- •5. Дәріс кешені тақырып 1. Түрік әдебиеті
- •Ахмед Мидхат (1844-1913), түрік жазушысы
- •Ибрагим Шинаси (1826-1871), түрік ақыны
- •Жәлаләддин Руми
- •Жүніс Емре
- •Ерзурумлы Емрах
- •Рухсаты
- •Теврик Фикрет
- •Мехмет Эмин Йурдакул
- •Женап Шеһабеттин
- •Мехмет Акиф Эрсой
- •Зия Гөкалып
- •Яхия Кемал Бейатлы
- •Ахмет Хашим
- •Орхан Сейфи Орхон
- •Фарук Нафыз Чамлыбел
- •Ашық Вейсел Шатыроғлы
- •Юсуп Зия Ортач
- •Ахмет Хамди Танпынар
- •Ахмет Кутси Тежер
- •Ариф Нихат Азия
- •Нәжіп Фазыл Қысакүрек
- •Һусейін Ниһал Атсыз
- •Назым Хикмет
- •Жахит Сыртқы Таранжы
- •Зия Осман Саба
- •Рифат Ылғаз
- •Октай Рифат
- •Орхан Уәли Канак
- •Фазыл Хұсню Дагларджа
- •Әзиз Несин
- •Мелих Жеудет Андай
- •Бехчет Неджатигиль
- •Жахид Күлеби
- •Фахри Эрдинч
- •Суат Ташер
- •Сабахатдин Құдрет Ақсал
- •Неджети Жұмалы
- •Өздемир Асаф
- •Неузат Үстүн
- •Аттила Илхан
- •Мұстафа Бюлент Эджевит
- •Бәкір Сытқы Ердоған (1926 жылы туған)
- •Ахмет Әріп
- •Осман Түркай
- •Жемал Сүрея
- •Абдуррахым Каракоч
- •Сезан Каракоч (1933 жылы туған)
- •Йавуз Булент Бакилер (1936 жылы туған)
- •Эрдем Бейазит
- •Жахит Зарифоглы
- •Фетһуллах Гүлен (1941 жылы туған)
- •Нуруллах Генч (1960 жылы туған)
- •Сарай шайырларының поэзиясы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі әдебиеті
- •Бәдәуи ақындарының лирикасы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі проза
- •«Калила мен Димна» аудармасының дүниежүзіне таралу
- •Ежелгі дәстүрге оралу дәуірі
- •Әдеби синтез дәуірі
- •Жат жердегі жаңа әдебиет
- •«Еліктеу» дәуірі
- •Құлдырау дәуірі әдебиеті
- •Иран әдебиеті
- •Қытай әдебиеті
- •Қытай әдебиеті (Чиң дәуірінің әдебиеті)
- •Қытай әдебиет тарихындағы ең алғашқы өлең-жырлар жинағы
- •Жапон әдебиеті
- •Үнді әдебиеті
- •Түркмен әдебиеті
- •Әзірбайжан әдебиеті
- •Өзбек әдебиеті
- •4. Шыңғыс Айтматов
- •Қарақалпақ әдебиеті
Қытай әдебиеті
Дәрістің мақсаты: Студенттерді ежелгі қытай әдебиеті мұраларымен таныстыра отырып, қытай жаңа әдебиеті дамуындағы дәстүр үлгілерін теориялық талдаулар арқылы меңгерту.
Дәрістің жоспары:
1. Ежелгі Қытай әдебиеті. Б.з.д. ІІ жылдықтан б.з. ІІІ ғасырына дейінгі үш кезеңі: Шань-иньдік тайпалық одақ (б.з.д. ХҮІІІ-ХІІ ғасырлар; қала-мемлекеттік Үжбулық дәуір (б.з.д. ХІІ-ҮІІІ ғасырлар); Импуниялық дәуір (б.з.д. ҮІІ ғасырдан б.з.д. ІІІ ғасыр).
2. Орта ғасырлардағы қытай әдебиеті. Классикалық дәстүрдің жалғасуы.
3. ХІҮ-ХҮІІІ ғғ. қытай әдебиеті. Тарихи тақырыптағы поэзиялық, прозалық шығармалар.
4. ХІХ ғасырдағы қытай әдебиеті.
15.Қытай жаңа әдебиеті дамуындағы дәстүр жалғастығы.
Қытай әдебиеті бай тарихымен ғана емес, өзіне тән мазмұн-мәнерімен, түр-әлпетімен, стиль-өрнегімен өзгешелене отырып, әлем әдебиетіне құйылып жатқан үлкен арна. Қытай әдебиетінің тарихы ғана өзгеше емес, оның эстетикалық мәні де, нәр алып отырған мәдени дәстүрі де, тіпті теориясы мен сыны да өзгеше.
Қытай әдебиетінде көркем прозаның орны ерекше. Әсіресе, қытайдың Юань, Миң, Чиң дәуірлері қытай прозаның өркендеген кезеңдері болып есептеледі. Мысалы, Юань дәуіріндегі Зажүйлер, Миң-Чиң дәуіріндегі аңыздық прозалар немесе «Үш патшалық шежіресі», «Су бойында», «Ляуджай аңыздары», «Ғұламалар шежіресі», «Қызыл сарайдағы түс» романдары қытай әдебиетінің баға жетпес асыл қазыналары.
Қытай әдебиеті ұзақ тарихы бар, жаппай дамып отырған әдебиет. Қытай қоғамындағы бірнеше мың жылдық тыныш қалыпты жағдай да әдебиетіне ықпал еткен. Сондықтан, қытай әдебиетінде төмендегідей ерекшеліктерді көрсетуге болады.
1) Қытай әдебиеті негізінен феодалдық қоғамдағы шағын шаруалар отбасында өмірге келді;
2) Қытай әдебиеті билік бір орталыққа шоғырланған елде, әдебиет пен мәдениеттің өзге де салаларына ылғи да шек қойылып келген топырақта өркен жаюға мәжбүр болды;
3) Қытай қоғамында хандықтардың жаңаруы жиі болғанымен, қытай әдебиеті үзіліссіз жалғасып, дамып отырды;
4) Қытай әдебиеті өзге халықтың немесе шетелдердің әдебиетімен қарым-қатынасқа аз түсті. Яғни, қытай әдебиеті өте томаға-тұйық хал кешкен әдебиет болып есептеледі;
5) Ішінара белгілі бір тарихи кезеңдерде болмаса, қытай әдебиеті дінге аса мән берген емес.
Міне, осындай бірнеше түрлі тарихи себептер қытай әдебиетінің орнықты дамуына айқырша себеп болды деуге болады.
Қытай әдебиеті (Чиң дәуірінің әдебиеті)
Чиң дәуірі әдебиетінің дамуы үш кезеңге бөлінеді. 1644 – 1735 жылдар аралығындағы Шүн – Джы, Каң – Щи, Юң – Джың сиақты үш патша билік жүргізген 100 жылға таяу мерзім бірінші кезең, 1736 – 1840 жылдар аралығындағы Чян – Луң патшасынан Дау – Гуаң патшасына дейінгі Апиын соғысын қамтитын уақыт екінші кезең, 1840 жылдан Чиң патшалығының соңғы кезіне дейінгі мерзім үшінші кезең болып есептеледі.
Бірінші кезеңде поэзия саласында Миң дәуірінен келе жатқан Гу – Янву, Чү – Дацзүн, Вей – Щи, Ву – Вейие, Чян – Чяни сияқты ақындар болды. Олардың шығармасында отанына, еліне деген сағыныштары мен өкініштері бейнеленген. Әйгілі ақын Ваң – Шыджын шындыққа үйлеспейтін, өмірге жанаспайтын мазмұндағы өлеңдері жазумен ерекшеленді. Бұл тұста терме өлеңдер саласында да аздап жаңалықтар болады. Чән – Вейсүң, Джу – Изүн сияқты ақындар бұрынғы дәуірлердегі әйгілі ақындарға еліктеп терме өлеңдер жазса, ман ұлтынан шыққан ақын Наранщинды өзінің табиғи стилімен біршама табыстарға қол жеткізеді.
Аталған кезеңде драматургиялық салада үлкен жетістіктер болды. Ли – Юйдың «Чиң патшалығының шынайы шежіресі» атты драмасы тарихи оқиғаларды сахна арқылы көрсеткен. Әйгілі драматург Хуң – Шыңның «Чаң – Шың сарайы» мен Куң – Шаңжынның «Шабдал гүлді желпуіш» атты шығармалары Чиң дәуіріндегі аңыз - әңгімелер шығармашылығындағы ең үлкен жетістік болып саналды. Бұл шығармаларда сол кездегі қытай қоғамындағы түрлі әлеуметтік мәселелер өзек етілген. Ал, Ли – Юй атты қаламгері әзіл – сықаққа толы «Қалпақты шалдың он түрлі әні» атты драмасымен халықты баурап алған. Сондай – ақ ол өзінің «Сахналық өнер» атты шығармасында драматургиялық теориясының негізін қалап, жүйесін қалыптастырды деуге болады.
Чиң дәуірінің бастапқы кезеңдегі роман шығармашылығында айтарлықтай жетістіктер болған жоқ. Бірақ, көне әдеби тілде жазылған әңгімелер ерекше тартымды, қызығырақ дәрежеде жетті. Мысалы, Пу – Суңлиң өзінің «Ляу – Джәй аңыздары» атты шығармасында ғажап аңыз - әңгімелер жасампаздығына жаңалық енгізіп, бұл жанрды одан әрі қарай дамытты. Оның бұл шығармасы қытайдың көне әдеби тілінде жазылған, әңгімелер шығармашылығының биік шыңына жеткен туындысы деп бағаланды.
Екінші кезеңде поэзия саласында аздаған жаңалықтар болды. Бұл тұста Шын – Дычән, Юан – Мей, Хуаң – Цзиңжын өз стилімен, өз теориясымен өлең жазған ақындар жарыққа шықты. Сәнвын жанры бойынша Фаң – Бау сияқты әдебиетшілердің жетекшілігіндегі «Туң – Чән ағымы» Чиң дәуірінің соңғы тұсына дейін әдебиет саласына ерекше ықпал жасады. Ал, осы тұста драма шығармашылығында еш жетістіктер болған жоқ. Тек әр аймақтардың жергілікті сахналық шығармалары болды. Атап айтқанда, дәл осы кезде «Бей – Цзиң операсы» жазылды. Көркем проза шығармашылығы саласында Ву – Цзиңзының «Ғұламалар шежіресі» мен Цау – Щүечиннің «Қызық сарайдағы түс» атты көп тараулы романдары жарыққа шықты. Бұл еңбектердің жарық көруі қытай классикалық роман жзасампаздығының жаңа белеске көтерілгендігінің белгісі еді.
1840 жылдан 1919 жылғы 4 – мамыр жастар қозғалысына дейінгі аралықтағы әдебиет қытайдың таяу заман әдебиетінің үшінші кезеңі осы дәуірдің еншісінде.
Пу – Суңлиң
Пу – Суңлиң (1640 – 1715 ж.ж.), жанама аты Лю – Щән , лақабы Лю – Чуан Цжү – Шы. Ұлты монғол. Зы – Чуан жерінде(қазіргі Шән – Дуң өлкесінің Зы – Буо жері) туып, өскен. Оқымысты әулиетінде тәрбие алған. Бала кезінен зейінді де алғыр болып, оқып білім алып жүрген кезінде оқытушыларының үнемі мақтауына ие болып тұратын. Бірақ орда емтиханынан бағы жанбай, көздеген атақ – мәнсабына жете алмайды. 71 жасында ғана үкімет жағынан берілген атаққа ие болады. Ол ұзақ уақыт бойы өз ауылында жүріп, оқытушылық жұмыспен айналысты. Осы кезде көптеген өлең, терме өлеңдер мен прозалық шығармаларды жазды. Әсіресе оның «Лияу – Джай әңгімелері» атты еңбегі, Цинь дәуіріндегі көне әдеби тілмен жазылған ең әйгілі әңгімелер жинағы болып танылды. Бұл әңгімелер жинағы автордың 20 жасынан бастап, өмірінің соңына дейінгі уақыт аралығында жазып бітірген шығармасы еді. Ол халық арасында кеңінен таралып жүрген аңыздарды жинақтап, оларға толықтырулар мен өзгертулер енгізіп, 500 – ге жуық әңгімені қамтитын осы елеулі еңбекті жарыққа шығарды. Бұл әңгімелерде адамдар мен жан – албастылар арасындағы шиеленісті байланыстар суреттеліп, сол арқылы адамзат дүниесіндегі шынайы өмір, өз кезіндегі қоғамдағы әділетсәздік пен қоғамның жиіркенішті, жексұрын тұстары аяусыз әшкереленген. Сондай – ақ бұрыннан келе жатқан орда емтихан жүйесін сын тезіне алған. Кітаптағы көптеген әңгімелер махаббат, отбасы туралы тақырыптарында да жазылған. Бұл әңгімелерде баяндалған оқиғалар қызықты, тілі жеңіл әрі образды болғандықтан, халықтың сүйіп оқитын шығармасына айналған. Кейін Лу – Дахуаң мырза Пу – Суңлиңның қалған барлық шығармаларын, шамамен 400 – ден астам прозалық шығармасы, 1000 – нан астам өлеңі мен 100 – ге жуық терме өлеңдерін жинақтап, реттеп, «Пу – Суңлиң жинағына» енгізді.
Куң – Шаңжын
Куң – Шыңжын (1648 – 1718 ж.ж.), жанама аты Пин – Джы, лақабы Ән – Таң, өзін - өзі Юн – Тиң Шән - Жын деп те атаған. Шаң – Дуң өлкесінің Чү – Фу жерінде туған. Куң – Зының 64 – ші әулет ұрпағы саналады. Жасынан жүйелі тәлім - тәрбие алып, Куң – Зы тағылымын толығымен меңгерген. Әкесінің ықпалында ұлтшыл әрі отаншыл болып жетіледі. Ол сол тұстағы қытайдан басқа ұлттың билігінде тұрған Чиң патшалығына қарсы еді. Алайда оның өміріндегі ең үлкен бұрылыс Каң – Щи патшасының 1684 жылы ел аралап жүріп, ғұлама Куң – Зының мекені Чү – Фу жеріне келген кезінде болды. Ғұлама Куң – Зыны еске алу рәсімінде, Куң – Щаңның ел алдында бабаларының тағылымы туралы айтқан сөздері патшаның мақтауына ие болып, тіпті патша ордасындағы маңызды жұмысқа тағайындалады. Содан кейінгі кездерде ол патшалықтың оңтүстік аймақтарында да жұмыс атқарады. Осы уақытта көптеген жазушылармен танысады. Олардың кейбіреулері Оңтүстік Миң патшалығын көзі көрген адамдар еді. Міне, солар арқылы Куң – Шаңжын жойылған қытай патшалығының тарихынан біршама мол мәліметтерге ие болады. Осы негізде оның «Шабдал гүлді желпуіш » атты әйгілі драмасы жазылады. Ал оның кейін орда мәнсабынан айырылып, кедей халге түсіп қалуы да осы шығармасының салдарынан болды. Куң – Щаңжын өмірінде көптеген шығармалар жазды. Оның бір тараулы «Тас есікті тау», он үш тараулы «Көл және өзен», бір тараулы «Ән - Таң», он екі тараулы «Чаң - Лю» атты өлең жинақтары бар. Бұдан тыс «Щияң - Цзинбо», жиырма төрт тараулы «Куң-Зы әулеті шежіресі», «Лай – Джоу ордасының шежіресі» шығармалары жарық көрген. Сахналық шығармасы «Шабдал гүлді желпуішінен » тыс тағы Гу – Цаймен бірлесіп жазған «Щияу – Ху - Лый» атты драмасы бар.
44 пердеден тұратын «Шабдал гүлді желпуіш» драмасы Миң патшалығының соңғы кезіндегі саяси қайраткер Хоу – Фаңюй мен әнші қыз Ли - Щияңцзүннің махаббат әңгімесін негізгі желі етіп, Миң және Чиң патшалықтардың тоғысып жатқан тұсындағы тарихи жағдайды мазмұн еткен шығарма еді. Бұл тұңғыш махаббат пен саясат тақырыбын бірлестіріп жазған ерекше драмалық шығарма болды. Әсіресе, екі жастың махаббатының соңында өзгеше бір сарынмен, атап айтқанда бас қосып щаңырақ көтеру сынды дәстүрлі жолмен емес, қайта екеуі де будда және дау діндеріне еніп, сопы болып кетуімен аяқталған. Мұның өзі Миң патшалығының күйреу алдындағы отаншыл адамдардың ұлттық дүниесін сақтап қалу үшін, самарқаулық жасап, Чиң патшалығына, яғни өзге ұлт билеушілеріне қарсылық көрсету жолына түскендігін білдіреді.
Қытай әдебиеті (Суң патшалығы тұсындағы)
Заманымыздың 960жылында Джау-Куацин суң патшалығын құрып, Бян-Цзиң (Казіргі Хы-Нан өлкесінің Қай-Фың қаласы)жерін өздерінің астанасы етті.Тарихта бұл патшалықты Солтүстік суң патшалығы деп атады.1126 жылы Цзин патшалығының жаппай шабуыл жасауына байланысты. Суң патшалығы оңтүстікке қарай көшіп ,астанасы да Лин-Ән жері болып өзгертілді.Тарихта осы кезеңнен кейінгі суң патшалығын оңтүстік суң патшалығы деп атады.Содан бастап,Чаң-Цзяң өзенінің солтүстігінде Цзин патшалығы,ал оңтүстігінде суң патшалығы өмір сүрді.1279 жылы Юан патшылығы оңтүстік суң патшалығын жойып, өз билігін орнатады.Солтүстік және оңтүстік суң патшалығында жиыны 18 патша 320 жыл билік жүргізді
Суң патшалығы тұсында әскери істерден гөрі мәдениет жумыстарына аса назар аудару мемлекеттің негізгі саясаты болды. Мәдениет істері саласындағы адамдарға саяси-экономикалықжағынан көп көмек берілді ЖУ,ШЫ,ДАУ дағдылымдарына мән беріліп ,оқу орындарын құру сияқты жұмыстар қолға алынды.Сауда-экономикасының дамуна байланысты көптеген жаңа қалалар пайда болды.Алайда,қоғамдық қайшылықтар да шиеленісе түсті. Мысалы, саяси топтар мен түрлі ұлттардың арасында қайшылықтар күн сайын ұшыға түсті.
Солтүстік суң патшалығының әдебиет тарихи 3 кезеңді бастан кешірді. 60 жылдан астам уақытты қамтып отырған бастапқы кезеңде поэзия сәнвын немесе терме өлеңдері жанрлары бұрынғы дәуірдің стилімен әрі қарай дами берді .Поэзия саласында осы тұста Яң-И-Лю-Цзүн, Чян-Вәйян сияқты ақындар басшылық еткен Щи-Күн ағымындағы поэзиялық ықпалы зор болды.Терме өлеңдер жанры бойынша Ян-Шу,Джау-Щян,Лю-Юңқатарлы ақындардың жазған шығармалары болды.Ал әйгілі саясаткер Фан-Джуң Ян өзінің сәнвын және терме өлеңдер шығармашылығымен елге танылды.80 жылдан астам уақытты қамтитын солтүстік суң патшалығының 2-ші кезеңінде поэзия,сәнвын және терме өлеңдер саласында үлкен дамушылық болып,Суң дәуірі әдебиетіндегі түрлі жанрлардың ерекше стилі қалыптасты.Бұл кезеңде Оуян-щие жетекшілігіндегі әдебиет жанрларында реформа жасау қозғалысы басталып ,оған МЕЙ ЯУЧӘН ,ВАҢ -ӘМИП ,ЗЫҢ-ГУҢ ,ЩҮН,СУ-ДЖИ жазушылары белсене қатысты..Олар әдеби шығармашылықта әдемі сөздер мен ұйқастарға мән беріп қана қоймай ,шынайы тұрмыс ,қоғам саясаты сияқты кең мазмұнды қамтитын шығ-ды жазуды дәріптеді.Солтүстік Суң патшалығының соңғы 30 жылында поэзия саласында Цяң-ши ағымындағы Хуаң –Тиңузиян,Чяң –Шыдау ,Чәй-Ней сияқты жазушылардың ,ал,терме өлеңдері жанры бойынша Чин- Гуан, Хы-Джу ,Ян-Цзидау,Джау-Баң Ян сияқты жазушылардың еңбектері ықпалы зор болды.Оңтүстік суң патшалығының алғашқы тұсында Лу –Ю,Ю-Мау ,Яң-Вәнни ,Фән-Чәнде сияқты отаншыл ақындар елге танымал болды.Терме өлеңдер саласында ЛИ- ЧИҢДЖАУ ,ЦИП -ЧИЦЗИ , ДЖАҢ- ЩЯУЩЯҢ ,ДЖАҢ -ЮАННАН ,ЧЯН -ЛЯҢ ,ЛЮ –ГУА тб
Отаршылдықты дәріптеп жазған ақын- жазушылар болды .Оңтүстік суң патшалығының соңғы 80-жылдан астам уақыт мезгілінде терме өлеңдер ді ГЫ-ЛҮЙ жыры үлгісінде жазған ЦЯҢ-КУЕЙ,ШЫ ДАЗУ,ВУ-ВӘНИҢ сияқты жазушылар пайда болды .Ал поэзия саласында ВЫҢ-ТЯҢЩЯҢ,ВАҢ-ЮАНЛЯҢ отаншыл ақындар болды.
Суң патшалығынан Юан патшалығына ауысқан өтпелі кезеңде кейбір жаңа әдебиет жанрлары пайда бола бастады.Өзгеше үлгімен жазылған хикаялар қаладағы қарапайым халықтың ортақ жасампаздығы болып ,онда негізінен қаладағы халықтың өмірі бейнеленген.Бұдан тыс хикаялар сан тұста халық арасында кеңінен қалды жүрген жай тілмен жазылған.Құрылым жағынан хикаялардағы бір ерекшелігі нақты мәтін бастаудан бұрын кіріспе жазылатын болған.Осы тұста пайда болған хикая жанрларға реализм мен романтизм бейнелері кейінгі дәуіріндегі проза жанрының дамуына үлкен ықпал жасады.
ФАН-ДЖУҢ ЯН (989-1052Ж) жанама атты Щи-Вән Ву жеріндегі кедей отбасында дүниеге келген.Жастай жетім қалса да ,өздігінен тырысып оқып,білім алған.26жасында орда емтиханынан өтіп ,маңызды әскери және әкімшілік міндеттерді атқарды.Ол тарихтағы ЧИН –ЛИ тұсында жаңа саяси реформа деп атады.Саяси реформаны дәріптеген адам ФАН-ДЖУҢ ЯН суң дәуірінің белгілі саясаткері әскери маманы және әдебиетші болып табылды.Ол өзінің жазған өлеңдері ,терме өлеңдері мен прозаның шығармашылығында қоғамдық шынайы бейнесін суреттеген.Бізге жеткен оның 200-ден астам өлеңі,100-ден астам сәнвыны мен 5 терме өлеңі ФАН-ВӘНДЖЫҢ мырзаның жинағы атты кітапқа топтпстырылған Оның күзгі сағыныш атты терме өлеңі мен ЮЕ-ЯҢ ғимараты атты прозалық шығармасы елге әйгілі болды.
