ақын-жазушылардың қаламгерлік, стильдік жаңалыққа деген ізденісіне келсек, оның өзі де қытайдың әдебиет тарихында бұрын болмаған, мүлде жаңа сатыға көтерілді. Өзгеше тарихи кезеңдегі өз ерекшелігі бар әлеуметтік таным, әлеуметтік психология, әлеуметтік эстетика, сондай-ақ, тасқындай ағылып кіріп, жедел қалаптасу процесін бастан кешіріп отырған түрлі теориялар мен ағымдар, олардың қоғамға тигізіп отырған ықпалы мен бір-біріне еткен әсері жаңа дәуір прозасына тек мазмұн жағынан ғана емес, түр мен бейнелеу тәсіліне де игі шарапатын тигізіп отырды. Мысалы, жалаң желілі сыдырғы баяндаудың орнын көп арқаулы жанды құрылым басты. Сюжет қуалаудың орнын, кейіпкердің жан-дүниесіне үңілу, ой-пиғылын қазу басты. Бір ғана өзекті ойды көтеруді масаттанудың орнын қатпарлы-қазыналы ой көтеру басты. Кейіпкер характерін ашудағы бірбеткейліктің орнын адам жанының күрделілігін бейнелеу басты. Немесе характер сомдаудағы сыңар-езуліктің(мысалы, кейіпкерлерді жағымды-жағымсыз деп екі топқа бөліп, олардың өзара күресін баяндайтын) орнын жеке бір адамның бойындағы қайшылықты мінез ашу иеленді.
Осы өзгерістің бәрі қосыла келіп, жаңа дәуір прозасының көркемдік-түрлік деңгейін барынша асқақтатып жіберді.
Қытай жаңа дәуір прозасының басты бір ерекшелігі – тақырып аясының кеңеюі. Бұның өзі түптеп келгенде, әдебиеттің бейнелеу көлемінің ұлғайғандығы, артқандығы деген сөз. Қытай әдебиетін зерттешілер жаңа джәуір прозасының бейнелеу ерекшелігін мынадай тақырыптарға жіктеп түсіндіреді. Жарақат (бұл «төңкеріс» кезінде адамдар жанына түскен жарақатты жарақатты бейнелейтін шығармалар), Толғаныс (бұл қытайдың өз ұлттық болмысындағы артықшылық-кемшілігін заман безьеніне салуға бағышталған шығармалар), реформа, махаббат, этика, тарих, этнография, экология... секілді тақырыптар.
«Жарақат» тақырыбы – «мәдени төңкеріс» деп аталатын қолдан жасалған алақұйынның қытай қоғамына әкелген алапаты, адамдардың жан-жүрегіне салған жарақаты басты тақырып етіп алынған шығармалар. Бұл тақырыпта сәтті шыққан туындылар ретінде Лю Шунудың «Класс жетекші», Лу Шинхуаның «Жара», Джаң Жиенің «Орманнан келген бала», Джоу Кычиннің «Шуйма қарт және оның қыздары» қатарлы ҚХР-дың іші-сыртында ерекше аңыз тудырған шығармаларды атауға болады.
«Толғаныс» тақырыбындағы шығармалар өзінің өміршеңдігімен, қоғамға, ұлтқа өте қажеттілігімен қысқа уақыттың ішінде әдеби өмірдегі басты ағымға айналып үлгерді. Бұл тақырыптағы шығармаларға қытайдың ұлттық болмыс-бітімі, тұтас халық бойындағы жақсы-жаман мінез, дұрыс-бұрыс түсінік, озық-тозық дәстүр арқау болды. Мысалы, талантты жазушы Лу Янджоу өзінің «Тян Юньшан аңызы» деп аталатын белгілі романында бір жай қызметкердің ауыр да азапты өмір жолын жазу арқылы, соның бәрін тудырып отырған ұлттық мінездегі іріліктің жоқтығы деген ойды аңғартады. Осындай шығармалардың қатарында Гу Хуаның «Фу жуң қыстағын», Уаң Мыңның «Көбелегін» атауға болады.
Қоғамдық мәселелердің тарихи, мәндік себептеріне үңілу, адамдар жан-дүниесіндегі өзгерісті ашу – шығармалардың алтын қазығы еді. Бұл мазмұндағы шығармалардың шоқтығы биіктері – Уаң Аньидің «Елесін», Джаң Чыңжының «Бәйге қарасын», Джын Мінің «Көне құдығынң, А Чыңның «Шахмат королін», Ә.Мәжитұлының «Ақсақ құланы» мен «Қайран, он бестегі Халидасын», Зашидауаның «Тибет, қайыс арқандағы аруақ» деген повесі мен «Шалқымалы Шаңбала» атты әңгімесін ерекше атап айтуға болады.
Ал, ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы проза жанры негізінен жоғарыда баяндалған 80-жылдардағы үрдісті жалғастырды және дамытты. Әсіресе, «тарихи проза», «жаңа тарихи проза», «реалистік проза» деген ағымдар бұрынғыдан әлденеше саты сапалық деңгейге көтерілді.
Қытайдың жаңа прозасының басты ерекшеліктерінің бірі ретінде жалпы шығармашылық тәсілдегі сан алуан қаламгерлер ізденісіндегі даралық қасиеттің одан сайын айшықтала түскенін атап айтқан орынды. Қытай прозасы постмодернизм ықпалына көбірек ұшырады. Жалпы, постмодернизм өнердегі белгілі ағым ретінде Қытайға 80-ші жылдардың соңында кіре бастады. Басында бұл ағымға қытайдың әдебиеті мен өнері үрке қарағанымен, кейін аталған ағымға табынушылардың қатары күрт өсіп, барлық ддәстүрлі құндылықтар, әдебиет пен өнер жөніндегі қалыптасқан қағидалар талқандалып, өнер мен мәдениетке орасан зиян келтірілді. Әсіресе, постмодернизмнің проза саласын дендеп кіруі сөз өнеріне нәзік, сырбаз, сиқырлы, қастерлі қалпынан айырып, қара дүрсін, қарабайыр дүниелердің алға озуына, сол арқылы оқырман қауымның эстетикалық талғамының талқандалуына, тіпті, адамдар жан дүниесінің азғындауын алып келді.
Қазіргі Қытай поэзиясы. Өткен ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының соңын ала қытай әдебиетінде аса үлкен айтулы бетбұрыс болды. Бұл бетбұрыстың себеп-салдарын, бір жағынан, қытай қоғамындағы саяси-әлеуметтік өзгерістерден, тағы бір жағынан, қытайдың әдеби-мәдени өміріндегі жаңғырулардан қарастырған орынды. 70-ші жылдардың соңы мен одан кейінгі демократиялық жылымықтың арқасында қытай әдебиеті өнер ретіндегі өз арнасына түсе бастады. Сондықтан, қытай әдебиеті қазіргі кезеңінің даму барысын үлкен екі кезеңге бөлуге болады: бірінші кезеңі – 1949-1979 жылдар аралығы. Екінші кезең – 1980 жылдан жаңа ХХІ ғасырдың басына дейін. Бұндай дәуірлік жіктеуді поэзияға да сол қалпында қолдануға болады.
«Жаңа дәуір» деп аталатын тұстағы қытай поэзиясының басты ерекшеліктері:
1. Айтулы ақындар жаңа дәуірде қаламдарын қолға алып, сапалы ізденіспен өрелі өлең жазуға кірісті. Олардың арасында түрмеден босап келгендер де, еңбекпен өзгерту лагерінен оралғандар да, қаламды тастап, ауыз бағып қалғандар да бар. Мысалы, Қытайдың Лу Ли, Луй Юань, Ню Хань, Ло Луо, Пың Яншяу қатарлы әйгілі ақындары түрмеден оралған болса, Ай Чиң, Гоң Лю, Лю Шахэ, Бай Хуа сияқты ақындар лагерден қайтып келді, Сиң Ди, Джын Миң, Дчын Жиңжуң, Каң Чи секілді ақындар бұғып жатқан жерлерінен бас көтерді. Бұған жетпісінші жылдардың соңы мен сексенінші жылдардың басында поэзияға келіп, өндіріп еңбек етуге сандаған жас ақындар тобы қосылды. Қысқасы, қытай поэзиясының ақындар қосыны күллі қытай тарихында бір леп, бір ынта, бір нысанамен тура осы кезеңдегідей қалыптасқан емес.
2. «Жаңа дәуір» деп аталатын кезеңде қытай әдебиетінде талай-талай тамаша өлеңдер дүниеге келді. Мысалы, ақын Бай Хуаның «Күткен көктем», «Күн жарығы – жаһанға» деген өлеңдері қытай халқының көптен бергі құрсаулы санасымен кісендеулі қиялын тың тәсіл, әдемі тір кестесімен бедерлеп берді. Ал ұзақ жылдар жер аударылып, саяси күрестің нысаны болып келген қытайдың әйгілі ақыны Ай Чиң қолына қайта қалам алып, әдеби ортаға оралысымен «Арайға алғысын» жариялады. Өлеңде адамзаттың өз болашағына деген сенімін - әділеттілік пен сұрқиялықтың, жарық пен қараңғының, ізгілік пен жауыздықтың күресі барысында шыңдалып, жетіліп шыққанын ой арқауы етті. Ал, ақындар Жаң Шуемың мен Ие Уынфудың шығармаларына туған халқының бойындағы аңғалдық, тоғышарлық, ескішілдік секілді нашар мінездер арқау болды. Сондай-ақ, осы «жаңа дәуірде» өндіре жазған ақындар ретінде Лэй Шуян, Гуң Лию, Бэй Дау, ЛюШахэ, Хуаң Иоңюй, Джу Хуң, Нию Хань, Яң Му, Жяң Хы, Лин Зы қатарлы әйгілі ақындарын атауға болады.
3. Жаңа дәуірдегі қытайдың поэзия шығармашылығы мазмұн, форма, идея, тақырып, образ және бейнелеу әдісі жағынан қытай әдебиеті тарихында бұрын болмаған жаңалықтарды өмірге әкелді.
Пайдаланған әдебиеттер:
Әшімханова С. Қытай әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы,-2009 ж
Әлем әдебиеті (әдеби-көркем және публицистикалық журнал) Астана, «Фолиант»
