- •5. Дәріс кешені тақырып 1. Түрік әдебиеті
- •Ахмед Мидхат (1844-1913), түрік жазушысы
- •Ибрагим Шинаси (1826-1871), түрік ақыны
- •Жәлаләддин Руми
- •Жүніс Емре
- •Ерзурумлы Емрах
- •Рухсаты
- •Теврик Фикрет
- •Мехмет Эмин Йурдакул
- •Женап Шеһабеттин
- •Мехмет Акиф Эрсой
- •Зия Гөкалып
- •Яхия Кемал Бейатлы
- •Ахмет Хашим
- •Орхан Сейфи Орхон
- •Фарук Нафыз Чамлыбел
- •Ашық Вейсел Шатыроғлы
- •Юсуп Зия Ортач
- •Ахмет Хамди Танпынар
- •Ахмет Кутси Тежер
- •Ариф Нихат Азия
- •Нәжіп Фазыл Қысакүрек
- •Һусейін Ниһал Атсыз
- •Назым Хикмет
- •Жахит Сыртқы Таранжы
- •Зия Осман Саба
- •Рифат Ылғаз
- •Октай Рифат
- •Орхан Уәли Канак
- •Фазыл Хұсню Дагларджа
- •Әзиз Несин
- •Мелих Жеудет Андай
- •Бехчет Неджатигиль
- •Жахид Күлеби
- •Фахри Эрдинч
- •Суат Ташер
- •Сабахатдин Құдрет Ақсал
- •Неджети Жұмалы
- •Өздемир Асаф
- •Неузат Үстүн
- •Аттила Илхан
- •Мұстафа Бюлент Эджевит
- •Бәкір Сытқы Ердоған (1926 жылы туған)
- •Ахмет Әріп
- •Осман Түркай
- •Жемал Сүрея
- •Абдуррахым Каракоч
- •Сезан Каракоч (1933 жылы туған)
- •Йавуз Булент Бакилер (1936 жылы туған)
- •Эрдем Бейазит
- •Жахит Зарифоглы
- •Фетһуллах Гүлен (1941 жылы туған)
- •Нуруллах Генч (1960 жылы туған)
- •Сарай шайырларының поэзиясы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі әдебиеті
- •Бәдәуи ақындарының лирикасы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі проза
- •«Калила мен Димна» аудармасының дүниежүзіне таралу
- •Ежелгі дәстүрге оралу дәуірі
- •Әдеби синтез дәуірі
- •Жат жердегі жаңа әдебиет
- •«Еліктеу» дәуірі
- •Құлдырау дәуірі әдебиеті
- •Иран әдебиеті
- •Қытай әдебиеті
- •Қытай әдебиеті (Чиң дәуірінің әдебиеті)
- •Қытай әдебиет тарихындағы ең алғашқы өлең-жырлар жинағы
- •Жапон әдебиеті
- •Үнді әдебиеті
- •Түркмен әдебиеті
- •Әзірбайжан әдебиеті
- •Өзбек әдебиеті
- •4. Шыңғыс Айтматов
- •Қарақалпақ әдебиеті
Жахид Күлеби
(1917 – 1997)
1917 жылы Токатта дүниеге келіп, 1997 жылы Анкарада қайтыс болған. 1940 жылы Стамбұл университетінің түрік тіліжәне әдебиетті бөлімін бітірген.
Оқытушы, оқу инспекторы, Ұлттық оқу және Мәдениет министрлігінің атташесі қызметтерін атқарған.
Кейінгі түрік поэзиясының жаңару қозғалысында өзіне тән орны бар, еркіндік, тазалық, сезімталдыққа аса үлкен маңыз берген ақын.
«Адамның бірі» (1946), «Жел» (1949), «Сүт» (1965) секілді жыр жинақтарының авторы. Шығармалары: «Бостандық», «Әңгіме», «Үміт», «Гүлмен әңгіме», «Маусым», «Қойшы», «Қабір», «Күзгі ертегі». Аударғандар Әмірхан Балқыбек, Жұмекен Нәжімеденов.
Фахри Эрдинч
(1917 – 1986)
1917 жылы Ақхисарда дүниеге келіп, 1986 жылы Болгарияның астанасы Софияда өмірден өтті. 1936 жылы Балыкесирдегі педагогикалық училищені бітіріп, біраз жыл ұстаздықпен айналысқаннан кейін Анкара консерваториясының театр факультетіне оқуға түсті. Алғашқы өлеңдері мен әңгімелері осы кездері жариялана бастады.
Журналистикамен шұғылданып, диктор, репортер ретінде де танылады.
«Шат болғай Халеп қаласы» (1945), «Міне, осылай» (1956) секілді жыр жинақтарының авторы. Шығармасы: «Егер де». Аударған Оразақын Асқар.
Суат Ташер
(1919 – 1982)
1919 жылы Стамбұл қаласында дүниеге келіп, 1982 жылы Измирде өмірден өтті. Анкара университетінің театр бөлімін актер мамандығы бойынша бітірген.
Көптеген жылдар Анкара мемлекеттік театрында актер, радиода диктор болып жұмыс істеді. Эгей университетінде дәріс беріп, Измир театрының директоры болды.
Жырлары 1938 жылдан бастап жариялана бастаған.
«Бір» (1942), «Бостандық» (1945), «Сәлем» (1952) секілді жыр жинақтарының авторы. Шығармалары: «Бір күннің астында», «Түйсік». Аударған Жұмекен Нәжімеденов.
Сабахатдин Құдрет Ақсал
(1920 – 1993)
1920 жылы Стамбұлда дүниеге келіп, 1993 жылы осы қалада өмірден өтті.
1943 жылы Стамбұл университеті әдебиет факультетінің философия бөлімін бітіріп, көптеген жылдар ағартушылық жұмыстармен айналысты. Шығармашылығында нәзік лирикалық толғаныстар мен азаматтық ұстанымдарды ұштастыра білген ХХ ғасырдағы атақты түрік ақындарының бірі.
Бірнеше өлең, пьесалар мен әңгімелер жинақтарының авторы. Шығармалары: «Теңіз жағасында», «Терезе», «Адам үні», «Өтер күнге бір өлең». Аударған Жұмекен Нәжімеденов.
Неджети Жұмалы
(1921 – 2001)
1921 жылы Флоринде дүниеге келіп, 2001 жылы өмірден өткен. Ататүрік атындағы Анкара лицейі мен Анкара университетінің заң факультетін бітірген. Біраз жыл адвокат, одан кейін Стамбұл радиосында редактор болып жұмыс істеді. Өмірінің белгілі кезеңдерінде дипломатиялық міндеттерді де атқарды.
Белгілі түрік ақыны, сондай-ақ жазушы-драматург ретінде танымал. 1970 жылы Лингвистер қоғамының сыйлығын иемденген. Шығармалары: «Қардағы із», «Ғашықтың түсі», «Осындай елді сүйемін», «Бостандық». Аударғандар Жұмекен Нәжімеденов, Оразақын Асқар.
Өздемир Асаф
(1923 – 1981)
1923 жылы Анкара қаласында дүниеге келіп, 1981 жылы Стамбұл қаласында өмірден өтті. Шын есімі Халит Өздемир Арун.
Стамбұл университетінің заң және экономика факультеттерінде, сондай-ақ журналистика институында бірнеше жыл оқығанмен, бұл оқу орындарын бітірмеген.
Алғашқыда мерзімді басылымдарда аудармашы болып істеген, кейін баспагерлікпен де шұғылданды. Шығармалары 1939 жылдан бастап жариялана бастаған.
«Сен, сен, сен» (1956), «Есік алдында» (1957), «Жалғыздықтың сырласы жоқ» (1978), «Менен кейінгі бақыт» (1983) секілді тоғыз жыр жинақтарының авторы. Шығармалары: «Жылау», «Аңсызда», «Ақыл сөзі», «іздеу», «Сөз ойнату», «Жалғыздық», «Үй», «Бағыт», «Ол білсе ғой», «Тақырып». Аударған Әмірхан Балқыбек.
