Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шыгыс дарис.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.25 Кб
Скачать

Ахмет Әріп

(1927 – 1991)

1927 жылы Диярбакырде дүниеге келген. Анкара университетінің тіл, тарих және жағрапия факультетінің философия бөлімін бітірген. Түрік әдебиеті мен поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі.

1968 жылы жарық көрген «Сағынышта тозған бұғаулар» атты жыр жинағы Түркиядағы ең көп қайта басылған кітаптардың біріне айналды. Шығармалары: «Сенің махаббатың», «Қараңғылық мезгілінен бұрын түседі түрмеге». Аударған Жұмекен Нәжімеденов.

Осман Түркай

(1927 – 2001)

1927 жылы Кипрде дүниеге келіп, 2001 жылы өмірден өткен. 1951-1955 жылдары Лондонда журналистика және философия мамандығы бойынша білім алған.

Шығармалары бірнеше рет Нобель сыйлығына ұсынылған атақты ақын, аудармашы. Өлеңдері ағылшын, испан, чех, грек, орыс секілді көптеген шет тілдерге аударылған.

«Айкезбе» (1969), «Қиямет күннің бақылаушылары» (1975), «Жетішек» секілді әйгілі жыр жинақтарының авторы. Шығармалары: «Ақын баланың таңғы дұғасы», «Ертегінің ізімен». Аударған Ұлықбек Есдәулет.

Жемал Сүрея

(1931 – 1990)

1931 жылы Ерзинжанда дүниеге келіп, 1990 жылы Стамбұлда қайтыс болған. Шын аты Жемалиддин Север. Анкара университеті саясаттану факультетінің қаржы және экономика бөлімін бітірген. Көп жылдар бойы мамандығы бойынша жұмыс жасап, 1982 жылы зейнеткерлікке шыққан.

Өлеңдері 1953 жылдан бастап мерзімді басылымдар бетінде үзбей жарияланып келген. Сондай-ақ Жемал Сүреяның қаржы саласында жүріп те журнал шығарумен айналысқаны белгілі. Қазір бұл ақынның атында арнайы әдеби жүлде бар. Шығармалары: «Шарап», «Шет тілі», «Жақындық», «Өлім». Аударғандар Мақсұтқан Жақып, Әмірхан Балқыбек.

Абдуррахым Каракоч

(1932 – 2012)

1932 жылы Қаһраманмарашта ақындар отбасында дүниеге келіп, 2012 жылы өмірден өтті. Жас кезінен-ақ өлеңге, әдебиетке деген ерекше дарынымен танылған айтулы түрік ақындарының бірі. Зейнеткерлікке шыққан соң Анкараға қоныстанып, журналистикамен айналысты. Алғашқы жыр жинағы 1961 жылы жарық көрді. «Бесінші маусым», «Қанмен жазылған жыр», «Көкке тартылу» секілді жыр кітаптарының авторы. Шығармалары: «Махаббат жарасы», «Сен барсың», «Саған келемін, саған». Аударған Әмірхан Балқыбек.

Сезан Каракоч (1933 жылы туған)

1933 жылы Ергани елді-мекенінде дүниеге келген. Саясаттану мамандығы бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолы Қаржы министрлігінде инспектордың көмекшісі болып бастап, бірқатар лауазымды қызметтерде болды. Кейін мемлекеттік қызметтен қол үзіп, журналистикамен шұғылданды.

Қазір Стамбұлда тұратын ақын түрік поэзиясына жаңаша үлгі, соны әуендік иірімдер әкелген реформатор ретінде жоғары бағаланады.

«Шығанақ» (1959), «Күретамыр» (1962), «Қызырмен болған қырық сағат» (1967), «Дыбыстар» (1968), «Заманға арналған үндеу» (1970), «Ләйлі мен Мәжнүн» секілді әйгілі жыр жинақтарының авторы. Шығармалары: «Гүлраушан», «Сағыныштың көз жасы», «Қар жыры». Аударған Әмірхан Балқыбек.

Йавуз Булент Бакилер (1936 жылы туған)

1936 жылы Сиваста дүниеге келген. Анкара университеті заң факультетінің түлегі. Біраз жылдар радиода, Мәдениет министрлігінде қызметтер атқарған.

Өлеңдерінде Анадолы мен оның тұрғындары, олардың шешілмей жатқан өзекті мәселелерін жырлайды. Жырларына биік ұлттық рух тән болып келеді.

«Жалғыздық» (1962), «Сәукеле» (1971), «Сенімен бірге» (1986) секілді жыр жинақтарының авторы. Шығармалары: «Міне, осылай», «Ақ жауын аруы», «Түркиям, атамекенім», «Анадолы», «Сен, сен, сен». Аударған Әмірхан Балқыбек.