- •5. Дәріс кешені тақырып 1. Түрік әдебиеті
- •Ахмед Мидхат (1844-1913), түрік жазушысы
- •Ибрагим Шинаси (1826-1871), түрік ақыны
- •Жәлаләддин Руми
- •Жүніс Емре
- •Ерзурумлы Емрах
- •Рухсаты
- •Теврик Фикрет
- •Мехмет Эмин Йурдакул
- •Женап Шеһабеттин
- •Мехмет Акиф Эрсой
- •Зия Гөкалып
- •Яхия Кемал Бейатлы
- •Ахмет Хашим
- •Орхан Сейфи Орхон
- •Фарук Нафыз Чамлыбел
- •Ашық Вейсел Шатыроғлы
- •Юсуп Зия Ортач
- •Ахмет Хамди Танпынар
- •Ахмет Кутси Тежер
- •Ариф Нихат Азия
- •Нәжіп Фазыл Қысакүрек
- •Һусейін Ниһал Атсыз
- •Назым Хикмет
- •Жахит Сыртқы Таранжы
- •Зия Осман Саба
- •Рифат Ылғаз
- •Октай Рифат
- •Орхан Уәли Канак
- •Фазыл Хұсню Дагларджа
- •Әзиз Несин
- •Мелих Жеудет Андай
- •Бехчет Неджатигиль
- •Жахид Күлеби
- •Фахри Эрдинч
- •Суат Ташер
- •Сабахатдин Құдрет Ақсал
- •Неджети Жұмалы
- •Өздемир Асаф
- •Неузат Үстүн
- •Аттила Илхан
- •Мұстафа Бюлент Эджевит
- •Бәкір Сытқы Ердоған (1926 жылы туған)
- •Ахмет Әріп
- •Осман Түркай
- •Жемал Сүрея
- •Абдуррахым Каракоч
- •Сезан Каракоч (1933 жылы туған)
- •Йавуз Булент Бакилер (1936 жылы туған)
- •Эрдем Бейазит
- •Жахит Зарифоглы
- •Фетһуллах Гүлен (1941 жылы туған)
- •Нуруллах Генч (1960 жылы туған)
- •Сарай шайырларының поэзиясы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі әдебиеті
- •Бәдәуи ақындарының лирикасы
- •Орта ғасырлардың алғашқы ширегіндегі проза
- •«Калила мен Димна» аудармасының дүниежүзіне таралу
- •Ежелгі дәстүрге оралу дәуірі
- •Әдеби синтез дәуірі
- •Жат жердегі жаңа әдебиет
- •«Еліктеу» дәуірі
- •Құлдырау дәуірі әдебиеті
- •Иран әдебиеті
- •Қытай әдебиеті
- •Қытай әдебиеті (Чиң дәуірінің әдебиеті)
- •Қытай әдебиет тарихындағы ең алғашқы өлең-жырлар жинағы
- •Жапон әдебиеті
- •Үнді әдебиеті
- •Түркмен әдебиеті
- •Әзірбайжан әдебиеті
- •Өзбек әдебиеті
- •4. Шыңғыс Айтматов
- •Қарақалпақ әдебиеті
Фазыл Хұсню Дагларджа
(1914 – 2008)
1914 жылы дүниеге келіп, 2008 жылы өмірден өткен.
Қырықшақты өлең жинағы жарық көрген. Алғашқы повесі 1927 жылы «Жаңа Адана» газетіне жарияланса, 1933 жылы «Стамбұл» жуналына шыққан «Қоңыр тірлік» атты өлең топтамасы арқылы көпшілікке кеңінен танылды.
Көркем шығармалары «Мәдени апта», «Отбасы», «Төңкерісшіл жастар» және «Түрік тілі» журналдарында үздіксіз жарияланып тұрған.
1957 жылы АҚШ-та өткен Халықаралық ақындар форумында «Үздік түрік ақыны» деп танылды. Шығармалары: «Вьетнам жағалаулары», «Сенім», «Әтеш», «Әлемде», «Ағашсыз ауыл», «Жұмыссыз», «Француз африкасы», «Үйдің әйнегінен көргендерім», «Махаббат жырын жырлайық», «Аяұтар мен қолдар», «Шумақтар», «Ұйықтамаған кезде», «Күзетте туған ой», «Көзқарас». Аударғандар Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырза Әли.
Әзиз Несин
(1915 – 1995)
1915 жылы Хейбелиадеде дүниеге келіп, 1995 жылы өмірден өтті. Шын есімі Махмуд Нүсрет. Көрнекті түрік жазушысы, ақын драматург, публицист. 1939 жылы әскери-техникалық училищені сапер мамандығы бойынша бітіріп, кіші офицер шенін иемденген. 1943 жылдан бастап журналистикамен шұғылдана бастады. Саналы өмірін әдебиетпен, ағартушылықпен байланыстырған Әзиз Несин шығармашылығы әлем оқырмандарына кеңінен таныс. Оның кітаптарының жалпы таралымы 2010 жылы 8 миллион данаға жетті.
34 сатиралық және әзіл-сықақ әңгімелер жинағының, «Бір елде» (1958) және «Хоптириндарға» (1960) атты ертегілер жинағының, 8 романның, соның ішінде «Футбол патшасы» және «Солай болған, енді олай болмайды» романдарының, алты пьесаның авторы. Шығармалары: «Күту», «Бекерге», «Тар дүние», «Өсімдік болсам егер де...», «Бұлай жұпар аңқымайды...», «Досым бадам ағашы». Аударған Маржан Ершу.
Мелих Жеудет Андай
(1915 – 2002)
1915 жылы Стамбұлда дүниеге келіп, 2002 жылы осы қалада өмірден өткен. Анкарада лицей бітіргеннен соң, екі жыл Бельгияда оқыған. Оқу министрлігінде баспасөз кеңесшісі және Стамбұл консерваториясында ұстаздық қызметтер атқарды.
Өлеңдері 30-шы жылдардың басынан бастап жариялана бастаған. 1941 жылы Октай Рифат және Орхан Уәлилермен бірге әдебиетті жаңалауды талап ететін «Бөлек көзқарас» әдеби минифесін жариялауға қатысады. Осы ақындармен бірге «Үштаған» әдеби бірлестігін құрады. Түрік Әдебиетшілері одағын басқарады. Бірнеше әдеби сыйластықтардың иегері.
«Тыныштығын жоғалтқан ағаш» (1946), «Байланыс желісі» (1952), «Бұғаудағы Одиссей» (1963) іспетті жыр жинақтарының авторы. Шығармалары: «Телеграф», «Өтірік», «Алғы күн», «Құтылу жоқ», «Махаббат желі», «Өлген достың хаты», «Ылғи мұндай емеспін», «Хиросима», «Күтемін дауыл», «Ертеңгі күн», «Сорлы ағаш», «Ғаламат зат», «Цивилизация», «Ұқыпты дүние», «Ғашыққа лебіз керек», «Өтірік», «Мен ақынмын», «Иттің баласы», «Ысқыру». Аударғандар Жұмекен Нәжімеденов, Оразақын Асқар, Өтеген Күмісбаев, Ұлықбек Есдәулет.
Бехчет Неджатигиль
(1916 – 1979)
1916 жылы Стамбұлда дүниеге келіп, осы қалада 1979 жылы дүниеден өткен. Жоғары мұғалім мектебінің түрік тілі және әдебиет бөлімін бітірген. Көптеген жылдар әдебиет пәнінің оқытушысы болып қызмет істеген. Сондай-ақ аудармашылықпен шұғылданып, отызға тарта кітап аударған, радиожурналистикамен де айналысқан.
Ақын қайтыс болғаннан кейін тағайындалған оның атындағы әдеби сыйлық 1980 жылдан бері үзбей беріліп келеді.
«Қоршаған орта» (1951), «Үйлер» (1953), «Көне жер» (1956), «Екі арада» (1958), «Қапас заман» (1960), «Жаз мезгілі» (1963) секілді оннан астам жыр жинаақтарының авторы. Шығармасы: «Ақындар». Аударған Өтеген Күмісбаев.
