- •Клиникалық жағдай: «Ювенильді дерматомиозиттің диагностикасы және жүргізу тактикасы»
- •Актердің сценарийі және оның рөл сипаттамасы
- •Зерттеу мәліметтері:
- •«Ювенильді дерматомиозиттің диагностикасы және жүргізу тактикасы» клиникалық жағдай бойынша Бағалау парағы (check-list)
- •Клиникалық жағдай бойынша эталон жауаптары «Ювенильді дерматомиозиттің диагностикасы және жүргізу тактикасы»
- •Симуляцияны жабдықтау:
- •Рецензенттер:
Клиникалық жағдай бойынша эталон жауаптары «Ювенильді дерматомиозиттің диагностикасы және жүргізу тактикасы»
№ |
Бағалау қадамдардың критерийлері
|
Жауап эталоны |
|
|
|
Шағымдарын, ауру анамнезін, өмір анамнезін жинау. |
Шағымдарын жинау ретімен жүйелі жүргізілді. Анамнезін жинауда барлық сұрақтар қойылды, оның ішінде отбасылық, аллергологиялық, эпид. анамнез. |
|
|
|
Тері, лимфа түйіндерін тексеру. |
Жалпы зерттеу жүргізді.Жалпы жағдайын бағалады. Тері және шырышты қабаттары бозарған, құрғақ; беті, қабағы ісінген және көкшіл эритемалы. Саусақтарының пястно-фаланга және фалангааралық буындарында бөртпелер (патогномониялы –Готтрон симптомы). Хейлит. Шашы сынғыш, өңсіз. Диффузды алопеция. Шынтақ және тізе буындарының үстінде «кір дақ» тектес гиперпигментацияланған ошақтар. Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған. |
|
|
|
Ағзаларды жүйелеп тексеру (жүрек қан тамыр, тыныс алу, асқорыту жүйелері) |
Өкпе аускультациясын, ТЖ санауды жүргізді. Жүректің салыстырмалы тұйықтығын анықтады. Жүректің аускультациясы тыңдау нүктелерін дұрыс ретімен тыңдады. Бауыры қабырға доғасы бойында. |
|
|
|
Бұлшықет, буындарды тексеру |
Іш бұлшықеттері тонусы төмен – босаң, «қамыртәрізді» консистенциялы. Аяқ қол бұлшықеттерінің күші азайған. Қолдарын жоғары көтере алмайды. Төсектен зорға тұрады. Басбалдақпен көтерілуі , жүруі қиын. |
|
|
|
Негізгі синдромын анықтау |
Негізгі клиникалық синдромдарды анықтады: терілік және миопатиялық |
|
|
|
Болжам диагноз қою |
Терілік синдром, оның ішінде Готтрон симптомы, «папирос қағазы», буындарының үстіндегі «кір дақтар», хейлит, алопеция және миопатиялық синдромға сүйеніп, болжам диагноз: Ювенильді дерматомиозит, жедел ағымды, белсенділігі 3 дәрежелі |
|
|
|
Зертханалық тексерулердің жоспарын тағайындау |
Жалпы қан, жалпы зәр сынақтарының, қанның биохимиялық зерттеуінің (жалпы белок, АЛТ, АСТ, жалпы билирубин, калий, кальций, натрий, фосфор, глюкоза, креатинфосфокиназа, лактатдегидрогеназа), С-реактивті белок, иммунологиялық зерттеу нәтижелерінің (АНА, нативті және екіспиральді ДНК-ға антиденелер, LE клеткалар, розеткалар, гематоксилин денешіктері |
|
|
|
Аспаптық зерттеулер жоспарын тағайындау |
ЭКГ, ЭхоКГ, электромиограмма. |
|
|
|
Зертханалық тексерулердің интерпретациясын жасау |
ЖҚС: нормохромды анемия 1 дәрежелі, ЭТЖ жоғарылаған ЖЗС: қалыпты Б/х қан сынағы: СРБ жоғарылаған, бұлшықет ферменттерінің (КФК, ЛДГ) титрі жоғарылаған Қан сынағында: АНА -ға антиденелер - теріс нативті және екіспиральді ДНК-ға антиденелер – теріс LE клеткалар, розеткалар, гематоксилин денешіктері – теріс
|
|
|
|
Электромиограмманы интерпретация жасау |
ЭМГ: аяқ-қолдың проксималды және дисталды бөлігінің: миогендік сипатты өзгерістер амплитуда және бұлшықет талшықтарының әсер етуші потенциалдары ұзақтығының қысқаруы, ұсақ полифазды моторлық бірліктер, фибрилляция түрінде төмендеген. |
|
|
|
ЭКГ және ЭхоКГ интерпретация жасау |
ЭКГ: синусты ырғақ, ЖСЖ - минутына 88 рет. ЖЭО горизонталды жағдайда. Реполяризация үдерісі бұзылған. ЭхоКГ: КДР - 4.2 см, КСР-2.7 см, КДО -78 см, КСО-27 см, ФИ-65%, S-35% Қорытынды: Сол қарынша қуысы аздап кеңейген.Сол жақ қарынша миокардының жиырылуы мүмкіндігі төмендеген. |
|
|
|
Дифференциальды диагностика |
1.ЖҚЖ (висцерит, полисерозит, «беттегі көбелек тәрізді бөртпелер» жоқ, қанда аутоантиденелер теріс) 2. Ювенильді ревматоидты артритпен (артрит белгілері, таңертеңгі бойкүйездік жоқ) |
|
|
|
Tahimoto диагностикалық критерийлері бойынша клиникалық диагнозды негіздеу |
Терілік өзгерістер
Полимиозит белгілері
«Ювенильді дерматополимиозит» диагнозы қою үшін терілік критерийтерінің біреуі және полимиозитттің 4 критерийі оң болу керек.
Бұл науқаста 3-терілік және 5- полимиозит критерийіне негіздеп қойылатын диагноз: «Ювенильді дерматомиозит белсенділігі 3 дәрежелі, жедел ағымды» |
|
|
|
Емдеу тактикасын негіздеу |
Аурудың белсенділігін ескеріп, госпитализациялау. Майлы тағамдарды шектеумен диета
Селективті ҚҚСЕП
– Белсенділігі төмендегенде реабилитация (ЛФК, массаж) |
|
|
|
Дәрілердің жағымсыз әсерлерінің алдын алу |
Фолий қышқылы 0,001 табл. күніне 3 рет - метотрексат кейін басқа күндері ұзақ уақыт Мониторинг: лейкоциттер, тромбоциттер және бауыр ферменттері Омегаст (протонды помпаның ингибитор) –гастропротектор Аспаркам (преднизолон қабылдаған кезде) АҚҚ, глюкозаны бақылау |
|
|
|
Пациентпен коммуникацияның тиімділігі |
Оптимальді қарым -қатынас орната алды. Пациент сеніммен қарайды. Дәрігердің барлық сұрақтарына дұрыс жауап береді. |
|
