Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шыгыс дарис.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.25 Кб
Скачать

Неузат Үстүн

(1924 – 1979)

1924 жылы Стамбұл қаласында дүниеге келіп, 1979 жылы көлік апатынан қаза тапты. Жергілікті лицейді бітіргесін Парижде екі жыл өз бетінше білімін жетілдірді.

Француздың Пол Верлен, Поль Валери секілді ақындарының поэзиясымен сусындап, өлеңдерін реалистік бағытта жазған атақты түрік ақыны. Шығармалары орыс, болгар, чех секілді көптеген шет тілдеріне аударылған.

«Замана жырлары» (1951), «Ергежейлілер базары» (1964), «Көптен күткен таң» (1978) секілді жыр жинақтарының авторы. Шығармалары: «Сұрақ», «Ас үйде жазылған жыр», «Хайуанаттар паркі», «Қанды жұма». Аударған Жұмекен Нәжімеденов.

Аттила Илхан

(1925 – 2005)

1925 жылы Менеменде дүниеге келіп, Стамбұлда дүниеден өткен. Ақын, жазушы, сыншы, журналист.

Зияткелік еңбектері арқылы түрік әдебиеті әлеміне маңызды үлес қосқан зиялылардың бірі. Алғашқы жыр жинағы 1948 жылы жарық көрген. «Тұмандар көшесі» (1954), «Мен саған іңкәрмін» (1966), «Қорқыныш патшалығы» (1987) секілді көптеген жыр кітаптарының авторы. Шығармалары: «Зейнеп, күтші мені», «Кез келді», «Мәңгіліктің ішінде», «Өзімдей боп кетіп ең...», «Мен саған ғашықпын...». Аударғандар Әміржан Рысбаев, Болат Үсенбаев, Әмірхан Балқыбек.

Мұстафа Бюлент Эджевит

(1925 – 2006)

1925 жылы Стамбұлда дүниеге келіп, 2006 жылы Анкарада өмірден өтті. Түркияның екі рет премьер-министрі болып сайланған Мұстафа Бюлент Эджевит өз елінің социал-демократиялық бағыттағы белді саясаткерлерінің бірі ғана емес, ақын, жазушы, аудармашы ретінде де кеңінен танымал.

Оның аудармасы арқылы түрік оқырмандары Томас Элиот және Рабиндранат Тагор секілді әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Шығармасы: «Екі адаммын». Аударған Оразақын Асқар.

Бәкір Сытқы Ердоған (1926 жылы туған)

1926 жылы Қараманда дүниеге келген. 1948 жылы әскери мектепті бітіріп, одан кейін Анкара университетінің тіл, тарих және жағрапия факультетінде білім алуын жалғастырды.

Көптеген жылдар әдебиет пәні бойынша ұстаздық еткен ақынның біраз өлеңдеріне ән шығарылған.

«Жауын жауа бастады» (1957), «Достарыма» (1965), «Қыстаудағы көктем» (1970), «Мың бірінші түн» секілді жыр жинақтарының авторы. Шығармалары: «Біздің әніміз», «Күздеі ой», «Бал ашу», «Төрттаған», «Аяқ дыбысы». Аударғандар Мақсұтхан Жақып, Әмірхан Балқыбек.

Жан Йүжел

(1926 – 1999)

1926 жылы Стамбұлда дүниеге келіп, 1999 жылы Измирде өмірден өтті. ХХ ғасырдағы түріктің атақты ақындарының бірі, журналист, аудармашы.

Түркияның Білім министрі болған әкесінің қызметіне байланысты он жасында Анкараға қоныс аударып, осы кездері алғашқы өлеңдерін жаза бастайды.

Анкара университетінің тіл және тарих факультетіне оқуға түсіп, латын және грек тілдерін тереңдетіп оқыған. Кейін білім алуын Лондонның Кембридж университетінде жалғастырады.

Кезінде марксшілдік көзқарасы үшін өз елінде бірталай қыспаққа ұшыраған Йүжел аудармалары арқылы түрік оқырманы Шекспир, Томас Элиот, Дилан Томас, Федерико Гарсиа Лорка, Бертольд Брехт шығармаларымен танысты. Ақынның «Жазушылық» (1950), «Махаббат қабырғасы» (1973), «Бір саясатшының өлеңдері» (1974), «Ажал және меніңи ұлым» (1976) секілді кітаптары бар. Шығармалары: «Қазотының өлімі», «Баға», «Бәрі сенде жасырын», «Ақ теңіздің айдыны жарасады өзіңе», «Өсиет». Аударғандар Нұркенже Хасенов, Оразақын Асқар, Әмірхан Балқыбек.