- •5. Дәріс кешені тақырып 1. Түрік әдебиеті
- •Ахмед Мидхат (1844-1913), түрік жазушысы
- •Ибрагим Шинаси (1826-1871), түрік ақыны
- •Жәлаләддин Руми
- •Жүніс Емре
- •Ерзурумлы Емрах
- •Рухсаты
- •Теврик Фикрет
- •Мехмет Эмин Йурдакул
- •Женап Шеһабеттин
- •Мехмет Акиф Эрсой
- •Зия Гөкалып
- •Яхия Кемал Бейатлы
- •Ахмет Хашим
- •Орхан Сейфи Орхон
- •Фарук Нафыз Чамлыбел
- •Ашық Вейсел Шатыроғлы
- •Юсуп Зия Ортач
- •Ахмет Хамди Танпынар
- •Ахмет Кутси Тежер
- •Ариф Нихат Азия
- •Нәжіп Фазыл Қысакүрек
- •Һусейін Ниһал Атсыз
- •Назым Хикмет
- •Жахит Сыртқы Таранжы
- •Зия Осман Саба
- •Рифат Ылғаз
- •Октай Рифат
- •Орхан Уәли Канак
- •Фазыл Хұсню Дагларджа
- •Әзиз Несин
- •Мелих Жеудет Андай
- •Бехчет Неджатигиль
- •Жахид Күлеби
- •Фахри Эрдинч
- •Суат Ташер
- •Сабахатдин Құдрет Ақсал
- •Неджети Жұмалы
- •Өздемир Асаф
- •Неузат Үстүн
- •Аттила Илхан
- •Мұстафа Бюлент Эджевит
- •Бәкір Сытқы Ердоған (1926 жылы туған)
- •Ахмет Әріп
- •Осман Түркай
- •Жемал Сүрея
- •Абдуррахым Каракоч
- •Сезан Каракоч (1933 жылы туған)
- •Йавуз Булент Бакилер (1936 жылы туған)
- •Эрдем Бейазит
- •Жахит Зарифоглы
- •Фетһуллах Гүлен (1941 жылы туған)
- •Нуруллах Генч (1960 жылы туған)
- •Сарай шайырларының поэзиясы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі әдебиеті
- •Бәдәуи ақындарының лирикасы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі проза
- •«Калила мен Димна» аудармасының дүниежүзіне таралу
- •Ежелгі дәстүрге оралу дәуірі
- •Әдеби синтез дәуірі
- •Жат жердегі жаңа әдебиет
- •«Еліктеу» дәуірі
- •Құлдырау дәуірі әдебиеті
- •Иран әдебиеті
- •Қытай әдебиеті
- •Қытай әдебиеті (Чиң дәуірінің әдебиеті)
- •Қытай әдебиет тарихындағы ең алғашқы өлең-жырлар жинағы
- •Жапон әдебиеті
- •Үнді әдебиеті
- •Түркмен әдебиеті
- •Әзірбайжан әдебиеті
- •Өзбек әдебиеті
- •4. Шыңғыс Айтматов
- •Қарақалпақ әдебиеті
Ахмед Мидхат (1844-1913), түрік жазушысы
Түрік прозасының дамуы 1870 жылдардан бастап көбінесе Ахмед Мидхаттың (1844-1913) атымен байланысты. Ахмед Мидхат қолөнершілер ортасынан шыққан, өздігінен білім алған адам, 1870-1880 жылдарындағы Түркияның мәдени-ағартушылық қозғалысының белсенді қатысушыларының бірі, бір қатар баспалардың негізін қалаушы, аудармашы, фольклор жинаушы. Жазушының ойынша, оның негізгі міндеті – білім мен ағартуды кеңінен дамыту, білімді көпшілікке тарату. Дәл осы міндетке ол өзінің жан-жақты публицистикалық және баспа қызметі мен көркем шығармашылығын арнады. Көркем әдебиет арқылы отандастарын білімге тартуды, олардың ой өрісін кеңейтуді А.Мидхат өзінің міндеті деп санады. Көңіл жадырататын оқу түрінде ол жағрапия, космогония, медицина, өз елінің тарихы бойынша қарапайым мәліметтерді көпшілікке таратады, қоғамдық тұрмыстың жаңа этикалық нормаларын насихаттады. Сол кездегі тарихи жағдайда бұл жағымды факт болды, өйткені осындай білімді таратудың өзі орта ғасырлық мұсылмандық көзқарастар мен түріктердің өмірінің консервативті әдеттерін шайқалтты. Оқырманға жақындау үшін, материалды ұсынудың ерекше әдістері де қажет болды. Автор фольклордың көмегіне жүгінде, ол халық әңгімелеушілердің асықпай баяндау мәнеріне салып, фольклорлық сюжеттерді кеңінен қолданды.
А.Мидхат «Сервет-и фюнун» («Байлық») журналының айналасына жиналған әдебиетшілер үйірмесінің көшбасшысы болды. Қоғамшың әлеуметтік және моральдық кемшіліктерін ашатын әдеби шығармалар фанатизм мен сауатсыздыққы қарсы шыққан, батыс буржуазиясының мәдениетін насихаттаған.
А.Мидхаттың реформистік, қарапайым ағартушылық саяси көзқарастары ұстамдылықпен, ал Абдул-Азиз сұлтанын тақтан түсіргеннен кейін ашық консервативтілікпен ерекшеленеді, ол ғылыми прогрес пен қоғамның өнегелілік сауығуына сенген жоқ. Оның көзқарастарының сипаты оның бүкіл әдеби шығармашылығында орын тапты.
Еңбекқорлығы керемет адам, А.Мидхат өзінен кейін бай әдеби мұра қалдырған: әңгімелер, ондаған романдар, ғылыми трактаттар, пьесалар, француз романисттерінің аудармалары (дәлірек айтқанда, бейімделулер). Ол өзінің шығармашылығын оқырмандардың кең ауқымына арнаған және танымдық әрі дидактикалық мақсаттармен қатар (А.Мидхаттың прозасы тенденция жағынан ақыл беретін болып келеді, әр түрлі ғылыми білім салаларынан түрлі мәліметтерге толы) сюжеттің қызық болуына мән берді.
А.Мидхат прозасында ұлттық әдебиет дәстүрі (ең бастысы, меддахтардың баяндау өнері) мен әр түрлі шығармашылық бағыттағы француз романисттерінің тәжірибесі шиеленіскен. 25 кітаптап тұратын, «Қызықты оқиғалар» сериясына топтастырылған Мидхаттың әңгімелері мен повестерінде және тақырып жағынан соларға жалғас болатын тұрмыстық ақыл беретін романдарда әлі де көзі жойылмаған құлдық («Құлдық» («Рабство»), әйелдер құқықсыздығы, отбасылық озбырлық («Үйлену» («Женитьба»), «Жастық шақ» («Молодость»), 1879 жылы жазылған «Жер бетіндегі періште» («Земной ангел») және 1880 жылы жазылған «Он жеті жасында бар болғаны 607» («Всего 607 в семнадцать лет») романдары) кінәланады. Оның қоғамдық және этикалық идеалын жаңа типтегі кейіпкер бейнелейді. Ол – кедей түрлі шинді отбасынан шыққан, қуатты, еңбекқор, білімге құштар және міндетті түрде сәттілікке қол жеткізетін, бірақ осының бәрін ұсақ буржуазиялық ақшалай молшылық пен отбасылық қуаныштарының культіне тірейтін адам. Көрнекілікті болу үшін, оған қарама-қарсы антипод кейіпкер қойылады – әдетте, ол сауатсыз, жалқау, әкесінің дәулетін шашатын және ең соңында өмірлік сәтсіздікке ұшырайтын байдаң баласы («Ақша», «Бақыт» әңгімелері, 1870 жылы жазылған «Филятун-бей мен Ракым-эфенди», 1880 жылы жазылған «Карнавал» романдары т.б.).
А.Мидхат ауызша әңгімелердің барлық формаларын жетік меңгерген. Меддахтарда секілді, А.Мидхадта да шегіністер көп болды: кей кезде ақыл айту, кей кезде негізгі баяндауға қатысы жоқ қызықты оқиға. Өз әңгімелерінде А.Мидхат оқырманмен еркін әңгімелеседі, оған кішіпейілділікпен бет бұрады. А.Мидхаттың міндеті «оқиғаның басы мен аяғын, себебін анықтау» ғана емес, сонымен қатар бейнелеп отырған өмірдің «несі жақсы, несі жаман» сұрағына жауап беру, «әр нәрсенің уақытына қарай маңызын» анықтау болып табылады. А.Мидхаттың шығармаларында біз жекелеген бейнеден мақтаншақтық, мылжыңдық, ысырапшылдық, азғындық сияқты жалпы адами кемшіліктерді табамыз. Осындай типтегі әңгімелердің стихиялық реализмі халықтық тұрмыстың айқын көрінісін берген. Бұл Түркияда еуропалық типтегі әдебиеттің жасалу кезеңінде өмір шындығын көрсетумен бірдей болды. Сондықтан өз әңгімелерінде, оқырманға баяндаудың шындығын дәлелдеу үшін, Мидхат көптеген сілтемелер келтіреді.
«Шкафтың ішінен көрген көрініс» («Зрелище из шкафа») әңгімесінің кіріспесі де осылайша жазылған. Бұл шығарма меддахтардың әңгімелерімен шиеленіседі. Автор бұл оқиғаны Бехрам ағадан естігені туралы айтады. Сюжеті көңіл көтерерлік, бірақ А.Мидхадта ол бір қатар негізгі оқиғаға қатысы жоқ этнографиялық және тұрмыстық суреттеулермен қиындатылған. Ол аз болса, тап солардың өзі, автор үшін өте маңызды болып табылады. «Шкафтың ішінен көрген көрініс» әңгімесінің сюжеттік түйініне оқырман «халуа кештері» туралы әңгімелер арқылы, стамбул қыдырымпаздарды сипаттау арқылы, трактирлерді суреттеу арқылы біртіндеп жақындайды.
Үш жолдас, олардың біреуі «шын болған оқиға» әңгімелеуші, «халуа кешіне» шақырылды. Жазушыға оқырманды осындай кештермен таныстырып, тіпті осындай бір кеште болған трагедиялық бәстесу туралы айтып беру үшін мұның өзі жеткілікті. Ақырында, дер кезінде байқап, автор: «Дегенмен, мұндай ұсақ-түйектің барлығы неге қажет? Бізге янычар кезіндегі кейбір салт-дәтүрді ғана түсіндіру керек еді гой... Әңгімемізді жалғастырайық. Не туралы айтып едік?.. Кемежайда үш жолдас кездесіпті, сол кездегі түннің бір уағына дейін ұйықтамыйтын қыдырымпаздар. Ал сол кезде қандай қыдырымпаздар болғанын білесіз бе?» – дейді. Осындай түсіндіру ден кейін жазушы үзілген әңгімесіне қайта оралады. Әңгімесін аяқтай отырып, А.Мидхат тағы да оқырманды айтқандарының шындық екенін сендіруге тырысады. А.Мидхат: «Бізге осы оқиғаны айтып берген адам, Бехрам-аға мен Ахмед-пашаның кейін тығыз дотықта өмір сүргенін айтты. Бехрам-аға Ахмед-паша қайтыс болғаннан кейін де өзінің антын бұзған жоқ. Тек көп жылдар өткен соң үлкен құпиямен болған жағдайды менімен дос болған адамға айтып берді. Мен бұл оқиғаны осылайша білдім», – деп тұжырымдайды.
Осындай сияқты әңгімелермен қатар, А.Мидхат өз уақытының өзекті мәселелерін қозғайтын әңгімелер де жазған. Түрік прозасында ол алғаш рет әйелдер жағдайы мен тұрмыстың орта ғасырлық нормаларын өзгерту сияқты маңызды мәселелерді көтереді, ретроградтар мен озбыр басшыларды әшкерелейді, мәдениетті жігерлі отандасын жақтайды.
А.Мидхаттың осындай әңгімелері ақыл айту мәнерінде жазылған. Осылайша, «Құлдық» («Рабство») новелласы Зейналь-бей деген байдың адамгершілікті әрекеті туралы әңгімеден басталады. Ол өзінің тәрбиелеген күңіне деген сезіміне қарамастан, оның өзі сүйетін құл-жігітке тұрмысқа шығуына келіседі. Алғашқы неке түнінде, балалық шағын еске түсіріп, жастар аяқ астынан өздерінің ағалы-қарындас, туған бауыр екендерін біліп, ашынғаннан өздеріне қол жұмасайды, осылайша новелла трагедияға айналады. Әңгіме автордың ашулы, ызалы сөздерімен аяқталады: «Қозыларды ата-анасынан айырып, сататындар мен сатып алатындарды қарғыс атсын! Мыңдаған қорқынышты жағдайлар осыдан туындамай ма?!».
Сол кездегі драматургиядағы кеңінен жазылып жүрген, күштеп үйлендіру тақырыбын А.Мидхат сәл басқаша, мұсылман әйел көзқарасымен көрсетіп ашады. Ол ата-аналарының еркімен айырылған екі ғашықтың өлімі туралы оқиғаны еріксіз куә болған егде Сабира-ханымның сөзіне салады. Ол ешкімге тәуелді емес, өз еңбегімен өмір сүреді және дәстүрлі түрде неке құруға қарсы. Бұл автордың батыл қадамы болды – мұсылман түрік әйелінің дін қолдап отырған заңдарға қарсы шыққанын көрсету.
Өзіне ғана тән новеллалармен жұмыс жасау барысында А.Мидхат елінің өмірін көрсетуге ұмтылды. Бірақ шағын әңгіменің шеңбері оған көп ұзамай тар болып көріне бастады да, А.Мидхат роман жазуға көшті. Ол ақыл беретін саяхат дәстүрін жалғастыратын «Париждегі түрік» (1876), «Еуропаны саяхаттау» («Путешествие по Европе») (1889), «Әлем ғажаптары» (1888) т.б. романдар жазады. Оның кейбір романдары еуропалық әдебиеттің тікелей әсерімен жазылған: мәселен, «Хасан Меллах» (1874) романының сюжетіне А.Дюманың «Монте-Кристо графы», «Биші» (1877) романының сюжетіне Сервантестің «Дон Кихоты», ал «Әлем ғажаптары» романының сюжетіне Ж.Верннің ғылыми фантастикасы негіз болды.
Романға А.Мидхат шағын прозаикалық жанрлар мен қарқынды аударма қызметі арқылы келді.
1875 жылы, А.Мидхаттың алғашқы әңгімелер жинағы жарық көргенінен кейін бес жыл өткен соң, оның «Хасан Меллах» романы жарияланды. «Хасан Меллах» романының сюжеті, А.Мидхадтың романдарының көпшілігі сияқты ертегі-фольклорлық негізде құрылған. Ішінде баяндалған оқиғалары әлемнің әрбір жерінде болып жатқан, бұл шығарма Хасан Меллахтың қызықты оқиғаларының тізбегі болып табылады. Романның кейіпкері – теңіз қарақшысы, ізгілікті, рақымды және адал мінезді адам, ал қыз кейіпкері (героиня) – өзінің кішіпейілділігімен таң қалдыратын ертегідегі секілді ару. Кейбір өзінің новеллаларындағыдай, А.Мидхат романда жазылған оқиғаларының шындық екенін ерекше атап өтеді. Жазушы тарихи тақырыпқа бет бұрады: «Янычар» (1871) романы ХҮІІІ ғасырда болған оқиғаларға арналады, «Сулейман Мусли» (1871) және «Өмірге қайта оралу, немесе Стамбулда болған жағдай» («Возвращение к жизни, или То, что случилось в Стамбуле») (1875) романдары крест жорықтары кезеңіне аранлады.
А.Мидхат жаңа түрік әдебиетінің негізін қалауына елеулі үлес қосқан, бірақ Н.Кемальға қарағанда, ол «ұлттық тақырып пен жазу техникасын меңгеру жолында» тек алғашқы қадамдар жасады.
А.Мидхадты орыс әдебиеті де қызықтырған: оның ықпалымен Түркияда Пушкин прозасының («Метель», «Пиковая дама»), Л.Н.Толстой әңгімелерінің, Лермонтовтың «Демон» атты шығармасының үзіндісінен алғашқы аудармалары жасалды.
А.Мидхат түрік зиялылардың Батыс әдебиетімен танысуы үшін көп еңбек еткен және француз әдебиеті мен түрік әдебиетінің арасында «көпір» секілді болды. Жазушы ретінде А.Мидхат әдебиетті «әлем уағызшысы» миссиясын орындаушы деп білді.
