Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шыгыс дарис.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.25 Кб
Скачать

5. Дәріс кешені тақырып 1. Түрік әдебиеті

Дәрістің мақсаты: Студенттерге түрік әдебиетінің өзінің қайнар бастауларын бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ әдебиет – ежелгі түрік әдебиетінен алатындығын түсіндіре отырып түрік әдебиетінің даму тарихын меңгерту.

Дәрістің жоспары:

1. Түрік әдебиетінің даму тарихы

2. Намык Кемаль – түрік философы

3. Ахмед Мидхат (1844-1913), түрік жазушысы

4. Назым Хикмет Ран шығармашылығы.

5. Қазіргі түрік поэзиясы

Түрік фольклорының ежелгі шығармалары әлемнің пайда болуы және адамның жаратылуы туралы исламға дейінгі мифтерді сақтап келеді. Қаһармандық эпос ескерткіштерінен сондай мифтерден тұратын «Огуз-наме» циклы маңыздырақ. Огуз эпосының исламнан кейінгі формасына Қорқыт атаның атымен байланысты циклы жатады. Кейінірек пайда болған фольклорға (ХІІІ ғасырдан бастап) тарихи негізге сүйеніп құрастырылған аңыз әңгімелер жатады. Кёр-оглы туралы дастандар циклы ерекше даңқыға ие. Романтикалық әңгімелер – хикаялар, солай айтуға болса, ою-өрнектелген жоке тақтаға басып шығарған әдебиет шығармалары, ертегілер – сиқырлы, тұрмыстық, әзіл т.с.с, жануарлар туралы мысалдар, анекдоттар (соның ішінде Қожа Насыр туралы), мақал-мәтелдер, жұмбақтар маңызды орын алады. Мани деп аталатын төрт жолды өлең шумақтары – частушкалар, тюркюи кошма лирикалық өлеңдер, хулы ташлама өлеңдері әрқашан ерекше кеңінен таралған.

Исламға кеш өткен түріктер сонымен қатар мұсылман мәдениетін де қабылдаған. Сельджукидтер мемлекеті Румада араб тілі – дін мен ғылым тілі, ал парсы тілі – сарай маңы поэзиясының тілі болып саналды. Кіші Азияда түрік тілінде жазылған жазба әдебиетінің нақты мерзімі қойылған шығармалары ХІІІ ғасырдың ортасына жатады. Ертедегі түркі тілді алғашқы шығармалар немесе солай аталатын ескі анатолиялық әдебиеті (ХІІІ ғасырдың ортасы – ХҮІІІ ғасырдың ортасы) сопылық сипатта болды. Алғашқы түркі өлеңдер пайда болды, және олардың пайда болуы өлең шығарудың екі жүйесінің күресін туғызды: силлабикалық және силлаботоникалық метрикасы бар түрік халық ауыз поэзиясы мен кейін алты ғасыр бойы түрік поэзиясын билеген аруз араб-парсы метрикалық жүйенің арасында. Арузбек қатар түріктер месневи, касыда, газель сияқты араб және парсы поэтикалық формаларды да енгізген. Ахмед Факиханың (шамамен 1250 жылы қайтыс болды) «Тағдыр кітабы» ежелгі түрік сопылық шығарма болып есептеледі; оның шәкірті Шейад Хамза «Юсуф и Зелиха» поэмасын жазды. Кіші Азияда сопылық поэзияның көрнекті өкілі – парсы тілді ақыны, Орта Азиядан шыққан Джалаледдин Руми (1207-1273), оның түрік тілінде де бірнеше өлеңі бар; Джалаледдин Румидің дәстүрін жалғастырып, кеңейткен ұлы Султан Велед (1226-1312), оның өлеңдері түрік тілінде жазылған мерзімі нақты алғашқы шығарма ретінде қызық болды. Сопылық өлеңдерді ел кезуші дервиш Юнус Эмре де (ХІІІ ғасырдың аяғы – 1320-1321жж) жазған. Түрік тілінде жазылған алғашқы маңызды шығарма 1330ж жазылған. Бұл Ашик-паша (1271-1332) сопы жазған «Ел кезушінің кітабы» менсеви поэмасы болды. ХІҮ-ХҮ ғасырлар аралығында түрік поэзиясында романтикалық менсеви – өлеңмен жазылған серілер романдары пайда болады, олар көбінесе Низами Гянджевидің «Пятерицы» шығармасының сюжетіне жазылған: Ахмедидің (1334-1413) «Искандер-намесі», Юсуф Синан Шейхидің (1371(?)-1431(?)) «Хосров пен Ширині» т.б. Кейін түрік поэзиясында стильдің қиындату жағына қарай, жасанды образдардың, эпитеттер мен салыстырулардың, араб-парсы лексиканың көбеюіне қарай өзгерістер болды.

ХҮ ғасырдың ортасынан бастап ХҮІІ ғасырға дейін жалғасқан түрік поэзиясы дамуының классикалық кезеңі басталды. Сарай маңындағы поэзия қызу дамыды. Сарай маңынан қолдаушы таба алмаған ақындар өмір сүру үшін қаражатты әрең тапты. Сондай ақындардың арасында түрік тіліндегі алғашқы «Пятерицаның» авторы Хамди Челеби (1449-1503) болды. Кейінгі сарай маңындағы ақындар «Пятерицалардың» көптеген нұсқаларын жазған; олардың кейбіреулері, сопылықты қойып, өздерінің шығармаларын эпикурей сарынмен толтырған. Лирикалық поэзия да жоғары деңгейге жетті; әсіресе версификация мықты дамыған. Көптеген ақындар, панегирикалық, философиялық және сопылық лириканың трафареттік тақырыптардың ішінде жүріп, «стандартқа» айналған әдістер мен бейнелердің шеңберінен шыға алмай, оларды қайта-қайта түрлі нұсқаларда пайдаланды. Дегенмен бір қатар талантты ақындар алдарына басқа көркемдік және қоғамдық мақсаттар қойып, Таяу Шығыстың орта ғасырлық әдебиетінің поэтикалық дәстүрдің шеңберінде өз уақытының өмірін көрсетуге ұмтылды: Ахмет-паша (1497ж қайтыс болды), Неджати (1509ж қайтыс болды), Месихи (1470(?)-1512), Михри Хатун ақын әйел (1456-1514), Махмуд Бакы (1526-1600).

ХҮІІ ғасырдың басынан бастап әдебиетте сатира мен дидактика үлкен орын алды. Осман империясының ыдырауын түсініп, ақындар көргенсіздікке әбден батқан ақсүйектерді, кеңсе басқарушыларды, парақорлар мен қазына тонаушыларды әшкерелеуге тырысты. Сатиралық шығармалар кеңнен таралды, бірақ сатирик ақындарды билік басындағылардың қатаң жазасы күтті: сатирик Омер Нефи (шамамен 1572-1635) қылғындырылып өлтірілді. Юсуф Набидің (1642-1712) «Хайрие» менсевиінде діни қауымның екіжүзділігі, соттар мен пашалардың билігін асыра пайдаланушылығы, сарай маңында болып жатқан маскүнемдік пен бұзақылық көрсетілген. Аллаэддин Сабит (1650- 712) халықтан шыққан оқырмандар үшін жазды; «Мақтау» («Вознесение») поэмасында ол мұсылман әдебиетінде алғаш рет юмористік тонда Мұхаммед пайғамбардың жеті қат көкке ұшуы туралы айтады. Осылайша әдебиетте панегирикалық поэзияға қарама-қарсы жаңа бағыт өзіне жол ашты. Ол түрік өлеңдеріне еліктеп шарқының жаңа формасын жасаған сарай маңы поэзиясының қарапайым өкілі Ахмет Недимге де (1681-1730) ықпал етті.

ХҮІІІ ғасырда сопылық поэзия, әсіресе «Сұлулық пен махаббат» поэмасының авторы Шейх Галибтің (1757-99) шығармасында, қайта жанданады. ХІХ ғасырдың басында түрік поэзиясы тоқырқау жағдайда болды. Жаңа типтегі көркем прозасы түрік әдебиетінде әлі қалыптаспаған. Прозамен көбінесе медицина, дін ілімі бойынша трактаттар, тарихиграфиялық сипаттағы шығармалар т.с.с. жазылған. Сонымен бірге бір қатар ақын өлеңдер тақырыбын кеңейтіп, олардың тілін ауызекі сөйлеу элементтерімен толықтырып, стильді қарапайымды қылып, поэзияны өмірге жақындатқысы келді: Васыф Эндерунлудың (1824ж қайтыс болды) екі мухаммасы, өлеңдер мен әсіресе Иззет Молланың (1785-1829) «Кеншандағы қайғы-қасірет» ("Страдания в Кешане").

Танзимат кезеңінде феодалды мәдениет пен классикалық поэзия эпигондарымен күрезу кезінде публицисттер мен жазушылар бурзуазиялық ағартушылық идеяларын насихаттады, шындық өмірге, адамға, қоғамға үндеу сияқты жаңа міндеттер қойды. Осы кездегі әдебиетті ескіден жаңа, қазіргі әдебиетке өтетін деп сипаттауға болады. Түрік оқырмандарды француз жазушыларының шығармаларымен таныстырды. Жаңа жанрлар (эпистолярлық, драма) пайда болды, көркем прозаның новелла, тарихи, әлеуметтік-тұрмыстық, шатырман оқиғалы романдар сияқты алғашқы үлгілері шықты. Әдебиет зомбылық феодалдық-мұсылмандық дәстүрлерді әшкереледі. Танзимат әдебиетінің ірі өкілдері – Ибрахим Шинаси (1826-1871), ақын, француз әдебиетінің насихаттаушысы, «Ақынның үйленуі» атты тұңғыш антиклерикалды комедияның авторы, түрік фольклорын жасаушы; Намык Кемаль (1840-1888), патриоттық пьесалар мен алғашқы әлеуметтік-тұрмыстық және тарихи романдардың авторы; Шемсеттин Сами (1850-1904), прозаик, драматург және лексикограф; Ахмед Мидхат (1844-1913), новелла жанрының негізін қалаушы. Жазушылар түрік әдеби тілді халыққа жақындату мақсатымен, оны қарапайым қылып реформалады.

ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында поэзияны одан әрі қайта жасақтауға бел буған жаңашылдар алға шықты. Абдулхак Хамид Тархан (1852-1937) мен Реджаизаде Экрем (1847-1913) жаңа ритмдерді, лирикалық тақырыптардың жаңа шешімдерін іздеп тапты, лирикалық кейіпкердің ішкі әлеміне үндеді. В.Гюгоның, А. Ламартинның, А. Мюссенің поэзиясы олардың шығармашылығына маңызды әсер етті. Фольклордың басылымдары, әдебиеттану бойынша еңбектер, сыни мақалалар жиі-жиі шығып тұрды. ХІХ ғасырдың 70-ші және 80-ші жылдары басталған қоғамдық реакцияға байланысты прогрессивті қайраткерлерге қуғын да басталды (мәселен, Намык Кемаль жер айдару кезінде қайтыс болды). Өте қатты цензура орнатылды. Осының бәрі түрік жазушыларының мистикалық және түңілген көңіл-күй туғызды. Өмірден түңілу, салондық шет жүрушілік елдің әдеби-қоғамдық өмірі үшін үлкен роль атқарған "Сервети-фюнун" журналымен байланысты бір топ жазушыларға тән болды. Журналдың айналасында «жаңа әдебиет» қалыптасты; ол өз кезіндегі француз жазушыларының (Э.Золя, Г.Мопассан, Гонкур ағайындары) тәжірибесіне шын көңілмен бет бұрды, Стендаль мен О.Бальзактың да шығармашылығы олар үшін бөтен болған жоқ. Халықтан жат болса да, ол сұлтандық Түркияның зомбылық дәстүрін қабылдамаған. Топ басшысы Тевфик Фикреттің (1867-1915) ертеректегі өлеңдері романтикалық мұңға толы болды. ХХ ғасырдың басында оның поэзиясына азаматтық мотивтер енеді. Ақын батыл жаңашыл болды, ол түрік поэзиясын арузды қайта жасақтап байытты; лирикаға қарапайым адамдардың қайғысына ортақтасу тақырыбын қосты. Еуропалық типтегі шығармаларға жақындатылған романдар мен әңгімелерде Халид Зия Ушаклыгиль (1866-1945), Мехмет Рауф (1875-1931), Хюсейн Джахид Ялчин (1874-1957), Ахмет Хикмет (1870-1927) әлеуметтік тұрмыстың кейбір жақтарын (копрадор ортаның бұзықтығын, ақша билігін, «кішкентай адамның» қиын тағдырын) сынап, жаңа тақырып жасады. Реакцияның жаңа шабуылының нәтижесінде 1900-ші жылдардың басында әдебиет тоқырау кезеңіне енді.

Жас түрік революциядан кейін 1908 жылы түрік әдебиетінде ұлттық реалистік әдебиетті қалыптастыру процесі басталады, оған әр түрлі әдеби бағыттардың күресі қоса жүрді. Демократизацияны жақтаушылар, реалды өмірге жақын болуды жақтаушылар жаңа тақырып үшін, түрік тілін қарапайымдату үшін, оның шет тілдерден тазарту үшін алға шықты, ол ескі формалар мен метрден бас тартуға әкелді. Даудың қызу кезінде Мехмет Эмин Юрдакулдың (1869-1944) халық поэзиясына тән «хедже» буын өлшемімен жазылған «Түрік өлеңдері» жарыққа шықты. Бұл ескі поэзияның әсерінен босанудың батыл қадамы болды.

Бірақ Мехмет Эминнің тақырыбының шектеулілігі мен кертартпашылығы (соғыс пен барлық түріктердің мифтік отаны – Туран) оның пантүрік ақындар ізбасарлары шығармаларының көркемдік формасына өзінің теріс әсерін берді, ол ақындарға лексиканың кедейлігі, өзіндік образдардың жоқтығы, бір ойлардың қайталануы, монотонды пафос тән еді.

Кейін буынды өлең шығаруға Орхан Сейфи Орхон (1890-1972), Юсуф Зия Ортач (1895-1967), Фарук Нафиз Чамлыбель (1898-1973), Халид Фахри Озансой (1891-1971) ақындары жақсарту мақсатымен өзгертулер енгізді. Олардың еңбегі зор болды, өйткені қарсы лагерьде аруз жүйесінде бір қатар реформа жүргізіп, оны түрік тіліне ыңғайластған Яхья Кемаль Беятлы (1884-1958), Ахмет Хашим (1884-1933) сияқты өлең шеберлері болды.

Осы жылдардағы прозада алғаш рет орталықтан шалғай жатқан жерлерге назарларын аударған Рефик Халид Карай (1888-1965), Ака Гюндюз (1885-1958), Хюсейн Рахми Гюрпынар (1864-1944), Омер Сейфеддин (1884-1920) секілді реалист-жазушылар нақтылыққа, қысқа айтушылыққа, стилистикалық мәнерлілікке, мінездердің иілгіштігіне ұмтылды. Омер Сейфеддиннің сатиралық новеллистикасы кейінгі онжылдықтардағы түрік прозасының дамуына мықты әсер етті. Дегенмен оның шығармашылығының өзінде де кейде ұлтшыл көңілдер байқалып отырды; ұлтшыл идеялардың артынан уақытша басқа да жазушылар ерді, мәселен «Жаңа Туран» романында Халиде Эдип Адывар (1883-1964) , «Соңғы кеш» романында Якуб Кадри Караосманоглу (1885-1974).

І-ші дүниежүзілік соғыстан кейін, Түркияны шетел әскерлері басып алған кезде, әдеби өмір тынып қалды. Басып алушылардың және сұлтанның қос цензурасымен шыққан журналдарда салондық шығармалар ғана басылып шығып тұрды. Ұлт-азаттық қозғалыстың басталуымен Анатолияда әдеби өмір де жандана бастайды. Газеттерде халықты шетел басқыншыларға қарсы шығуға үндейтін өлеңдер шықты. Түркияның тәуелсіздігі үшін күреске айналып кеткен Анатолия үшін күрес өзіне өнер мен әдебиет жанды күштерінің назарын аудартты. Бір қатар жазушы ұлт-азаттық соғысқа қатысты. бірақ бұл тақырып республика орнағаннан кейін (1923), Халиде Эдиптің "Жүргіш әйелді өлтіріңіз" (1926), Решад Нури Гюнтекиннің (1892-1956) "Жасыл түн" (1928), Якуб Кадридің "Содом мен Гоморра" (1928) романдары шыққанда ғана, әдебиетте кең қолдау тапты. Ұлт-азаттық революция кезіндегі оқиғалар туралы Решад Нуридің «Бір түннің трагедиясы» (1925) және Ака Гюндюзаның "Көгілдір найзағай" пьесаларында әңгіме қозғалады. Осы және басқа да көптеген шығармаларда антипатриоттық қоғамдық топтар әкереленеді; авторлар Түркияның болашағы туралы қатты ойланады, бірақ азаттық қозғалыстың басты ролі жалғыз жүрген кейіпкерлерге беріліп, халық кескінсіз, өңсіз пассивті бұқара болып көрсетіледі. Ұлт-азаттық тақырыбын жасақтау кезінде жазушылар арасында принципиалды айырмашылық болмаса, елдің одан әрі дамуы туралы мәселелердің қойылуы мен сол мәселенің көркемдік шешімін табуында, түсіндіру мен Кемаль революциясын бағалауда айырмашылықтар анық көзге түсіп тұр. Якуб Кадри, Халиде Эдип, Мехмет Рауф т.б. Түркияның «ерекше даму жолы» туралы идеяны насихаттады, онда адамдардың ұлттық бірлігі халықтың мәдени деңгейін көтеріп, ауылда мәдени революция жүргізсе, кластық айырмашылықтар жойылады дейді. Сын негізінен реакциялық дәстүрді әшкерелей жолымен жүрді.

Жазушылардың басқа тобы кластық дифференциациясынан қашып құтыла алмайтындығы туралы айтты. Олардың сыны мемлекеттік чиновниктерінің озбырлығына, парақорлыққа, жұмыссыздыққа, жоқшылыққа қарсы болды. Олар өз шығармаларында халықтық революциядан көңілдері қалғандығын, буржуазия реформасына қанағаттанбағандығын көрсетті. Әшкерелеу ағын 30-шы жж әдебиетінде мына жазушыларда мықтырақ көрінеді: Садри Эртем (1900-1943), түрік әдебиетіндегі "Ұршықтар тоқтаған кезде" (1931) атты алғашқы реалистік әлеуметтік-тарихи романының авторы, Решад Энис Айген (1909ж. туылды) және Сабахаттин Али (1907-1948) –"Куюджактан шыққан Юсуф" повесінде халықтан шыққан адамның ой-санасының өсуі мен өзі өмір сүрген заманның келеңсіздіктеріне қарсы шығуын, кейін революциялық күреске тікелей үндеуін («Әйнектен салған сарай» атты жинақ, 1947) көрсеткен романист, новеллист және ақын. Капиталистук қоғамдағы жеке тұлға тағдырының мәселелері түрік драматургиясында 30-шы жылдардан бастап естіледі: Назым Хикмет Рананың (1902-1963) «Ұмытылып қалған адамы» (1935), Мусаинзаде Джеляльдің (1870-1959) "Сельмасы" (1936). Революциялық түрік поэзиясының негізін қалаушы Назым Хикмет Рананың шығармашылығы түрік әдебиетінің керемет көрінісі болды. Өлеңнің жаңа метрикасы мен жаңа размер, шешендік интонация, керемет рифма, күтпеген бейнелер мен метафоралар, және ең бастысы – оған дейін «поэтикалық емес» деп есептелген тақырыптар мен сюжеттер оны жаңа поэтикалық бағыттың басшысы қылды. алғаш рет оның өлеңдерінде жұмысшы кластың үні естілді.

Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында Түркияда фашизм идеологиясының әсері байқалады. Ресми түрік баспасы гитлер насихатының рупорына айнала бастайды. Елде түрлі пантүрік қоғамдастықтар күшейе бастайды. Озат жазушылар мен публицисттер фашизмге қарсы күресуге шақырады. Сабахаттин Али «Шайтан өзіміздің ішімізде» (1940) атты антифашистік романын жазды. Төніп келе жатқан оқиғалардан қорқыныш түрік қоғамын абыржытады. Пессимизм, өмірден кету туралы тақырыптар көптеген жазушылар шығармаларынан байқалады.

Дегенмен осы жылдары түрік поэзиясын жаңарту үшін, оның қоғамдық маңызын мойындату үшін жаңа батыл қадам жасалады.

«Үш тұғырлық» («Треножник») деп аталатын ақындар тобы – Орхан Вели Канык (1914-1950), Мелих Джевдет Андай (1915ж туылды) және Октай Рифат Хорозджу (1914ж. туылды) әдеби «Үшеудің манифестімен» («Ақылға қонбайтын» («Странное») кітабы, 1941) алға шығады, онда олар қарапайым жұмысшыны поэзия кейіпкері қылуды, ойды шектейтін рифма мен размерден бас тартуды, адамның күнделікті тұрмысы туралы қарапайым қала мен ауыл тілінде жазуды ұсынады. Поэзияны «адамға жақын қылуға» үндеуді 40-50-ші жж. түрік поэзиясының барлық өкілдері құптады. «Үш тұғырлық» («Треножник») ақындарымен әкелінген жаңалықтар түрік поэзиясында Назым Хикмет жасаған революциямен қатар, түрік әдебиетінің соғыстан кейінгі кезеңнің бүкіл ізденістерінің сипаты мен бағытын анықтады.

Махмуд Макаланың (1923ж. туылды) «Ауыл мұғалімінің қысқаша хаттарының (жазбаларының)» («Записки сельского учителя») (1948) және «Біздің ауыл» ("Наша деревня") кітабының шығуы шаруалар тақырыбының одан әрі дамуына себеп болды. Жаңа әдеби кейіпкер пайда болды – шаруаларға помещиктерге, байларға, діни қауымға қарсы күресте көмектесу үшін ауылға кеткен зиялы қауымның өкілі.тең емес күресте кейіпкерлер жеңіледі, бірақ олар еккен тұқымдар, жақсы өнім беріп жатыр және әлде де береді. Яшар Кемаль(1922ж. туылды) «Қаңылтыр кесегі» ("Жестянка"), Орхан Ханчерлиоглу (1916ж. туылды) «Қараңғы әлем» ("Тёмный мир") (1951), Факир Байкурта (1929ж. туылды) «Жыландар кегі» ("Месть змей") (1959) романдарында бейнелеген жағдай осындай. Ұлт-азаттық күрес өзіне түрік жазушылардың назарын қайта аудара бастайды. Ол Назым Хикметтің 1941-1946 жылдары түрмеде жазған «Азаттық күрес туралы дастан» ("Дестан об освободительной борьбе") эпопеясында жарқын көрініс табады. Осы тақырыпқа Кемаль Тахирдың (1910-1973) күресіп жатқан Стамбул көрсетілген «Тұтқындалған қаланың адамдары» ("Люди пленённого города") (1956), «Тұтқындалған қаланың тұтқыны» ("Узник пленённого города") (1958) және «Шаршаған жауынгер» ("Уставший боец") (1965) романдары да арналады.

60-шы жылдардағы поэзияда үлкен өзгерістер болды. Егер Фазыл Хюсню Дагларджа (1914ж. туылды), Бехчет Неджатигиль (1916ж. туылды), Бедри Рахми Эюбоглу (1913ж. туылды), Джахид Сыткы Таранджы (1910-1956), Зия Осман Саба (1910-1957) т.б. демократиялық дәстүрді жалғастырса, 50-шы жылдары пайда болған «Екінші жаңа» ("Второе новое") (Орхан Вели Каныктың мектебі – «Бірінші жаңаға» қарағанда) ағымының ақындары формалистік эксперименттау жолына түсті. Бұл бағытты «мәнсіз» поэзия идеясын насихаттайтын Ильхан Берк (1916ж. туылды) басқарды. Осыған ұқсас құбылыстар прозада да байқалады, онда бір қатар жазушы әр түрлі модернистік бағыттардың әсерімен «мақсатсыз өнерге», «сырттан бақылап тұрушы» позициясын ұстануға үндейді.

1960 жылы ақыры мемлекеттік төңкеріспен аяқталған демократиялық партияның ондаған жылдары бойы (1950-1960) билік тізгісін ұстағанның салдары ретінде солай аталатын «торығу, ашыну әдебиеті» туа бастайды. Күңгірт онжылдықтың оқиғалары көптеген романдардың тақырыбына айналады, олардың арасынан Ведат Туркалидің (1919ж. туылды) «Өзіммен өзім оңашада» ("Наедине с самим собой") (1975) романын атап өтуге болады. Зиялының жауапкершілігі, қоғамдық күресте өз орнын табу қажеттілігі – 70-ші жылдардыңбір қатар романдарының идеялық негізі. Жас буынның жазушылары Эрдал Оз, Бекир Йылдыз, Мехмет Сеида сыншыл реализмнің желісін дамытады, әдебиет алдында елінің саяси және экономикалық өмірінің түйінді мәселелерін қояды, түрік жұмысшыларының ауыр өмірі туралы жазады. 40-шы жылдары әдебиетте орталық орын алған шаруа тақырыбы жаңаша қабылданады. Толғағы жеткен жер реформасының алдында жазушылар шаруа тақырыбына басқаша жақындау керек екенін, Яшар Кемаль, Самим Коджагёз т.б. романдарындағыдай помещиктердің жерлерін басып алу арқылы жер мәселесі шешілмейтіндігін түсінді. Жұмыссыздық, діни фанатизм, надандық бүкіл ұлттың әлеуметтік қасіреті болып қабылданады (Музаффер Буйрукчу, Тарык Дурсун, Кемаль Бильбашар, Мухтар Кёрюкчю т.б. романдары). Көп тиражбен басылып, көптеген елдерде аударылған Азиз Несиннің (1915ж. туылды) шығармалары өткір сатиралық тұрғыда адамның ажарын алатын қоғамдық жағдайларды бейнелейді.

60-шы жылдардың басындағы демократиялық қозғалыстың белсенденуі драматургияның дамуы үшін жағымды жағдай жасады. Четин Алтанның (1926ж. туылды) «Кінәлілер» («Виновные»), Реджаизаде Бильгинердің (1922ж. туылды) «Мемлекет – бұл мен» («Государство – это я») (1965) пьесаларында Түркияның чиновниктері мен бүкіл бюрократия жүйесі сынға алынады. Решид Эрдуран (1928ж. туылды) «Ардың килограммы» ("Килограмм чести") (1958), Халдун Танер (1916ж. туылды) «Шабан – отанын қорғаушы» ("Шабан – спаситель родины") (1967), Азиз Несин «Қарагөз бен Нонош шаштараз» (" Карагёз и парикмахер Нонош") (1969) шығармаларында әлеуметтің ойық жарасы туралы, реакциялық күштердің қызметі туралы жазады. Танердің «Кешаннан шыққан Али туралы ертегісі» ("Сказка об Али из Кешана") (1964) – Б.Брехт театрының бағытында, сонымен қатар қарагөз халықтық театр дәстүрінде жазылған тұңғыш түрік пьесасы көзге түсерлік құбылыс болды. Түркияда орыс және совет драматургтерінің шығармалары танымал болды.

Түрік әдебиеттанудың ежелден келе жатқан дәстүрлері (тазкире) бар. ХІХ, әсіресе ХХ ғасырларда ұлттық дәстүрді жалғастырып және еуропалық әдебиеттанудың ықпалының әсерімен түрік әдеби-сыни ой дамиды: Мехмет Фуат Кёпрюлю (1890-1966), Агях Сырры Левент (1894ж. туылды), Исмаил Хабиб Севюк (1892-1954), Пертев Наили Боратав (1907ж. туылды), Нурулла Атач (1898-1957), Сабиха Сертель (1898-1968), Тахир Алангу (1916-1973), Рауф Мутлуай (1925ж. туылды), Джевдет Кудрет Солок (1907ж. туылды), Бехчет Неджатигиль т.б. еңбектері.

Түрік әдебиеті – таяушығыс аймағындағы өзгеше феномен. Оның тарихи ғұмыры басқа әдебиеттерге қарағанда қысқа: Шағын Азия аймағында қалыптасқан түрік көркем сөз өнерінің өзі өз тарихын ХІІІ ғасырдан ғана бастайды. Орта ғасыр кезеңінде ол парсы тілді және араб тілді әдебиеттің көлеңкесінде қалды, дегенмен ол олардан өзінің қалыптасуы мен өсуіне көмектескен көптеген нәрсе алды. Жаңа уақыт, жаңа кезең алдында жағдай өзгереді. Әдебиеттің дамуында, бұрынғыдан мүлдем басқа философиялық-эстетикалық негізі бар жаңа сапалы әдеби жүйе, жаңа көрке ой-сана қалыптастыруда Түркия Иран мен араб елдерінен өзып, алға шығады. Жаңа кезеңде түрік әдебиеті Таяу және Орта Шығыста ең дамыған әрі өзгеше болып табылады.

Типологиялық жақтан әр түрлі әдебиеттер (ортағасырлық және жаңа) арасындағы ауыспалы кезең Түркия үшін ұзақ болды. Эволюция өте жай жүрді, жаңа әдеби жүйенің алғышарттары және оның «алғашқы элементтері» түрік қоғамында ағартушылық идеяларының тууымен тығыз байланыста пайда болды. Дәл осы негізде және басқа да факторларының әсерімен кейін әдебиет түрік жазба шығармашылығының барлық түрлері үшін анықтауыш болатын жаңа сапаға тез ауысты.

Бұл сапалы өзгеріс мәдениеттің барлық саласына әсер ететін түрік қоғамындағы процестерге байланысты болды. Ішкі күштерден бөлек әдеби процестің барысына «сыртқы» факторлар да әсер етті, атап айтқанда, жаңа түрік-еуропалық ұлтаралық байланыстарды нығайту. Шынын айтса, байланыстардың орнатылғанына бірнеше ғасыр болды, бірақ бұрын олар сауда, әскери (бірлесіп соғыс жүргізу барысында қысқа мерзімді одақтасу кезінде) салаларына байланысты болса, ХІІІ ғасырдан бастап бұл байланыстар ғылымның, өнердің, ақыры әдебиеттің әр түрлі салаларында нығая түсті. Жалпы рухани мәдениетте және нақтырақ айтқанда әдебиетте ештеңе кенеттен пайда болмайды, әсіресе – бір ғана басқа ұлттың әсерінің салдарынан. Ұлттық дамумен дайындалмаған негізде басқа ұлттық нәрсе жойылмайды. Осындай ойлар мәдени дәстүрі мүлдем әр түрлі әдебиеттердің байланысына да қатысты.

Орта ғасырлық түрік әдебиетінің типологиялық жағынан жаңа әдебиетке тарихи ауысуы әр түрлі қоғамдық-саяси факторларының өзара әрекеттесудің қиын жағдайында өтті. Олардың талдауы сол кездегі сөз өнерінің жағдайы мен сипатындағы маңызды өзгерістер себепші болғанын анықтайды.

Ауысу кезеңі сияқты қиын кезеңнің көркем сөз өнерін талдаған кезде, әдебиетті ондағы тууы мен белгілі тенденцияларының өсуін ажыратып қозғалыста қарастыру қажет. Бұл қозғалысты маңызды шығармалардың жоспарлы және кезеңді түрде зерттеу арқылы байқауға болады. Әр түрлі түрдегі және жанрдағы шығармалардың талдауы түрік поэзиясы мен прозасының ерекшеліктерін, орта ғасырдың түрік әдебиетінің жаңа әдебиетке трансформациясының жолын анықтауға мүмкіндік береді.

Түркиядағы ауыспалы кезең әдебиетінің даму заңдылықтары таяушығыс аймағындағы кейбір әдебиеттерді зерттеушілер үшін қызық болуы мүмкін, өйткені типологиялық жағынан ұқсас құбылыстар, көбінесе диахрондық, Таяу Шығыстың басқа елдерінде де болған. Орта ғасырлық әдебиеттің жаңа әдебиетке трансформациялау мәселелерін қарастыру соңғы дәуірдегі сөз өнері туралы, «Танзимат әдебиетінің» ағартушылық мәні туралы кейбір көзқарастарды жөндеу үшін де өте маңызды. Бұл қажеттілік нығая түседі, себебі мәдени мұра мен оның қазіргі кездегі ролінің мәселесі ғылымның назарын аудара бастады. Түркияда идеологиялық күрестің шиеленісі жағдайында, мәселен, шетелден енген кірме сөздер мен түрік мәдениетінің ұлттық тамырлары туралы пікірталастар жүргізіледі. Бұл толық еуропалықтардан көшіріп алған және кейін әлі күнге дейін ел мәдениетіне әсерін тигізіп отырған бір қатар жағымсыз салдарға келтірген ағартушылық Түркия үшін жат нәрсе емес пе деген мәселеде нақтыланады. Мұндай тәсілде көптеген маңызды тарихи фактілер ескерілмейтіні, мәдениет дамуында сабақтастық мойындалмайтыны анық. Сонымен қатар елдің мәдени дамуында ағартушылық заңдылық құбылыс, ал басқа ұлттың әсері – алда тұрған тенденциялардың жетілуін жеделдеткен объективті фактор болды. Осылайша өткен ғасырлардағы Түркияда мәдени, атап айтқанда әдеби, дамудың типологиясы туралы мәселені қою қазіргі қоғамдық-саяси жағдайда елде өзекті сипат ала бастайды.

Тарихи жағынан ұқсас құбылыстар әр түрлі әдебиеттерде кездесетіні анық. Әдеби дамуда осындай ұқсастықтардың бар екендігін қабылдай отырып, халықаралық әдеби қарым-қатынас фактілерді назарға алмауға болмайды, өйткені әдебиеттердің бөлек дамуы болмайды. Бұл қарым-қатынастар кездейсоқ емес, олар әлеуметтік тәжірибе негізінде пайда болады.

Танзимат (түрікше tanzimat, араб тіліндегі «танзим» – «ретке келтіру» сөзінің көпше түрі) – Осман империясында 1839 жылдан бастап ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарына дейін болған реформаның атауы. Танзимат Осман феодал қоғамындағы дағдарыстың, ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейінгі әлеуметтік-экономикалық алға басуының, Оңтүстік-Шығыста қаналған халықтардың ұлт-азаттық күресі күшеюінің, Балкан мен Таяу Шығыстағы еуропалық мемлекеттердің бақталастығы шиеленісуінің, Осман империясының одан әрі ыдырауы қауіпінің салдарынан пайда болды. Танзиматтың 1-ші кезеңі Гюльхан сарай саяжайында сұлтан рескриптін (хатт-и шерифтің) халыққа жария етуден басталады (3 қараша 1839), ол сыртқы істер министрі Решид-паша дайындаған реформалар бағдарламасынан тұрды. Гюльхан хатт-и шерифті орындау мақсатымен ашара (Ушра) алу құн төлеу жүйесінің күшін жою туралы заң, қылмыстық және коммерциялық көдекстер, ақсүйектерге арналған мектептер ашу туралы заң қабылданды. Осы шаралар әкімшілік және мемлекеттік басқаруды, сот ісін, ақсүйектерге арналған білімді дамытуды ретке келтіру үшін өз ықпалын тигізді. Бірақ феодалдық реакцияның қарсы болуы барлық жерде жүйелі түрде уәдені (барлық елдің құзырындағы сұлтандардың өмірінің, ар-намысының, мүлкісінің қол сұқпайтын кепілі және басқа да кейбір реформаларды) іске асыру үшін кедергі келтірді. 1856 жылы Париж конгрессі кезінде батыс мемлекеттердің қысымымен сұлтанның жаңа рескриптісі (хатт-и хумаюн) қабылданды (18 ақпан 1856ж.), осы күннен бастап Танзиматтың 2-ші кезеңі басталды. 1856 жылы өткен реформалар «гбльхан» реформаларының жалғасы болып табылады. Сонымен қатар, негізінен, шетелдік капитал мен басқа ұлт (түрік емес) компрадор буржуазиясының мүдделеріне жауап беретін жаңа енгізулерді қарастырды. Шетелдіктер жерді иемденуге, темір жол салуға бір қатар концессиялар мен жер астын, порт және муниципалды мекемелерді пайдалануға құқық алды, шетелдік банктер ашылды т.б.

Танзимат жалпы Түркияның экономикалық дамуының жеделдетуіне, түрік ұлттық буржуазияның өсуіне, Түркияның буржуазиялық даму жолының ашылуына, әдебиет пен ғылымның дамуына, түрік зиялылардың қалыптасуына өз үлесін қосты.

Танзимат – әдебиетте қалыптасқан Түркияда феодалдық құрылымның жойылуын және капиталистік қарым-қатынастың пайда болуын жеделдетуге әсер еткен 1839 – ХІХ ғасырдың 70-ші жж. басында Осман империясында болған реформалардың атауы.

Танзимат – (араб. التنظيمات‎‎ «ретке келтіру», «реттеп салу») – сұлтан Абдул Меджид 1839 жылы 3 қараша күні таққа отырған кезде бүкіл халыққа жария қылған Түркияның негізгі заңдары. Оның белгілі құрылымды бөлімі – Гюльхан сарайының манифесті... Википедия

ТАНЗИМАТ – (араб.). 1839 жылы Абдул Меджид гатишерифтен кейін жарық көрген Түрік империясын басқару бойынша жаңғыртушылық заңдар. Орыс тілінің құрамына енген шетел сөздерінің сөздігі. Чудинов А.Н., 1910.

ТАНЗИМАТ араб. tansimat, … сөзінің көпше түрі... Орыс тіліндегі шетел сөздерінің сөздігі – (тур. tanzimat, «танзим» деген араб сөзінен алынған, «ретке келтіру» деген мағынаны білдіреді) – әдебиетте қалыптасқан Түркияны жаңғыртуға әсер еткен 1839 – ХІХ ғасырдың 70-ші жж. басында Осман империясында болған реформалардың атауы. *** ТАНЗИМАТ (тур. tanzimat, араб сөзінен алынған, «ретке келтіру» деген мағынаны білдіреді) … Энциклопедиялық сөздік.

Танзимат – (тур. tanzimat, «танзим» деген араб сөзінен алынған, «ретке келтіру» деген мағынаны білдіреді) – 1839 – ХІХ ғасырдың 70-ші жж. басында Осман империясында болған реформалардың атауы. Танзимат осман феодал империясындағы дағдарыстың салдарынан туындады... Үлкен кеңес энциклопедиясы.

Танзимат – араб сөзі, «ретке келтіру», «реттеп салу» деген мағынаны білдіреді. Осылайша сұлтан Абдул Меджид 1839 жылы 3 қараша күні таққа отырған кезде бүкіл халыққа жария қылған Түркияның негізгі заңдары аталады. бұл Түркияға реформа беруді көздеген әйгілі Гюльхан сарайының манифесті... Ф.А. Брокгауз бен И.А. Ефронның энциклопедиялық сөздігі.

ТАНЗИМАТ (араб. жаңғыртулар, реформалар; тур. tanzimat) – әдебиетте қалыптасқан 1839 – ХІХ ғасырдың 70-ші жж. басында Осман империясында болған реформалардың атауы. Танзимат ХҮІІІ ғасырдың аяғында басталған Осман империясында болған терең дағдарыстың салдарынан пайда болды... Кеңес тарих энциклопедиясы .

Осман империясының тарихы – Ағымдағы нұсқасы (тексерілген жоқ). Негізгі мақаласы (бабы): Осман империясы. Осман империясының тарихы бірнеше ғасырдан тұрады. Осман империясы 1299-1923 жылдары болды. Мазмұн 1. Империяның пайда болуы... Википедия

ТҮРКИЯ – Түрік Республикасы (Türkiye Cumhuriyeti), Батыс Азияда және кейбір жерлері Еуропада орналасқан мемлекет. Көлемі 780,6 мың км2, соның ішінде 23,6 мың км2 Еуропада. Еуропалық бөлігі азиат бөлігінен бұғаздармен (Босфор, Мәрмәр т., Дарданелла) бөлінген.

Намык Кемаль (1840-1888), түрік философы

Намык Кемаль (1840-1888) Ибрагим Шинасидің идеясын жалғастырушы ізбасары. Ақсүйектен шыққан ол «Жаңа османдар» конституциялық қазғалыс көшбасшыларының бірі болды. Н.Кемальдың философиялық және қоғамдық-саяси көзқарастарына мұсылман догматикасы мен еуропалық Ағарту идеяларының ұштастырылуы тән. Жазушының ой-сезімімен қабылданып өзінің заманының нақты жағдайларына қатысты қолданған Ж.Ж.Руссоның қоғамдық келісімнің принциптері және Монтескье мен К.Ф.Вольнейдің мемлекеттік басқару идеялары (Руссоның «Қоғамдық келісім», «Заңдардың рухани қасиеті туралы» трактаттар т.б.) онда ислам апологетикасымен қатар, ал патриоттық идеялар – түрік ұлтының Осман империясының басқа халықтарынан басымдылығын пайымдауымен қатар жүрді.

Н.Кемальдың түрік әдебиетінде тұрмыс, мінез, табиғат көріністерін, өз сезімі мен ойын жеткізуде әдістер мен құралдар іздеуде үлгісі болған жоқ десе артық емес. Шын мәнінде Н.Кемальдың әр шығармасы түрік әдебиеті үшін көркем-бейнелеу шешімнің саласында кезекті жеңіске жету болды.

Н.Кемаль әр түрлі жанрларда өз күшін сынайды. Поэзияда ол, негізінен, қоғамға маңызы зор жаңа мазмұн салынған ескі формаларды қолданады. Шинаси жырлаған танзимат реформалары оны енді қанағаттандырмайды. Ол сұлтан үкіметін халыққа көрсеткен заңсыздық пен зорлық үшін жазғырып, елінде болып жатқан зорлық-зомбылықты сынайды. Сонымен қатар, барлық ағартушылар секілді, ол теңдік пен бостандық идеалдарын түсінеді де, буржуазия парламентаризмін абстрактты түрде дәріптейді. Тізімдер арқылы тарап, жас түрік төңкерілісінен кейін ғана жарық көрген ақынның сезімге толы өлеңдерінің шумақ жолдарына панисламистік әуендер де енеді, олар абдул-хамид кертартпалығының жылдарымен сәйкес келетін ақын шығармашылығының екінші кезеңінде күшейеді.

Жаңа әдебиет міндеттерін, оның қоғамдық қызметін насихаттай жүріп, Н.Кемаль, ең алдымен, дәстүрлі әдеби жүйені бұзуға ұмтылды. Ол түсініксіз әрі халыққа жат деп ескі поэзияға және «нағыз әдебиетпен ортақ ешнәрсесі жоқ» деп танзиматқа дейінгі прозаға жау болды, дәстүрлі театрды да мойындамады. Батыстың ағартушылық идеологиясын игеру үшін және жаңа әдебиеттің тууына негізді дайындаған ұлттық дәстүрдің ролін Н.Кемаль әлі де түсінген жоқ.

Н.Кемаль фольклорлық формалардың жасалуына қызығушылық танытқан жоқ, дегенмен сюжет жағынан ертегідей осман әдебиетінің шығармаларын қолданды. Жазушы драматургияға, жаңа театрға ерекше назар бөлген, театрдан «өмірді көрсетуді» талап етіп, оны «көңіл көтеру түрлерінің ең пайдалысы» деп атаған (Н.Кемаль 1872-1873жж. тұңғыш түрік театр қоғамының негізін салуына қатысқан).

Өзінің драматургиялық шығармашылығында (ол алты пьеса жазған) Н.Кемаль, ең бастысы, романтикалық драма құмар болған. Оның ең алғаш жазған пьесасы «Отан», немесе «Силистрия» (1873), ондағы оқиға 1828-1829жж. орыс-түрік соғыс кезінде болып жатыр және патриоттық идеяларға толы. Бас кейіпкер бейнесінде Ислам-бей символдық есімді түрік әскерінің офицері автор идеяларының рупоры ретінде көрсетілген, драматург көтеріңкі сарынмен отанын, ислам жалауының желбіреуімен жасалған жауынгерлік ерлікті жырлайды.

Өзінің басқа пьесаларында да Н.Кемаль сол кездегі түбегейлі мәселелерді көтереді. Ол «Бақытсыз бала» (1873) әлеуметтік-тұрмыстық (мещандық) драмасында әйелдердің құқық теңсіздігіне – түрік қоғам үшін ең өзекті мәселелерінің бірі, еріксіз күшпен үйлендіру, ересек балдарының ата-анасына озбыр тәуелділігі, басыбайлылығы – қарсы шығады, «Гюльнихаль» (1875) драмасын ел билеуші мен халық арасындағы қарым-қатынас мәселесіне, халықтық жазалау мәселесіне арнайды.

«Гюльнихаль» пьесасы – Танзимат әдебиетіндегі түрік прогрессивті романтизмнің жарқын көрінісі. Оны сол дәуірдегі бүкіл әдебиетінің ең үздік үлгісі десе болады. Антифеодалдық күрестің пафосы, зомбылыққа қарсы күшті наразылық, романтикалық махаббат тақырыбы – осының бәрі түрік ағартушылығының қызық ескерткішінде көрініс тапты. Пьесаның тағы бір ерекше мәні – оның негізіне автор өзі өмір сүрген уақыттың болмысын салады. Н.Кемаль отанының зомбылықтың езгісінен зардап шеккен жарқын, романтикалық бояуларға толы суретін салды, ол озбырлық алауы елін өртеп жатқаны, өрттердің түтіні кедейлердің ыңырсуын тарқатып әлсіздендіретіні, жазықсыз, бейкүнә қанның ағын болып ағып жатқаны, мыңдаған аналар мен әкелер балаларын жоқтап қара жамылып жатқаны, мыңдаған баланың әкелері мен аналарын жоқтап жылап жүргені, еңбекқор егіншілердің аштан өліп жатқаны туралы жазды. Романтик бейнелеген өмірдің шындығы осындай болды.

Драманың қысқаша мазмұны: Осман империясының шет аймақтарының бірін билеушісі Каплан-паша – халық жек көретін жауыз патша. Ол бүкіл елді қанға шомылдыруға, күллі халықты қырып жоюға әзір. Каплан-паша өзінің немере туысы Мұхтарды жек көреді. Мұхтар-бей халқы сүйетін білімді әрі мейірімді адам. Мұхтарды бойжеткен Исмет-ханым да сүйеді. Исмет – жетім. Оның да Каплан-пашамен туыстығы бар. Оның жалғыз тірегі де, қорғанысы да – күңі Гюльнихаль. Гюльнихаль – күшті сезімнің адамы. Каплан-паша Мұхтардан құтылу үшін, оны зынданға қамайды. Жауыз патша Исметті өзіне қаратып алмақшы. Мұхтарды аман алып қалып, Исметті қорғау үшін, Гюльнихаль қызды жауызбен некелесуге көндіреді. Гюльнихаль Мұхтарды абақтыдан босатуға көмектеседі. Халық жауыздың зомбылығынан қалжырайды. Ол жауыз патшаға қарсы көтеріліске шығуға дайын және Мұхтарды ел басқаруға шақырады. Мұхтар зұлым патшаны өлтіруге рұқсат беретін фетваға беттеді. Драма Гюльнихальдың өлімімен аяқталады. Оны Каплан-паша қанжалмен шаншып өлтіреді. Бірақ оны да өлім күтіп тұр. Көтеріліске шыққандар шаттанып жатыр, жауыз патша өлтірілді, жойылды.

«Гюльнихаль» пьесасында Н.Кемаль кейіпкерлердің жеке драмасын ғана емес, сонымен бірге бүкіл елдің драмасын суреттеп отыр. Автор сезім бостандығы, халықтың жағдайы, зомбылықпен күресу туралы мәселелерді сөз етіп отыр: «Зұлымдық өз шегіне жеткенде, оны тоқтату үшін зорлықты пайдаланудан басқа амал жоқ, – дейді Гюльнихаль. – халық көтеріліске дайын. Жауыздар біреуінің әкесін өлтірсе, екіншісінің баласын дарға асты, үшіншісінің әйелін зорлап, қызып айдап алып кетті. Зорлық-зомбылық, тонау. Бүкіл халықты тонады... Әркім бәледен, бақытсыздықтан құтылғысы келеді. Тыныш өмір сүру үшін, ешкім жанын аямайды». Түрік ағартушысы жауыз патшаларды, халық тонаушыларды әшкерелейді. Ол зомбылық пен заңсыздықтың иесін өлтіруінің мүмкін екенін ғана емес, сонымен қатар, олардың осындай әрекетке баруға құқықылы екенін, ондай әрекеттің қажетті екенін көрсетеді. Пьесаның романтикалық қиялы түріктің феодалдық шындығына негізделеді.

«Гюльнихаль» драмасы кереғарға негізделіп құрылған. Мұнда биік пен төменнің, жақсылық пен жамандықтың, махаббат пен жек көрушіліктің қақтығысуы бар. Драма кейіпкерлері – Гюльнихаль, Исмет және Мұхтар – сүйеді, күреседі, олар зомбылыққа қарсы күресті бастап, жеңіске жетеді – жауыз патша талқандалды. жазушы-ағартушы, жазушы-романтик солай шешті. Романтикалық драма, түрік ағарту әдебиеті «ұлттық, қоғамдық, адами міндеттер» атқарады.

Түркияның басқа да ағартушы жазушылармен қатар туған әдебиетінің дамуына, оның негізін қалыптастыруына Н.Кемальдың қосқан үлесі туралы айтып кету қажет. Н.Кемаль сенімділікпен әрі байсалдылықпен еуропалық әдеби дәстүрді игеріп, түріктердің ұлттық, эстетикалық және қоғамдық сана-сезімін қалыптастыруда маңызы зор стиль жағынан өзіндік ерекшелігі бар шығармалардың тұңғыш үлгілерін жасады.

«Джеляледдин – Хорезм шахы» (1882) драмасының тарихи негізі – ХІІІ ғасырда болған Шыңғысханның Орта Азияға шабуылы, бірақ олар қазіргі заманның міндеттерімен байланыста түсіндіріліп, автор мәлімдеп отырған білімді билеуші мен ислам ғана отанды басқыншылардан сақтай алатыны туралы идеяны бейнелеуге үндейді. Бұл драманың алғы сөзі есте қаларлық, онда Н.Кемаль Виктор Гюгоның «Кромвельге» арналған әдеби манифестіне сүйене отырып, романтикалық өнердің принциптері туралы баяндайды. Түрік әдебиетінің жеделдетілген түрде дамуының жағдайында, классицизм, сентиментализм және романтизмнің негізгі ойлары бір мезгілде нығайған кезде, дәлірек айтқанда романтизм жетекші көркем әдіс бола бастайды. Кемальдың шығармашылық тәжірибесінде романтикалық доминанта ерекше жарқын көрінеді.

Н.Кемаль проза саласында да жаңашыл жазушы ретінде де көрінеді. Ол дәстүрлі жанрлардың – әлеуметтік құрғақ қиялылдың (Вольнейдің «Қираған үйінділер» («Руины») шығармасының әсерімен жазылған Н.Кемальдың «Түс» («Сон») шығармасы Бостандықтың жарқын болашағына сенімді нығайтады), тарихи трактаттың (мысалы, «Бытыраңқы парақтар» («Разрозненные листы») – дәріптелген бейнелері білімді билеуші, басшы туралы ағартушылық көзқарастарының нақты көрсетілімі болған түрік сұлтандары мен ислам қайраткерлерінің тарихи очерк-өмірбаяндардың сериясы), пікір-таласын тудыратын памфлеттің (ұлттық өзін-өзі анықтаудағы исламның тарихи міндетін дәріптейтін «Эрнест Ренанға қарсы сөзі» («Возражение Эрнесту Ренану») идеялық-көркем мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.

Н.Кемальдың ірі прозалық шығармалары – оның екі романы – әлеуметтік-тұрмыстық «Али-бейдің шатырман оқиғасы» (1876) және тарихи, аяқталмай қалған – «Джезми» (1880). Түрік әдебиетінде осы жанрдың тұңғыш үлгілері болып табылатын екі роман да ағартушылық дидактизмге толы. Сонымен қатар, Н.Кемаль прозасындағы өсиет сезім стихиясына көтеріңкі қызығушылықпен біріктірілген. Зұлым жеңіл мінезді әйелдің алдауына түсіп қалған мейірбан әрі сезімтал жігіттің қайғылы оқиғасы («Али-бейдің шатырман оқиғасы»), романда кең түсініктеме алады, моральді шиеленістен оның қоғамдық келісілгендігі, идеал мен шындық өмірдің қарама қайшылығы көрініп тұр.

ХҮІ ғасырдағы оқиғаларды бейнелеп отырған «Джезми» тарихи романында автор халықтың озбыр билеушіні тақтан түсіруге құқығы бар екенін дәлелдеуге, әділдік идеалын бекітуге тырысады. Бұл идеалды романда түрік-иран соғысы кезінде иран шахына тұтқынға түскен қырым әскерінің қолбасшысы Әділ Керей бейнелейді. Мұнда саяси астыртын сөз байланысуға қатысты патша сарайындағы шатырман әрекеттерге елеулі орын беріледі, Әділ Керей солардың объектісі бола бастайды. Соңғыларымен шығарманың жалпы ақыл беретін міндетіне бағынған романның махаббат желісі де шырмаланады. Бұл желі дайын схема бойынша жасалса да, кейіпкерлері өнегелік принциптерді бейнелеуге үндейді, романда олардың іс-әрекеттерінің психологиялық түсінуіне іргесін байқамауға болмайды.